жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Гидрометрия" пәнінен лекциялар жинағы
Кіріспе.
Қалаларда және елді мекендерде шоғырланған сумен жабдықтау және сарқынды суларды әкету жүйелерімен қамтамасыз ету, сонымен қатар елдегі су қорларын қорғауды жақсарту мәселелері қарастырылған. Бұл қойылған мәселелерді шешу үшін кең көлемді гидрологиялық зерттеулер мен арнайы гидротехникалық құрылыстар керек.
Гидрология, гидрометрия және гидротехникалық ғимараттар пәнінің жинағы “сумен жабдықтау, құбырландыру, су қорларын тиімді пайдалану және қорғау” мамандықтары бойынша даярланатын студенттердің инженер-құрылысшы болып қалыптасуына зор әсер етеді, өйткені жер үстіндегі және астындағы табиғи су қорларынсыз сумен қамтамасыз ету үшін жасалған техникалық жабдықтар қажетсіз боп қалады. Ендеше, бұл мамандықты инженерлер қандай су қорлары бар екенін, оны қалай тиімді пайдалану және қорғау керектігін білу керек. Суды көп қажет ететін кәсіп орындар мен елді мекендерді сумен қамтамасыз ету мәселелерін шешу инженерлердің табиғи өзен ағындарын және жасанды су қоймаларын есептеу әдістерін толық жақсы игеруіне байланысты.
Жасанды су қоймаларын жасау көптеген гидротехникалық ғимараттарды және оларды жобалай білуді талап етеді. Олар сарқынды суларды алып кету жүйелерінде де қолданады. Сондықтан сумен жабдықтаумен және құбырландыру мен айналысатын мамандар гидротехникамен жақсы таныс болуы, тұтынушыларға су жеткізуді қамтамасыз ететін су көздері мен ғимараттар жайлы мағлұматтарды білуі керек.
§ I ТАРАУ. ЖАЛПЫ ГИДРОЛОГИЯ
Гидрология — су туралы ілім. Гидросфераның қасиетін, динамикасын және жердің географиялық қабығындағы басқа элементтермен өзара байланыстылыгын зерттейтін ғылым. Зерттейтін объектілері бойынша ол құрлық гидрологиясы және мұхиттар мен теңіздер (океанология) гидрологиясы болып екіге бөлінеді. Сумен қамтамасыз ету, электр қуатын алу, егін суару, көпірлер салу тағы басқалар. мәселелерді шешу жөнінде гидрологияның маңызы өте зор.
Гидрология (гидро су және грек. logos – ілім) – табиғи суларды, оларда өтіп жатқан процестерді, олардың атмосферамен, литосферамен және биосферамен байланысын зерттейтін ғылым. Гидрологияның зерттеу нысандарына мұхиттар, теңіздер, өзендер мен көлдер, бөгендер, батпақтар, мұздықтар, топырақ және жер асты суларының физика-химия қасиеттері жатады. Жалпы Гидрология мұхиттар Гидрологиясына (мұхиттану) және құрлық Гидрологиясына жіктеледі. Құрлық Гидрологиясы зерттеу нысандары бойынша: өзендер Гидрологиясы; көлдер мен бөгендер Гидрологиясы (лимнология); батпақтар Гидрологиясы (гельматология); жер асты суларының Гидрологиясы (гидрогеология); мұздықтар Гидрологиясы (гляциология) болып, ал зерттеу бағыты мен әдіс-тәсілдеріне қарай жалпы Гидрология, гидрография, гидрометрия, инженер Гидрология және Гидрологиялық болжам салаларына жіктеледі. Мұхиттану немесе мұхиттар Гидрологиясы – дүниежүз. мұхитта өтіп жатқан физика, химия, геология және биология процестерді зерттейді. Мұхиттану мұхит физикасына (физ. мұхиттану, теңіз физикасы), мұхит биологиясы мен геологиясына, мұхит гидрографиясына, т.б. бөлінеді. Республика аумағындағы 85 мың өзен мен маусымдық жылғалар, 48 мыңнан астам көлдер, үлкенді-кішілі жүздеген бөгендер мен тоғандар, т.б. су объектілерінің Гидрологиялық жағдайы олардың география орнына, жер бедеріне және климатқа тығыз байланысты қалыптасқан. Қазақстан жерінің жазық бөлігінде жиналған қар жамылғысындағы су ресурстары, қардың еру режимі, қар түсу мен қар еру кездеріндегі метеорология жағдайлар мен топырақтың гидрофизика ахуалы, т.б. факторлар мен деректер әр жыл сайын шығатын гидрология жылнамаларда жарияланып отырады.
Гидрология — табиғи суларды және оларда болатын құбылыстар мен процестерді зерттейтін ғылым саласы. Жер туралы ғылымдар санатына жатады. Геофизикамен, географиямен (көбіне физикалық географияның бөлігі деп қарастырылады), сондай-ақ геология және биология ғылымдарымен тығыз байланысты. Гидрология пәніне гидросфера суының барлық түрлері: мұхиттар, теңіздер, өзендер, көлдер, батпактар, топырақ және жер асты сулары, сондай-ақ атмосфера сулары жатады. Зерттейтін нысандары бойынша Гидрология құрлық гидрологиясы және мұхитзерттеу болып бөлінеді. Гидрология XVII ғасырда қалыптаса бастады.
Геологияның даму тарихында советтік кезеңде геологиялық зерттеулер бұрын болып көрмеген серпінімен белгілі болды. Соңғы жылдары бүкіл Жер бетінде, оның ішінде Дүниежүзілік мұхит аясында да геологиялық зерттеулер жүргізілуде. Теңіз бен мұхит түбінің геологиялық құрылысын зерттеу теңіз геоло-гиясы аталатын геологиялық білімдердің жаңа саласының пай-да болуына себепші болды. Кейінгі жылдары жер қыртысы мен Жердің терең қойнауларын зерттеуде космостық геологияның да мәні зор болып отыр. Геологиялық білімдердің осы жаңа саласының пайда болуы космостық техниканық қауырт дамуына байланысты. Космостан алынған фотосуреттер, биік тау массивтері, мұздықтар, т. б. Жердің қиын аудандарының геология-лық құрылысын талдауға, терең құрылысын дәлірек анықтауға мүмкіндік береді. Жоғарыда қарастырылған барлық гылымдардың гидрогеология және инженерлік геология салаларын меңгеруде алатын орны зор.
Гидрогеология мен инженерлік геология сияқты геологияның ең жас салаларьшың қалыптасуында Ф. П. Саваренский (1881 - 1946), М. М. Филатов (1878 - 1942), А. Ф. Лебедев (1882 - 1936), В. В. Охотин (1883 - 1954) тағы басқалардың еңбектері үлкен орын алды.
Гидрогеология - жер асты сулары, яғни бу тәрізді, қатты күйде кездесетін, әр түрлі тау жыныстарынан орын алған сулар жөніндегі ғылым. Ол жерасты суларының пайда болуы мен дамуын, олардың жатыс күйі мен жаралуын, қозғалу заңдарын, тау жыныстарымен өзара әсерлесуін, физикалық және химиялық қасиеттерін, газдық құрамын зерттейді.
Адам өмірінде жерасты сулары ерекше маңызды орын алады. А. П. Карпинскийдің айтуынша жерасты сулары ең бағалы пайдалы қазынды болып табылады. Оларды көп заманнан бері ауыз суы ретінде және шаруашылық-техникалық мақсаттарда пайдаланып келеді. Жерасты сулары емдік мақсаттар үшін, иод, бром тағы басқа сирек элементтерді бөліп алуда кеңінен қолданылып келеді.
Халық шаруашылығының көптеген салаларында жерасты су-ларының тигізетін зардаптары да бар. Гидротехникалық ғима-раттар, тоннельдер, метрополитендер, тағы басқа жерасты құ-рылыс жұмыстарын жүргізуді едәуір киындатумен бірге, көбіне тым күрделі келетін құрғату (дренаж) және суды оқшаулау (гидронзоляция) шараларын жүргізу қажеттігін тудырады. Бұл құрылыс жұмыстарыньщ қиындауы мен қымбаттауына әкеп соғады.
Ғылым ретіндегі гидрогеологияның екі мәні бар. Оның теориялық мәні Жер гидросферасының қалыптасуымен байланы-сында, ал практикалық мәні оның қағидаларының адам еңбегінің алуан түрлі саласында қолданылатынында. Зерттейтін мәселелеріне байланысты гидрогеологияиың мынадай салалары бар:
1. Жалпы гидрогеология жерасты суларының пайда болуын, олардың жатыс жағдайлары мен таралуын, физикалық қасиеттерін, химиялық, газдық, микробиологиялық құрамдарын зерттейді және осылардың негізінде жерасты суларын жіктейді.
2. Жерасты суларының динамикасы табиғи және өзгерген жағдайларда су қабылдағыштар мен кеніштеріне, құрғатушы (кәріздеуші) ғимараттарға, кен қазбаларына ағып келетін судың қозғалу заңдылықтарын зерттейді, гидротехникалық және басқа ғимараттарды салғанда жерасты суларының кернеу биіктігінің шамасын есептейді.
3. Аймақтық гидрогеология жеке географиялық немесе әкімшілік аймақтар аумағындағы жерасты суларының таралу заңдылықтарын зерттейді.
4. Радиогидрогеология жерасты суларындағы радиоактивті элементтердің орын ауыстырып көшуін зерттейді.
5. Гидрогеохимия табиғи суларды қозғалмалы тепе-тең жүйелер ретінде қарастырып, қатты тау жыныстары, газ, органикалық заттармен байланыстылықты зерттейді.
6. Гидрогеологиялық зерттеулер мен іздестірулердің әдісі. Ол гидрогсологиялық іздестірулер мен зерттеулерді жоспарлаудың, ұйымдастырудың және жүргізудің негіздерін салады.
7. Жерасты суларының режимі мен балансы. Табиғи және жа-санды жағдайларда жерасты суларының режимі мен балансын анықтаудың тәсілдері жасалады. Жерасты суларының режимі мен балансын болжаудың тәсілі қарастырылады.
Халық шаруашылығының көптеген мәселелерін шешуде гид-рогеологияның алатын орны зор. Сол себепті оның мазмұны қолданбалы сипатта келеді. Қазіргі уақытта гидрогеологияның қолданбалы тармақтарынан басымырақ дамып отырғандары:
1. Пайдалы қазындылар кендерінің гидрогеологиясы, рудник гидрогеологиясы, шахта гидрогеологиясы, мұнай-газ гидрогеологиясы пайдалы қазбалар кендерінің гидрогеологиялық жағдайларын, кендер аумағындағы жерасты суларының қозғалу заңдылықтарын зерттейді. Шахталарға, рудниктерге т. б. кен қазбаларына келіп құйылатын сулармен күресудің шараларын белгілейді.
2. Минералды, өндірістік және термал жерасты сулары (ыстық сулар). Осы типтес жерасты суларын емдік мақсаттарда иайдаланудың, олардан жеке элементтер мен қосылыстарды бөліп алудың, бұл суларды жылу көзі ретінде пайдаланудың мәселелсрі зерттелуде.
3. Мелиоративтік гидрогеология ауыл шаруашылығындағы жерлерді мелиорациялауға (суару, құрғату, суландыру) байланысты грунт суларының гидрогеологиялық режимі мен балансының қалыптасу ерекшеліктерін зерттейді.
Гидрогеология дербес ғылыми пән ретінде совет заманында қалыптасты. Гидрогеологияның дамуына көп еңбек сіңірген ең ірі совет ғалымдары В. И. Вернадский, Ф. П. Саваренский, А. Ф. Лебедев, Г. Н. Каменский, О. К. Ланге, А. Н. Семихатов, т. б.
Гидрогеология Жер туралы ғылымдармен, олардың ішінде ең алдымен динамикалық геологнямен, геохимиямен, геофизикамен, гидрологиямен, бұларға қоса океанологиямен, климатологиямен, геодезиямен, математикамен тығыз байланысты.
Инженерлік геология әр түрлі ғимараттарды жүргізуге байланысты литосфераның жоғарғы бөлігін зертеумен айналысатын геология саласы. Түрғызылған объектілер табиғи геологиялық жағдайлардың тиісті өзгерістерін туғызады, өзгеріске шалынған табиғи жағдай қалыпты жағдаймен ұштаса отырып, ең алдымен салынған құрылыстың, карьерлердің, жолдардың, гидротехникалық ғимараттардың және басқа объектілерді пайдаланудың жағдайларына ықпал етеді. Осылардың негізінде, адамның шаруашылық қызметтерінен пайда болатын геологиялық процестерді болжау, карьерлер мен түрлі тау-кен өнеркәсібі кәсіпорындарының қалыпты жұмысын, сонымен бірге қолайсыз геологиялық жағдайларда турғызылатын түрлі ғимараттардың беріктігі мен қалыпты пайдаланылуын қамтамасыз ететін шараларды белгілеу инженерлік геологияның теориялық және практикалық міндеттері болып саналады.
Инженерлік геологияның ғылым ретіндегі негізін салушы академик Ф. П. Саваренскийдің айтқанындай, инженерлік ғимараттарды түрғызу үшін қолайсыз табиғи жағдайлардың қауіптілігінен гөрі инженерлік геологиялық жағдайларды жеткіліксіз зерттеу, өтуі әбден ықтимал өзгерістерге қарсы қолданылатын белгілі инженерлік шаралар тұрғысынан баға бере білмеу қауіптірек.
Инженерлік геология үш бөлімнен тұрады.
Грунттану геологиялық түзілімдердің (тау жыныстары, түрлі шөгінділер, топырақ) инженерлік-геологиялық қасиеттерін зерттеу және осы қасиеттерге сандық сипаттама берумен айналысады.
Инженерлік геодинамика (инженерлік геологияның өзі) ғимараттардың құрылысы мен пайдалану жағдайларына ықпал ететін геологиялық және инженерлік-геологиялық процестер мен құбылыстарды зерттейді.
Аймақтық инженерлік геология белгілі өңірдегі (табиғи зоналардағы, табиғи облыстардағы, т. б.) инженерлік-геологиялық факторлардың таралу заңдылықтарын зерттейді.
КСРО-да инженерлік геология ғылым ретінде XX ғасырдың 20-жылдарының орта кезінде қалыптасты. ССРО-дағы инженерлік геологияның негізін салушы - Ф. П. Саваренский. Инженерлік геологияның дамуына В. А. Приклонский, Н. В. Коломенский, Н. Н. Маслов, Й. В. Попов, Е. М. Сергеев, Н. А. Цытович т. б. ғалымдардың келемді еңбектері ерекше әсер етті.
Инженерлік геология геологиялық ғылымдардың минералогия, петрография, динамикалық геология, геоморфология, гидрогеология, геотектоника, тарихи геология сияқты салаларына негізделеді. Жеке мәселелерді шешуде инженерлік геология математика, физика, химия, бұларға қоса метеорология, климатология, гидрология, гидротехника, тоңтану ғылымдарында қолданылатын тәсілдерді пайдаланады.
Ғимараттар мен мелиоративтік жүйелерді жобалау, салу, пайдалану мәселелерімен айналысқанда алдымен: 1) ғимаратты орналастыру үшін геологиялық жағдайы ең қолайлы орынды таңдап алу; 2) мелиоративтік жүйе орналастырылатын алаң; мен белгілі ғимараттар тұрғызылатын танаптардың геологиялық жағдайларын зерттеу; 3) мелиоративтік жүйелерді қалыпты пайдалану мен ғимараттың беріктігіне кейбіреулері қолайлы, өзгелері қолайсыз болып келетін геологиялық және инженерлік-геологиялық қүбылыстар мен процестердің ету барысын анықтау және есептік баға беру; 4) ғимаратты тұрғызу үшін салыстырмалы баға беру нәтижесі бойынша зерттелген учаскелердің бірін таңдап алу; 5) жүйе немесе ғимарат үшін қауіпті келетін инженерлік-геологиялық процестер мен құбылыстардан сақтандырудың (қажет жағдайда) шараларын белгілеу мәселелерін шешіп алған дұрыс.
Табиғи қорларды пайдалану мен игерудің проблемалары табиғат қорғау мәселелерімен тығыз байланысты.
Табиғаттағы су айналымы.
Сұйық, қатты газ күйіндегі су атмосферада, гидросферада, биосферада, литосферада тараған. Су еркін және байланысқан күйде кездеседі. М. М. Львовичтің деректері бойынша Жер беті мен оның қойнауындағы судың мөлшері 1,8 млрд. км3, яғни жер массасының 1%-ы. Оның негізгі массасын теңіздер мен мұхиттар суы құрайды (1,37 млрд. км3). Бұл су жер бетінің 70,8%-ын алып жатыр. Өзендерде, көлдерде, бөгендерде 0,751млн. м3-де, жер мұздықтарында 20млн. км3-ге жуық, атмосферада 0,0123млн. км3 шамасында су бар. Жер қыртысындағы судың мөлшері жөніндегі деректер толық анық емес. В.И.Вернадский бойынша жер қыртысындағы судың жалпы көлемі (16 км тереңдікке дейін) шамамен 0,4 млрд. км3-ге тең. Г. В. Богомоловтың деректері бойынша әр түрлі зерттеушілер мантияға дейінгі жер қыртысындағы судың мөлшерінің, 0015-тен 1,2-ге дейінгі млрд. км3 шамасында деп бағалайды. Жер бетінен төмендегі жерасты суларының барлық түрі планетаның жерастылық гидросферасын құрайды. Жерасты гидросферасы гидрогеологиялық зерттеу объектісі болып табылады. Қазіргі уақытта жер қыртысының жоғарғы бөлігінің жерасты сулары зерттелген.
Кейбір зерттеушілер су тек қысым 300 атмосферадан, температура 400°С-тан төмен келетін 4-5 км тереңдікке дейінгі жер қыртысының жыныстары мен минералдарында ғана болады деп санайды. 5 км-ге жуық тереңдікте тау жыныстарының ерімталдығы мен олардың су өткізгіштігі күрт артады. Бұл жағдайда, 1 км-ден астам тереңдіктерде ерітінділердің төменнен жоғары қарай бағытта қозғалуы басымырақ келеді, тек жоғарғы километрлік зонада ғана судың қозғалуы төменнен жоғары қарай және жоғарыдан төмен қарай бағытта өтуі мүмкін. Ылғалдың ең көбі гидросферада шоғырланған. Егер атмосферадағы (А), гидросферадағы (Г), литосферадағы (Л) ылғалды салыстырып қарасақ, шамамен мынадай қатынасты алуға болады: А:Г:Л = 1:100000:10. Осы гидросфералардағы ылғал арасында айналым түрінде байқалатын тығыз байланыстың бар екені аңғарылады
Табиғаттағы су айналымы, ең алдымен, күннің айналу бағытынан туады. Құрлықтағы су бетінен бәлінетін булану, оның ішінде транспирация да (өсімдіктер жапырақтарының суды буландыруы) осының салдары болып табылады. Судың үлкен, к і ш і, ішкі (жергілікті) айналымдары болады. Үлкен айналымда дүниежүзілік мұхит бетінен буға айналып ұш-қан су құрлыққа жетеді де жауын-шашын болып түседі. Кейін осы су жер беті және жерасты ағыны түрінде мұхитқа қайтып оралады. Кіші айналымда мұхит бетінен буға айналып ұшқан ылғал жаңбыр, қар, тұман түрінде қайтадан мұхит суының бетіне келіп түседі. Ішкі айналымда құрлық бетінен ұшқан су буы атмосфералық жауын-шашын түрінде құрлық бетіне келіп жауады.
Табиғаттағы су айналымы сандық өрнек жәнінен су балансы бойынша сипатталады. Су балансының теңдеуі (М.И.Львович бойынша): Р=S+U+N+Т, мұндағы Р - атмосфералық жауын-шашын; S пен U — тиісінше жер бетінің және жер астының ағыны; N - топырақ жамылғысының, су қоймаларының ағынды сулардың бетінен тікелей буға айналатын булану, (тиімсіз булану); Т - ылғалдың қайтуы (транспирация, яғни тиімді булану. Су баланысының кірісі (Р) -мен шығысы '(S, U, N, Т) реттелетін ауданның табиғи жағдайларына, алдымен климатына, рельефіне, геологиялық құрылысына байланысты. Жеке аудандардың немесе жер шарының еу балансын зерттеу жалпы су айналымын белгілі мақсатта түрлендіруте, оның ішінде сумен қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын тұщы жерасты суларының қорын арттыруға қажет.
§ II ТАРАУ. ГИДРОМЕТРИЯ
Гидрометриялық бақылау мақсаты.
Су объектілеріндегі жүргізілетін өлшеу және бақылау жұмыстарының әр түрлі тәсілдерін қарастыратын инженерлік гидрология бөлімін гидрометрия деп атайды. Гидрометрияның алдына қойған негізгі міндеттері су деңгейін, тереңдігін, су беті мен оның түбінің пішінін, су арыны мен қысымын, толқын өлшемдерін гидравликалық еңістігін, жылдамдық пен ағыс бағытын, жылдамдық пен қысымның құбылмалылығын, су шығының ағын лайлығын, тасқындар мен қоспалар шығынын, термиялық және мұздық күйін анықтау болады. Су қорларын, сумен қамтамасыз ету мен гидромелиорация жүйелерін тиімді пайдалану, ағаш ағызу, балық, су транспорты, сумен жабдақтау шаруашылықтары, гидротехникалық құрылыстар мен гидро- электростанцияларды, су қоймаларын, көпір, автомобиль және темір жолдарды салу гидрометрияның дамуына зор әсер етті, себебі оның жүйелі түрде қөп жылдар бойы жүргізілген бақылаулары мен өлшеу, зерттеу нәтижелеріне аталған жұмыстарды жобалау, іске асыру мүмкін емес. Гидрометрияның өзі атмосфералық су, теңіз бен мұхит, көл мен су қоймалары, өзен, жерасты суы гидрометриясы болып бірнеше түрге бөлінеді. Бұдан былай тек өзен гидрометриясын қарастырамыз. Гидрометриялық бақылаулар (өлшеулер және зерттеулер) арнайы жасалған тұрақты немесе уақытшаа мемлекеттік гидрологиялық станцияларда (посттарда жүргізіледі). Кейбір жағдайларда басқа министрліктер (кеме қатынасы, ауыл шаруашылық) өздерінің саласы бойынша туатын мәселелерді шешу үшін (кеме жүзетін өзендерде, суару каналдарында) ерекше гидрометриялық посттар орнатады.
Гидрологиялық станциялар мен посттарды, өзен күйі туралы толық және сенімді мәліметтер алуға жеткілікті түрде барынша аз етіп тағайындайды. Қазіргі кезде өзендердегі, көлдердегі және су қоймаларында олардың саны еліміздің жер көлемі бойынша 35000-га жуық. Гидрометеорологиялық бақылау мәліметтері еліміздегі гидрометеорологиялық орталыққа жіберіледі. Онда олар есептеліп, талданып болған соң жыл сайынғы еңбек, аныктама, бюллетені кітапшалары ретінде әр турлі ғылыми-теориялық немесе халық шаруашылықтық мәселелерді шешу үшін пайдаланылады.
Су деңгейі және оны өлшейтін аспаптар.
Өзендегі су деңгейінің құбылуы су шығынына, арнаны су өсімдіктерінің басуына, арта түбінің өзгеруіне, жел мен мұздың әсеріне байланысты. Шартты түрде қабылданған жазықтықтан белгі бір биіктікте орналасқан су бетінің орнын су деңгейі деп атайды. Су деңгейін өлшеу ұзақ уакыт жүйелі түрде жасалатын болғандықтан, шартты жазықтарада су деңгейінің ең төменгі орнынан 0,5 м төмен алады. Бұл жазықтық есептеу нөлі немесе су өлшеуіш постының нолі деп аталады. Өзендердегі су деңгейі тәулігіне екі рет (сағат 8-де және 20-да) өлшейді. Су тасу және тасқын кезінде қосымша әр 2, 4 және 6 сағат сайын өлшейді.
Су деңгейін өлшеуге арналған орынды су өлшеуіш пост деп атайды. Конструкциялық ерекшелігіне байланысты су өлшеуіш пост жай тақтайшалы өлшеуіш (рейкалы, қадалы) және берілісті (өдігінен жазатын аспап) болып бөлінеді, Кейінгі аспап арқылы су деңгейінің өзгеруін әр түрлі ара қашық- тан басқарып жазуға болады. Су деңгейі, рейкалы постарда көлбеу немесе тік қойылған рейка көмегімен, 1 см дәлдікпен өлшенеді. Рейка ағаштан, металдан немесе шойыннан жасалуы мүмкін. Рейканың биіктігі ең жоғары су деңгейінен 0,5-1,0 м биік болу керек, Тік рейкалы жағалаудағы плотина, шлюз қабырғаларының немесе көпір тіреуінің бетіне орналастырады. Көлбеу рейкаларды жағалау баурайындағы тастан, бетоннан немесе ағаштан жасалады бағанаға орналастырады.
Егер өзен жағасы жайпақ болса, онда қада мен рейка қатар қолданылады (2.1-сурет). Қадаларды жоғарырақ төмен қарай санаққа алады. Олардың бетінің белгісі бір-бірінен 0,8 м айырмашылықтан артық болмау керек. Бірінші қаданың бетін ең жоғарғы деңгейді судан 0,25-0,5 м биіктікте, ал ең төменгі ең төменгі су деңгейінен 0,5 м төмен жасайды. Рейкадағы көрсеткішке толқынның, ағыстың әсерінен төмендету үшін оны арнайы жасаған кұдықта (шұңқырда) орналастырылады. Ол кұдықты өзен суымен канал немесе құбыр арқылы қосады. Су деңгейі туралы үздіксіз мәліметтер алу ушін өздігінше жазатын аспаптарды пайдалануға ұсынылады. Олар әр түрлі болады.

Көбіне өзендерде қолданылатыны "Валдай", ал теңіздердегі - "СУМ" деп аталады. Бұлардың негізгі тетігі қалтқы болады. Ол су бетінде су деңгейінің өзгеруіне байланысты төмен немесе жоғары қозғалады; қозғалыс қалтқы дөңгелегі мен тісті дөңгелек арқылы көлденең өсі бойынша айналатын іші қуыс цилиндірге (6) жеткізіледі. Цилиндрлік беттегі жол-жол сызықты қағазға (7) сағат механизмді қалам су деңгейін өзгеру жолын сызып отырады. Өздігінен жазатын аспапты өзен немесе көл жағалауындағы арнаулы үйшіктің (1) ішіне қондырады, ал қалтқыны соның ішінде құбыр (2) немесе тесік арқылы өзенмен, көлмен қосылған құдыққа (3) орналастырады (2.2-сурет). Өлшеу нәтижелерін пайдаланып су деңгейінің уақытқа байланысты өгеру графигін сызуға болады.
Эксплуатациялық гидрометрия. Жалпы мағлұматтар. Судың жалпы қоры орасан зор болғанымен, ауыл шаруашылығында тұтынуға жарамды су жетіспеушілігі көптеген жерлерде байқалады. Мұндай жағдай Қазақстан Республикасында қатты байқалуда, нәтижесінде экологияға зиян келтіруде. Оның негізгі үш себебі бар: біріншісі – ағын судың аумаққа біркелкі таралмауы және оның суғармалы егіншілік аудандарымен сәйкес келмеуі; екіншісі - өзендер суы ағысының жыл мезгілдеріне қарай өзгеріп, бірқалыпты болмауы; үшіншісі – суғармалы егіншілік жағдайында су көзінен алынған суға есеп жүргізбей қалай болса, солай пайдалану.
Жоғарыда аталған су жетіспеушілігінің бірінші себебін болдырмау үшін үлкен өзендердің белгілі бір ағыс мөлшерін суды өте қажетсінетін құрғақ аймақтарға бұру әдісі белгілі. Мысалы: Ертіс-Қарағанды каналы. Бұл әдісті қолданылуы қажеттілігін әбден дәлелдеу қажет. Себебі, ол экономикалық тұрғыдан тиімсіз әрі экологияға зияны келуі мүмкін. өзендердің маусымдық және жылдық ағысын көбінесе, су қоймаларын салу арқылы реттейді. Ол жөнінде жоғарыда, толығырақ баяндалған. Ал, су тұтынушылардың суды күнделікті өмірде ұқыпты пайдалануының негізі, сол суға есеп жүргізу болып табылады.
Өзен, көл және су қоймаларындағы суға есеп жүргізу әдістерімен техникалық қыр-сырларын қарастыратын сала – гидрометрия деп аталады. Ол гидрология ғылымының бір бағыты болып табылады.
Суғару жүйелеріндегі суға есеп жүргізу және оны реттеп, белгілі жоспар негізінде пайдалануды қамтамасыз ету жұмыстарын эксплуатациялық гидрометрия жүргізеді.
Эксплуатациялық гидрометрияның негізгі мідеттері мыналар:
- су көзінен су қорын және одан суғару жүйесіне алынатын суға есеп жүргізу;
- су жүйесі жеке бөліктері арасында судың дұрыс бөлінуін қамтамасыз ету және қадағалау;
- суды шаруашылықтарға және ауыспалы егістерге су пайдалану
жоспары негізінде дұрыс бөліп тарату.
Каналдағы суға есеп жүргізу. Гидрометриялық посттар. Каналдағы суға есеп жүргізу үшін сол каналдағы су шығысын анықтайды. Су шығысы деп, каналдың су ағып жатқан көлденең қимасы арқылы 1 сек ағып өтетін су мөлшерін айтады. Оны төмендегі формула көмегімен есептеп табады:
Q=WV, м³/с немесе л/с
мұндағы: W – каналдардың сумен қамтылған көлденең қимасы, м²;
V – судың ағу жылдамдығы, м/с.
Су шығынын анықтау мақсатымен тұрақты каналдарда суға есеп жүргізгіш гидрометриялық посттар орнатылады.
Гидрометриялық пост тағайындауға таңдап алынатын канал кесіндісіне төмендегідей талаптар қойлады:
а) ұзындығының канал енінен кем дегенде 5 есе артық болуы;
б) арнасының пішіні белгілі бір гидрометриялық фигураға (трапеция, төртбұрыш, параболла) сәйкес болуы. Жай жер каналдарда оны арнайы бетондап, қажетті ұзындығы шегінде арнайы әзірлейді;
в) су жылдамдығының баяу болуы. Бірақ бұл қайырланып кетпеуі шарт.
Суға есеп жүргізу әрі қолайлы, әрі нақты мәліметтер беруі үшін гидрометриялық пост тағайындалған канал бөлігінің қабырғасына арнайы шкала бекітеді. Ол шкаланың көмегімен су деңгейін бақылайды, яғни су тереңдігін анықтап біліп отырады. Бұл мақсатта канал табанына мықтап бекітілген сырық шкаланы да пайдалануға болады.
Егер су төмендігі белгілі болса, су ағысы графигін тұрғызуға болады. Оның теңдеуі мынадай:
Q=f (Н)
мұндағы: Q – су шығысы, м³/с;
Н – су тереңдігі, м
Каналдағы су шығысы сол каналдың су алып жатқан к

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген