Материалдар / "ГИПЕРБЕЛДІ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІ"

"ГИПЕРБЕЛДІ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас тәрбиешілерге арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Ақпан 2021
302
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде ойынның ролі


Бала өмірінің алғашқы алты-жеті жылы – оның өсіп жетілуіндегі ең жауапты кезең, бұл кезде ақыл-ой қабілеті, адамгершілік қасиеттері, эстетикалық сезімдері қалыптасады. Баланың адам ретінде қалыптасуының осы жақтары қызықты, мазмұнды сабақ, еңбек, ойын процесінде тәрбиеленеді.

Ойын - тәрбие берудің ең тиімді амалдарының бірі. «Балабақшада тәрбие беру программасында» баланың денесі мен психикалық жетілуі, жеке басының дамуы үшін, балалар қоғамының қалыптасуы үшін ойынның үлкен маңызы бар екені атап көрсетіледі. «Бала қоғамының қалыптасуының ең үлкен мүмкіндігі балалардың ойын әрекеті арқылы қамтамасыз етілетінін қоғамдық тәрбие беру тәжірибесін көрсетіп отырса, ал зерттеу оны дәлелдей түсті, - деп атап көрсетеді А. П. Усова. – Ойын кезінде ғана балалардың қоғамдық өмірі барынша толыға түседі». Ойын әрекетінің осы мүмкіндігіне сүйене отырып, А. П. Усова ойынды «қоғамдық» сапалы қасиеттерді тәрбиелеу амалы ретінде қарастырды. Программа ойынның әр түріне байланысты тәрбиелік міндеттерді айқындайды: қимылды ойындар балалардың қозғалысының жетілуіне, дидактикалық ойындар ақыл-ойының қалыптасуына, адамдардың еңбегі мен тұрмысын бейнелейтін сюжетті-рольді ойындар моральдық және т.б қасиеттерді тәрбиелеуге көмектеседі.

Ойынға берілген осы сипаттаманы жетекшілікке ала отырып, бұл белгілердің шартты түрде ұсынылғанын, ойынның әрбір түрінде тәрбиешілердің назар аудуруы керек басқа да мүмкіндіктер бар екенін ұмытуға болмайды. Мәселен, қимылды ойындар кездерінде қозғалыстың белсенді болуы тек қимыл аппараттарын ғана нығайтып қоймайды, сонымен бірге көбіне баланың нервтік-психикалық тұрғыдан жетілуіне де әсерін тигізеді. П. Ф. Лесгафт қимылды ойындарды өте жинақы болуға жаттығу деп санай отырып, қимылды ойындар баланың ақыл-ойының айқын да ширақ, сезімі қызу, өткір, әрекеті ұйымдасқан жағдайда болады деген.

Құрастыру ойындарында конструкторлық қабілет, творчестволық қиялдаудан, эстетикалық сезімдердің жетілуінен басқа өз қимылын бақылау, оның күшін, бағытын ескеру дағдылары тәрбиеленеді. Құрастыру жұмысында мақсатқа жету ұстамдылықты, шыдамдылықты қажет етеді. Жұмыс нәтижесінде балалар әс жүзінде эстетикалық қуанышты, еңбек қуанышын танитын болады.

Тәрбиеші ойындардың мазмұнын балалардың бойында оңды көзқарас, Отанға, өз халқына сүйіспеншілік қалыптастыру үшін пайдаланады, оларды қоғамдық мінез-құлық ережесіне үйретеді,. Ойын үстінде және ойын арқылы тәрбиеші мектеп жасына дейінгі балалардың батылдық, адалдық, ұстамдылық секілді сапалық қасиеттерін дамытады.

Педагогикалық басшылық болмаған жерде балалардың ойындары кейде жарамсыз ықпал жасауы да мүмкін. Н. К. Крупская былай деп жазған: «Қатыгездікке, дөрекілікке машықтандыратын, ұлттық өшпенділікті қоздыратын, нерв жүйесіне жаман әсер ететін, құмарпаздық, менменшілдік туғызатын ойындар бар. Сондай-ақ орасан зор тәрбиелік мәні бар, ерікті нығайтатын, әділет сезіміне, қиын жағдайда көмектесе білуге, т.т және т. с. с тәрбиелейтін ойындар да бар».

Ойынның оңды әсерін пайдаланып, жарамсыз ойындардың тууына жол бермеу үшін балаларды ненің жақсы, ненің жаман екенін ажырата білуге үйрету керек. Осы мақсатпен тәрбиеші ойын арқылы және ойын үстінде балаларға қайсыбір жағымды фактілердің мағынасын ашып береді, ол фактілерге баға береді, балалардың соларға еліктеуге ұмтылған ықыласын туғызады, сол арқылы олардың ойында бейнеленген нәрсеге көзқарасын қалыптастырады.

Тәрбиеші ойынды дене тәрбиесінің құралы ретінде кеңінен пайдаланады. Ойындардың көпшілігі қан айналысын күшейтіп, неғұрлым толық та терең зат алмасуына көмектесетін активті қозғалыстарды керек етеді. Активті қозғалыс дұрыс тұлғаның қалыптасуына, жүріс-тұрыстың икемді, әсем болуына жәрдемдеседі. Алайда ойын өзінен-өзі дене тәрбиесінің құралы бола салады деп ойлау қате болар еді. Педагогикалық басшылықсыз ойын баланың дене құрылысының дамуына зиян келтіруі де мүмкін. Кейде балалар ұзақ уақыт бір позада тұрып немесе, керісінше , шамадан тыс көп қимылдап, қатты шаршайды. Сондықтан тәрбиеші бәрінен бұрын балалар ойындары үшін гигиеналық шарттардың сақталуына қамқорлық жасайды.

Ойын эстетикалық тәрбие құралы ретінде де кеңінен пайдаланылады, өйткені балалар өздерін қоршаған дүниені роль, бейне арқылы көрсетеді. Ойында қиялдың – бұрын алған әсер негізінде бейне жасаудың зор маңызы бар. Көптеген ойындардың мазмұнына таныс әндер, билер, тақпақтар, жұмбақтар енгізіледі. Осының бәрі тәрбиешіге балалардың эстетикалық әсерленуін тереңдете түсуге мүмкіндік береді. Көп жағдайда олар ойында өз құрылыстарын жақсылап безендіреді, маскарадтау элементтерін пайдаланады, мұның өзі көркемдік талғам тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

Сонымен, ойын балаларды жан-жақты тәрбиелеу және дамыту құралы болып табылады.

Ойын бала үшін – нағыз өмір. Егер тәрбиеші ойынды ақылмен ұйымдастырса, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады. А. П. Усова былай деп атап көрсетті: «Балалардың өмірі мен іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру – оларды тәрбиелеу деген сөз. Тәрбиенің тиімді процесі ойын және ойынның өзара қарым-қатынастары формаларында жүзеге асырылатын себебі сол, бала мұнда өмір сүруді үйренбейді, өз өмірімен тіршілік етеді».

Балалар ойында адамдардың белгілі қылықтарын, жеке ерекшеліктері мен өзара қарым-қатынастарын бейнелейді. Бірақ мұның бәрінің тасасында әлі баланың өзінің жеке басының шын қасиеті мен сапасы тұрған жоқ. Мысалы: ойында ақ пейілділік пен қамқорлық көрсетуді талап ететін рольді ойнап тұрған бала өмірде кейде өзімшіл және дөрекі болуы мүмкін. Міне, сондықтан да ойынға оның жоғары тәрбиелік тиімділігін қамтамасыз ететін педагогикалық басшылықтың болуы өте маңызды.

Ойынды таңдап алудың елеулі маңызы бар. Оған күнбе-күн басшылық жасай отырып, тәрбиеші әрбір баланы зерттейді, балалар бірлестіктерін, қалыптаса бастаған ойын коллективтерін ашады. Оның қайсы бір топтанудың пайдалы немесе зиянды екенін бағалауға, балаларға белгілі дәрежеде ықпал жасау қажеттігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндігі болады.

Мектепке дейінгі сәбилер әлі ойнай білмейді. Нақ сондықтан да тәрбиеші ойынды ұйымдастыра жүріп, оларды ойнауға үйретеді. Балалар ойынды игеріп, ойын іс-әрекетінен жеткілікті тәжірибе алған соң, ойын өз бетінше істелетін әрекетке айналады, олардың өздерінің ұйымдасуына негізделеді.

Ойынды балалар өмірін ұйымдастырудың формасы ретінде пайдалана отырып алдымен солардың ортақ мүддесін бағыттап және дамытып отыру, балалар коллективін топтастыруға күш салу керек. А. С. Макаренко ойынның балалар өмірін ұйымдастырудағы ролін жоғары бағалай келіп, тәрбиешінің ролі туралы былай деп жазды: «Мен де педагог ретінде олармен аздап ойнауға тиіспін. Егер мен тек қана үйретіп, талап етіп, айтқанымды істетіп тұрсам, онда мен, бәлкім, пайдалы, бірақ жақындығы жоқ бөгде күш қана боламын. Мен міндетті түрде аздап ойнауға тиіспін және мен өзімнің барлық әріптестерімнен осыны талап еттім».

Тәрбиеші балаларға жақын болуға, олардың ойындарының сүйікті қатысушысы болуға тиіс. Ойынның мазмұны мен ережесін, өзінің ойындағы ролін пайдаланып, ол ойнаушылардың ынтасын басып тастамай, әдеппен ойынның барысын, олардың өзара қарым-қатынасын бағыттап отырады.

«Балалар бақшасындағы тәрбие программасында» ойынның күн режимінде бекітілген уақыты көрсетілген. Сол уақыт қатаң сақталуға тиіс ойынды балалармен жүргізілетін жұмыстың басқа бір формасымен ауыстыруға болмайды.

Таңертеңгі тамақ пен сабақ арасында (8-10 минут) балалар әдетте басталған ойынды жалғастырады немесе ойыншықтармен, стол үстіндегі ойындармен ойнайды.

Ересек балалар үшін бағдарламада оқу аралығындағы ойындар көзделген. Олардың мақсаты – балалардың қысқа ғана (8-10 минут) тынығуы, бірақ ол ойындар тым көп қимыл белсенділігін талап етпеуге, ақыл-ойға айтарлықтай салмақ түсірмеуге тиіс. Ең жақсысы – доппен, бильбокпен, ұсақ ойыншықтармен ойнайтын ойындарды пайдалану керек.

Серуендеу кезінде ойынға ең ұзақ (1сағаттан – 1сағат 20 минутқа дейін) уақыт бөлінеді. Оны дұрыс ұйымдастыру, қызықты ойындармен толтыру балалардың ауада болуын пайдалы әрі сүйкімді етеді. Бұл үшін учаскеде арнаулы ғимараттар мен құрылыстар, көптеген құрылыс материалдары, зембілдер, күректер, доптар, секіргіштер, шеңберлер, т. с. с болуға тиіс.

Күндіз ұйқыдан және түстіктен соң ойын үшін уақыт көзделеді. Қыс пен күзде әдетте топ бөлмесінде, ал көктем мен жазда ауада сюжетті-рольді ойындар өрістейді немесе балалар ойыншықтармен, құрылыс материалдарымен, үстел үстіндегі ойындармен ойнайды. Ермек элементтері бар ойындар да сол кезде пайдаланылады.

Ойынның жіктемесі және мазмұны

Ойындар мазұнына, өзіне тән ерекшеліктеріне, олардың балалар өмірінде, тәрбиесі мен оқуында қандай орын алатынына қарай ажыратылады.

Сюжетті-рольді ойындарды тәрбиешінің кейбір басшылығымен балалардың өздері жасайды. Бұл ойындардың негізгі – балалардың өз өнерпаздығы. Кейде мұндай ойындарды творчестволық сюжетті-рольді ойындар деп атайды, сол арқылы балалардың қайсыбір құбылыстарды жай көшіріп қоя салмай, оларды творчестволық ой елегінен өткізетінін, сөйтіп өздері жасайтын бейнелерде, ойын әрекеттерінде қайталайтынын атап көрсетеді. Драматизацияланған және құрылыс ойындары сюжетті-рольді ойындардың бір түрі болып табылады.

Тәрбие практикасында балалар үшін ересектер белгілеп берген ережесі бар ойындар да пайдаланылады. Ережесі бар ойындарға дидактикалық, қимыл, ермек ойындары жатады. Олар айқын тұжырымдалған программалық мазмұнға, дидактикалық есептерге, мақсат қойып үйретуге негізделген. Мұнда балалардың өнерпаздығы болуы мүмкін, бірақ ол тәрбиешінің басшылығымен көбірек ұштастырылады. Ойын тәжірибесін игерген, ұйымдастыру қабілеті дамыған кезде балалар бұл ойындарды да өздері жүргізеді.

Ойынның түрлері

Сюжетті – рольді ойындар

Дидактикалық ойындар

Ережелі қимылды ойындар

Ұлттық ойындар

Спорттық ойындар

Эстафеталық ойындар

Драматизация ойындары

Үстел үстінде ойналатын ойындар

Құрылыс ойындары

Отырып ойнайтын ойындар

Жүгіріп ойнайтын ойындар

Секіріп ойнайтын ойындар

Доппен ойнайтын ойындар

Ойындардың түрлеріне және мазмұнына қысқаша тоқталатын болсақ:

Сюжетті – рольді ойындардың өзіндік ерекшеліктері

Сюжетті – рольді ойындар мектепке дейінгі балаларға тән ең сипатты ойындар болып табылады және олардың өмірінде елеулі орын алады. Сюжетті –рольді ойынның ерекшелігі сол, оны балалардың өздері жасайды, ал ойын қызметі айқын қнерпаздық және творчестволық сипатта болады. Бұл ойындар қысқа да, ұзақ та болуы мүмкін.

Психолог Д. Б. Эльконин сюжетті – рольді ойынға мынадай анықтама береді: «Мектепке дейінгі балалардың рольді немесе творчестволық деп аталатын ойыны дамыған түрінде балалар өзіне ересектердің ролін алатын және жинақталған формада ойын жағдайында ересектердің қызметі мен олардың арасындағы қарым-қатынасты қайта жасайтын іс-әрекет болып табылады. Бұл жағдайға тән нәрсе – ересектер қызметінің шын құралдарын алмастыратын алуан түрлі ойын қүралдарының пайдаланылуы». (2.256)

Ойын әрекетінің творчестволық сипаты мынадан көрінеді: бала өзіне алған рольдің бейнесіне түгелдей еніп және ойынның шындығына кәміл сеніп, ерекше ойын өмірін жасайды, ойын барысында шынымен қуанады немесе ренжиді. Бала өмір құбылыстарына, адамдарға, жануарларға деген ынтасын, қоғамдық мәні бар іс-әрекетке деген құштарлығын ойын арқылы қанағаттандырады.

Сюжетті – рольді ойындарда оптимистік, өмір сүйгіш қасиет айқын көрінеді, оларда ең қиын істердің өзі абыроймен, сәтті аяталып отырады: капитандар кемелерді теңіз дауылы мен бұрқасыннан аман алып өтеді, шекарашылар шекара бұзушыларды ұстайды, дәрігер ауруларды емдеп жазады.

Сюжетті – рольді ойында бала өмір құбылыстарын белсенді түрде қайталап жасайды, солардан тебірене әсерленеді, осының бәрі оның өмірін бай мазмұнмен толтырады, ұзақ жылдарға өшпес із қалдырады.

Сюжетті – рольді ойында бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеттері болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктеу, шындықты көрсету болады.

Сюжетті – рольді ойындар: «Дүкенші», «Дәрігер», «Отбасы», «Сауыншы», «Мұғалім», «Бауырсақ», «Жеті лақ» т. б.

Дидактикалық ойындардың өзіндік ерекшеліктері

Дидактикалық ойын сонымен бірге кішкене балаларға мейлінше тән оқыту формасы болып табылады. Оның арғы тегі ойынды өлеңмен, қимылмен ұштастыру негізінде көп нәрсеге үйрететін ойындар жасаған халық педагогикасында жатыр. Күлдіргіштерде, ойын өлеңдерде, «Алақай-ау, алақай», «Ала қанат сауысқан» саусақ санау ойындарында анасы баласының назарын қоршаған заттарға аударады, соладың аттарын атайды.

Дидактикалық ойынның зор маңызы балалардың дербестігін және ойлау мен сөйлеу белсенділігін дамытатындығында.

Мысалы, «Сиқырлы қалпақтың сырын ашайық» деген ойында ересектер тобы тәрбиеші балаларды зат туралы айта білуге үйрету, олардың жүйелі сөйлеу қабілетін дамыту мақсатын алға қояды. Ойын мақсаты – қалпақтың астында не бар екенін білу. Бала дұрыс тапса мадақтау белгісін алады. Педагог ойынға қатысушы ретінде бірінші қалмақты көтеріп, оның астындағы ойыншық туралы айтып береді, оны сипаттаудың үлгісін көрметеді.

Ойын мақсаты кейде ойын атының өзінен көрініп тұрады: «Ғажайып дорбаның ішінде не бар екенін білейік», «Кім қай үйде тұрады», т. с. с. Ойын әрекеттері арқылы ойынға ықылас, ойынт міндетін орындау тілегі күшейе түседі. Ол әрекеттер неғұрлым алуан түрлі, мазмұндырақ болса, ойынның өзі балалар үшін соғұрлым қызықты болып, танымдық және ойын міндеттері соғұрлым жақсы шешіледі.

Ойын әрекеттерінің көлемі де әр түрлі. Төменгі топтарда – бұл көбінесе (бір-екі рет) қайталанатын ірекеттер болса, жоғары топтарда – бес-алты реи қайталанады.

Дидактикалық ойын элементтерінің бірі – ережелер. Ережелер оқыту міндеті мен ойын мазмұнына қарай белгіленеді және, өз тарапынан, ойын әрекеттерінің сипаты мен тәсілін белгілейді, балалардың мінез-құлқын, тәрбиеші мен балалардың өзара қарым-қатыеасын ұйымдастырады және бағыттайды. Ережелердің көмегімен ол балалардың өзгеріп тұратын жағдайын бағдарлау, тікелей өз талабын тежей білу, эмоциялық-еріктік күш жұмсау қабілетін қалыптастырады. Осының нәтижесінде өз қимылын басқара білу, оны басқа ойнаушылардың іс-әрекетімен үйлестіру қабілеті дамиды.

Тәрбиеші ережелерді абайлап пайдалануға, олармен ойынды тоғытып жібермеуге, тек қажеттілерін ғана қолдануға тиіс. Көп ережені енгізу, балалардың оларды амалсыз орындауы теріс нәтижелерге соқтырады. Шамадан тыс тәртіптендіру балалардың ойынға ықыласын төмендетеді, тіпті ойынды бұзып та жібереді, ал кейде ережені орындамас үшін қулық жасауға итермелейді.

Ережені еске салудың немесе қосымша ереже енгізудің қажеті жоқ кездер де болады. Ойын әрекеттерін сәл ғана өзгертіп, сол арқылы ойын барысын түзетіп жіберсе, жетіп жатыр.

Тәрбиеші белгілейтін ойын ережелерін балалар бірте-бірте меңгереді. Соларды бағдарлай отырып, олар өзінің және жолдастарының ойын үстіндегі әрекеттерінің, қарым-қатынастарының дұрыстығын бағалайды. Ереженің бұзылуына наразылық білдіргенде балалар: «Ол ереже бойынша ойнап тұрған жоқ»,-дейді.

Дидактикалық ойынның нәтижесі – қандай жолмен болсын әйтеу бір ұтып шығу емес, балалардың білімді игеруде, ақыл-ой қызметін дамытуда, өзара қарым-қатынас жасауда жеткен жетістіктері дәрежесінің көрсеткіші.

Ойын міндеттері, әрекеттері, ережелері, нәтижесі өзара байланысты, сондықтан осы құрамдас бөліктердің тіпті біреуінің жоқтығы да ойынның тұтастығын бұзады, оның тәрбиелеуші және үйретуші ықпалын төмендетеді.

А. В. Запорожец дидактикалық ойындардың ролін бағалай келіп, былай деп жазады: «Біз дидактикалық ойын жекелеген білімдер мен іскерліктерді игерудің формасы ғана болып ұоймай, сонымен бірге баланың жалпы дамуына көмектесетін, оның қабілеттерін қалыптастыруға қызмет ететін болуына жетуіміз қажет».

Дидактикалық ойын адамгершілік тәрбие міндеттерін шешуге, балалардың көпшілдігін дамытуға көмектеседі. Тәрбиеші балаларды олармен бірге ойнай білу, өз мінез-құлқын реттеу, әділ және адал болу, кешірімді және талапшыл болу қажет етілетін жағдайға қояды.

Дидактикалық ойындар: «Қажетті суретті тап», «Пішіні ұқсас заттарды тап», «Нені қайдан алуға болады?», «Сен нені ұнатасың?», «Телефон», «Мен не дедім?», «Кім көп сөз ойлады?», «Жасырылған затты тап», «Кімге не керек?», «Қажетті сөзді ойлан».

Ережелі қимыл ойындары

Қимыл ойындары алдымен балаға дене тәрбиесін беру құралы. Олар балалардың қозғалысын жүгіру, секіру, өрмелеу, лақтыру, қарғып алу, т. т. жаттықтыруға, дамытуға және жетілдіруге мүмкіндік береді. Алуан түрлі қимылдар ірі және майда бұлшық еттердің белсенді әрекеттенуін талап етеді, зат алмасудың, қан айналысының, тыныс алудың жақсы болуына, яғни организмнің тіршілік әрекетінің артуына көмектеседі.

Қимыл ойындары баланың нервтік-психикалық дамуына, жеке басының аса маңызды сапаларының қалыптасуына да үлкен әсер етеді. Олар оңды эмоция туғызады, тежеу процестерін дамытады; ойын барысында балалардың бір сигналдарға қимылмен жауап қатып, екінші бір сигналдарға қимыл жасаудан тартынуына тура келеді. Бұл ойындарда баланың еркі, тапқырлығы, батылдығы, реакция шапшаңдығы т. т. дамиды. Ойындағы бірлескен іс-әрекеттер балаларды жақындастырады, қиыншылықты жеңу және табысқа жету оларды қуанышқа бөлейді.

Ережелі қимыл ойындарының қайнар көзі халықтық ойындар бтабылады, оларға түпкі ойдың айқындығы, мазмұндылық, қарапайымдылық, қызғылықтылық тән келеді.

Қимыл ойындары үйдің ішінде және серуен кезінде бірнеше баламен немесе бүкіл топпен өткізіледі. Олар сондай – ақ дене шынықтыру сабақтарының құрамына енеді. Балалар ойынды игерген соң оны өздігінен ойнай алады.

Ережелі қимыл ойындарына басшылық мынадан көрінеді. Қимыл ойындарын таңдай отырып, тәрбиеші онда талап етілетін қимыл әрекеті сипатының сол жастағы балаларға сәйкес келуін, ойын ережелері мен мазмұнына балалардың өресі жететін болуын ескереді. Ол ойынға барлық балалардың түгел қатысуын, талап етілетін ойын ережелерінің орындалуын қадағалай отырып, балаларды тым қызындырып, қатты шаршатып шамадан тыс қимыл белсенділігіне жол бермейді.

Мектепке дейінгі ересек балаларға қимыл ойындарын өздігімен ойнауды үйрету қажет. Бұл үшін оларды бұл ойынға ықыласын дамытып, серуен кезінде, демалыс сағаттарында, мерекелерде, т. т. сол ойындарды ұйымдастыруға мүмкіндік беру керек.

Ережелі қимылды ойындар: «Бес тас», «Қазан мен доп», «Доп ұру», «Маймылға қақпан», «Кім мерген», «Тапқырбек», «Аңшылар», «Ине жіп», «Кетті кетті», «Қай звено тез», «Қасқыр қақпан», «Ботақан», «Түлкі мен қасқыр», «Көрші», «Тапқырбек», «Екі аяз», «Кемемен саяхат», «Трамвай», т. б.

Қорытынды

Озық іс – тәжірибенің барысында, шығармашылық жұмыстың мазмұнына сай ойын іс – әрекетінің мазмұнына сипаттама жасалды, ойынның түрлеріне анықтама берілді.

Мектепке дейінгі ұйымдарда ойын іс – әрекетін басқаруға тәрбиешілерге нұсқау берілді. Балалармен ұйымдастырылған ойынның мазмұны мен ерекшелігіне талдау жасалды.

Ойын мектепке дейінгі балалардың негізгі іс – әрекеті болып табылады. Сондықтан балабақшада балалардың бойында ойынға деген қызығушылықты қалыптастырудың тиімді жолдары қарастырылды, әдіс – тәсілдері айқындалды.

Шығармашылық жұмыста ұсынылған ойынның түрлері жас топтарына сәйкес арнайы эксперименттік байқаудан өткізіліп, оның нәтижелері қорытындыланды. Ойын іс – әрекетінің балалардың қарым – қатынас мәдениетін қалыптастыруға ықпал ететіндігі, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға толық мүмкіндік жасалатындығы анықталды. Балаларға жағымды эмоцианалдық көңіл – күй тудыратыны, балалардың дербес әрекет ету белсенділігін арттыратындығы байқалды.

Балабақшада ойын іс – әрекетін ұйымдастыруға байланысты қажетті көрнекіліктердің ең маңызды мәселе екені айқындалды, осыған орай мектепке дейінгі ұйымдарда ойын іс – әрекетін ұйымдастырудың негізгі құралы ойыншықтар болғандықтан оны жасаудың жолдары көрсетіліп, ойынға қажет көрнекіліктер дайындалды.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ