жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ғ.Мүсірепов Автобиографиялық әңгіме
«Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі: А.Б.Тохлиева
Күні: 09.01. 2018 ж Пәні: Әдебиет Сыныбы: 6а
Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсірепов. Автобиографиялық әңгіме
Мақсаты: Оқушыларға қазақтың көрнекті жазушысы, қоғам қайраткері Ғ. Мүсіреповтің өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білім бере отырып, Автобиографиялық (өмірі жайлы) әңгімесін меңгерту.
Ұйымдастыру кезеңі.
І. Қызығушылығын ояту Жаңа тақырыпқа қысқаша түсінік:
Ғабит Мүсірепов 1902 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданында туған. Ауыл молдасынан хат танып, 1917 жылы Қостанай уезінің обаған болысында 2 класты орыс мектебіне түседі, белгілі ақын, талай жақсы жайсаңдарды оқытқан Бекет Өтетілеуовтен оқиды. Пресногорьковтегі жоғары бастауыш училищені бітіріп, 7 жылдық білім алады.
1923 жылы Орынбор қаласындағы жұмысшы факультетін бітірген соң, бір жыл Омбы қаласында ауыл шаруашылық академиясында оқыған. 1928-1938 жылдары түрлі жауапты орындарда баспасөзде қызмет атқарады. 1938-1955 жылдарда таза әдеби жұмыспен айналысады. 1956-1966 жылдары «Ара-Шмель» журналының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының бірінші хатшысы болған.
«Автобиографиялық әңгімесі» Әңгімеде XX ғасырдың бас кезіндегі ауыл өмірі, бала оқытуға жалданған молданың тұрмыс-күйі, автордың Пресногорьков жоғары бастауыш мектебін бітіргендігі жайлы әңгімеленеді.
ІІ. Мағынаны тану Оқулықпен жұмыс (тізбектей оқу)
Түсінудің тексерілуі. Қарама-қарсы сұрақ
-
Автобиографиялық әңгіме қай жазушының шығармасы? (Ғ.Мүсірепов)
-
Автобиографиялық әңгіме мазмұны не жөнінде? (Өмір туралы)
-
Шығарманың негізгі кейіпкері кім? (Ғ.Мүсірепов)
-
ХХ ғасырдың бас кезінде біздің қазақ даласының ең суық жағын жағалайтын халқымыз қайда тұрған? (Киіз үйде)
-
Атақты жазушы Ғ.Мүсірепов ескіше жыл басы деп саналатын қай күні дүниеге келген ? (Наурыз күні)
-
Қайсар болушы ең, жыламайтын едің деп кім Ғабитті үнемі мадақтап отыратын? (Анасы)
-
Балалардың тілін сындыру үшін ауыл адамдары кімді жалдапты ? (Молданы)
-
Әке – шешесінен күнде еститін жақсы сөздерінің бірі қай сөз еді? (Оқу оқисыңдар)
-
Молда балаларды қайда оқытқан? (Әр баланың үйінде бір апта жатып оқытады.)
-
Бір үйде шамамен неше бала отыратын? (Жиырма шақты)
-
Екі жыл оқытып, екі бұзаулы сиырын алып кеткен молданың оқытқаны біздің авторға қалай әсер етіпті? (Ештеңені аңғармағанын айтады.)
-
Белгілі 16- жылғы ара жұмысқа Ғабитті кім сұрап алады? (Нағашысы)
-
Нағашысының Ғабитті сураудағы басты мақсаты не еді? (Шаруасына бас – көз болу, көмектесу.)
-
Нағашысының елі қандай шаруашылық пен айналысқан? (Егін егу, балық аулау т.б.)
-
Обаған өзеніне жақын тұратын елдің көрші ауылында не бар екен?. (Екі сыныптық орысша мектеп бар)
-
Ғабит осы аталған мектептің қай сыныбына барды? (Бірінші)
-
Орыс мектебіне барудағы мақсаты не еді? (Білімін кеңейту еді, орысша білім алу.)
-
Ол үлкен мағынада ағартушы болатын тілегі бар адам қай кейіпкердің сөзі? (Ғабит Мүсірепов)
-
Ғабиттің есінде Бекет Өтетілеуов қандай ұстаз болып қалған? (Жақсы оқытушы және ондай ұстазды өмірінде сирек кездестіргенін айтты.)
-
Бекет Өтетілеуов қай ақын жазушылардың шығармаларын аударған? (Крылов, Пушкин, Лермонтов)
-
Ғабит Бекеттің қай сөзін үнемі жадында ұстайды? (қандай іске кіріссең де, таза қолмен кіріс)
-
Бекет Өтетілеуовті кім деп білеміз? (педагог, жазушы, ұстаз)
-
Мен букварьды да бітірдім, есепті де бітірдім деген кезде оқытушы сәл жымиды да не деді? (Сенің жақсы оқитының рас, мақтаншақтығың да бар. Осы екеуінің біреуін мықтап ұста да, біреуін таста деген)
-
Инспекторға бала өзін қалай көрсете білген? (Инспектордық сұрақтарына еш мүдірмей жауапты да берген, есепті де шығарған.)
-
Автор кімдерге өз шығармасында алғыс білдірген (Пресногорьковтағы бастауыш мектеп ұстаздарына)
Әр оқушыға матрица бойынша 1 сұрақ қойылады.
Қойылған әр сұраққа, нақты әрі мүдірмей тез жауап берген оқушыға плюс белгісі қойылады, ал жауап бере алмаған жағдайда минус белгісін алады.
ІІІ. Толғаныс Түсінуді сыни тексеру . Сыни сұрақ.
-
Автобиографиялық әңгіме жазушының досы жайлы жазылған шығармасы? (жоқ, дұрыс емес, өзінің балалық шағы жайлы жазылған)
-
Автобиографиялық әңгіме мазмұны өмір туралы. (Иә, автобиографиялық әңгіме өмір туралы)
-
Шығарманың негізгі кейіпкері Бекет Өтетілеуов. (Дұрыс емес, жазушының өзі)
-
ХХ ғасырдың бас кезінде біздің қазақ елі киіз үйде тұрған. ( иә, дұрыс қазақ халқы киіз үйде тұрған)
-
Атақты жазушы Ғ.Мүсірепов ескіше жыл басы деп есептелетін Наурыз күні дүниеден өтті. (Дұрыс емес, дүниеге келген.)
-
Қайсар болушы ең, жыламайтын едің Ғабиттің қайсарлығын еске алып үнемі әкесі мадақтап, қолпаштап отыратын. (Дұрыс емес, анасы мадақтап отыратын.)
-
Балалардың тілін сындыру үшін ауыл адамдары орыс мектебінен Бекет Өтетілеуовті алдыртыпты. (Дұрыс емес, Молданы)
-
Автордың әке – шешесінен күнде еститін жақсы сөздерінің бірі «оқу оқисыңдар» дегені есте жақсы сақталған екен. (Дұрыс, Әке – шешесінен еске алғанда осы сөзді де еске алатын.)
-
Молда балаларды арнайы ауыл мектебінде оқытқан. (Дұрыс емес, әр баланың үйінде оқытқан.)
-
Бір үйде шамамен алғанда жиырма шақты бала отыратын. (Дұрыс, бір үйде шамамен жиырма шақты бала отыратын)
-
Екі жыл оқытқан молдаға автор өзінің рахметін айтып, қажетті білімін де алған. (Дұрыс емес, Молданың оқытқанынан қажетті ешнәрсе де ала алмаған.)
-
Белгілі 16- жылғы қара жұмысқа Ғабитті нағашысы көмектесуге сұрап алады. (Дұрыс, 16-жылғы қара жұмысқа Ғабитті нағашысы сурап алады.)
-
Нағашысы Ғабитті орысша оқысын, көзін ашсын деген ниетте сұрап алған.( Дұрыс емес,шаруасына бас – көз болу, көмектесуге.)
-
Нағашысының ауылы мал шаруашылығымен айналысқан. (дұрыс емес, егін егу, балық аулау т.б.)
-
Обаған өзеніне жақын тұратын елдің көрші ауылында орысша мектеп бар екен. (Дұрыс, сол ауылға қарама- қарсы тұратын ауылда орысша мектеп бар.)
-
Ғабит молдадан сауатын ашқаннан кейін осы орысша мектептің екінші сыныбына бірден түседі. (Дұрыс емес, бірінші класына түседі.)
-
Орыс мектебіне барудағы Ғабиттің мақсаты орысша тіл сындыру, білімін кеңейту болатын. (Дұрыс, білімін кеңейту.)
-
Ол үлкен мағынада ағартушы болатын тілегі бар адам деп, Ғабит өзінің ұстазы Бекет Өтетілеуовке баға берген екен. (Дұрыс, Ғабит өзінің ұстазы Бекет Өтетілеуовке үлкен мағынадағы ағартушы деп баға берген.)
-
Ғабит өзінің ұстазы Бекет Өтетілеуовті еске алғанда мұндай ұстазды өмірінде сирек кездестіргенін айтты. (Дұрыс, Ғабит еске алғанда ұстазы Бекет Өтетілеуов сияқты ұстаздардың сирек кездесетінін айтты. )
-
Бекет Өтетілеуов Крылов, Пушкин, Лермонтов секілді орыс халқының ақын жазушыларының шығармаларын аударған. ( Дұрыс, Крылов, Пушкин, Лермонтов шығармаларын қазақша аударған)
-
Ғабит ұстазы Бекеттің «қандай іске кіріссең де, таза қолмен кіріс» деген сөзін үнемі жадында ұстайтын. (Дұрыс, Ғабит мұны мәңгі есте сақтап қалды.)
-
Бекет Өтетілеуов сазгер, композитор, ақын болған.( Дұрыс емес, педагог, жазушы, ұстаз)
-
Мен букварьды да бітірдім, есепті де бітірдім деген кезде оқытушы сәл жымиып, сенің жақсы оқитының рас, мақтаншақтығың да бар. Осы екеуінің біреуін мықтап ұста да, біреуін таста деген екен. (Дұрыс, Ғабитке солай ақыл кеңес берген.)
-
Инспектор келгенде Ғабит өзінің білімін дәлелдей түскен, өзін –өзі көрсете білген. (Дұрыс, Инспектордық сұрақтарына еш мүдірмей жауап берген)
-
Ғабит өзінің автобиографиялық әңгімесінде Пресногорьковтағы бастауыш мектеп ұстаздарына алғыс білдірген. ( Дұрыс, Пресногорьковтағы бастауыш мектеп ұстаздарына алғысын шексіз екенін айтқан.)
Үй тапсырмасы «Менің сүйікті ұстазым» шағын эссе жазу
Бағалау

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген