400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Гидросфера және оның құрамдас бөлігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

Мектеп : "Г.Титов атындағы №54 ЖОМ" КММ

Пәні: География

27.11.2019 ж

Мұғалім аты жөні: Алихан Базарәлі Кажимуханұлы

Сынып: 7 " Б "

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Гидросфера және оның құрамдас бөлігі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

7.3.3.1- гидросфера және оның құрамдас бөліктерін сипаттайды

Сабақ мақсаттары

Гидросфера және оның құрамдас бөліктерін сипаттау

Табиғаттағы су айналымын түсіну

Гидросфера құрамындағы сулардың қалыптасуы мен маңыздылығын ажырату

Тілдік мақсат

Оқылым – айтылым: Мәтінді оқи отырыпГидросфераның ұүрамдас бөліктерін сипаттайды

Тыңдалым – жазылым: Ойларын ортаға салады, бір – бірінің пікірін тыңдайды, Дүниежүзіндегі материктердің ірі өзендері мен көлдерді жазып шығады.

Термин сөздер:  гидросфера, мұхит, құрлық суы, өзен, көл, мұздықтар, жерасты суы, түбек, арал, шығанақ, бұғаз

Бағалау критерийлері

Гидросфера ұғымын және оның құрамдас бөлімдерін сипаттайды

Дүниежүзі мұхит бөліктерін сипаттайды.

Гидросферадағы су айналымын талдайды

Құрлық сулары мен мұхиттарды анықтауда картаны қолдана алады


Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу, түсіну, қолдану


Құндылықтарды дарыту

Өзіне және айналадағыларға құрметпен қарау,  қоршаған ортаға, суды үнемдеп,  қорғауға тәрбиелеу

Пәнаралық байланыстар


Химия пәні

АКТ қолдану дағдылары


Карта, атлас, интербелсенді тақта

Бастапқы білім


Гидросфера. 5-сынып

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері


Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу 3 тілде, оқушыларды түгендеу , сынып тазалығына көңіл бөлу, тақтаға күн ретін жазу.

2. Психологиялық көңіл күйді қалыптастыру мақсатында

« Шаттық шеңбері» арқылы оқушылар бір-біріне тілек айтады.

3. Оқушыларды топқа бөлу.

Ол үшін сурет қималарын қолдана отырып, құрастырылған суреттер бойынша топқа біріктіру.

Көл

Мұздықтар

Өзен


«Бағытталған сұрақтар» әдісін пайдаланып, сұрақ қою арқылы үй тапсырмасын пысықтау.

1) Атмосфера дегенді қалай түсінесің?
2) Атмосфера қандай қабаттардан тұрады?
3) Атмосфера қандай ерекшеліктерге байланысты 5 қабатқа бөлінеді?

4) Атмосфера қабаттарын ата?

5) Ауа райының ас үйі деп қай қабатты айтамыз?

6) Ауаның 90 %-ға жуығы қай қабатта?

7) Озон қабатының ерекшелігі?






Қима қағаздар,кескін карта













Сабақтың ортасы

20 мин

Жаңа сабақ мақсатымен таныстырып,Гидросфера және оның құрамдас бөліктері тақырыбына тапсырма беремін

Акт -ны пайдаланып, оқушыларға жаңа сабақты ашу үшін видеоролик, презентация көрсетемін

1-тапсырма

«Номенклатура» әдісін пайдаланып, кесте бөліп беріледі,кестедегі тапсырманы топ ішінде терең талқылап, Дүниежүзіндегі материктердің ірі өзендері мен көлдер номенклатурасын жасаңдар

Материктер

Өзендер

Көлдер

Еуразия



Солтүстік Америка



Африка



Оңтүстік Америка



Аустралия




Топтар бірін – бірі «Смайлик» әдісі арқылы бағалайды

Дискриптор:

1. Дүниежүзіндегі материктердің ірі өзендері мен көлдер номенклатурасын жасайды



2-тапсырма

Дүниежүзілік мұхит бөліктерінен өз қалауыңыз бойынша 2 теңіз, 2 шығанақ, 2 бұғаз, 2 түбек, 2 аралды кескін картаға түсіріңіз.

ҚБ: Топтар бірін – бірі «Смайлик» әдісі арқылы бағалайды


Дескриптор:

1. Дүниежүзілік мұхит бөліктерін кескін картаға түсіреді


Сергіту сәті ( Жұмбақ)

  • Мұхиттардың ортасында

Аппақ тау бар, түк өспейді.

Жер шарының картасында ,

Оған еш шың теңеспейді.  ( Айсберг)

  • Бір бөлігі сын есім, зат есімнен келесі,

Біріктірсең екеуін, солтүстікте жатырмын. (Ақ теңіз)

  • Басың тәтті дер едім, бұйрық райдан ал соңы,

Тұтас атын береді, бір көлді тап соны. (Балқаш)

  • Бас буыным-батырмын,   зат есімнен келесі,

Талай асқа батырдың, біріктіріп екеуін еліңді алып жатырмын. (Ертіс)


3- тапсырма "Конверт" әдісі

1-топ: Дүниежүзілік су айналымына анықтама беріңдер?

2-топ: Картадан дүниежүзіндегі ең ұзын және ең суы мол өзендерін көрсетіңдер? Олар қай мемлекеттің аумақтары арқылы ағып өтеді?

3-топ: Картадан дүниежүзіндегі ең терең, алып жатқан ауданы бойынша ең ірі және ең биік көлдерді көрсетіңдер? Олар қай мемлекеттің аумағында орналасқан?

Дескриптор:

1.Дүниежүзінің су айналымына сипаттама бере алады

2. Картадан дүниежүзіндегі ең ұзын және ең суы мол өзендерін көрсетеді. Олар қай мемлекеттің аумақтары арқылы ағып өтетінін айтады

3. Картадан дүниежүзіндегі ең терең, алып жатқан ауданы бойынша ең ірі және ең биік көлдерді көрсетеді. Олар қай мемлекеттің аумағында орналасқан айтады

ҚБ: «Басбармақ» әдісі арқылы бағалау

Карта,атлас кескін жұмыс дәптер























































Сабақтың соңы

10 мин

Кері байланыс. "Бағдаршам әдісі"

Бұл әдіс бойынша оқушыларға үш түрлі стикер таратылады. Сол бойынша оқушылар сабақты түсінген, түсінбегендерін білдіреді. 

Жасыл – мен жақсы түсіндім және басқаға да түсіндіре аламын

Сары – мен түсінемін, бірақ барлығын емес.

Қызыл – мен тығырыққа тірелдім, ештеңе түсінбей қалдым.

Оқушылар өз пікірін стикерге жазып, сабақ қорытындыланды. Жазған өз ойларын бағдаршамға жапсыру

Үйге тапсырма: Гидросфера және оның құрамдас бөліктері







Қосымша ақпарат


Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау-оқушылардың оқуын тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлекция

Сабақ мақсаттары/ мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жетуізбесе, неліктен?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды,неліктен?








Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту турал да,оқу туралы да ойланыңыз)

1:


2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады? (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)

1:


2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім,келесі сабақтарда неге көңіл бөлу кажет?





Тексерілді:_____________













































































Shape1

















































Shape2



















































Shape3

































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
10 ақпан
781
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі