Тақырып бойынша 16 материал табылды

Гиподинамия және оның алдын алу

Материал туралы қысқаша түсінік
ТАҚЫРЫБЫ «Гиподинамия және оның алдын алу» 10-12 жастарға арналған сабақтың әзірлемесі Мақсаты : Оқушыларға гиподинамия және оның алдын алу жайлы мәлімет беоу. Міндеттері: Оқушылардың тірек қимыл жүйесі жайлы білімдерін кеңейтіп командада жұмыс істеуге баулу. Жасөспірімдердің бойына денсаулық үшін маңызы зор, гигиеналық дағдылар мен әдеттер қалыптастыру. Оқушылардың дене тәрбиесіне , спортқа , салауатты өмір салтына қызығушылықтарын арттырып, сүйіспеншілігін тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы






ТАҚЫРЫБЫ «Гиподинамия және оның алдын алу»

10-12 жастарға арналған сабақтың әзірлемесі



Мақсаты : Оқушыларға гиподинамия және оның алдын алу жайлы мәлімет беоу.


Міндеттері: Оқушылардың тірек қимыл жүйесі жайлы білімдерін кеңейтіп командада жұмыс істеуге баулу.

Жасөспірімдердің бойына денсаулық үшін маңызы зор, гигиеналық дағдылар мен әдеттер қалыптастыру.

Оқушылардың дене тәрбиесіне , спортқа , салауатты өмір салтына қызығушылықтарын арттырып, сүйіспеншілігін тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі : түсіндірмелі – иллюстративті; проблемалық.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді қабылдау.

Көрнекіліктер : Плакаттар , суреттер , карточкалар (адам қаңқасы, бұлшық еттері, ғарыш емесі, ).

Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі (сәлемдесу, кезекшінің рапорты)

II Жаңа тақырыпқа өту үшін жасалатын жаттығулар.(3 минут)

III Жаңа сабақ

IV Бекіту

V Қорытындылау

Сабақ дене қозғаласына байланысты жаттығудан басталады. Енді отырамыз өзіміздің осы жаттығулардан кейінгі жағдайымызбен бөлісеміз. Өзімізді қалай сезініп отырмыз? Ағзларыңда қандай өзгерістер болды?(шаршағанымыз кетті, денеміз сергіді, бетімізге қан жүгірді, жұмысқа деген қабілетіміз артты,жеңілдедік, көңіл-күйіміз көтеріле түсті).

II Егер адамдар аз қозғалса, ол адамдға қалай әсер етеді:

  1. Бұлшықеттің жиырылу қабілеті бұзылады.

  2. Бұлшықет болбыр болады, әлсірейді.

  3. Адам тез шаршайтын болады.

  4. Аурулармен жиі ауырады.

Осы жағдайлар бізді гиподинамияға алып келеді екен . Енді біз ойланайықшы бізді қозғалысқа әкеліп тұрған біздің қайсы мүшелеріміз: қаңқа, сіңірлер арқылы жалғасып бұлшықет және қозғалысқа жауапты мидың жүйке құрылымы немесе бұны біз тірек қимыл жүйесі дейміз. Біздің қаңқамыз үш үлкен топтан тұрадыекен : бас, тұлға, қол-аяқ. Сол сияқты бұлшықеттеріміз де үш бөлімнен тұрады: бас бұлшықеті,кеуде бұлшықеті, аяқ-қол бұлшықеті. Бұлшықеттердің екі түрі болады: көлденең жолақ және тегіс. Тегіс бұлшықет біздің ішкі мүшелерімізді, ал көлденең бұлшықет қаңқамызды жауып бізді қозғалысқа келтіріп тұр. Ал, қаңқа бұлшықет қозғалысының жетіспеуін- гиподинамитя дейміз.

Гиподинамия жағдайында немесе адам аз қозғалғанда :

  • Өкпенің тіршілік сыйымдылығы азаяды;

  • Бұлшықет дамымайды;

  • Жүректің және ішкі мүшелердіңу қызметі нашарлайды.

Енді балалар ағзадағы осы өзгерістер қандай дерттерге алып келеді?

  1. миокард инфарктісі; 2) семіздік; 3) қант диабеті; 4) артериялық қысымның көтерілуі

Қане балалар енді мына суретке қарап, ой жүгіртейік, гиподинамияның себептері неде деп ойлайсыңдар ? Қайсы мамандар көп шалдығуы мүмкін (аз қозғалу, көп жату, компьютерде көп отыру, есеп-шот мамандары және жоғарғы лауазымдағы адамдар)

Енді балалар біз гиподинамия ғаламшарынан өз ғарыш кемемізге отырып «Салауатты өмір салты» ғаламшарына ұшып кетеміз. Бірақ жолда бізді әртүрлі ғаламшарларт күтіп тұр (кедергілер). Біз сол кедергіоерден өтіп, аман-есен СӨС ғаламшарына жетуіміз керек. Сондықтан сендерге тапсырмалар беріледі.Қайсы топ СӨС ғаламшарына бірінші болып жетеді екен.(Оқушыларды бірнеше топқа бөліп отырғызамын)

1. Тапсырма: Гиподинамияның алдын алу:

А) Жалпы дамыту жаттығуларын жасау.

Б) Таңертеңгілік гигиеналық жаттығулар;

В) Атлеттілік жаттығулар;

Г) Ырғақты жаттығулар

Д) жүзу, жүгіру;

Ж) Спорттық ойындар;

З) Еңбек ету.

2. Тапсырма: Күншуақты адам қандай болуы керек? (КЛАСТЕР)

Shape1

Б і лімді



Shape4 Shape3 Shape2

СӨС сақтайтын

денсаулықты

белсенді

Shape5

Ал біз өзіміздің денсаулығымыз жақсы деп ойлдаймыз ба? Егер біз жоғарыда айтылған әрқашан күншуақты адам болып жүрсек оның өзі біздің денсаулығымызға оң әсерін тигізіп, деніміз сауболады екен.Онда дені сау адамның 6 белгісін табайық .

  • Өте сирек ауырады;

  • Терісі таза, көзі мен шашы жылтыр;

  • Жақсы ұйқтайды;

  • 80 жастан аз өмір сүрмейді;

  • Ентікпей 5 км жүгіре алады;

  • Ауырып қалса тез жазылады.

Физминутка: 1.Бұлшықеттерімізді босаңдатамыз, өзімізді алма ағашының астында отырғандай елестетеміз. Төбеге қараймыз, әдемі қызыл алманы көрдік, оны жегіміз келді, қолымызды ақырын созып оң қолымызбен жұлып алдық, енді сол қолымызбен жұлып алдық, енді екі қолымызбен бірдей жұламыз.

2.Біз құрғақтағы тасбақамыз, тасымыздан басымызды шығарып оңға ,солға, аспанға қараймыз. (бірнеше ре қайталаймыз)

3. Енді біз жазық даладағы ат боламыз, жорғалап жүреміз.

Жұмбақтар ғаламшары Жұмбақтар жасырамын, оқушылар жауабын табады.

Мақал-мәтелдер ғаламшары. Оқушыларға үйге – еңбек, спорт, қимыл тақырыптарындағы мақал-мәтелдер даярлап келуге берілген . Әр команда бестен.

Мінеки оқушылар біз «Салауатты өмір салты » ғаламшарына ұшып жеттік. Бұл ғаламшарда сендердің ойларыңша қандай адамдар өмір сүруі тиіс?

А) Жеке бас гигиенасын сақтайтын;

Ә) Күн тәртібін сақтайтын;

Б) Тамақтану режимін сақтайтын;

В) Денені үнемі шынықтырып отыратын;

Г) Зиянды әдеттерден алшақ адамдар;

Ғ) Қоғам гигиенасын сақтайтын т.б.

Ең көп және дұрыс шешімдерін тапқан команданы мақтаймын, бәрлік командаға силық беремін (витамин)

IV Бекіту: Оқушыларға жалпылай сұрақ: Гиподинамия қандай ауруларға алып келеді.? Оның алдын алу жолдары.

V Қорытындылау : Плакаттағы (кестедегі) гигиеналық мөлшерді көрсетіп, қандай жұмыс атқарса да өзінің мөлшері бар екенін түсіндіріп , дендеріне амандық-саулық тілеймін..






























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.03.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11