400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Гидросфера

Материал туралы қысқаша түсінік
Гидросфера әлемі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мерзімі:

Физикалық георграфия


6 «Ә» сынып


Сабақ тақырыбы:

Гидросфера, су айналымы жайлы ұғым.

Жалпы мақсат:

Оқушылар тақырып ұғымы жайлы түснік алады, оны қолданып тапсырмалар орындау дағдысын қалыптастырады

Сабақтың мақсаттары

Гидросфера – жердің су қабығы және су – ерекше қайталанбас зат мағыналарын және негізгі идеясын ажыратып, тақырыпты меңгереді, топпен жұмыс істеуге пайдаланады

Күтілетін нәтижесі:

Тақырыпты түсіне отырып ойын жеткізе білу арқылы,тақырыпты дұрыс орындауға дағдыланады

Негізгі идеялар:

Картаны дұрыс пайдалана отырып қатесіз орындауға үйренеді

Сабақта қолданылатын материалдар:

Үлестірмелі материалдар

Дүние жүзі картасы, Қазақстан картасы,Атлас карта,кескін карта,

плакаттар

Оқыту әдістері:

Жигсо ІІ әдісі «Құпия сұрақ» сұрақ-жауап ойыны, Полиглот,

БИС технологиясы.


  • Топтық жұмыс

  • Жұптық жұмыс

  • Шығармашылық жұмыс

Дерек көздері:

«Гидросфера» тарауына берілген материалдар:

http:// bilimland.kz бейне жазбалар

www.РефератOff.kz

www.art.kz

Тапсырмалар:

І. Ұйымдастыру.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.«Құпия сұрақ» ойыны, Перфакарта.

ІІІ. Сергіту сәті.

IV. Жаңа сабақ.

V. Полиглот

VI. Тәжірибе жасау.

VII. «Ең ерекше» кесте

VІII. Қорытынды.

IX. Бағалау.

X. Үйге тапсырма.



Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

І. Ұйымдастыру.Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу.

Сыныпты топқа бөлу (кескіндер арқылы) (2 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

  1. Геометриялық фигура «Мозайка»арқылы Каспий теңізі,

Талас өзені, Балқаш көлін құрастырып топқа бөлінеді.

  1. Өзін-өзі бағалау парақшалары таратылып беріледі.

Shape1


Оқушылардың мұндағы мақсаты мозайканы құрастыру арқылы өз жұптарын тауып,«Теңіз», «Өзен», «Көл» атпен топтар құралды. Эмблемаларын тағып отырады.



IІ.Үй тапсырмасын сұрау (10 мин) «Құпия сұрақ»


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

«Құпия сұрақ»ойыны, интербелсенді тақта арқылы көрсетіледі

  1. Мұхит түбінің жер бедері қандай? (Алуан түрлі)

  2. Материктің мұхитқа өтпелі, 200 м тереңдікке дейінгі бөлігі (Қайраң)

  3. ХХ ғасырлардың 20 жылдарында мұхит түбінің жер бедерін зерттеуге бастама болған құрал (эхолот)

  4. Жер шарындағы ең терең науа (Мариян шұңғымасы)

  5. Мариян шұңғымасын кім зерттеді?(Огюст Пикардың өзін-өзі басқаратын кемесі)

  6. Мұхиттың ортаңғы жоталарын кейде қалай атайды (рифт белдемі).

«Перфакарта»тарату, топпен жұмыс жасау арқылы. Мұхит түбінің жер бедері туралы білімін тексеру. .

1. Мұхит түбінің жер бедерін зерттеу. Таулар мен жазықтар тек материкте ғана емес, мұхиттарда да таралған. Мұхиттардың жер бедері де материктердің беті сияқты алуан түрлі. Жак-Ив Кусто су өтпейтін камералар мен жарық құралдарын ойлап тауып, тұңғыш рет суасты теледидарлық құрылғы жүйесін ұйымдастырды. Куростың құрған «Кусто қоғамы» және «Кусто командасы» әлі де жұмыс істеп келді.

2. Мұхит түбіндегі таулар.Мұхит ортасындағы жоталардың табылуы ХХ ғасырдың 50 – жылдарындағы аса маңызды жаңалық болды. Мұхиттың орталық бөлігінде мұхит ортасындағы жоталар орналасады. Жалпы ұзындығы 60 000 шақырымдай. Бұл құрлықтағы тау жоталарының ұзындығынан бірнеше есе артық.

3.Мұхит түбіндегі жазықтар.Мұхит түбінің 70%-дан астамын мұхит шарасы алып жатады. Мұхит шарасында тереңдігі 4-7 мың метрге дейін жететін ең үлкен жазықтар-қазаншұңқырлар болады.Қазаншұңқырдың орталық бөлігінде шөгінді қабаты өте жұқа. Оның түбін жанартаулық шаң тозаң мен теңіз ағзаларының қаңқалары басады.


Мұғалім берген тапсырманы орындау . Оқушылар интербелсенді тақтадағы «Құпия сұрақтарға» жауап береді.







Оқушылар Перфакартаны топ болып жауап береді.

Дұрыс жауаптары интербелсенді тақтадан көрсетіледі. Оқушылар тексереді.

Picture 41



IIІ. Сергіту сәті. (3 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сергіту сәтін ұйымдастыру қадағалау.

Күн оянды, Жел соқты

Жаңбыр жауды,

Күн ашылды, Жел басылды.


Интербелсенді тақтадан көрсетілген тапсырмаларды орындау.


IV.Жаңа сабақ: « Гидросфера, су айналымы жайлы ұғым» (10 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Жаңа тақырыпты оқушыларға қысқаша түсіндіру. Гидросфера құрамын, су айналымы, судың сапасы мен құрамын, судың күйін, Қазақстанның су ресурстарын, экологиялық қатер, Ауылды жерлердегі су тапшылығы жайында түсінік беру.

Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту

Әдіс бойынша жаңа тақырыпты меңгереді және өз пікірлерін ортаға салады., бір-біріне түсіндіреді. Оқушылар Гидросфера жайлы білетін қызықтарын айтады.

Picture 23


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Топтарға жаңа тақырып бойынша және Гидросфера құрылымы және Су айналымы жайлы видео көрсету толық меңгерту мақсатында

Жаңа тақырып бойынша зейін қойып тыңдайды және көреді

V.Ой қозғау «Полиглот» әдісі (3 мин)


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Жаңа сабақты бастамас бұрын ой қозғау мақсатында оқушыларға сұрақ адасқан сөздерді тауыр қазақша, ағылшын, орыс тілінде айту

  1. Ус. Су-вода-Water

  2. Бырақж. Жаңбыр-Дождь-Rain

  3. Лөк. Көл-Озеро-Lake

  4. Ізтең. Теңіз-Море-sea

  5. Енөз. Өзен-Река-River

Оқушылардың мұндағы мақсаты интербелсенді тақтада берілген сұрақтарға жауап беріп, үш тілде аударма жасайды



VI. Тәжірибе (5 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

  1. Екі ыдыстың біреуіне сүт, біреуіне су құып оның ішіне қасық салдық. Қайсысында қасық анық көрінеді? (судың түссіз мөлдірлігін түсіндіру).

  2. Шыны ыдыстығы суға кішкене саз балшық салып араластырамыз, су лайланады. Лай суы бар ыдыстың қабырғасынан екінші жағын көре алмаймыз себебі саз суға араласқанымен еріген жоқ.

  3. Суда тұрақты пішін болмайды. Себебі суды қандай ыдысқа (лабараториялық колбаға,кесе, шыны ыдысқа, стақанға) су әрбір құйылған судың пішініндей болып шығады.

Оқушылар зейін қойып тыңдайды, көреді және сұрақтарға жауап береді

Picture 22

VІI.«Ең ерекше» (Карта және карточкамен жұмыс, талдау, бағалау) (7 мин)


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Мұғалім жаңа тақырыпқа байланысты тапсырма қағаздарын таратады

Оқушылардың берілген карточкадағы сұрақтарға жауап береді картадан көрсетеді




VIII.Қорытындылау:

(1 мин)

Су деген тіршіліктің қаны емес пе,

Су деген табиғаттың жаны емес пе,

Су жоқ жерде өмір жоқ ол ақиқат

Күміс су қара жердің сәні емес пе.


Рефлексия:

Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерін, жақсы тілектерін, ойынын стикерге жазып, тақтадағы тілек ағашына іледі (2 мин)

IX.Бағалау (3 мин)

БИС технологиясы арқылы бағалау. «Өзін-өзі бағалау» парақшасын толтырады (3мин)

X.Үй тапсырмасы:

(1 мин)

  • §27. Гидросфера, су айналымы жайлы ұғым. Оқу,мазмұндау.

  • Кескін картаға Еуразия материгінің жағалауындағы шеткі және ішкі теңіздерді түсіру.

  • «Су- тіршілік көзі» тақырыбында реферат жазу

Қосымша мәліметтер: А.М. Бейсенбаев, Н.Ә. Бейсенбаева “Оқушы анықтамасы

§27 . Гидросфера. 40-44 беттер






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
512
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі