Глобус
(латын тілінде шар
деген мағынаны білдіреді) — Жер
ғаламшарының бірнеше есе кішірейтілген
моделі.
Глобус
ежелгі заманнан бар. Көне жазбаларда
Жер шары моделін 2000 жылдай бұрын
Пергама тұрғыны Кратес жасаған деген
дерек бар.
Ең
бірінші глобусты неміс географы және
саяхатшысы Мартин Бехайм жасаған
(1492 ж.). Ол оны “Жер алмасы” деп атаған.
Бірақ оның глобусында Солтүстік пен
Оңтүстік Америка жоқ еді. Себебі ол
кезде Оңтүстік және Солтүстік Америка
әлі ашылмаған болатын.
|
Оқушылар
өздерін ғарышта жүрміз деп елестетсін.
Мұғалім “Балалар, біз бүгін де ғарыш
кемесімен сапар шегеміз” деп, cабақты
қызықтыруға болады. Олардың назарын
Жер ғаламшарының өте үлкен екеніне
аудару. Сабақ барысында сұрақтар қою:
— Жердің
барлық түкпір-түкпірін көру үшін не
істеу қажет?
— Біздің
ғаламшарды оның үстінде тұрып тұтас
көруге бола ма?
— Жерді
тұтастай көруге бола ма? (Жоқ.)
— Неліктен?
(Ол үлкен, бір фото арқылы оны жан-жағынан
көрсету мүмкін емес.)
— Осыншама
үлкен Жерді жан-жағынан қалай көруге
болады, себебі біз Жерді кішірейте
алмаймыз ғой?
Бұл
— глобус. Глобус — Жердің кішірейтілген
көшірмесі” екендігін түсіндіремін.
Глобуспен
танысу.
Глобустың
басым бөлігі неліктен көк түспен
боялғаны туралы оқушылардың өздері
қорытындылағаны жөн. Осы тапсырмадан
кейін глобус Жердің кішірейтілген
моделі екенін тағы қайталап, алған
білімдерін тиянақтау керек.
Оқушылардың
естеріне өткен сабақтағы Жердің шарға
ұқсайтыны туралы қорытынды жасалған
тәжірибені түсірту. Жердің шар тәрізді
екенінің тағы бір дәлелі — Жер шарын
кемемен айналып шыққан адамдардың
саяхаты екенін айтамын. Егер Жер “дөңес
диск” тәрізді болса, теңізшілер шыққан
жеріне қайта оралмайтынын түсіндіремін.
Фернан Магеллан саяхаты туралы, яғни
бес кеменің тек біреуі оралғаны туралы
тарихты айтып беремін.
|
Математика.
Модель сөзін математикамен байланыстырады.
Көркем
еңбек. Ермексазбен жұмыс. Бөлменің
моделін салады және картадан құрлықтар
мен өзендерді, көлдер мен мұхиттарды
тауып бояйды.
|
Зат
моделі. Оқушылар кез келген екі заттың
моделін салады. Мүмкіндік болса
google.planet.
сайтының
көмегімен саяхатқа шығуға болады.
Саралау мақсатында зерек оқушыларға
әртүрлі
энциклопедиялардан
Жер ғаламшары туралы үзінділерді
оқытып, мынадай тест жұмысын ұсынуға
болады:
Глобус
дегеніміз не?
а)
оқу бөлмесінің моделі; ә) ғаламшар;
б)
Жер ғаламшарының моделі.
Жер
ғаламшарында неше құрлық бар? а) алты;
ә) тоғыз; б) төрт.
Жер
шарында неше мұхит бар? а) тоғыз; ә)
бес; б) төрт.
|
Қорытынды
бағамдау
Қандай
екі нәрсе табысты болды ?
1:
Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде
бағалау.
2:
Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың
ерекшелігіне көңіл бөлу.
Қандай
екі нәрсе сабақты жақсарта алады ?
1:
Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.
2:
Рефлексия.
Сабақ
барысында мен сынып немесе жекелеген
оқушылар туралы менің келесі сабағымды
жетілдіруге көмектесетін не білдім
?
|