жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Глобусты қалай қолданады
|
Сабақ тақырыбы: |
Глобусты қалай қолданады? |
Мектеп: |
||
|
Күні : |
|
Мұғалімнің есімі: |
||
|
СЫНЫП: 1-сынып |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||
|
Оқу мақсаты: |
Барлық оқушылар:жасанды моделіне сүйене отырып, Жердің пі шінін анықтау; |
|||
|
|
Оқушылардың басым бөлігі:қоршаған әлемдегі құбылыстарды, үдерістерді және нысандарды зерттеу қажеттілігін түсіндіру. |
|||
|
Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады. |
||||
|
Ресурстар: |
|
|||
|
Күтілетін нәтижелер: |
|
|||
|
Сабақтың мақсаты: |
1.4.1.1 Жердің пішінін оның жасанды моделі негізінде анықтау |
|||
|
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер |
|||
|
Глобус (латын тілінде шар деген мағынаны біл діреді) — Жер ғаламшарының бірнеше есе кіші рейтілген моделі. Дәл осы модель біздің ғаламшарымыздың сыртқы бейнесін және оның бөліктерінің арақатынасын анық көрcетеді. Глобус ежелгі заманнан бар. Көне жазбаларда Жер шары моделін 2000 жылдай бұрын Пергама тұрғыны Кратес жасаған деген дерек бар. Ең бірінші глобусты неміс географы және саяхатшысы Мартин Бехайм жасаған (1492 ж.). Ол оны “Жер алмасы” деп атаған. Бірақ оның глобусында Солтүстік пен Оңтүстік Америка жоқ еді. Себебі ол кезде Оңтүстік және Солтүстік Америка әлі ашылмаған болатын. ХVІІ ғасырда Лондонда пішіні апельсинге ұқсас, қалтаға сыятын кішірек глобустар сатылды. Оның жартышарының ішкі жақтарында аспан жарықшаларының картасы бейнеленген. Сол кезде бұл глобус Жердің де, аспан денесінің де моделі болып саналып келді. Осы күнге дейін Санкт-Петербург қаласындағы мұражайда диаметрі 3 метр 19 сантиметр болатын глобус сақтаулы. Оның сыртқы бетінде Жер картасы, ал ішкі жағында жұлдызды аспанның картасы бейнеленген. |
Кіріспе тапсырма. Оқушыларға алдыңғы сабақтағы ғарышқа сапар жалғасатынын ескертіңіз. Оқушылар өздерін ғарышта жүрміз деп елестетсін. Мұғалім “Балалар, біз бүгін де ғарыш кемесімен сапар шегеміз” деп, cабақты қызықтыруға болады. Бұл тапсырманы оқушылар өздерін теңізші, альпинист, орманшы ретінде сезінетіндей етіп, рөлдік ойын түрінде ұйымдастырыңыз. Олардың назарын Жер ғаламшарының өте үлкен екеніне аударыңыз. Ойын барысында сұрақтар қойыңыз: — Жердің барлық түкпір-түкпірін көру үшін не істеу қажет? — Біздің ғаламшарды оның үстінде тұрып тұтас көруге бола ма? Жер. Оқушыларға ғарыштан түсірілген Жер ғаламшарының фотосуреттерін көрсетіңіз. Оларды талқылаңыз. Мынадай сұрақтар қойыңыз: — Фотосуреттен не көріп тұрсыңдар? — Жерді тұтастай көруге бола ма? (Жоқ.) — Неліктен? (Ол үлкен, бір фото арқылы оны жан-жағынан көрсету мүмкін емес.) — Осыншама үлкен Жерді жан-жағынан қалай көруге болады, себебі біз Жерді кішірейте алмаймыз ғой? Оқушылардың пікірін толық тыңдаңыз. Дұрыс немесе дұрыс емес жауаптарды бірден айтуға асық паңыз. Оның дұрыс- бұрыстығын келесі тапсырманы орындау барысында өздері түсінеді. Ойыншықтар. Оқулық суреттеріндегі заттар дың моделін қарастыруды ұсыныңыз. Оқушыларға: “Бұл заттардың өзі емес, олардың моделі, кіші рейтілген көшірмесі” — деп ескертіңіз. Барлық оқушылардың дұрыс түсінгеніне көз жеткізіңіз. Ол үшін алдын ала сынып бөлмесіндегі заттардың суреттерін, макеттерін дайындаңыз. Әр затты көрсете отырып, “Бұл не?” — деп сұраңыз. “Тек же келеген заттардың ғана емес, үйдің, бөлменің де моделін жасауға болады” — деп айтыңыз. Алдыңғы тапсырманы орындау кезіндегі “Біздің үлкен ғалам шарымызды зерттеу үшін оның суретін қалай салуға болады?” деген сұраққа қайта оралыңыз. Оқу-шылардың пікірін тыңдап, бұл үшін бізге оның кіші рейтілген моделін жасау қажет деген тұжырымға келуге жетелеңіз. Олар “Мұндай модель — глобус. Глобус — Жердің кішірейтілген көшірмесі” деген қорытындыға келуі тиіс. Зерттейік. Оқушылардан ермексазбен кез келген заттың моделін жасауды ұсыныңыз. Кейбір оқушылар сынып бөлмесіндегі барлық заттардың моделін жасай алады. Модельдердің суреттерін де салуға болады. Жұмыс барысында оқушылардың не жасап жатқанын сұраңыз. Кейбір оқушылар Жердің моделін жасауға талпынуы да мүмкін. Ондай оқушылар болса, мақтап қойыңыз. Глобуспен танысу. Бұл тапсырманы жұппен орындауды ұсыныңыз. Әр жұпқа бір глобус, түрлі түсті түймелер қажет. Оқушы глобустан көк түспен берілген жерлерді тауып, өзен, көл, мұхиттардың атауларын оқиды және сол жерге көк немесе көгілдір түсті түймелерді бекітеді. Құрлықтарды да осы әдіспен іздеп тауып, ол жерлерге қағаздан жасалған адамның бейнелерін жапсыртуға болады. Глобустың басым бөлігі неліктен көк түспен боялғаны туралы оқушылардың өздері қорытын дылағаны жөн. Осы тапсырмадан кейін глобус — Жердің кішірейтілген моделі екенін тағы қайталап, алған білімдерін тиянақтау керек. Сен білесің бе? Оқушылардың естеріне өт кен сабақтағы Жердің шарға ұқсайтыны туралы қорытынды жасалған тәжірибені түсіртіңіз. Жердің шар тәрізді екенінің тағы бір дәлелі — Жер шарын кемемен айналып шыққан адамдардың саяхаты екенін айтыңыз. Егер Жер “дөңес диск” тәрізді болса, теңізшілер шыққан жеріне қайта оралмайтынын түсіндіріңіз. Фернан Магеллан саяхаты туралы, яғни бес кеменің тек біреуі оралғаны туралы тарихты айтып беріңіз. |
|||
|
|
Қосымша тапсырмалар |
|||
|
Математика. Модель сөзін математикамен байланыстырады. Көркем еңбек. Ермексазбен жұмыс. Бөлменің моделін салады және картадан құрлықтар мен өзендерді, көлдер мен мұхиттарды тауып бояйды. |
Зат моделі. Оқушылар кез келген екі заттың моделін салады. Мүмкіндік болса google.planet. сайтының көмегімен саяхатқа шығуға болады. Саралау мақсатында зерек оқушыларға әртүрлі энциклопедиялардан Жер ғаламшары туралы үзін ділерді оқытып, мынадай тест жұмысын ұсынуға болады: Глобус дегеніміз не? а) оқу бөлмесінің моделі; ә) ғаламшар; б) Жер ғаламшарының моделі. Жер ғаламшарында неше құрлық бар? а) алты; ә) тоғыз; б) төрт. Жер шарында неше мұхит бар? а) тоғыз; ә) бес; б) төрт. |
|||
|
Бағалау |
Оқушылар глобус — Жердің кішірейтілген мо делі екенін біледі және алған білімдерін қолдана алады. Сұрақтар бойынша әңгімелесу
Глобус. Оқушылар глобус салынған суретті қажетті түстермен бояуы керек. Оқушылардың “құр лық” және “су” ұғымдарының айырмашылығын түсін генін жұмыс барысында бақылаңыз |
|||
|
Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау. 2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу. 2: Рефлексия. Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ? |
||||
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген