"Глобус" зияткерлік ойыны

Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Глобус" зияткерлік ойыны

Материал туралы қысқаша түсінік
7,8,9-сыныптарға арналған география пәнінен зияткерлік ойын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Глобус» зияткерлік ойыны

Ойынның мақсаты: Оқушылардың ынтасын, қызығушылығын арттыру, дүниежүзінің жер топырағын , жер ,су аттары адамның ой- өрісін кеңейтетін, мақтаныш сезімге бөлейтін ұғым екеніне көз жеткізу Атамекен тарихы, ең алдымен, өткеннің шежіресі, ата- бабаның өткен ұзақ жылы деп құрметтеу сезімдерін ояту!!!

Міндеттері:

  • балалардың білімдерін, ойларын кеңейту;

  • жеке тұлғалық қабілеттерін да мыту;

  • білімге деген, жауапкершіліктерін арттыру;

Құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, слайдтар, микрофон



Жүргізуші:

Қуанышпен шаттық силап бас басына,

Осы жерден табатын достар сірә

Армысың, тек білімді өрендерім.

Бүгінгі келіп отқан Глобусқа



Жүргізуші:

Жиналса әр облыс өрендері,

Самал болып еседі өлең лебі.

Тек қана білімділер жиналатын.

Армысың, Балдәуреннің көрермені

Қайырлы кеш, Қадірменді Балдәурендіктер !

Жүргізуші:

«Глобус» зияткерлік ойынына қош келіпсіздер!



Жүргізуші:

Талап , білім өнегені дарытқан

Жылы шырай күтеді әркез халықтан

Жүргізуші:

Тілмаш , тапқыр серісіндей жігіттің

Көзін тауып кететіндей тірліктің-деп сахна төріне топтарымызды шақырып алайық

1.Алатау

2.Қаратау

3.Хантәңірі

4.Эверест

Жүргізуші: Әр топ бүгінгі сайысқа дайын болсаңыздар ойын бөлімдерімен таныстырып өтейік.

I бөлім: Өткел

II бөлім:Белес

III бөлім: Самғау

IV бөлім: Шырқау



Жүргізуші:

Бүгінгі ойынымызды даралап саралайтын әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтуге рұқсат етіңіздер.

  1. Орталығымыздың математика пәнінің мұғалімі

  2. Білім бөлімінің меңгерушісі Божанова Гүлнар Абдыхалыққызы.

  3. Осы ауысымның кураторы Аманжолова Айгүл Бахадурқызы



І Бөлім «Өткел»

Жүргізуші:

Туған жер айналайын көлдеріңнен,

Бір биік, бір аласа белдеріңнен.

Өзіңнің ақ төсіңде іңгәләумен.

Мына жарық әлемге келгенмін мен – деп, І бөлім «Өткел» кезеңін бастаймыз.

Өткел бөлімінің шарты:

Алдарыңызда тақтада 6 сұрақ беріледі әр сұраққа 5 секунд уақыт беріледі,. Әр дұрыс жауап үшін 10 ұпай еншілейсіздер.

1 – бөлімнің қорытынды ұпайларын әділқазы алқасынан сұрасақ.



ІІ Бөлім «Белес»

Көріп жүрмін, біліп жүрмін бәрін де

Келер емес, жалғыз менің әлім де

Қорғау үшін болашақта жерімді

Салармын мен күш жігер мен барымды - деп келесі «Белес» деп аталатын 2- бөлімді бастаймыз.

«Белес» бөлімінің ережесі:

Алдарыңызда Дүниежүзі картасы көрсетілген ойын 2 айналымнан тұрады 1-айналымда 6 материктен келетін болса ,2- ші айналымда 4-мұхиттан сұрақ келеді .Сіздерге ұнаған материкті таңдасаңыздар , география пәні бойынша сұрақтар қойылады- . Әр дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады, дұрыс жауап болмаған жағдайда басқа ойыншыларымызға жауап беру мүмкіндігі беріледі.Осы бөлімнен кейін ұпайы аз 1 топ ойыннан шығарылады.


ІІI Бөлім «Самғау»

Туған ел алқалайды дем береді,

Ауасынан бар сырқат емделеді

Шарлағанмен ғаламды шарқ ұрып.

Туған өлке бәрінен ең керегі - деп бүгінгі ойыннан қалыс қалмай келесі «Самғау» бөлімін бастаймыз.

«Самғау» бөлімінің ережесі:

Алдарыңызда 3 профиль берілген, әр профильде 10, 15 , 30 ұпайлық сұрақтар берілген. Деңгейіне, ұпайына сәйкес сұрақтар күрделене береді. Дұрыс жауап болмаған жағдайда «қарсыластар» деген пәрменнен кейін ұпайы аз 1 топты ойыннан шығарылады.

3 – бөлімнің қорытынды бағасын әділқазы алқасынан сұрасақ.

ІV Бөлім «Шырқау»

Туған жерім- жұмағым, кең мекенім

Ұғынамын- Отансыз шерлі екенін

Босып жүрген қаймана біреу болсам

Осыншама құрметтеп, тербетер кім – дей отырып «Шырқау» бөлімін бастаймыз.

Бұл бөлім бойынша берілген мемлекеттердің астаналарын табу. Әр астана айтылғанда 10 ұпай беріліп отырады.



4 – бөлімнің қорытынды бағасын әділқазы алқасынан сұрасақ.

Іс-шараны қорытындылап, марапаттау жүргізу үшін қазылар алқасын сахна төріне шақырамыз.



ІV Бөлім «Жорға»

Болмасаңда ұқсап бақ бір ғалымды көрсеңіз,

Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз – дей отырып «Жорға» атты бөлімін бастаймыз.

1-ші оқушы

  1. Қазақтың тұңғыш кәсіпқой суретшісі? Әбілхан Қастеев

  2. Қытай елінің ұлттық валютасы Юань

  3. Үштің үш дәрежесі 27

  4. Көңілді оқиға желісіне құрылған шығарма КОМЕДИЯ

  5. Әлемдегі ең үлкен көл Каспий

  6. Аюдың баласын қалай атайды? Қонжық

  7. Түркілердің ең жоғарғы билеушісін қалай атаған? Қаған

  8. «Тарихи Рашиди» еңбегінің авторы М. Х. Дулати

  9. 2+2*2 нешеге тең 6-ға

  10. Ноталар тізбегіндегі үшінші нота МИ



2-ші оқушы

  1. Қазақтың тұңғыш кәсіпқой балуаны Қажымұқан

  2. Ресей Федерациясының ұлттық валютасы Рубль

  3. Төрттің екі дәрежесі 16

  4. Қайғылы оқиға желісіне құрылған шығарма ТРАГЕДИЯ

  5. Әлемдегі ең терең көл Байкал

  6. Қасқырдың баласын қалай атайды Бөлтірік

  7. Қыпшақтардың ең жоғарғы билеушісін қалай атаған? Хан

  8. «Құтты білік» еңбегінің авторы? Жүсіп Баласағұн

  9. 4-2*2 нешеге тең 0-ге

  10. Ноталар тізбегіндегі төртінші нота ФА



Ән:

4 – бөлімнің қорытынды бағасын әділқазы алқасынан сұрасақ.

Іс-шараны қорытындылап, марапаттау жүргізу үшін қазылар алқасын сахна төріне шақырамыз.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.05.2023
508
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі