400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Гидросфера және оның құрамдас бөліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған білім негізінде құрылған қысқа мерізімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:_____________

Оқу ісі меңгерушісі: Д.Әділ

САБАҚ/пәні: География

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

3-бөлім: Физикалық география

Мектеп: Кенбай орта мектебі

Күні: 26.11.2018ж

Мұғалімнің аты-жөні: Болатқызы В

Сынып: 7

Қатысқандар- 19 Қатыспағандар-1

Сабақ тақырыбы:

Гидросфера және оның құрамдас бөліктері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)


7.3.3.1 – гидросфера және оның құрамдас бөліктерін сипаттайды.

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Гидросфераның құрылымы мен құрамын атай алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Гидросфераның құрамдас бөліктерін ажырата алады.

Кейбір оқушылар:

Гидросфераның құрамдас бөліктерін және су айналымының маңыздылығын түсіндіріп сипаттайды.

Бағалау критерийі

  • Гидросфераның құрамдас бөліктерін анықтайды;

  • Картадан гидросфераның құрамдас бөліктерін ажыратады;

  • Дүниежүзілік су айналымы туралы сипаттайды.

Тілдік мақсат

Диалогке арналған тармақтар:

Жердің су қабығын атайды.

Табиғатта үш күйде кездесетін затты атай алады.

Барлық тіршілік қандай суды пайдаланатынын біледі.

Жазылымға арналған тіркестер:

Құрлық суларына ... жатады. (өзен, көл, жер асты сулары)

Ғаламшарда ... судың мөлшері көп. (Ащы)

Ащы су қоры ... (96,5%)

Тұщы су қоры.... (2,5%)

Терминология:

Гидросфера, судың қасиеті, су ресурстары, көл ресурстары, жер үсті және жер асты сулары, термальды су, су айналымы: кіші, үлкен, булану, конденсация, ағынды су, тау мұздықтары

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» идеясының 7-құндылығы: Ұлттық қауіпсіздік және еліміздің бүкіләлемдік өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы,

Осы құндылық арқылы оқушыларды қоршаған ортаға, суды үнемдеуге және қорғауға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Судың үш агрегаттық күйі химия пәні, судың пайыздық үлесі математика пәні, диаграммалар тұрғызу бейнелеу өнері пәні.

Тақырып бойынша алдыңғы білім

5 сынып Жаратылыстану пәні «Мұхиттардың зерттелуі»

6 сынып Физикалық география «Гидросфера туралы ұғым. Дүниежүзілік мұхит»

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспарланған әрекеттер (төмендегі жазбаларды өзіңіздің жоспарлаған әрекеттеріңізбен)

Ресурстар

/дереккөздер/

Сабақтың басы

5 минут














Сабақтың ортасы

30 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

А) сәлемдесу

Ә) түгендеу

Топқа бөлу. «Саяхат» әдісі

Стол үстінде бірнеше данадан құрлық сулары (өзен, көл және мұздықтар) бейнеленген суреттер жатады. Оқушы таңдауы бойынша 3 топқа топтасады.

1 – топ «Өзен»

2 – топ «Көл»

3 – топ «Мұздық»

«Миға шабуыл» әдісі арқылы сұрақтарға жауап

беріп, тақырыпты анықта.

  1. Табиғатта үш күйде кездесетін зат. (су)

  2. Жердің су қабаты қалай аталады? (гидросфера)


1 – тапсырма: Оқулық мәтіні арқылы гидросфераның құрамдас бөліктерін анықтау.

Оқыту формасы: топтық жұмыс

Әдісі: «Досқа көмек»

  1. Гидросфераның құрамдас бөліктерін топтастыр.

  2. Гидросфераның құрамдас бөліктерін сәйкестендір.

Мұхиттар

1,7%

Жер асты суы

0,01%

Мұздықтар

1,7%

Құрлық сулары (өзен, көл, батпақтар)

96,5%


  1. Сандық мәліметтер бойынша гидросфераның құрамына дөңгелек пішінді диаграмма құрастыр.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Гидросфераның құрамдас бөліктерін анықтайды

-Оқулық мәтіні бойынша гидросфераның құрамымен танысады;

-мәтіннен гидросфераның құрамдас бөліктерін табады;

-гидросфераның құрамдас бөліктерін сәйкестендіріп жазады;

-гидросфераның құрамдас бөліктеріне диаграмма құрастырады.

«Бағалау терезесі» әдісі арқылы оқушылардың түсінбей қалған сұрақтарын сыныптастары кері байланыс арқылы жетілдіріп отырды. Оқушылар өзін - өзі бағалайды.


Маған бәріде түсінікті

Сұрақтар пайда болды

Мен есте сақтадым

Түсінбедім


2 – тапсырма. Карта арқылы гидросфераның құрамдас бөліктерін анықтаңыз және ажыратыңыз.

Оқыту формасы: картамен жұмыс

Әдісі: «Картаны оқимыз»

  1. Картада сулар қандай түспен берілген? Гидросфераның құрамдас бөліктерін (өзен, көл, теңіз, мұхит) картадан көрсет.

  2. Кескін картаға ірі өзен, көлдер мен мұхиттарды белгіле.

  3. Теңіздің немесе көлдің мұхитпен байланысы бар ма? Болса қандай мұхитпен екенін анықтаңдар?


Бағалау критерийі

Дескриптор

Картадан гидросфераның құрамдас бөліктерін ажыратады

-Картадан гидросфераның құрамдас бөліктерін көрсетеді;

-кескін картаға құрлық сулары мен мұхиттарды белгілейді;

-карта арқылы теңіз бен көлдің мұхитпен байланысын анықтайды.

«Ашық микрофон» әдісі арқылы оқушылардан кері байланыс алынып, оқушылар бірін – бірі бағалайды.


3 – тапсырма. Бейнежазба арқылы дүниежүзілік су айналымына сипаттама бер.

Оқыту формасы: жеке жұмыс

Әдісі: «Үштік»

  1. Бейнежазбада қандай мәліметтер айтылды?

  2. Дүниежүзілік су айналымының табиғат үшін маңызы туралы сипаттама бер.

  3. Дүниежүзілік су айналымының сызбанұсқасын сыз.


Бағалау критерийі

Дескриптор

Дүниежүзілік су айналымы туралы сипаттайды

-Бейнежазбада көрсетілген мәліметтер туралы айтады.

-дүниежүзілік су айналымының табиғат үшін маңызы туралы сипаттама береді.

-дүниежүзілік су айналымының сызбанұсқасын сызады.

Осы тапсырма бойынша алған мәліметтерін жинақтау мақсатында «Ақпаратты сүзу» әдісін пайдалана отырып, оқушылар бір – біріне кері байланыс беру арқылы білімдерін толықтырып, бір – бірін бағалайды.






Интербелсенді тақта,компью

тер,

суреттер.







www.bilimmedia.kz

бейнежазба






Оқу жоспары әдістемелігі, ОМЖ

Интербелсенді тақта,компью

тер,

оқулық
































Интербелсенді тақта,компью

тер,

карта










Интербелсенді тақта,компью

тер,

www.bilimmedia.kz

бейнежазба «Табиғаттағы су айналымы»,

сызбанұсқа















Сабақтың соңы

5 минут

Қорытынды

«5 минуттық диктант» әдісі арқылы бүгінгі сабақ барысында алған білімдерін қорытындылайды.

Гидросфера - ... (жердің су қабығы)

Жер шарындағы судың ... мұхиттар мен теңіздердің үлесіне тиеді. (96,5%)

Құрлық сулары ... (өзен, көл, жер асты сулары)

Су табиғатта ... күйде ..., ..., ... түрінде кездеседі. (3, сұйық, қатты, газ)

«Блоб ағашы» арқылы бүгінгі сабақтағы өз деңгейлерін белгілейді, оқушыларды әр тапсырманың қадамдары арқылы берілген жұмыстары барысында барлығына ынталандыру мақсатында мадақтау сөздерін айтып, ынталандырып отырамын.

/оқушылар бағаланады/

Үйге тапсырма: «Су – тіршілік көзі» тақырыбына эссе жазу












Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспар

лайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырма-

ны қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?


Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланысы (тәрбиелік элемент)

Қысқа мерзімді жоспарды құру барысында оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған саралау - жоспарлы жаттығулар арқылы жүзеге асып отырды. Атап көрсетсем сабақ барысында саралау оқу мақсатына сүйене отырып, сабақтың мақсатын барлық оқушылар орындай алады, көпшілік оқушылар және кейбір оқушылар орында алады деп сараланып алынды. Одан әрі қарай жұмыс түрлері оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін әртүрлі әдіс тәсілдер мен дереккөздерді пайдалана отырып, әр тапсырмалар оқушылардың деңгейлеріне байланысты қадамдар арқылы сараланып берілді.

«Досқа көмек» әдісі

Бұл әдіс арқылы білім алушылардың оқу мақсатына жетелеуге орай топтық жұмыстарды қолдана отырып,

Гидросфераның құрамдас бөліктерін қадам бойынша топтастыру, сәйкестендіру және диаграмма құрастыру тапсырмаларды орындауда тиімді қолданылды.

«Картаны оқимыз» әдісі

Оқу мақсатына сай гидросфераның құрамдас бөліктерін картадан көрсету үшін осы әдіс арқылы тапсырмалар берілді. оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруда бұл әдіс тиімді болды.

«Үштік» әдісі

оқу мақсатына сай дүниежүзілік су айналымы туралы бейнежазбада көрсетілген мәліметтер арқылы оқушыларға тапсырмалар берілді. Осы тапсырмаларды орындауда бұл әдістің маңызы зор болды.

Бекіту тапсырамасы ретінде «5 минуттық диктант» әдісі арқылы географиялық диктант жазды.

Тапсырмаларды әр түрлі қадамдар және түрліше дереккөздерін пайдалана отырып саралап орындату мақсатында оқушылардың өзіне деген сенімділігі мен ішкі уәжі артып, оқуға деген ынтасы жоғарылайды деп ойлаймын.

Сабақ кезінде оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын және ынтасын арттыру және ішкі уәжін өсіру мақсатында белсенді әдістерді тиімді пайдалана отырып, әр оқушының оқуын және сол орындалған тапсырманы оқушы қаншалықты меңгергенін тексеру және білімін жетілдіру үшін бірнеше қалыптастырушы бағалау тәсілі келтірілген.

Гидросфераның құрамдас бөліктерін анықтау мақсатында берілген тапсырманы игеру деңгейін білу үшін «Бағалау терезесі» әдісі арқылы кері байланыс алдым.

Карта арқылы гидросфераның құрамдас бөліктерін анықтау және ажырату тапсырмасын меңгеру барысын бақылау мақсатында «Ашық микрофон» әдісін пайдаландым. Өзін – өзі бағалау жұмысы жүргізілді.

Бейнежазба арқылы дүниежүзілік су айналымына сипаттама бер тапсырмасын орындау деңгейін білу мақсатында «Ақпараттар сүзгісі» әдісін пайдаландым. Бейнежазбада айтылған мәліметтерді есте сақтау қабілеттерін бақылай отырып оқушылар бірін – бірі бағалады.

Тақырып бойынша алған білімдерін қорытындылау мақсатында «Блоб ағашы» әдісін қолдандым. Оқушылар жаңа тақырыптан алған білімдерін қорытып, өз деңгейлерін көрсетті.

Сабақ барысында белсенді қатысып отырған оқушылардың ынтасын арттыру мақсатында міндетті түрде кері байланыс берумен бірге мадақтау сөздерін айтып отырамын.

Денсаулық және техника қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, сабағымды АКТ-мен байланыстырамын.

Математика, химия, бейнелеу өнері, пәндерімен байланыс жасаймын,интербелсенді тақта арқылы суреттер, слайдтар көрсетіледі.

Сабақ бойынша рефлексия



Оқытудың белсенді әдіс – тәсілдерін өз сабағымда жүйелі қолдандым. Оқушы белсенділігі жақсы болды. Сабақ мақсаты арқылы оқу мақсаты орындалды.

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Белсенді әдіс – тәсілдер оқу мақсатына жетуге көмектесті.

2: Қалыптастырушы бағалау арқылы оқушылар өздерін әділ бағалады.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Бағалау критерийлері мен дескрипторлар.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

1:Белсенді – әдіс тәсілдерді әлі де кеңінен қолдану.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 ақпан
1480
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі