Материалдар / Гиперсілтемелер

Гиперсілтемелер

Материал туралы қысқаша түсінік
Информатика пәнінен 6-сыныптарға "Гиперсілтемелер" тақырыбында қмж
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Қараша 2024
48
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Сабақ жоспары


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Гиперсілтемелер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.4.2.1 –авторлық құқық, плагиат ұғымдарын түсіндіру

6.4.2.2- авторға сілтеме беру арқылы ақпаратты сүйемелдеу

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: авторлық құқық, плагиат ұғымдарын білу және авторға сілтеме беру арқылы ақпаратты сүйемелдеуді білу

Оқушылардың басым бөлігі: гиперсілтеме типтері мен құру жолдарын білу

Кейбір оқушылар: авторлық құқық, плагиат ұғымдарын сипаттай алу, ақпаратты қорғау жолдарын білу.

Бағалау критерийі

Авторлық құқық,плагиат ұғымдарын түсінеді және қолдана алады

Гиперсілтеме типтері мен құру жолдарын біледі

Авторға сілтеме беру арқылы ақпаратты сүйемелдей алады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну, қолдану, жинақтау

Тілдік мақсаттар


Оқушылар:

Авторлық құқық, плагиат ұғымдарын біледі, анықтамасын түсінеді, авторға сілтеме беру арқылы ақпаратты қолдауды біледі

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Автор, плагиат, гиперсілтеме

Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Авторлық құқық, плагиат ұғымдарын қалай түсінеміз?

Авторлық құқық бұзылғанда не істеу керек?

Авторлық құқық нысаны не болуы мүмкін?

Құндылықтарға баулу

Басқа адамдардың ойын құрметтеу, топтық, жұптық жұмыс жасау барысында жақсы қарым-қатынас орнату, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке баулу

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі, құқық негіздері пәніндегі құқықтық заңның тармақтары кездеседі

Алдыңғы білім

Сілтемелермен жұмыс жасауды түсінеді және біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут









4 минут






Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушыларды түгелдеу, топқа біріктіру

2. «Ыстық алақан» оқушылар шеңберге тұрып алақандарын бір-біріне қойып компьютер құрылғыларына байланысты бір-біріне тілек айтады (жедел жадтай жылдам бол, монитордай тұнық бол, курсордай жүйрік бол...)

3. Топқа біріктіру: «Өзіңді қандаймын деп ойлайсың?»

«Әдемі, ақылды, талантты, дарынды, ізденімпаз, сұлу, көрікті....» деп жазылған стикерлерді таңдап алады. Артында жазылған сандар бойынша топқа бірігеді.Қауіпсіздік ережесін ескерту.

Үй тапсырмасын тексеру. «ПАЗЛ» әдісі бойынша

Оқушыларға пазл бөліктері таратылады. Оқушылар топта бірлесе жұмыс жасап, пазлды сұрағымен жауаптарын сәйкестендіріп құрастырады. /Пазлдардың артынан жаңа тақырып аты шығады, сабақтың мақсаты түсіндіріледі/

ҚБ. «Басбармақ» әдісі арқылы топтар бір-бірін бағалау







Пазл бөліктері


Сабақтың ортасы

8 минут











3 минут




















5 минут






















12 минут











4 минут

















Жаңа сабаққа кіріспе.

Жаңа тақырыпты таныстырылым арқылы түсіндіру және Bilimland.kz cайтынан қысқаша бейнеролик көрсетіледі.

Топтық жұмыс. «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі арқылы оқушылар бейнероликті көріп өз ойын қорытып, жұп болып пікірлерімен бөліседі, бұл бүкіл топтық талқылауға ұласады.

ҚБ. Топтар өздерін «бағдаршам» арқылы бағалайды

Shape1

Толық түсіндім

Shape2

Аздап түсіндім

Shape3

Сенімді емеспін, түсінбедім.


1-тапсырма. «Cәйкестендіру кестесі». Жеке жұмыс. Гиперсілтемелерді қосу батырмалары және олардың қызметін сәйкестендіру.

Қ\с

Батырма


Қызметі

1


Гиперсілтеме қосу терезесінің Жұмыс үстелінде интерфейс нысандарын қосады. Олардың көмегімен сілтеме қойылатын жаңа беттің аты беріліп, бетті қазір немесе кешірек құру мерзімі көрссетіледі.

2


Бар файлдарға және Wев-парақтарға сілтеме қосады

3


Ағымдағы құжаттың белгілі бір бөлігіне гиперсілтеме қосады

Дескриптор:

  • Гиперсілтемелер мен олардың қызметін біледі.

ҚБ. Бірін-бірі бағалау, оқушылар бір-бірінің жауаптарын тексереді. Әр дұрыс жауапқа бір смайликтен жапсырады.

2-тапсырма. Жұптық жұмыс.

Алдын-ала құрылған немесе жаңа құжатқа, файлға, немесе web параққа гиперсілтеме құру.

1Shape4 . Гиперсілтеме ретінде қолданылатын мәтін немесе графикалық нысанды белгілеңдер, содан кейін мәзірден Қою Гиперсілтеме командасын орындаңдар

2. .....байланыстыру облысынан файлмен, веб-парақпен батырмасын таңдаңдар.

3. Сілтеме құрылатын адрес белгілі болса, онда адрес облысына оны енгізіңдер.

4. Бума тізімінен қажетті буманы таңдаңдар, ал содан кейін қажетті сілтемені басыңдар.

5. Егер веб-парақтың адресі белгісіз болса, онда интернеттен табу жолдарын таңдаңдар, қажетті веп-парақты ашып, қайтадан мәтіндік редакторға оралыңдар.

Дескриптор:

  • Гиперсілтемелерді қояды, байланыстыра алады.

  • Сілтеме құратын адресті және интернеттен табу жолдарын біледі.

ҚБ. Тапсырманы орындаған оқушыны белгішелер /ұшбұрыш, төртбұрыш, бесбұрыш/ арқылы бағалау.

3-тапсырма. Деңгейлік тапсырма. Жеке жұмыс.

«Қазақстан көпұлтты мемлекет» тақырыбында 250-300 сөзден тұратын эссе жазып, мәтінін компьютерде теру.

  1. Әр түрлі ақпарат көзінен дәйексөздер (цитата) қолдану.

  2. Қолданған дәйексөзге түсіндірме құру.

  3. Қолданған дәйексөзге гиперсілтеме жасау.

Дескриптор:

  • Әр түрлі ақпарат көзінен дәйексөздер (цитата) қолданады.

  • Қолданған дәйексөзге түсіндірме құрады.

  • Қолданған дәйексөзге гиперсілтеме жасайды.

ҚБ. Тапсырманы орындаған оқушыны белгішелер /ұшбұрыш, төртбұрыш, бесбұрыш/ арқылы бағалау.

Сабақты бекіту:

«Өрмекші торы» әдісі арқылы қорытындылау

  1. Гиперсілтеме дегеніміз не?

  2. Гиперсілтеменің қандай типтерін білесіңдер?

  3. Гиперсілтеме не үшін қажет оны қалай құруға болады?

  4. Гиперсілтеме қандай мақсатта қолданылады?

  5. Неліктен сілтеме мен гиперсілтеменің арасында айырмашылық болады?

  6. Гиперсілтеме құру кезінде «Көмек» не үшін қажет?

  7. Мәтіндік құжатты безендіруде гиперсілтеме құрудың маңыздылығы неде?

  8. Авторлық құқық дегеніміз не? Авторлық құқықтың қандай түрлерін білесіңдер?

  9. Плагиат дегеніміз не?

  10. Бір әнші орындап жүрген әнді екінші әнші рұқсатсыз орындаса авторлық құқық бұзыла ма?

ҚБ. Смайликтер арқылы бағалау.

Бейнеролик, интербелсенді тақта, таныстырылым, www.bilimland.kz



Кесте, стикер, оқулық



















Компьютер, оқулық, белгішелер



















Компьютер, оқулық, белгішелер






Смайлик, оқулық


Сабақтың соңы

1 минут

БББ кестесі арқылы кері байланыс орнату:

Білемін

Білгім келеді

Білдім





Оқулық ,

жұмыс дәптері

Үй тапсырмасы

Оқулық §28-§29 тақырыптарды оқу. Оқулықтың 151-бетіндегі «Плагиат» сөзжұмбағын дәптерге орындау.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ