400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Глобус және карта

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні : дүниетану

25- сабақ

Сабақтың тақырыбы: Глобус және географиялық картамен жұмыс

Оқу мақсаттары

4.2.2.1 Адамзат дамуына климаттың әсерін талдау

4.2.3.2 Зерттеу негізінде өз өңірінде табиғи апаттар туындауы ықтималдылығын болжау

4.2.1.3 Глобус пен картадан параллельдерді, меридиандарды, экваторды көрсете білу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Нысандардың кеңістікте бір-біріне қатысты орнын анықтайды.Түсініктерін жазбаша эссе, ой-толғау түрінде көрсетеді.

Көптеген оқушылар: өздерінің жауаптарын нақтылау үшін өмірден мысалдар келтіреді; оқулықта берілген ақпараттарды қолданады.

Кейбір оқушылар: Глобус пен карталардың қолдану аясын талқылап, олардан негізгі нысандарды көрсетуді үйренеді. Меридиан, параллель ұғымдарын түсініп, глобустан таба білу дағдылары қалыптасады.

Бағалау критерийі

-адамзат дамуына климаттың әсерін талдайды

-зерттеу негізінде өз өңірінде табиғи апаттар туындауы ықтималдылығын болжайды

-глобус пен картадан параллельдерді, меридиандарды, экваторды көрсете біледі

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Біледі, түсінеді,қолданады.

Тілдік мақсат

Параллельдер,глобус,экватор,меридиан

Құндылықтарды дарыту

Мәңгілік Ел,-бұл Зайырлы Мемлекет және Жоғарғы Руханият.

Оқушылардың бойында белсенді азамат болуды қалыптастыру

Алдыңғы білім

Глобус және карта

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап,әңгімелеу,түсіндіру,ойын,көрнекілік,рефлексия.

Пәнаралық байланыс

қазақ тілі.

Сабақтың жоспары


Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы



Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі. .

Психологиялық ахуал қалыптастыру

Сыныпты қалыпқа келтіру.

Топқа біріктіру

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады

Оқулықпен жұмыс

Сен –градус торының карта мен глобуста қалай бейнеленетінін білесің

Сен-карта мен глобустан параллельдер мен меридиандарды ажыратуды үйренесің.

Тірек сөздер: Параллельдер,глобус,экватор,меридиан

Есіңе түсір.

1-тапсырма.

Ғарышкер Талғат Мұсабаев: «Жерді ғарыштан көргенде қайран қаласың.Көгілдір ғаламшар өзінің жылуы және жарығымен таңғалдырады »,-деп әсерін жеткізді.


Сұрақтар мен тапсырмалар.

2-тапсырма.

Ғарыштан қарағандағы Жердің пішінімен глобусты салыстыр.Қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтарды байқадың?


Глобустың дәл ортасынан көлденең көк сызық қиып өтеді. Ол экватор деп аталады.




Ресурстар, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар





оқулық


суреттер












Сабақтың ортасы















Сабақтың соңы







Жердің солтүстік полюсі мен оңтүстік полюсін жалғап жатқан доға тәрізді сызықтар меридиандар деп аталады.


Экватордан басталатын арақашықтықтары бірдей сызықтар параллельдер деп аталады.


Географиялық кординаталар ендік пен бойлықтан тұрады.


Географиялық кординаталар Жер бетіндегі кез келген нысанның орнын көрсетеді.


Сен білесің бе?

Глобус XV ғасырдан бастап шығарыла бастаған. XVIII ғасырда I Петрдің тұсында Ресейде ғажайып глобус жасалған.Оның диаметрі- 3 метр.Ішіне аспан күмбезін көрсететін нағыз планетариий орнатылған.Оған 12 адам еркін жайғасатын болған.Глобус Жердің қозғалысын елестетіп,айналып тұрған.Ішіндегі адамдар соған сәйкес аспан күмбезінің өзгерісін бақылап тұрған.


Дәптермен жұмыс





Әртүрлі тапсырмалар






Дескриптор

Параллельдер мен меридиандарды ажырата алады.

Экватор туралы біледі.

Градус торының карта мен глобуста қалай бейнеленетінін біледі.




Бағалау. Кері байланыс

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі.

Кері байланыс, стикер


Сергіту сәті

« Қара жорға» биін билеу

видиожазба


Үйге тапсырма

Түсінік айту



Саралау


Деңгейлік тапсырмалар.



Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді?









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 мамыр
1054
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі