400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Гигиена заттары .

Материал туралы қысқаша түсінік
Дұрыс күн режимін құруға, тиімді тамақтану ережелері туралы түсініктерін қалыптастыру және гигиена заттарын қолданып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді_________

_________

Әлеуметтік педагог: Саудан С.Е.

Күні: 11.-15.01.2021ж.ж.

Сабақтың тақырыбы: Гигиена заттары .

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік Дұрыс күн режимін құруға, тиімді
тамақтану ережелері туралы түсініктерін
қалыптастыру және гигиена заттарын қолданып
ажырата білуге үйрету

Күнделікті гигиеналық талаптарды орындауға дағыдландыру

2. Түзете-дамытушылық: Өз – өзіне қызмет жасау

дағдысын қалыптастыру. Отбасы мүшелерінің

аттары,жастары,туыстығы туралы түсінік

қалыптастыру.

3. Тәрбиелік: Жеке гигиеналық құралдарды


Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, бақылау, мадақтау, ойындар мен үстел үсті ойындары.

Көрнекілігі: Отбасының суреттері, үлестірмелі суреттер,

Сабақ түрі: Жаңа сабақ.

Жұмыс түрі: Аралас жұмыс (жеке және топтық).

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу.

II. Үй тапсырмасын сұрау:

III. Жаңа сабақ:

Бүгінгі біздің тақырыбымыз өз отбасымыз туралы болмақ.
Балалар, айналамызға қарасақ, көптеген үйлерді көреміз.
Ол үйлерде кімдер тұрады деп ойлайсыңдар?
- Иә, балалар, барлық үйдің өз отбасы болады олар бір - бірімен тату - тәтті тұрады.
- Қане, балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырайын, шешуін тауып көрейік.
Жұмбақ: Онсыз қызық жоқ маған, онсыз бақыт жоқ маған.
Ол әр баланың панасы, ол не екен, балалар? (отбасы)
- Міне балалар, бұл жұмбақтың шешуі отбасы екен

Суретпен жұмыс :
Бұл суретте кімдердің суретін көріп тұрсыңдар?
- Иә, бұл суретте сүйіспеншілігі мол, бір - біріне ыстық ықыласпен, аялы сезіммен қарап отырған дастархан басындағы отбасы мүшелерін көріп отырмыз.
Отбасы туралы әңгімелеу.
IV.Ойын: " Мынау кім?"
Мақсаты: Балаларды тапқырлыққа, есте сақтау қабілетін дамытуға баулу.
Шарты: отбасындағы мүшелердің атын атап, жасырынған отбасы мүшесін табу.

V.Ойын сұрақ: " Көңілді доп"
- Отбасы мүшесін ата.
- Отбасында кімді жақсы көресің?
- Отбасында кімге сыйлық жасайсың?
- Анаңа қалай көмектесесің?
- Үйге қонақ келгенді ұнатасың ба?
- Дастархан басында өзіңді қалай ұстайсың?
- Үйдегі ініңе, қарындасыңа қалай көмектесесің?
- Жарайсыңдар, балалар, өте жақсы.
Үстел үсті ойыны:

Сергіту жаттығуы:

Атамның алып күрегін,

Ауланың қарын күредім.
Әжеме мен құдықтан,
Су әкеліп беремін.
Еденді де жуамын,
Шаң - тозаңды қуамын.

VI"Қуыршақты киіндіреміз"
Мақсаты: балаларды адамгершілікке, сыйластыққа, мейірімділікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Шарты: қатты қағаздан қиылған қуыршақ макетін киім үлгісімен киіндіру.
Балалардың жұмысын мадақтау.
- Балалар, қуыршаққа өте жақсы киімдерін киіндіре білдіңіздер, адамгершілік, мейірімділік қасиеттеріңізді көрсете білдіңіздер.
- Өте жақсы балалар.

VII.Қорытынды: Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат отбасымыз туралы әңгімеледік. Біз оларды жақсы көруді, сыйлауды, көмектесуді үйрендік. Отбасы ең жақын адамдардың ошағы екенін білдік. Ойындар ойнадық. Бүгінгі сабаққа өте жақсы қатысып, сұрақтарға жауап бере білдіңдер. Бәріміз бірге отбасымызға тілек сөздер айтып, бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз!

  • Бүгінгі сабағымыз сендерге ұнады ма?

  • Отбасына кімдер жатады екен?

  • Туысқандар деп кімдерді айтамыз?

VIII. Үйге тапсырма: Көңілді отбасы мүшелерінің суретін салу.

Мадақтау!!!











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 ақпан
573
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі