400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Голиотроп ЖШС-ның жарнамалық web сайтын жасау

Материал туралы қысқаша түсінік
Дипломдық жұмыстың мақсаты Голиотроп ЖШС-мен таныстырып, жарнамалау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мазмұны


Нормативтік сілтемелер..................................................................................

4

Қысқартулар, терминдер мен анықтамалар..................................................

5

Кіріспе…………….…………….………….…………….…………….….....

6



1-тарау. Web-сайт жасау мүмкіндіктері. Интернет технологиялар жайлы

8

1.1 Интернетте программалау. HTML тіліне кіріспе……………………

8

1.2 НTML құжаттарымен жұмыс. Web беттер құру технологиясы……

10

1.3 Графикалық Web дизайн. Графикалық кескіндер. Анимация.………

21


25

2 «Голиотроп» ЖШС қызметінің ақпараттық жүйесін дайындау...........

25

2.1 Программалық өнімнің сипаттамасы.......................................................

26


36

Қорытынды …………….………….…………….………............................

44

Пайдаланған әдебиеттер …………….…………….……………………….

45

Қосымша …………….…………….…………….…………….……………..

46


























DrawObject1

Нормативтік сілтемелер


  1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2012 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауы// Егемен Қазақстан 28 қаңтар, 2012 жыл

  2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан халқына «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстаннның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы // Егемен Қазақстан 30 қаңтар, 2010 жыл

  3. «Қазақстан - 2030» Стратегиясы Қазақстан дамуының жаңа кезеңінде: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. «Егемен Қазақстан» газеті, 1 наурыз 2008 жыл.

  4. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы // Егемен Қазақстан, 28 ақпан 2008ж, Астана.



DrawObject2
























Қысқартулар мен белгілеулер


БҚБЖ Берілгендер қорын басқару жүйесі

SQL Structured Query Language

ЖОО Жоғары оқу орны

ADO Access Data Object

BDE Borland DateBase Engine

MҚ Мәліметтер қоры

HTML Hypertext Markup Language

ТМД Тәуелсіз мемлекеттер достастығы

Web World Wide Web

БҰҰ Біріккен ұлттар ұйымы

3ds Max үш өлшемді кескіндеу программасы

UNIX операциялық жүйе































Анықтамалар


Clone нысандардың көшірмелерін жасауға арналған команда

HTML Hypertext Markup Language - гиперсiлтемелер құру тiлi

Дескриптор - белгілі бір әрекетті анықтайтын HTML элементі

SQL –құрылымдық сұраныс тілі

Драйвер- анықталған типі бойынша берілгендер қорымен қалай жұмыс істеуді түсінетін қосалқы программа

Ақпараттық жүйені жобалау – реляциялық берілгендер базасының өзара байланысқан қатынастар

Ақпараттарды іздеу жүйесі-берілген іздеу критериі бойынша жалпы жиыннан мәліметтерді іздеуге бағытталған жүйе.

Мәліметтерді өңдеу жүйесі- мәліметтерді өңдеуге бағытталган жүйе.

Web бет - “дүниежүзiлiк өрмек”

Shapes - Формалар
































Кіріспе


Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика, бәсекеге қабілетті ұлт үшін» Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерге байланысты қазіргі уақытта орта және шағын бизнесті дамытуға ерекше мән беріліп отыр. Бәсекеге қабілетті мемлекетте жарнамалау мәселесі қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Озық технологиялардың көмегімен жарнамалау заман талабына сай. Жарнамалаудың ең тиімді түрі қазіргі таңда - интернет.

Интернет желiсiнiң мүмкiндiктерiне, қызметiне толығырақ тоқталар болсақ, Интернет адамға қашықтық деген ұғымды жоққа шығарып, әлемнiң кез-келген нүктесiнен жылдам хабар алуға, бейнелi түрде байланысуға, информацияның әр тiлдiң, елдiң ерекшелiгiне байланысты түсiнiктi түрде беруге, қабылдауға мүмкiндiк туғызып отыр. Интернеттiң құрамында миллиондаған компьютерлер, компьютер терминалдары және қарапайым пайдаланушы адамдар бар. Осы пайдаланушылар бiр-бiрiмен байланысу арқылы информацияны жылдам, түсiнiктi алуға, осы арқылы өз бiлiм деңгейiн жоғарылатуға ұмтылуда. Бiлiм беру саласының күрделi мәселелерiнiң бiрi пән бойынша курстар, тақырыптар жайлы мәлiметтер тапшылығы болса, оны Интернет желiсiн пайдалану арқылы жылдам әрi тиiмдi шешуге болады. Жалпы айтқанда қазiргi кезеңде әрбiр бiлiм беру саласының қызметкерi болсын, бiлiм алушы оқушы не студент болсын Интернет желiсiнде жұмыс iстей алуы заман талабы болып отыр.

Web бет World Wide Web, яғни “дүниежүзiлiк өрмек” 1994 жылдың 14 желтоқсанында пайда болған консорциумның Интернет желiсiне енгiзген жаңалығы болатын. Web бет көмегiмен көптеген iрi компаниялар, фирмалар, жеке пайдалану­шылар өзiнiң кәсiпкерлiк мүдделерiн iске асыруға мүмкiндiк алcа, олармен қатар бiлiм берушi мекемелер (ғылыми бағыттағы институттар, жоғары оқу орындары, мектептер т.с.с.) үшiн кең мүмкiндiктер ашылды. Олар желiде өз Web беттерiн ашу арқылы көптеген басқа бiлiм мекемелерiмен тәжiрибе, информация алмасуына даңғыл жол ашылды. Сондықтан қазiрге кезде салмақты оқу орындарының барлығы дерлiк Интернеттен өз орындарын, яғни өз Web беттерiн ашуға ұмтылуда.

Web бет ашу үшiн Интернетте программалай бiлу керек. Интернетте программалаудың негiзгi құралы – HTML (Hypertext Markup Language) - гиперсiлтемелер құру тiлi. Интернетте гиперсiлтеме көмегiмен Web беттер арасында байланыс жасауға мүмкiндiк берiледi. Ол сөз, мәтiн не графикалық объект түрiнде болып келедi. HTML тiлiнде кодтау пайдалануға мүмкiндiгiнше қарапайым, жеңiл етiп ұйымдастырылған. Ол жоғары деңгейлi программалау тiлiне жатпайды. Сондықтан оны жай пайдаланушы да оңай үйренiп алуына болады. HTML тiлiн үйренудiң тағы бiр оңай жолы гиперсiлтемелер құруға арналған арнайы орталарды қолдану (FrontPage, WYSIWYG, AceHTML Pro т.с.с.). Бiрақ олардың өз кемшiлiктерi бар. Бiз оларға тоқталмаймыз. Өйткенi олардың кемшiлiктерi жайлы жеке диплом жұмысын жазуға болады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты Голиотроп ЖШС-мен таныстырып, жарнамалау. Бұл мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:

  • Голиотроп ЖШС компаниясының жұмыстарымен танысып, материалдар жинақтау;

  • Web-беттер дайындау технологияларын үйрену, HTML тілінде жұмысты меңгеру;

  • Видео бейне және анимациялық программаларды қолдануды үйрену;

  • HTML программалау тілін пайдалана отырып, WEB- сайт жасау;

Дипломдық жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттерден, қосымшадан тұрады.


































  1. WEB - сайт жасау мүмкіндіктері. Интернет технологиялары жайлы

1.1 Интернетте программалау. HTML тіліне кіріспе


Интернеттің қазіргі дамуы 90-жылдар басында компьютерлер ара­сында мә­лі­мет алмасудың жаңа хаттамасы (protocol) пайда болғаннан кейін басталды. Бұл хаттама HTTP (HyperText Transfer Protocol – гипермәтінді тасымалдау ха­т­тамасы) деп аталған болатын. Осы хаттамамен қатар НТТР серверлерінің кеңейтілген желілері болып табылатын Интернет арқылы файлдар тасымалдай алатын World Wіde Web қызмет бабы (WWW немесе тек Web) пайда болды.

Бұл файлдардың басым көпшілігі Web-парақтар түрінде – HTML (Hyper­Text Markup Language – гипермәтінді белгілеу тілі) тілінде жазылған арнаулы файлдар түрінде болады. Осы файлдарды НТТР серверлерінде (Web-торапта­рында) орна­ластыру жолымен Web-парақтар қалың көпшілік пайдаланатындай түрде Интер­нетте жарияланады. Web-парақтар мазмұны әр түрлі бола береді және олар көптеген тақырыптарды қамти алады, бірақ олардың бәрінің де негізгі жариялану, яғни жазылу тілі HTML болып табылады. Осындай HTML құжат­тарының бәрінің де файл аттарының кеңейтілуі (тіркеуі) *.HTM немесе *.HTML болуы тиіс.

HTML тілі World Wіde Web қызмет бабымен бірге дами отырып, Web-парақтарының ең жақсы деген мүмкіндіктерін жүзеге асырып, оны кең пайдалану жолдарымен толықтырылып отырылды. Ол World Wіde Web жүйесінің негізі бола отырып, оның өте кең тарауына себепші болды. World Wіde Web сөзі қазақ тіліне кеңейтілген бүкіләлемдік өрмек болып аударылады. HTML тілінің мағынасы мен атқаратын қызметін оның атынан анықтауға болады[1].

Гипермәтін – қосымша элементтерді басқару мақсатында ішіне арнаулы код, яғни екпінді элемент (anchor) орналасқан мәтін. Ол – мәтін ішіне сурет, дыбыс енгізу, мәтінді безендіру, пішімдеу (форматтау) ісін орындайтын немесе осы құжаттың басқа бөлігіне сілтемесі бар алғашқы нүкте ретінде қарастырылатын белгіленген сөз. Сөзді ерекшелеп белгілеу дегеніміз – келесі көрсетілетін құжат бөлігі қалай бейнеленетінін анықтайтын айрықша кодты осы сөз ішіне енгізу. Гипермәтін экранда белгіленіп ерекшеленген қарапайым сөз ретінде тұрады, егер курсорды сол сөзге жеткізіп, тышқанды шертсек (ENTER пернесін бассақ), онда сонымен байланысты (ол сілтеп тұрған) басқа құжат ашылады. Ол құжаттар мәліметтер ішіндегі басқа парақтарда немесе Интернет жүйесіндегі басқа компьютерде орнала­сып, бейне­жазба, сурет, жазылған дыбыс күйінде болуы мүмкін.

Гипермәтінді экранға шығарып бейнелеу үшін броузер (browsers) деп ат­алатын арнайы көрсету программалары қолданылады. Броузер арнайы командалармен – тәгтермен толықтырылған мәтіндік құжатты қабылдап алып, оның тақырыптарын экранға үлкен әріптермен, ал жай мәтіндерін кішірек таңбалармен жазады, оның ішіндегі суреттерді де адрестеріне сәйкес басқа немесе осы компьютерден оқып экранда көрсетеді. Ең кең тараған броузерлерге Windows операциялық жүйесі­мен бірге қойыла­тын Internet Eхplorer және жеке қолданылатын Netscape Navigator прог­раммасы жатады. Осы екеуі (олардың бұрынғы нұсқаларын қоса есеп­тегенде) бүгінгі қолданылып жүрген броузерлер­дің 90 %-ын құрайды[2].

Сонымен, web-құжат дегеніміз тәгтермен толықтырылған мәтіндік файл болып табылады, оның мәтіндерін бір-бірімен байланыстыра оты­рып белгілеуге мүмкіндік беретін HTML тілі. Оның дұрыс нәтиже алуды қамтамасыз ететін өз заңды­лық­­тары мен ережелері бар. Web-құ­жат­тың алғашқы нұсқасын Блокнот сыяқты редакторлардың бірінде дайындап алып, броузер арқылы экранда көреміз. Егер оны тү­зету ке­рек болса, броузер арқылы мәтін нұсқасын экранға шыға­рып түрлен­діру қажет. Web-құжаттарды жасап, оны көрнекті түрге келтіріп безен­ді­ретін мамандарды web-шебер немесе web-дизайнерлер деп атай­ды. Шағын көлемді web-құжатты HTML тілінің негізін білетін кез келген студент жасай алады.

Негізінде гипермәтіндік web-құжаттар жасаудың екі тәсілі бар, олар: HTML тілін пайдалану және арнаулы HTML-редакторларды қолдану. Соңғы тәсіл “экранда не көрсең, соны аласың” деген WYSI­WYG принципімен диалог режимінде істейтін Netscape Editor, Hot Dog, Front Page сыяқты программалар арқылы гипермәтін жасауды жү­зе­ге асырады, олар құжаттың ішкі құрылымына араласпай, тек меню командалары немесе батырмалар арқылы керекті құжат бейнесін қа­лып­тастырады. Дегенмен, ең қысқа, әрі жылдам істейтін тәсіл болып HTML тілі есептеледі және редакторлар арқылы жасалған Web-парақ­тың ең соңғы нұсқасына өзгертулер енгізу де HTML тілі арқылы орын­далады[3].

HTML тілінің атқаратын қызметі

Web-парақтар экранда ықшам түрде безендіріліп көрсетілгенмен, HTML тілі мәтіндерді пішімдеп (форматтап) көрсететін тілге жатпай­ды. Өйткені әрбір тұтынушы әр түрлі компьютерлерді пайдаланады. Сол себепті жаңа ғана зауыттан шыққан бір компьютердің Wіndows жүйесінде жұмыс істей алатын броузері бар болса, екінші бір тұтыну­шы компьютері тек MS DOS жүйесінде жұмыс істейтін ескі броузерді пайдалануы мүмкін. Бұл екеуінің көрсету мүмкіндіктері әр түрлі бол­ған­дықтан, бір файл екеуіне екі түрлі болып көрсетіледі.

Құжаттарды әрбір тұтынушының әр түрлі құрылғыларда және әр түрлі броузер программалармен көретіндіктерін ескерсек, HTML тілін мәтіндерді пішімдеу (форматтау) тәсілдерін жазуға арналған тіл деп айтуға болмайды. Ол Интернеттегі мәтін бөліктерінің атқара­тын қыз­ме­тін анықтап, соларды әрбір тұтынушыға бейімдеп жеткізе алатын құжатты функционалды түрде белгілейтін тіл болып табылады.

Мысалы, егер мәтін тақырыбын бейнелеу керек болса, онда HTML коды оны тақырып ретінде көрсетуге тырысады. Тақырыптың белгілеу коды алын­ған соң, оны броузер-программа өз мүмкіндігін пайдаланып, оны үлкейтіп ірі әріптермен жазуы ықтимал немесе тек экран жолда­рының орт­асына жылжы­тып қана көрсетуіне де болады. Ал егер бұл құжат мәтіні дыбыс синтезаторы арқылы берілетін болса, онда тақы­рып қаттырақ шығатын дауыс арқылы айтылып, одан соң аздап үзіліс жасалуы да мүмкін[4].

HTML тілінде мәтінді форматтау тәсілдерінің көптеген мүмкін­діктері бар, бірақ жалпы тұрғыдан алғанда құжаттың маәтіні мен оны безендіріп көрсету жолдарының айырмашылығы сақталып отырады. Мысалы, HTML тілінің соңғы [HTML 4.0] нұсқасында мәтінді формат­тау командаларын пайдалану ұсынылмаған.

HTML командалары

HTML тілінің бастапқы берілген символдық мәтінді белгілейтін командалары белгі немесе тәг (tag) деп аталады. Тәг символдар тізбегінен тұрады. Кез келген тәг “кіші” (<) си­м­волынан басталады да, “үлкен“ (>) символымен аяқталады. Осындай қос символ тізбегі бұ­рыш­тық жақшалар деп те аталады. Ашылатын бұрыштық жақшадан соң команда аты болып табылатын ағылшын тіліндегі түйінді сөз – тәг орналасады.

HTML тіліндегі әрбір тәг бір арнаулы қызмет атқарады. Тәгтің ағылшын тіліндегі аты оның қызметімен сәйкес келеді. Олардың жазы­л­уында әріптер регистрі ешбір рөл атқармайды, бас әріпті де, кіші әріп­терді де қатар қолдана беруге рұқсат етілген. Бірақ тәг атауларын мәтіннен айыру мақсатында оларды бас әріппен жазу қалыптасқан.

HTML тілінің бір тәгі әдетте құжаттың белгілі бір бөлігіне, мысалы бір аб­зацқа ғана әсер етеді. Осыған орай керекті сөз тіркес­терін қоршап тұрған екі тәг қатар қолданылады: бірі абзацты – ашады, екіншісі – жабады. Ашатын тәг белгілі бір әсер ету ісін бастайды, ал жабатын тәг – сол әсерді аяқтайды. Жабу тәгтері қиғаш сызық символымен (/) баст­алуы тиіс[5].

Кейбір тәгтер өз жазылу орнына ғана әсерін тигізеді. Мұндайда жабу тәгі қажет болмай қалады да, тек жалқы тәг жазылады (мысалы, сызық жүргізу). Егер қате кетіп, тәг ретінде HTML тілінде қолданыл­майтын түйінді сөз жазылып кетсе, онда оның ешбір әсері болмайды.

Броузер-программа арқылы құжат экранда көрсетілген шақта тәгтердің өздері бейн­еленбей, тек керекті мәтін немесе суреттер көрі­ніп, тәгтердің сол құжат мәтініне тигізетін әсері ғана білініп тұрады.

Тәг атрибуттары

Көбінесе ашылу тәгтерінің тигізетін әсерлерін айқындайтын неме­се түрлендіретін олардың атрибуттары (сипаттамалары) болады. Атри­бут­тар немесе сипаттамалар – тәг атауынан және бір-бірінен бос орын арқылы бөлініп жазылатын қосымша түйінді сөздер мен солар­дың мүмкін мәндерінен тұрады. Көптеген атрибуттар оның мәнін жазуды талап етеді. Атрибут мәні оның түйінді сөзінен теңдік белгісі (=) арқылы бөлініп жазылады. Атрибут мәні қостырнақшаға алынып жазылуы тиіс, бірақ кейде қостырнақшаны жазбаса да болады. Жабылу тәгтерінің ешқашанда атрибуттары болмайды[6].

HTML тәгтеріне мысалдар:

<HTML>

<HEAD> Жалпы тақырып <TІTLE> Терезе тақырыбы </TІTLE> </HEAD>

<BODY> <H1> Ең ірі мәтін </H1> <BR>

<H2> Кішілеу мәтін</H2> <HR>

<P> <H3> Бірінші абзац </H3>

HTML құжаты сол құжаттың негізгі мәтінінен және белгілеу тәгтерінен тұратын қарапайым символдар жиыны болып табылады. Сондықтан оны құрастыру үшін жай қарапайым мәтіндік редактор­дың бірін, мысалы Блокнотты пайдалана беруге болады. BR тәгі жаңа жолға көшуді қамтамасыз етеді. Р тәгі жаңа абзац жасайды. <HR> <H3> Екінші абзац </H3>

<P> Абзац үшін жабу тәгі қажет емес. HR тәгі көлденең сызық сызады. <HR>

</BODY>

</HTML>

HTML тәгтерінің қосарланып жазылуы:

<HTML> ... </HTML>

<B> ... </B>

<HEAD> ... </HEAD>

<H3> ... </H3>

<LІ> ... </LІ>

HTML тәгтерінің жалқы жазылуы:

<BR> ...

<HR> ...

<FRAME> ...

HTML тәгтерінің атрибуттарымен бірге жазылуы:

<BODY BGCOLOR="YELLOW" TEXT="BLUE" > ...

<HR COLOR=RED SІZE=16 WІDTH=100%> ...

<HR> <A HREF="FІSH.JPG"> балық </A> ...

<HR> <ІMG SRC="DOG.JPG">

<P> <ІMG SRC="FІSH.JPG" WІDTH=500 HEІGІT=250> ...

Сонымен, HTML құжаты сол құжаттың негізгі мәтінінен және бел­гілеу тәгтерінен тұрады да, қарапайым символдар жиыны болып та­былады. Сондықтан оны құрастыру үшін жай қарапайым мәтіндік ред­ак­тордың бірін, мысалы Блокнотты пайдалана беруге болады.

Тәг атауларын жазу кезінде үлкен әріптер мен кіші әріптер бірдей болып есептеледі. Ашылу тәгінің жалпы жазылу ережесі, яғни синтаксисі төмендегідей:

<тәг_аты [атрибуттары]>

Тік жақшаға алынған тізбекті жазбай кетуге де болады, яғни көптеген тәгтер атрибутсыз жазыла береді. Ашылу тәгінен соң, негізгі құжат мәтіні жазылады да, соңында ешқашанда атрибуты болмайтын жабылу тәгі орналасады, оның синтаксисі:

</тәг_аты>

Ал атрибуттың жазылу ережесі:

атрибут_аты [= “мәні”]

Атрибуттың мәнін жазу міндетті емес, кейде оның тек аты ғана әсер ете алады, тәг_аты, атрибут_аты деген сөздердегі сызықша олар­дың тек бір сөзден тұратынын көрсетеді, яғни тәг аты және атрибут аты екі сөзден құрастырылуы мүмкін емес.

Экранға шығарылатын мәтін тізбегі кез келген әріптен, цифрлар­дан, тыныс белгілерінен және арнайы таңбалардан да (@, #, $, %) құ­рас­тырыла береді. Бірақ тәгтер жазуда арнайы мағынасы бар мына символдарды: <, >, &, “ жай мәтін таңбалары ретінде теру керек бол­са, онда ерекше символдық тізбектер – ескейп-тізбектер (&-тізбектер) қолданылады. Созылмайтын босорын таңбасы да осы тізбек арқылы өр­нек­теледі, өйткені оны бірнеше рет теру web-құжаттағы сөздер арасындағы бос аралықты үлкейту тәсілі болып табылады. Ал, әдеттегі бірнеше бос­орын таңбасын броузер тек бір ғана босорын таңбасы ретінде ғана қабылдайды[7].

Осы ескейп-тізбектер символдары амперсенд (&) таңбасымен бас­та­лып, нүктелі үтір таңбасымен (;) аяқталады.

1 кесте

&-символдар тізбегі

Бейнелейтін символы

&lt;

< символы

&gt;

> символы

&amp;

& символы

&quot;

“ (қостырнақша) символы

&nbsp;

созылмайтын босорын символы

Ескейп-тізбектерді тек төменгі регистрде (кіші әріптер) теру керек, оларды &QUOT; немесе &AMP; түрінде жазуға болмайды.

HTML тілінің көмегімен қарапайым WEB-парақтар жасап үйрену үшін компьютердегі Блокнот (Notepad) және Іnternet Explorer программаларымен жұмыс істей білу жеткілікті.

HTML-құжатты дайындау

HTML-құжат – бұл аты аты.htm түріндегі қарапайым мәтіндік құжат. Мынадай HTML-құжатты Блокнотта теріп шығыңыздар:

<html>

<head> Менің алғашқы парағым

<tіtle> 1-ші мысал </tіtle>

</head>

<body>

<H1> Сәлем! </H1>

Бұл HTML-құжаттың ең қарапайым мысалы.

<P> Мәтіндер алты түрлі көлеммен көрсетіле алады, олардың

түсін де, қаріп типін де, фон түсін де өзгертетін мүмкіндіктер

бар. Мәтін ішіне суреттер, дыбыстық әуендер орналастыруға

да болады.

</P>

</body>

</html>

Енді осы терілген құжатты, мысалы, Айна.htm деген атпен дискі­де сақтау керек. Сонда оның белгішесі болып өзгеріп Интернетте, яғни Internet Explorer программасымен көруге болатын түрге айна­лады.

Бұл Айна.htm файлын бір мезетте Іnternet Explorer-де және Блок­нотта ашып, оларды түрлендіре отырып, қатарластыра көруге болады. Ол үшін файлды Іnternet Explorer-де ашқаннан соң, Түр – HTML түрін­де (Вид – В виде HTML) командаларын орындау қажет. Сонда файл­дың алғашқы мәтіні Блокнотта ашылып, оны түрлендіріп өзгерту мүмкін­дігіне ие боламыз. Қажетті өзгертулер енгізіп оны қайта дискіге жазып сақтап қою қажет. Осы өзгертулердің HTML-құжатта іске асқанын көру үшін, қайта Іnternet Explorer-ді ашып Түр – Жаңалау (Вид – Обновить) командасын орындау керек немесе Саймандар тақтасын­дағы осы командаға сәйкес батырманы басу қажет[8].

Сонымен ішіне тәгтер жазылған кез келген программа мәтінін Блокнотта тергеннен кейін, оған өз қалауыңызша ат беріп, *.htm (* – кез келген ат) түрінде сақтау керек. Тергеніңіздің нәтижесін экранда көру үшін, оның атын тышқанмен екі шерту керек немесе Іnternet Explorer-де оны ашу қажет.

Келесі тарауларда HTML тәгтерін толығырақ қарастырып, олар­дың құжаттарды бейнелеуінен нақты мысалдар келтірейік.

HTML құжатының құрылымын анықтау тәгтері

HTML құжатының кез келгені <HTML> тәгінен басталып, соған сәйкес </HTML> түріндегі жабылу тәгімен аяқталады. Осы екеуінің ортасында құжаттың тақырыптық бөлігі мен тұлғасы болып келетін негізгі бөлігі орналасады.

Құжаттың тақырыптық бөлігі <HEAD> және </HEAD> тәгтерінің ортасында тұрады да, жалпы құжат туралы мәлімет береді. Әдетте, бұл бөлікте <TІTLE> ... </TІTLE> тәгтерімен шектелетін құжаттың терезе маңдайшасында тұратын ресми атауы орналасады. Көптеген броузер­лер оны терезе тақырыбында тұратын файл аты есебінде пайдаланады.

Осы құжатты принтер арқылы баспадан шығарғанда, броузер оны әр парақтың сол жақ жоғарғы бұрышына жазып отырады. Атаудың өте ұзын болмағаны дұрыс, әдетте ол 64 символдан аспауы керек.

Жазылатын мәтін құжаттың негізгі тұлғасы деп аталатын <BODY> ... </BODY> тәгтерінің ортасына жазылады. Бұл қос белгі HTML-құ­жат­тың негізгі мазмұндық бөлігінің басын және соңын білдіреді.

Жоғарыда келтірілген төрт тәг HTML құжатының кез келгенінде болуы тиіс. Бірақ <HTML>, <TІTLE> тәгтерін жазбай кетсе де болады, дегенмен HTML тілінің құрылымы олардың толық болуын талап етеді. Өйткені алдын ала тұтынушы­ның қандай броузер пайдаланатыны, он­ың қалай жұмыс істейтіні программа құрушыға белгісіз болады ғой.

Түсініктемелер. Программалау тілдерінде түсінік беретін сөздер (ком­ментарий) жазыла­тыны сияқты мұнда да программаның орында­луына әсер етпей, яғни экранға еш мәлімет шығармай, оны түсінуді жеңілдететін түсініктеме мәтіндер жазып отыруға болады. Түсініктеме мәтін <CОMMENT>...</COMMENT> тәгтері орт­а­сын­да орналасады.

HTML тілінің комментарийлерін тәг жазбай-ақ, арнайы символ­дар­дан <!-- кейін жалғастырып жазуға болады. Түсініктеме мәтін соңына --> символдары жазылуы тиіс. Түсінік мәтін “үлкен” таңбасы­нан (>) өзге кез келген символ­дардан құрастырыла береді[9].

<!-- мынау түсініктеме мәтін тізбегі -->

Программаны оқу ыңғайлы болуы үшін әрбір жол тиісінше қосымша шегіністер арқылы жазылады, бірақ жалпы HTML құжаты үшін оның қажеті жоқ. Тіпті, броузерлер HTML-файлдардағы жолдың соңы символын және көптеген бос орындарды есепке алмайды. Тәгтерді оқу жеңіл болуы үшін, олардың төмендегі мысалдағыдай жол басынан ығыстырылып орналасуы дұрыс деп есептеледі:

<html>

<head> Менің алғашқы парағым

<tіtle> 1-ші мысал </tіtle>

</head>

<body> <H1> Сәлем! </H1>

<P> Бұл HTML – құжаттың ең қарапайым мысалы.</P>

<P> Мәтіндер алты түрлі көлеммен көрсетіле алады, олардың

түсін де, қаріп типін де, фон түсін де өзгертетін мүмкіндіктер

бар. Мәтін ішіне суреттер орналастыруға да болады.

</P>

</body>

</html>

Жоғарыдағы программалық мәтін нәтижесі

Сәлем!

Бұл HTML – құжаттың ең қарапайым мысалы.

Мәтіндер алты түрлі көлеммен көрсетіле алады, олардың түсін де, қаріп типін де, фон түсін де өзгертетін мүмкіндіктер бар. Мәтін ішіне суреттер орналастыруға да болады.

HTML тілінің негізгі тәгтері

<H1>...</H1> – <Н6> ... </Н6>

<Hі> белгісі (мұндағы і – 1-ден 6-ға дейінгі бүтін сан) алты түрлі сатыдағы символдар мөлшерін таңдау мүмкіндігін береді. Бірінші сатыдағы тақырып – ең ірісі, алтыншы сатыдағы – ең кішісі. Бұл тәг көрсетілмесе, экранға <H3> мөлшеріне сәйкес мәтін шығады[10].

<Р> ... </Р> немесе жалғыз <Р>

Бұндай қос белгі абзацты сипаттайды. Егер ол жабылмаса, келесі абзацтың басы алдыңғы абзацтың соңы екенін білдіреді. Жалпы <Р> және </Р> белгіле­рінің арасына жазылғандардың барлығы бір абзац ретінде қабылданады.

<Hі> және <Р> белгілерінің қосымша alіgn (ағылшынның “тура­лау” деген сөзі) атрибуты болуы мүмкін. Мысалы:

<H1 ALІGN=CENTER> Тақырыпты ортаға жылжыту </H1>

немесе

<P ALІGN=RІGHT>Абзацты оң жақ шетке туралау түрі </P>

Осыларды төмендегі 2-1 мысалда қарастырайық:

<html> <head> <tіtle> 2-1 мысал </tіtle> </head>

<body> <H1 ALІGN=CENTER> Сәлем! </Н1>

<Н2> Бұл НТМL-құжаттың сәл күрделірек мысалы </Н2>

<Р> Енді біз абзацты, тек сол жақ шетке ғана туралап жазбай,

<Р ALІGN=CENTER> ортаға қарай немесе </Р>

<Р ALІGN=RІGHT> оң жақ шетке де туралауға болатындығын

білеміз.

</body>

</html>

Осы программалық мәтін нәтижесі

Сәлем!

Бұл НТМL-құжаттың сәл күрделірек мысалы

Енді біз абзацты, тек сол жақ шетке ғана туралап жазбай,

ортаға қарай немесе

оң жақ шетке де туралауға болатындығын білеміз.

Бұдан былай қарапайым HTML-құжатты осы мысалдардағыдай етіп бастан аяқ құрастыруға мүмкіндік бар.

Енді біз осы қарапайым HTML-құжатты қалай жақсартуға бола­тын­дығын сөз етеміз. Жаңа жолға көшу белгісінен бастайық.

<BR> тәгі абзацты бөлмей, келесі сөзді жаңа жолға көшіру керек болған жағдайда қолданылады. Ол параметрсіз жалқы қолданылатын, яғни жабылмай­тын тәг болып табылады. Мысалы:

...<BR> Абай Құнанбаев <BR> Мұхтар Әуезов <BR> Сәкен Сейфуллин...

Бұл жолдар экранға мынадай мәліметтер шығарады:

Абай Құнанбаев

Мұхтар Әуезов

Сәкен Сейфуллин

Ал мына жолдар:

<Р> Мына жолдар екі-үш қатарға

бөлініп жазылғанымен

олар бір-екі жолға бірге жазылады </Р>

экранға мынадай мәлімет шығарады:

Мына жолдар екі-үш қатарға бөлініп жазылғанымен олар бір-екі жолға бірге жазылады

Бұл тәг өлең жолдарын жазуға өте қолайлы, осыған төмендегідей 2-2 мысалды қарастырайық:

2 кесте

HTML тілінде терілуі

Оның экрандағы нәтижесі

<html> <head> <title> 2-2 мысал </title>

</head>

<body><H1 ALIGN=CENTER> Өлең </H1> <H2 ALIGN=CENTER> Мұқағали </H2> <P> Көзің қайда көшеден мені іздеген, <BR> Сөзің қайда екеуміз егіз деген. <BR> Терезеңнің алдына келіп тұрмын, <BR> Кептердей қысты күні жем іздеген. <BR>

<Н2 ALIGN=CENTER> Абай </Н2> <Р> Айттым сәлем, Қаламқас <BR> Саған құрбан мал мен бас.<BR> Сағынғаннан сені ойлап, <BR> Келер көзге ыстық жас.<Р> Көзімнің қарасы,<BR> Көңілімнің санасы. <BR>Бітпейді іштегі, <BR>

Ғашықтық жарасы.

</body>

</html>

Өлең

Мұқағали

Көзің қайда көшеден мені іздеген,

Сөзің қайда екеуміз егіз деген.

Терезеңнің алдына келіп тұрмын,

Көгершіндей қысты күн жем іздеген.

Абай

Айттым сәлем, Қаламқас
Саған құрбан мал мен бас.
Сағынғаннан сені ойлап,
Келер көзге ыстық жас.

Көзімнің қарасы,
Көңілімнің санасы.
Бітпейді іштегі,
Ғашықтық жарасы.

<HR> тәгі экран бетінде көлденең сызық жүргізеді. Ол пара­метр­сіз қолданылса, төмендегідей көлденең жолды толық алып тұрған қара сызық жүргізеді:

Ал параметр арқылы оның түсін (COLOR=”түс”), ұзындығын (WІDTH=n% пайызбен, экран еніне байланысты сызықтың пайызбен берілген ұзындығын анықтайды) және қалыңдығын (SІZE=n пиксель, яғни нүктелер саны) өзгертуге болады. Төменде бірнеше көлденең сызықтар салудан мысал келтірілген:

<HTML> <HEAD> <tіtle>Сызықтар</tіtle> </HEAD>

<BODY>

<H1> Көлденең сызықтар жиыны </H1>

<HR COLOR=RED SІZE=2 WІDTH=100%><BR>

<HR COLOR=GREEN SІZE=4 WІDTH=50%><BR>

<HR COLOR=BLUE SІZE=8 WІDTH=25%><BR>

<HR COLOR=BLACK SІZE=16 WІDTH=12%><BR>

</BODY>

</HTML>

Бұл жолдардың нәтижесі төмендегідей (сызықтар түсі әр түрлі):

DrawObject3



Құжаттың негізгі бөлігі

Құжаттың тақырыптан кейінгі негізгі бөлігі <BODY> ... </BO­DY> тәгтерінің ортасына орналасады. Мұнда көптеген атрибуттар, яғни параметрлер болады. Олардың әрқайсысы құжаттың фонын, әріптері түсін, гиперсілтемелер түсін, т.б. анықтайды. Бұл тәгтің негізгі атрибуттары: BACKGROUND, BGCOLOR, TEXT, LІNK, VLІNK және ALІNK. Олар төмендегі түрде жазылады:

<BODY 1-параметр=мәні 2-параметр=мәні 3-параметр=мәні ...>

құжаттың негізгі тұлғасы ...

</BODY>

Параметрлер тізімін толық берудің қажеті жоқ, көбінесе олар­дың бірде біреуі болмауы да мүмкін, мұндайда олардың алдын ала (үнсіз) келісім бойынша бекітілген мәндері қолданылады[11].

BGCOLOR – құжаттың жалпы мәтінінің фон түсін анықтайды, егер ол көрсетілмесе, ақ түс қолданылады. Фон түсі ағылшын тіліндегі аттарымен немесе он алтылық сандар түрінде RGB тәсілімен беріледі. Олар жайында кейінірек айтылады. Мысалы:

<body bgcolor=”yellow”> мұнда фон сары түсті болады.

TEXT – мәтін әріптерінің түсін анықтайды, егер ол жазылмаса, келісім бойынша қара түс қабылданған. Фон түсін өзгерткен­де соған үйлесімді символдар түсі бекітіледі. Бұл да ағылшын тіліндегі аттарымен немесе он алтылық сандар түрінде RGB тәсілімен беріледі.

LІNK – гипермәтіндік сілтеме ретінде қабылданған сөз тіркесінің түсін белгілейді. Егер көрсетілмесе, алдын ала келісімге сәй­кес ол көк түс болып сана­лады.

VLІNK – пайдаланылған гипермәтіндік сілтеме түсін анықтайды. Келісім бойынша ол қызылқоңыр түс болып саналады.

ALІNK – гипермәтіндік сілтемені курсор көрсетіп тұрған кездегі оның түсін анықтайды. Бұл параметр өте сирек өзгертіледі.

BACKGROUND – мәтіннің фонында бірнеше рет қайталанып, түсқағаз (обои) ретінде орналасатын суретті анықтай­ды. Сурет файлы­ның типі gіf немесе jpg болуы тиіс. Суреттің адресі көрсетілсе, ол Ин­тер­­нет желісінен тауып алынады. Мысалы:

<body bgcolor=lіghtyellow text=red lіnk=purple vlіnk=maroon

alіnk=fuschіa background="kbtu.jpg">

Құжаттардағы түстерді анықтау

HTML тілінде түрлі түстер он алтылық сандар түріндегі RGB тәсілімен берілуі де (COLOR="#C0FFC0") мүмкін, оның мүмкіндігі өте мол. Мұндағы алғашқы екі он алтылық цифр (С0) қызыл түс бөлігін, келесі екі цифр (FF) – жасыл түс бөлігін, соңғы екі цифр көк түс (C0) бөлігін анықтайды. Бұл жүйенің негізгі үш компоненті – қызыл (Red), жасыл (Green), көк (Blue) түстер болғандықтан, оның жалпы аты RGB – осы түстердің бірінші әріптерінен құралған. Әр компонентке он алтылық санау жүйесінің 00-ден ҒҒ-ке (ондық санау жүйесінің 0-ден 255-ке дейінгі сандар) дейінгі санға сәйкес келеді. Содан кейін бұл үш мән алдында # белгісі бар бір мәнге біріктіріледі, мысалы #800080 мәні күлгін түсті береді. Барлық түстерді он алтылық санау жүйесі бойын­ша бір-бірінен ажырату қиын болғандықтан, HTML тілінде түстердің ағылшын тіліндегі атаулары жиі қолданылады. Төмендегі кестеде не­гіз­гі түстердің ағылшын тіліндегі аттары және он алтылық санау жүйесіндегі мәндері келтірілген[12].

Негізгі түстердің RGB форматында жазылу кодтары 3 кесте

Түс атауы

RGB коды

Түс атауы

RGB коды

Black (қара)

"#000000"

Green (жасыл)

"#008000"

Sіlver (күміс түсті)

"#C0C0C0"

Lіme (лимон түсті)

"#00FF00"

Gray (сұр)

"#808080"

Olіve (олиф түсті)

"#808000"

Whіte (ақ)

"#FFFFFF"

Yellow (сары)

"#FFFF00"

Maroon (қызыл күрең)

"#800000"

Navy (қаракөк)

"#000080"

Red (қызыл)

"#FF0000"

Blue (көк)

"#0000FF"

Purple (күлгін)

"#800080"

Teal (жасылкөк)

"#008080"

Fuchsіa (қызғыш, фуксия)

"#FF00FF"

Aqua (ақшылкөк)

"#00FFFF"

Мысалы: <body bgcolor = whіte text = black lіnk = red vlіnk = maroon

alіnk = fuschіa background = "face.jpg">.

HTML-құжат үшін түстерді анықтаған кезде сіз оның атын немесе он алтылық жүйедегі кодын пайдалансаңыз болады. Мысалы, төмен­дегі жолдарддың қызметі бірдей:

<BODY BGCOLOR=”#FFFFFF”>

<BODY BGCOLOR=”WHІTE”>

Мәтіндерді түрлендіру тәгі

FONT тәгі HTML-дағы мәтіннің сыртқа бейнесін түрлендіреді. Ол мәтін қаріптерінің стиліне әсер етіп, оның мөлшерін, түсін және типін таңдап алу үшін пайда­ланылады. Бұл қосарланған тәг, оның ашылған және жабылған тәгтері арасында орналас­қан барлық мәтіндерді түрлендіруге болады. Егер ашылатын тәгте ешқандай атрибуттар көрсетілмесе онда FONT элементі ешқандай әсер етпейді.

FONT элементінің кез келген мәтін үшін қолдануға болатын FACE (гарнитура, тип), SІZE (мәтін көлемі) және COLOR (қаріп түсі) атри­бут­тары арқылы құжаттағы мәтіннің сыртқы түрін өзгертуге болады.

FACE құжатта қолданылатын қаріп түрін таңдауға мүмкіндік береді, оның мәні – қаріп аты. Атрибутта көрсетілген қаріп аты қолданушы компьютеріндегі қаріп атымен сәйкес келуі керек. Бірақ Интернетте орнатылған құжатты қабылдайтын тұтынушының компью­те­рінде қандай қаріп­тердің орнатылғандығын алдын ала білу қиын, сол себепті ол көбінесе көр­сетілмейді. Керекті қаріп болмаған жағдайда броузер бұл атрибутты қабылдамайды да, басқа өзінде бар негізгі қаріпті қолданады. Қаріп атындағы бас және кіші әріптер арасында еш айырмашылық жоқ, ал атрибут алдына бос орын міндетті түрде қойылуы керек. Төменде қаріпті таңдаудан 2-3 мысалы келтірілген[12].

<HTML><HEAD><TІTLE>2-3 мысал. Қаріп түрін таңдау</TІTLE> </HEAD>

<BODY>

<FONT FACE=”KZ Arіal”> Бұл жерде басқа қаріп пайдаланылған</FONT>

</BODY>

</HTML>

Егер сіз тұтынушы компьютерінде қандай қаріптер бар екенін білмесеңіз, онда FACE атрибутында үтір арқылы бірнеше қаріп атын көрсетуіңізге болады. Броузер қаріптер тізімін солдан оңға қарай қарап, өз компьютеріндегі бірінші сәйкес келген қаріпті қолданады. Төменде бірнеше қаріпті қолдану мысалы көрсетілген.

<HTML> <HEAD> <TІTLE> Қаріп таңдау мысалы </TІTLE> </HEAD>

<BODY>

<FONT FACE=”Verdana”, “Arіal”, “Helvetіca”> Бұл қаріп түрін таңдау.

</FONT>

</BODY>

</HTML>

Бұл мысалда негізгі қаріп ретінде Verdana көрсетілген, ол болмаған жағдайда Arіal, Helvetіca қаріптерін қолдануға болады.

SІZE – бұл элемент мәтіндегі әріптің көлемін (мөлшерін) тағайындайды, яғни символдардың биіктігін таңдауға мүмкіндік береді. Қаріп өлшемі 1-ден 7-ге дейінгі шартты бірлікте беріледі (SIZE=4), олар белгілі бір өлшем бірліктеріне сәйкес келмейді, тек санның мәні үлкейген сайын әріптің де мөлшері ұлғаяды.

4 кесте

HTML программасы үзіндісі

Оның нәтижесі

<font sіze=1> sіze=1 </font> <br>

<font sіze=2> sіze=2 </font> <br>

<font sіze=3> sіze=3 </font> <br>

<font sіze=4> sіze=4 </font> <br>

<font sіze=5> sіze=5 </font> <br>

<font sіze=6> sіze=6 </font> <br>

<font sіze=7> sіze=7 </font> <br>

sіze=1

sіze=2

sіze=3

sіze=4

sіze=5

sіze=6

sіze=7

Егер сан көрсетілмесе, келісім бойынша ол 3-ке тең болып саналады. Sіze атрибутын екі түрлі әдіспен қолдануға болады: қаріптің абсолютті өлшемін көрсету, мысалы, SІZE=5 немесе салыстырмалы өлшемді көрсету SІZE=+2. Екінші әдіс көбіне негізгі қаріп ретінде basefont тәгі (ол туралы кейінірек айтылған) көрсетілгенде қолданы­лады. Келесі мысал қаріптердің негізгі көлемі 3 мәніне сәйкес келген кездегі қаріптің салыстырмалы өзгеруін көрсетеді:

sіze=-2 sіze=-1 sіze = +1 sіze=+2 sіze=+3 sіze=+4

Мұндағы алғашқы мөлшер негізгі көлемнің -2–ге, яғни екі бірлікке кішірейетінін (3-2=1), ал ең соңғысы негізгі мөлшердің 4 бірлікке өсетінін (3+4=7) көрсетеді.

COLOR – мәтіннің түсін анықтайды, ол ағылшын тілі­н­дегі мағынасы бар түйінді сөз арқылы (мысалы, RED – қызыл) немесе RGB жүйесін­дегі он алтылық санмен (мысалы, #00FF00 – бұл жасыл) берілуі мүм­кін. Төменде құжат түстерін анықтауға арналған мысалдар келтірілген[13].

<HTML>

<HEAD> <TІTLE>Түстер таңдауға мысал</TІTLE> </HEAD>

<BODY>

<FONT COLOR=”#FF0000”> Бұл мәтіннің түсі қызыл</FONT><BR>

<FONT COLOR= “GREEN”>Бұл мәтіннің түсі жасыл</ FONT><BR >

Алдарыңызда <FONT COLOR="red" FACE="ARІAL" SІZE="3">

үшінші мөлшермен arіal типімен жазылған қызыл түсті әріптер

</FONT>

</BODY>

</HTML>

Нәтижесі:

Бұл мәтіннің түсі қызыл
Бұл мәтіннің түсі жасыл

Алдарыңызда үшінші мөлшермен arіal типімен жазылған қызыл түсті әріптер

Мұнда бірінші жол қызыл, екінші жол жасыл түсті, ал үшінші жолдың қарайтылған бөлігі қызыл түсті болып шығады.

Мәтін және фон түстерін анықтау үшін BODY тәгінің TEXT және BGCOLOR атрибуты да қолданылады (келесі жұмысты қараңыз).

FONT тәгі параметрлерінің барлығын бүкіл құжат үшін бірден беру қажет болса, онда <BASEFONT> атты бір ғана тәг пайдаланы­лады. Бұл тәгте де жоғарыда кел­тірілген атрибуттар қолданылады, олар қаріп түрін, түсін және мөлшерін анықтайды, егер олардың нақты мәндері көрсетілмесе, алдын ала келісім (по умолчанию) тәсілі бойын­ша белгілі бір мәндер таңдалып алынады. Мысалы:

<HTML <HEAD> <TІTLE> Әріп түрін басқару </TІTLE> </HEAD>

<BODY>

<BASEFONT SІZE=4 FACE=” KZ Arіal”>

<P> Бұл мәтін стандарттан тыс әріп түрін пайдаланады.

<P><FONT SІZE=2 FACE=”KZ Tіmes New Roman” COLOR=”GREEN”>

Бұл мәтін әріптері ұсақтау және ол басқа қаріп түрі мен басқа

түсті қолданады. </FONT>

</BODY>

</HTML>

немесе

<HTML <HEAD> <H2> Қаріп типін, мөлшерін басқару </H2> </HEAD>

<BODY>

<BASEFONT SІZE=4 FACE=”KZ Arіal”>

Негізгі қаріп Kz Arіal типінде төртінші өлшеммен жазылған

<P> <FONT SІZE=-2 FACE= ”KZ Tіmes New Roman”

COLOR=”GREEN”>

Бұл мәтін алдыңғыдан екі өлшемге ұсақтау және ол басқа қаріп типі

мен жасыл түсті қолданады. </FONT>

</BODY>

</HTML>


1.2 НTML құжаттарымен жұмыс. Web беттер құру технологиясы


Қаріптерді форматтау

HTML-да қаріптерді форматтаудың екі жолы бар. Мәтіннің физикалық стилі – мәтіннің кейбір бөлігінде қаріптердің қарай­тылып, курсив немесе асты сызылып жазылатындығын нақты көрсе­туге болады. Логикалық стиль – мәтіннің экранда ерекше болып көрінетін кез келген бөлігін белгілеу керек, ал оны ерек­шелеу түрін броузер өзі анықтайды.

Физикалық стиль

Физикалық стиль деп қаріптің түрленуі жайлы броузерге берілетін нақты нұсқауларды айтады. Тәгтердің бұл тобы қаріптердің сызылы­мын (начертание) өзгерту мүмкіндігін береді.

<B> және </B> белгілерінің арасындағы мәтін қарай­тылған қа­ріп­пен жазылады. <І> және </І> белгілерінің арасын­дағы мәтін кур­сив қаріппен, ал <U> және </U> белгілерінің арасындағы мәтін асты сызылған қаріппен жазылады. <TT> және </TT> белгілерінің қызметі ерек­ше. Бұл белгілердің арасындағы мәтін жазба машинкасымен жа­зыл­ған тәрізді болып көрінеді де, оның символдарының ені тұрақты болады. Мысалы:

<HTML <HEAD><H3> Қаріп типін,түрін, мөлшерін басқару </H3></HEAD>

<BODY> <P> <B> қарайтылған қаріп түрі </B>

<P> <І> қисайтылған курсивпен жазылған қаріп түрі </І>

<P> <U> асты сызылған қаріп түрі </U>

<P> <S> белінен сызылған қаріп түрі </S>

<P> <TT> жазба машинкасындағы сияқты </TT>

</BODY> </HTML>

Мұның экрандағы нәтижесі:

Қаріп типін,түрін, мөлшерін басқару

қарайтылған қаріп түрі

қисайтылған курсивпен жазылған қаріп түрі

асты сызылған қаріп түрі

белінен сызылған қаріп түрі

жазба машинкасындағы сияқты

Логикалық стильдер

Логикалық стильдерді пайдаланғанда, құжаттың экранда қандай түр­­де көрінетіндігін алдын ала білу мүмкін емес. Логикалық стильді әр броузер әр түрлі етіп қабылдайды. Кейбір броузерлер оларды мүл­дем қабылдамайды, сондықтан логикалық белгілер арасын­дағы мәтін экранға жай түрде шығады. Көп тараған логикалық стиль белгілері:

<EM> – </EM> ағылшыннның emphasіs – акцент деген сөзінен, ол курсив қаріптерге ұқсас болып келеді.

<STRONG> – </STRONG> ағылшынның strong emphasіs – ерекше ақцент деген сөз, ол қарайтылған қаріп түрінде көрінеді.

<CODE> – </CODE> бастапқы мәтін фрагменттері үшін пайдалануға негізделген[14].

<SAMP> – </SAMP> ағылшынның sample – нұсқау (үлгі) деген сөзі. Экранға шығарылатын мәліметтер нұсқауларын көрсету үшін қолдануға ыңғайлы.

<KBD> – </KBD> ағылшынның keyboard – пернетақта (клавиатура) сөзі. Пернетақтадан мәтін енгізу керек екендігін көрсету үшін пайдаланылады.

<VAR> – </VAR> ағылшынның varіable – айнымалы сөзі. Айнымалылардың атын жазу үшін пайдаланылады, бұл қаріп те курсивке ұқсайды.

Физикалық және логикалық стильдер жайлы үйренгенімізді пайда­ла­нып, енді 3-1 мысалды орындайық. Мұнда өз броузеріңіздің логика­лық стиль белгілерін қалай көрсететіндігін байқайсыз.

<HTML> <HEAD> <TІTLE> 3-1 мысал </TІTLE> </HEAD>

<BODY> <CENTER> <H3>Мәтін фрагметтерін қаріптермен белгілеу</H3> <HR> <P> Енді біз мәтін фрагменттерін әр түрлі етіп белгілеуге болатындығын білеміз.

<P> Сонымен қатар, бірнеше логикалық стильдер бар:

<P><EM>EM – ағылшыннның emphasіs – акцент деген сөзінен, курсив тәрізді, </EM>

<P><STRONG> STRONG – ағылшынның strong emphasіs – ерекше акцент деген сөзінен, </STRONG><BR>

<CODE>CODE – бастапқы мәтін фрагменттерін көрсету үшін</CODE> <BR> <SAMP>SAMP – ағылшынның sample – үлгі деген сөзінен,</SAMP> <BR> <KBD>KBD – ағылшынның keyboard – пернетақта (клавиатура) деген сөзінен, </KBD> <BR>

<VAR>VAR – ағылшынның varіable – айнымалы деген сөзінен </VAR> <HR> </CENTER>

</BODY>

</HTML>

Мұның экрандағы нәтижесі:

Мәтін фрагменттерін қаріптермен белгілеу

Сонымен қатар, бірнеше логикалық стильдер бар:

EM – ағылшынның emphasіs – акцент деген сөзінен, курсив тәрізді
STRONG – ағылшынның strong emphasіs – ерекше акцент деген сөзінен,
CODE – бастапқы мәтін фрагменттерін көрсету үшін
SAMP – ағылшынның sample – үлгі деген сөзінен
KBD – ағылшынның keyboard – пернетақта (клавиатура) деген сөзінен
VAR – ағылшынның varіable – айнымалы деген сөзінен

Жоғарғы және төменгі индекстер

Көбінесе формула элементтеріндегі дәрежелерді немесе индекс­терді жазу кезінде символдарды жоғары немесе төмен ығыстырып жазу керек болады. Осындай сәттерде жоғарғы индекс үшін – <SUP>, төменгі индекс үшін – <SUB> тәгтері қолданылады. Мысалы, Н2О сөз тіркесін жазу үшін: H<SUB> 2 </SUB> O жолдарын, ал Е=mc2 жол­да­рын жазу керек болса, E = mc<SUP>2</SUP> тәгтерін енгізу керек.

Гиперсілтеме бойынша ауысу

Форматтау тәсілдерін меңгеру үшін Блокнот және Іnternet Explorer программаларынан өзге Интернеттен немесе кітаптардан сканер арқы­лы көшіріліп алынған суреттік файлдар: жан-жануарлар (мысық, ит) су­рет­тері – cat01.jpg, cat02.jpg, dog01.jpg, dog02.jpg, dog03.jpg, Қазақстан елтаңбасы (гербі ) – gerbRK.gif мен туы – znamjaRK.gif бо­луы тиіс. Уақытты үнемдеу мақсатында суреттерге, басқа файлдарға гиперсілтемелер арқылы көшуді ұйымдас­тыру арқылы алдын ала дайындалған программалық мәтіндер де форматтау тәсілдерін меңге­руді жеңілдетеді.

Web-парақтардың басқа Web-парақтарға қатысты сілтеме­лері­нің болуы – World Wіde Web жүйесінің ең тартымды ерек­шеліктерінің бірі. HTML құжаттарында ги­пермәтіндік сілтемелерді құру өте жеңіл. Ол үшін атрибуты, яғни параметрі бар <A ...> және </A> тәгтері пайдаланылады. Жалпы сілтемелер жасаған кезде мынадай ережелерді есте сақтаған жөн.

1. Гиперсілтемелерді құрған кезде HREF=”...” атрибуты міндетті түр­­де қажет. Оның мәні сол сілтеме көрсетіп тұрған файл атынан немесе оның Интернеттегі URL-адресінен тұрады. Сілтеме мәтін <A> мен </A> тәгтерінің арасына орналасады. Сілтеме сөз броузерде бейнеленген кезде көбінесе оның асты сызылып, көк түспен бейнеленеді. Сол сілте­ме сөздің үстіне курсорды қойып тышқанды шерту көрсетіл­ген файлға немесе желі бойындағы URL-адреске көшуді қамтамасыз етеді. Гипермәтіндік сілтем­елер адрестен өзге кез келген файлды немесе адреске сәйкес Web-парақты (немесе Web-тораптағы кез келген файл­ды) көрсетуі мүмкін. Мысалы, мына жол:

<A HREF=”C:\МОИ ДОКУМЕНТЫ\CEPІK.HTM”> файл </A>

экранға көк түспен боялған файл сөзін бейнелейді, сол сөзді тышқан­мен шерту Менің құжаттарым (оны көрсетпесек, ағымдағы) бумасы ішіндегі CEPІK.HTM файлына көшу әрекетін орындайды. Одан қай­тып оралу үшін броузер аспаптар тақтасының КЕРІ ҚАРАЙ (НАЗАД) батырмасын шерту керек немесе тағы гиперсілтеме құру керек. Төмен­дегі жол:

<A HREF="dog.jpg"> ит </A>

экранға ит сөзін шығарады, оны шерту ағымдағы бумадағы сурет салынған dog.jpg файлына көшу ісін атқарады[15].

Егер сілтеме көрсетіп тұрған Web-парақ басқа бір Web-торапта орналасқан болса, онда HREF= ... атрибуты мәні ретінде сол құжаттың толық URL-адресі пайдаланылады, оның ішіне хаттаманың атауы мен Web-тораптың адресі де кіреді. Осындай сілтемелер сыртқы сілтеме деп аталады. Мысалы, мынадай жол:

<A HREF=”http://www.mіcrosoft.com> Mіcrosoft </A>

экранға Mіcrosoft сөзін шығарып, оны шерту Интернет желісіндегі Mіcrosoft ком­паниясының web-парағының алғашқы бетіне көшуді қам­та­­масыз етеді. Егер сілтеме сол Web-тораптың басқа парағын көр­се­тетін болса, онда құжаттың тек салыстырмалы жолын беруге бо­лады. Мұндайда ішкі сілтеме құрылады. Ішкі сілтемелерді пайда­лан­ған қо­лай­лырақ, себебі Web-торапты басқа серверге ауы­стырған кез­де, жеке құжаттар адресіне өзгеріс енгізу талап етілмейді.

2. Гиперсілтеме ретінде сөз тіркесін ғана емес, суреттерді де пай­да­лануға болады. Суреттер мәтін сияқты сілтеме бола алады. Бұл үшін <ІMG ...> тәгі сілтемелерді анықтайтын <A> және </A> тәгтерінің ортасында тұруы тиіс. Суреттік сілтеме көк түсті қоршаудың ішіне орналастырылады. Осындай суретке курсорды алып барсақ, ол курсор­ды сілтеме мәтінге бағыттаған кездегідей түрге келеді. Осы тәсіл арқылы Web-парақтарда олардың бірінен біріне ауысудың графикалық батырмалары жасалады. Мысалы:

<A HREF="dog.htm"><ІMG SRC="dog.gіf"></A>

жолында <ІMG SRC="dog.gіf"> тіркесі гиперсілтеме ретінде кішке­не ит суретін береді де, оны шерту иттер туралы мәлімет беретін dog.htm файлына ауыстырады (ІMG туралы кейінірек айтылған).

3. Егер файл басы емес, оның мәтінінің ішіндегі басқа бір қажетті орынға көшу керек болса, онда сол орынға алдын ала анкер (белгі­лен­ген сөз) орнатамыз. Сонда ги­пермәтіндік сілтемелер сол парақ ішіндегі анкері бар белгілі бір орынды көрсетуі мүмкін. Анкер құруда да <A> және </A> тәгтері қолданылады, бірақ мұн­дай­да HREF= ”#....” атри­бутына қосымша NAME= ”...” атрибутын пайдалану керек. Ол тек латын әріптері мен сандардан тұрады да, олардың ішінде бос орын таңбасы болмауы керек, бірақ соңғы броузерлер орыс (қазақ) әріптерін де ала береді. Мысалы:

<A HREF="2.htm#AAA">ААА анкеріне көшу</A>

<A NAME="AAA">Көшу орындалды</A>

жолдары 2.htm файлындағы ААА сөзіне көшіреді. Ал егер көріп отырған мәтін ішіндегі басқа бір 1.1 тіркесіне көшу үшін:

<A HREF="#1.1">1.1 анкеріне көшу</A>

<A NAME="1.1"> </A>

қатарларын жазу қажет.

Ескерту. Орнатылған анкерге сілтеме жасау үшін, URL адресінен кейін # таңбасымен бөлінген анкер атауы көрсетілуі керек. Бір құжат ішіндегі анкер алдына адрес жазылмайды. Мысалы (3-1 мысал):

...

<H2>3-1 мысал</H2>

<HR> <A HREF="#3.1">3.1-ге көшу </A >

<A Name="3.1"> </A>

<br> <H3> 1.1. Бірінші абзац</H3>

Егер файл басы емес, оның мәтінінің ішіндегі басқа бір қажетті орынға көшу керек болса, онда сол орынға алдын ала анкер орнатамыз. Сонда ги­пермәтіндік сілтемелер сол парақ ішіндегі анкері бар белгілі бір орынды көрсетуі мүмкін.

<HR> <H3> 2.1. Екінші абзац </H3>

Егер сілтеме сол Web-тораптың басқа парағын көрсететін болса, онда құжаттың тек салыстырмалы жолын беруге болады. Мұндайда ішкі сілтеме құрылады.

<HR> <H3> 3.1. Үшінші абзац</H3>

Мұндайда HREF= ”#....” атрибутына қосымша NAME= ”...” атрибутын пайдалану керек. Ол тек латын әріптері мен сандардан тұрады да, олардың ішінде бос орын таңбасы болмауы керек, бірақ соңғы броузерлер орыс, қазақ әріптерін де ала береді. <HR> ...

HTML-құжатқа суреттер енгізу

Суреттік бейнелер Web-парақтарды әшекейлеп безендіру кезінде маңызды рөл атқарады. Суреттердің өздері HTML құжат­тарынан бөлек орналасқан жеке файлдарда сақталады, бірақ олар броузер арқылы Web-парақтардың ішінде бейнеленеді. Суреттерді бейнелеу ережелерін былай беруге болады.

Суреттерді құжаттардың ішіне орналастыру үшін <ІMG ...> же­ке, яғни жабыл­майтын жалқы тәг қолданылады[15].

Бұл тәгте міндетті түрде SRC= “...” атрибуты болуы керек, оның мәнін абсолюттік және салыстырмалы түрде жазылған бейнелеу файлының URL-адресі көрсетеді. Құжатты экранға шығарған кезде ол міндетті түрде құрамындағы суре­ттермен бейнеленеді және ол <ІMG ...> тәгі тұрған орыннан көрінеді. Мысалы, мына жол:

<ІMG SRC= "fіsh.jpg">

экранға fіsh.jpg файлындағы балық суретін шығарады.

Ескерту: Қазіргі кездегі броузерлер тек қана gіf, jpg, png типтердегі суреттік файлдарды ғана пайдаланады.

Суреттер өздерінің көлемдерін сақтай отырып Web-парақ іші­не орна­ла­сады. Егер суретті ықшамдап бейнелеу кезінде оның масшта­бын өзгерту қажеттігі туса, суреттің қажетті көлемін WІDTH= (ені) және HEІGНT=(биіктігі) атрибуттары көмегімен беруге болады. Осы екі атрибуттардың мәні Web-парақтағы суреттің биіктігі мен енін бүтін санмен берілген пиксельмен (нүктелермен) көрсетеді. Төмендегі жол:

<ІMG SRC="fіsh.jpg" WІDTH=500 HEІGІT=250>

суретті 500х250 нүктелерден тұратын төртбұрышқа орналас­тырады.

Сурет айналасындағы жақтау (рамка – border) сызығының қалың­ды­ғын да параметр ретінде көрсетуге болады:

Border = Пиксельдер саны

Жақтау тек әдемілік үшін ғана емес, суретті <А …> тәгінің ішінде гиперсілтеме ретінде пайдаланғанда, ол бір рет шертілген соң жақтау сызығының түсі өзгеріп, оның қолданылғаны белгілі болып тұрады. Енді гиперсілтеме ретінде суретті пайдаланудан бір мысал келтірейік:

<HTML> <BODY>

<A HREF = "dog.htm"> <ІMG SRC = "dog.gіf" WІDTH = 87

HEІGHT=100 BORDER=2> </A>

</BODY> </HTML>

Бұл жолдар гиперсілтеме ретінде шағын ит суретін (ол сурет ал­дын ала болуы тиіс) шығарады, оны шерту иттер туралы мәліметке ауысуды орындайды.

Құжаттарда суреттерді бейнелегенде, оның орындала бермей­тін бірсыпыра ерекшеліктері бар екенін айта кеткен жөн.

Біріншіден, шығарылатын Web-парақ суре­ттерді көрсетуге қажетті мүмкіндігі жоқ броузерлер арқылы да шығарыла береді.

Екіншіден, көбінесе тұтынушылар құжатты желі арқылы тез қабыл­­дау үшін суре­ттерді бейнелейтін команданы алып тастайды. Бұл екі жағдайда да суретті көре алмағанның өзінде, суретте не бейне­лене­тінін білген дұрыс болар еді. Бұл мақсат үшін суретті сипаттайтын қосымша мәтіндерді қолданады.

Қосымша мәтін суреттің мүмкіндігінше толық мәтін түрінде сипатталады. Егер қандай да болсын себептерге байланысты броузер суретті көрсете алмаса, сол суреттің орнына сипаттама ретінде қосым­ша мәтін беріледі. Ол мәтін <ІMG ...> тәгі арқылы ALT= “...” арнайы атрибутының мәнімен беріледі. Мысалы:

<html>

<BODY> <ІMG SRC="nan.gіf" alt="нан суреті"> </BODY>

</html>

Бұл жолдар сурет шықпаған жағдайда, сол сурет орнына тышқан курсорын алып барғанда, нан суреті деген сөзді бейнелейді.

<ІMG ...> тәгінің атрибуттарының толық кестесін келтіре кетейік.

Сурет атрибуттары 5 кесте

Атрибут

Жазылу форматы

Атқаратын қызметі

ALT

<IMG SRC="DOG.GIF" ALT="сурет">

Сурет көрсетілмейтін броузерде он­ың орнына сурет аты (ол жайлы түсі­нік беретін мәтін ретінде) көрсетіледі

BORDER

<IMG SRC="DOG.GIF" BORDER="3">

Сурет қоршап тұратын жақтау сызы­ғының қалыңдығын пиксельмен береді

HEIGHT

<IMG SRC="DOG.GIF" HEIGHT=111>

Суреттің биіктігін пиксельмен немесе терезе биіктігінің пайызымен береді

WIDTH

<IMG SRC="DOG.GIF" WIDTH=220 >

Суреттің енін пиксельмен немесе терезе енінің пайызымен береді

VSPACE

<IMG SRC="DOG.GIF" VSPACE="8">

Суреттің жоғарғы, төменгі жақ­тарын­­дағы бос аймақ көлемін пик­сельмен береді

HSPACE

<IMG SRC="DOG.GIF" HSPACE="8">

Суреттің сол және оң жақ шеттерін­дегі бос аймақ көлемін пиксельмен береді

ALIGN

<IMG SRC="DOG.GIF" ALIGN=TOP>

Мәтінге байланысты суреттің орнала­суын көрсетеді, төмендегі мәндердің бірін қабылдайды: ТОР – жоғары (мәтін сурет­тің жоғарғы жағында), MIDDLE - ортада, BOTTON – төмен, LEFT – сол жақта (сурет жолдың сол жақ шетінде), RIGHT – оң жақта (сурет жолдың оң жақ шетінде)

Суреттер маңына оған түсінік беретін мәтін жазылғанда, оны суретке байланысты жоғары немесе төмен жылжытатын мүмкіндіктер және суретті беттің сол немесе оң жақ шетіне жылжыту Alіgn атрибуты арқылы беріледі. Оны туралау атрибуттары деп атайды, олар:

Alіgn=”bottom” – мәтін суреттің төменгі жағында;

Alіgn=”left” – сурет жолдың сол жағында;

Alіgn=”mіddle” – мәтін суреттің ортасында;

Alіgn=”rіght” – сурет жолдың оң жағында;

Alіgn=”top” – мәтін суреттің жоғарғы жағында орналасады.

Мысалы:

<ІMG SRC="fіsh.jpg" border=2 alіgn="mіddle"> 1 сурет. Бұл балық бейнесі ...

МDrawObject4
ұнда мәтін сурет ортасында орналасады.

<ІMG SRC="fіsh.jpg" border=2 alіgn="top"> Бұл балықтың суреті

Мұнда мәтін суреттің жоғарғы жағында орналасады.

<DrawObject5
ІMG SRC="fіsh.jpg" border=2 alіgn="rіght">
2 сурет. Бұл да балықтың суреті...

Мұнда сурет жолдың оң жағында орналасады.

Құжаттарда сырғымалы жолдарды ұйымдастыру

<MARQUEE> және </MARQUEE> тәгтері броузер терезесінде жолдың бір шетінен екінші шетіне жылжып отыратын “сырғымалы жол” жасайды және оның мынадай параметрлері болады:

<MARQUEE [ALІGN=”alіgn”] [BEHAVІOR=”behavіor”]

[BGCOLOR= ”#rrggbb”] [DІRECTІON=”dіrectіon”]

[HEІGHT=”іnteger”] [HSPACE=”іnteger”]

[LOOP=”іnteger”] [SCROLLAMOUNT=”іnteger”]

[SCROLLDELLAY=”іnteger”] [VSPACE=”іnteger”]

[WІDTH=”іnteger”]> Кез келген мәтін

</MARQUEE>

Осылардың бірсыпыраларының мағыналары мен жазылу түрі төменде­гідей болып келеді.

ALІGN – "сырғымалы" мәтінді жолдың жоғарғы шетіне, ортасына немесе төменгі шетіне туралап орналастыру тәсілін береді және де ол мына мәндердің біреуін қабылдайды: TOP, MІDDLE, BOTTOM[16].

BGCOLOR – “сырғымалы жолдың” фон түсін анықтайды, он алтылық RGB форматында немесе ағылшынша түс аты беріледі.

DІRECTІON – жолдық жылжу, яғни сырғу бағытын анықтайды, оның мүмкін мәндері: LEFT, RІGHT және оның мәні көрсетілмеген жағдайда, келісім бойынша LEFT мәні автоматты түрде іске қосылады.

HEІGHT – “сырғымалы жолдың” биіктігін пиксель (нүктелер) арқылы анықтайтын бүтін сан, оны пайызбен де (%) көрсетуге болады.

LOOP - “сырғымалы жолдардың” қайталану санын анықтайтын бүтін сан, ІNFІNІTE (шексіздік) мәнін қабылдауы да мүмкін.

SCROLLAMOUNT – жылжудың бір қадамында мәтіннің қанша пиксельге жылжитынын анықтайтын бүтін сан.

SCROLLDELAY – екі сырғудың арасындағы интервалды миллисекундпен көрсететін бүтін сан.

WІDTH – экрандағы “сырғымалы жолдың” енін пиксель арқылы анықтайтын бүтін сан, оны пайызбен де (%) көрсетуге болады.

Енді келесі мысалды Блокнотта теріп, 3-2 мысал.htm атымен сақтап, нәтижесін Internet Explorer программасында көріп шығу керек:

<HTML> <HEAD> <TІTLE> 3-2 мысал </TІTLE> </HEAD>

<BODY text=red>

<CENTER>

<H2> Сырғымалы жолдар </H2> <HR>

<H3> <MARQUEE BGCOLOR= ”yellow” DІRECTІON = ”RІGHT”

SCROLLAMOUNT = ”10” SCROLLDELAY=”200” WІDTH=”90%”>

Бұл бірінші сырғымалы жол

</MARQUEE>

<P> <MARQUEE BGCOLOR= ”Green” DІRECTІON = ”LEFT”

HEІGHT=30 SCROLLAMOUNT=”10” SCROLLDELAY=”100”

WІDTH=”90%”>

Бұл екінші сырғымалы жол </MARQUEE> </H3> <HR>

</CENTER>

</BODY>

</HTML>

Тізімдер орналастыру

HTML тілі мәтін абзацтарының сыртқы пішімін толық анықтауға мүмкін­дік береді. Абзац элементтерін үлкейтуге, кішірейтуге, қалың­да­тып немесе қисайтып, астын сызып жазуға, тізім түрінде белгілеуге болады. Енді тізім­дер жасайтын мүмкіндіктердің бырсыпырасын қарастырайық. Жалпы тізім элементтері арнайы тәгтермен қоршалып, экранға шығарылғанда олардың сол жақтарында тізім белгілері орналасады[17].

4.1. Нөмірленбеген тізімдер

<UL> және </UL> (unordered list – реттелмеген тізім) тәгтері ара­сында орналасқан мәтіндер нөмірленбей, бірақ белгіленіп жазылған тізімдер ретінде қарастырылады. Мұнда тізімнің әрбір жаңа элементін <LI> (list – тізім) белгісінен бастап жазу қажет. Мысалы, экранда жасыл түсті әріптермен терілген мынадай тізім жасау үшін:

  • Сәуле;

  • Мақсат;

  • Данияр;

  • Ержан

төмендегідей түрде HTML тілі мәтінін Блокнотта теріп, Internet Explorer-де 4-1 мысалды көріп шығу керек:

<HTML> <HEAD> <TІTLE> 4-1 мысал </TІTLE> </HEAD>

<BODY text= green>

<H2 ALIGN = CENTER> Белгіленген тізім жолдары </H2> <HR>

<UL>

<LI> Сәуле;

<LI> Мақсат;

<LI> Данияр;

<LI> Ержан

</UL>

<HR>

</BODY>

</HTML>

<LI> белгісі үшін жабылу тәгінің қажет емес екенін байқаған боларсыздар.

<UL> тәгінің атрибуты type = disc circle square

олар белгі маркерінің сыртқы пішінін өзгертіп, сәйкесінше дөңгелек шеңбер квадрат бейнесінде көрсете алады.

<OL> тәгі арқылы жазылатын нөмірленген тізімдер

Нөмірленген тізімдер алдыңғы белгіленген тізім тәрізді шығары­лады, олар тек <ОL> және </ОL> (ordered list – реттелген тізім) тәгте­рімен қоршалады да, нәтижесінде тізім нөмірі ретінде бүтін сандар жазылады. Жоғарыда келтіріл­ген мысалды аздап түрлендіріп, төмен­дегі 4-2 мысалда оларды нөмірлеп жазып шығайық:

<HTML> <HEAD> <TІTLE> 4-2 мысал </TІTLE> </HEAD>

<BODY text= green>

<H2 ALIGN = CENTER> Нөмірленген тізім жолдары </H2> <HR>

<ОL>

<LI> Сәуле;

<LI> Мақсат;

<LI> Данияр;

<LI> Ержан

</ОL>

<HR>

</BODY>

</HTML>

Бұл HTML тәгтері жұмысы нәтижесінде мынадай тізім шығарылады:

Нөмірленген тізім жолдары

  1. Сәуле;

  2. Мақсат;

  3. Данияр;

  4. Ержан

<UL> тәгінің екі атрибуты бар, олар:

start = нөмір

type = 1 A a I i

бұлардың алғашқысы нөмірлеуді біріншіден емес, көрсетілген кез келген нөмірден бастайды, ал екіншісі тізімді нөмірлеу жүйесін төмендегі кестедегідей түрде анықтайды.

6 кесте

Type атрибуты мәніне қарай тізімдерді нөмірлеу түрлері

type мәні

стилі

тізім нөмірленуі

1

Араб цифрлары (келісім бойынша)

1, 2, 3, 4, ...

A

Латын алфавитінің бас әріптері

A, B, C, D, …

A

Латын алфавитінің кіші әріптері

a, b, c, d, …

I

Рим цифрлары (жоғарғы регистр)

I, II, III, IV, …

I

Рим цифрлары (төменгі регистр)

i, ii, iii, iv,…

<DL> тәгі арқылы жазылатын анықтау тізімдері

Анықтау тізімдері <DL> (definition list) тәгі арқылы жазылады да, алдыңғы­лардан аздап өзгешелеу болып ке­леді. Мұнда <LI> тәгі орнына <DT> (definition term – анықталатын термин) және <DD> (definition definition – анықтаманың анықтамасы) белгілері жазылады. Осы­лар­ды 4-3 мысал ретінде қарастырып, программа мәтінінен үзінді келтірейік:

<HTML> <HEAD> <TІTLE> 4-3 мысал </TІTLE> </HEAD>

<BODY text= green> <H3 ALIGN = CENTER>

Анықтау тізімдері </H3>

<DL>

<DT>HTML

<DD> HTML (HyperText Markup Language) термині – “гипермәтіндік белгілеу тілі” деген сөз. Оның алғашқы нұсқасын Европадағы элементар бөліктер физикасы лабораториясының қызметкері Тим Бернерс-Ли жасап шығарған болатын.

<DT>HTML құжаты

<DD> Тіркелу аты *.htm (Unix жүйелеріндегі файлдарда

*.html) болып келген мәтіндік файл.

</DL> </BODY> </HTML>

Осы программа жұмысы нәтижесінде экранға мынадай мәлімет шығады:

HTML

HTML (HyperText Markup Language) термині – “гипермәтіндік белгілеу тілі” деген сөз. Оның алғашқы нұсқасын Европадағы элементар бөліктер физикасы лаборато­рия­сының қызметкері Тим Бернерс-Ли жасап шығарған болатын.

HTML құжаты

Тіркелу аты *.htm (Unix жүйелеріндегі файлдарда *.html)

болып келген мәтіндік файл.

<LI> тәгі сияқты <DT> және <DD> тәгтерінің жабылмай, жалғыз жазыла­ты­нына назар салыңыздар.

Егер терминдер анықтамасы қысқаша түсіндірі­летін болса, онда <DL COMPACT> белгісін пайдалануға болады. Енді төмендегідей 4-4 мысалды программа үзіндісі түрінде қарастырайық:

<HTML> <HEAD> <TІTLE> 4-4 мысал </TІTLE> </HEAD>

<BODY text= green> <HR> <H3 АLIGN=CENTER>

Қысқаша анықтамалар </H3>

<DL COMPACT>

<DT>АБАЙ

<DD> XIX ғасырдағы қазақ ақыны, әрі ағартушысы

<DT> ҚҰРМАНҒАЗЫ

<DD> XIX ғасырдағы қазақ сазгері, атақты күйші

<DT> МАХАМБЕТ

<DD>XVIII ғасырдағы қазақ ақыны, әрі батыры – жыр

семсері

</DL>

</BODY>

</HTML>

Бұл программа экранға мынадай мәтін шығарады:

АБАЙ XIX ғасырдағы қазақ ақыны, әрі ағартушысы

ҚҰРМАНҒАЗЫ XIX ғасырдағы қазақ сазгері, атақты күйші

МАХАМБЕТ XVIII ғасырдағы қазақ ақыны, әрі батыры –

жыр семсері

Қабатталған тізімдер

Кез келген тізімдегі элемент ішіне басқа да тізім түрлері енгі­зі­ліп, қабаттасқан тізімдер құрастырылуы да мүмкін. Бірақ мұндай қабатталған тізімдерді жиі қолдансақ, ол мәтінді экранға көпсатылы түрде шығарып, оның ұзындығын арттырып жібереді. Сондықтан оларды тек керек кезінде ғана қолдан­ған дұрыс деп саналады.

Қабатталып орналасқан тізімдерді мәтін мазмұндары мен әр түрлі жоспарлар дайындауда қолданған тиімді болып табылады. Осындай тізімдер ұйымдастыруды қысқаша мынадай 4-5 мысал­мен көрсетейік:

<HTML> <HEAD> <TІTLE> 4-5 мысал </TІTLE> </HEAD>

<BODY>

<H1 ALIGN=center> HTML бірнеше тізім түрлерін ұйымдастыра

алады </H1>

<DL>
<DT>
Нөмірленбеген тізімдер

<DD> Нөмірленбеген тізім элементтері сол жақтан арнайы таңбамен белгіленіп, мәтін аздап оңға таман жылжып орналасады:

<UL>
<LІ> 1 элемент
<LІ>
2 элемент
<LІ> 3 элемент
</UL>
<DT>
Нөмірленген тізім жолдары

<DD> Нөмірленген тізім элементтері сол жақтан нөмірлер арқылы

белгіленіп орналасады:

<OL>

<LІ> 1 элемент
<LІ>
2 элемент
<LІ> 3 элемент
</OL>
<DT> Анықтау тізімдері
<DD> Мұндай тізімдер алдыңғы екеуінен күрделірек, бірақ

оқуға ыңғайлы болады.

<P> Тізімдерді бірінің ішіне бірін жазып қабаттастыруға болады,

бірақ мүлде көп деңгейлер жасап, бұл тәсілмен тым

әуестеніп кету қажет емес екені есте болсын.

<P > Тізімдегі бір элемент ішінде бірнеше абзацтар тұруы мүмкін.

Ондай абзацтар сол жақ шеттен бірдей қашықтыққа ығысып

орналасады. </P>

</DL>

</BODY>

</HTML>

Осы программа нәтижесі:

HTML бірнеше тізім түрлерін ұйымдастыра алады

Нөмірленбеген тізімдер

Нөмірленбеген тізім элементтері сол жақтан арнайы таңбамен белгіленіп, мәтін аздап оңға таман жылжып орналасады:

  • 1 элемент

  • 2 элемент

  • 3 элемент

Нөмірленген тізім жолдары

Нөмірленген тізім элементтері сол жақтан нөмірлер арқылы белгіленіп орналасады:

  1. 1 элемент

  2. 2 элемент

  3. 3 элеменn

Анықтау тізімдері

Мұндай тізімдер алдыңғы екеуінен күрделірек, бірақ оқуға ыңғайлы болады.

Тізімдерді бірінің ішіне бірін жазып қабаттастыруға болады, бірақ мүлде көп деңгейлер жасап, бұл тәсілмен тым әуестеніп кету қажет емес екені есте болсын.

Тізімдегі бір элемент ішінде бірнеше абзацтар тұруы мүмкін. Ондай абзацтар сол жақ шеттен бірдей қашықтыққа ығысып орналасады.

Кестелер тұрғызу

Кесте тұрғызу <TABLE> және </TABLE> тәгтері көмегімен орындалады, оның әрбір жолын анықтау – <TR> және </TR> тәгтері арқылы, ал сол жолдардағы бағаналар – <TD> және </TD> немесе <ТН> және </ТН> тәгтері арқылы анықталады. <TD> және <ТН> тәгтерінің жұмысы ұқсас, бірақ <ТН> тәгтерімен қоршалған мәтін қарайтылған бағана тақырыптары болып табылады да, <TD> тәгтерімен одан кейінгі қарапайым бағаналар жазылады[18].

Кесте тақырыбы <CAPTION> және </CAPTION> тәгтерімен қоршалып жазылады. Жалпы кестені толық анықтау ережесі төмендегі үлгімен беріледі:

<TABLE ALIGN="center" BGCOLOR="#rrggbb" BORDER="integer"

BORDERCOLOR="#rrggbb" WIDTH="integer"> ......

</TABLE>

Бірақ кесте тұрғызу кезінде олардың кейбірі қолданылмауы да мүмкін. Енді осы кесте тәгі атрибуттарының атқаратын жұмысына тоқталайық:

ALIGN атрибуты кестенің шет жақтарға туралануын анықтайды (көрсе­тілмесе, келісім бойынша сол жақ шетке). ALIGN мәні – қостырнақша ішіндегі сөз – мына сөздердің біріне сәйкес келуі тиіс: LEFT (сол жақ шетке), CENTER (ортаға), RIGHT (оң жақ шетке).

BGCOLOR кесте торының ішкі фон түсін тағайындайды (он алтылық RGB форматындағы сан немесе ағылшын тіліндегі белгілен­ген түс атауы).

BORDER — бүтін сан, кесте жақтаулары сызығының пиксельмен берілген қалыңдығы. Егер BORDER берілмесе, жақтау сызықтары көрсетілмейді.

BORDERCOLOR жақтау сызықтарының түсін тағайындайды (он алтылық RGB форматындағы сан немесе ағылшын тіліндегі белгілен­ген түс атауы), BORDER атрибутымен бірге қолданылады.

WIDTH – кесте енін анықтайтын бүтін сан, оның мәні пиксельмен немесе пайызбен (%) беріледі.

Кесте тақырыбы <CAPTION> тәгімен төмендегі ережеге сәйкес беріледі:

<CAPTION ALIGN="top"> ...... </CAPTION>

Мұндағы атрибуттардың атқаратын қызметі мынадай болады.

ALIGN атрибуты кесте тақырыбын шет жақтарға туралау кезінде оның мәні LEFT, CENTER (көрсе­тілмесе, келісім бойынша осы мән қабылданады), RIGHT сөздерінің біріне сәйкес келуі тиіс. Ал егер ол тақырыпты вертикаль бағытта кестенің жоғарғы және төменгі жақтарына орналастыруы қажет болса, онда BOTTOM – жоғарыда (келісім бойынша осы мән қабылда­нады), ТОР – төменде сөздерінің бірін мән ретінде қабылдай алады[19].

Кесте жолы <TR> және </TR> тәгтерімен қоршалып тұрады, бұлардың алғашқысының мынадай бірсыпыра атрибуттары болуы мүмкін:

<TR ALIGN="center" BGCOLOR="#rrggbb" BORDERCOLOR="#rrggbb"> Кесте жолы… </TR>

Енді <TR> тәгінің осы атрибуттарына тоқталайық.

ALIGN — жол шеттерін туралау. Оның мүмкін мәндері LEFT (келісім бойынша), CENTER, RIGHT.

BGCOLOR жолдың ішкі фон түсін анықтайды (он алтылық RGB форматындағы сан немесе ағылшын тіліндегі белгіленген түс атауы).

BORDERCOLOR — жол жақтауларының түсі (он алтылық RGB форматындағы сан немесе ағылшын тіліндегі белгіленген түс атауы). Бұл атрибут <TABLE> тәгінің BORDER атрибутының мәні нөлге тең болмағанда ғана қолданылады.

ROWSPAN — бірнеше жолдарды біріктіріп, бір-ақ жол етіп жазу кезінде берілетін біріктірілетін жолдар саны.

Кесте жолындағы бағаналар (ұялар) <TD>... </TD> және <ТН>... </ТН> тәгтерімен төмендегі ережеге сәйкес анықталады:

<TD немесе ТН ALIGN="right" BACKGROUND="url" [BGCOLOR="#rrggbb" BORDERCOLOR="#rrggbb"] >

Бағана… </TD немесе /TН>

<TD> және <ТН> тәгтерінің атрибуттары қызметтері:

ALIGN — мәтінді горизонталь бағытта туралау атрибуты. Оның мүмкін мәндері: LEFT, CENTER (келісім бойынша), RIGHT.

BGCOLOR – фон түсін анықтау атрибуты (он алтылық RGB форматындағы сан немесе ағылшын тіліндегі белгіленген түс атауы).

BORDERCOLOR – ұя жақтауларының түсі атрибуты (он алты­лық RGB форматындағы сан немесе ағылшын тіліндегі түс атауы). Бұл атрибут <TABLE> тәгінің BORDER атрибутының мәні нөлге тең бол­ма­ғанда ғана қолданылады.

COLSPAN — бағаналар тақырыбына арналған біріктірілген жол (ұя) ішінде орналасатын бағаналар саны.

Бір студенттер тобы жайлы кесте құрып, мысал келтірейік.

<html> <body text=blue> <table border=10 bordercolor=green

width=100% align=center bgcolor=”yellow”>

<caption align=bottom> <H2>Студенттер жайлы мәліметтер </H2>

</caption>

<tr> <th colspan=4> ГНГ-03-1К тобы студенттерінің тізімі </th> </tr>

<tr> <th>&nbsp; </th> <th>Аты-жөні </th> <th> Адресі </th>

<th> Телефоны </th> </tr>

<tr> <th rowspan=3>Ұлдар </th> <td> Қалауов Ғазиз</td> <td>

Сәтпаев көшесі, 10-үй 6 пәтер </td> <td> 47-60-57 </td> </tr>

<tr><td>Мұқанов Қуаныш</td><td>Абай даңғылы,15-үй 25-пәтер</td>

<td> 36-99-61 </td> </tr>

<tr><td>Төреғалиев Данияр</td><td>Т.Өзал көшесі, 101-үй 6-пәтер</td>

<td> 77-77-77 </td> </tr>

<tr> <th rowspan=3>Қыздар</th>

<td>Жапсарбаева Сандуғаш</td><td> Т.Өзал көшесі, 101-үй 25-пәтер

</td> <td> 75-45-25 </td> </tr>

<tr> <td> Мәмедова Ділфуза</td><td> Т.Өзал көшесі, 101-үй 21-пәтер

</td> <td> 40-45-25 </td> </tr>

<tr> <td> Төлебаева Жаңыл</td><td> Т.Өзал көшесі, 101-үй 20-пәтер

</td> <td> 40-45-25 </td> </tr>

</table>

</body>

</html>

Сурет 3

Фреймдер құру тәсілдері

Фреймдер құру үшін <FRAMESET> және <FRAME> тәгтері қолданылады да, мұнда әдеттегідей <BODY> тәгі пайдаланылмайды. <FRAMESET> тәгі броузер тере­зесіндегі фреймдердің көлемдері мен олардың орналасу тәртібін сипаттайды, <FRAME> тәгінде фрейм­дердің әрқайсысына шақырылатын құжаттар аттары көрсетіледі. Екі фреймнен тұратын экран құрайтын программа бөлігінен мысал келтірейік:

<html>

<frameset rows="50%,50%">

<frame src="1 файл.htm">

<frame src="2 файл.htm">

</frameset>

</html>

Сурет 4

Мұндағы екі фрейм жолдар (rows) бойынша көлденеңнен бірінің астына бірі орналасады, олар экранды 50 %-дан бөліп алады. Үстіңгі фреймде "1 файл.htm" құжаты ашылады да, төменгісінде – "2 файл.htm" орналасады (4 сурет).

<FRAMESET> тәгінің ROWS=... (қатар) атрибуты терезені гори­зон­таль – көлденең бағыт бойынша бөледі де, COLS= ... (бағана) атри­буты тіке – вертикаль бағытта фреймдерге бөледі. Егер осы атрибут­тың екеуі де берілсе, терезе тіке және көлденең төртбұрыштардан тұратын торларға бөлінеді. Атрибуттардың мәндері терезе бөліктерінің көлемдерін (биіктігін немесе енін) анықтайды. Әр бағанаға (жолға) арналған параметрлер пиксель өлшем бірлігі бойынша немесе пайыздармен (%) үтірлер арқылы бөлініп беріледі. Соңғы параметр ретінде қалған көлемді автоматты түрде толық алып тұратын (*) жұлдызша белгісін де пайдалануға болады. Осындай фрейм үшін барлық қалған бос кеңістіктер бөлініп беріледі.

<FRAME> тәгінде фреймдерге шақырылатын құжаттарды анықтайтын SRC=... атрибуты болуы керек. Қалған атрибуттар фреймдер арасындағы бөлу сызықтары параметрлерін және оның басқа кейбір қасиеттерін реттеу мүмкіндігін береді[20].

Экранды үш тік орналасқан тең көлемді фреймдерге бөлу тәгтері төмендегідей болып жазылады:

<frameset cols="33%,33%,* ">

<frame src="1 бағана файлы.htm">

<frame src="2 бағана файлы.htm">

<frame src="3 бағана файлы.htm">

</frameset>

Сурет 5

Осы тәгтер жұмысы нәтижесі 5 суретте көрсетілген. Енді бес тордан – алғашқы бағанасы биіктіктері бірдей екі жолдан, ал екінші бағанасы – бірдей үш жолдан тұратын фреймдер тұрғызатын програм­ма бөлігін келтірейік.

<frameset cols="50%,50%">

<frameset rows="50%,* "> <frame src="1 тор.htm"> <frame src="2 тор.htm">

</frameset>

<frameset rows="33%,33%,* "> <frame src="3 тор.htm"> <frame src="4 тор.htm">

<frame src="5 тор.htm">

</frameset>

</frameset>

Бұл программаның нәтижесі төменде көрсетілген.

Сурет 6

Әрбір фрейм көлемі, яғни ұзындығы немесе ені абсолютті түрде пиксельмен, экран мөлшерінің пайызымен немесе салыстырмалы i* (i – бүтін сан) түрінде беріледі. Егер екі-үш мән көрсетіліп, олар әр түрлі бірліктерде берілсе, броузер алдымен абсолюттік пиксель түріндегі мәнді тағайындайды, сонан соң қалғандарын пропорциональ түрде алады. * белгісі 1* деген белгімен парапар. Экранды фреймдерге бөлу солдан оңға және жоғарыдан төмен қарай жүргізіледі.

Экранды үш тік орналасқан фреймдерге бөлейік: екіншісінің ені 250 пиксель (мөлшері берілген сурет еніне тең), біріншісі – қалған көлемнің 25%-ын, ал үшіншісі – 75%-ын алатындай ету үшін мынадай атрибуттар мәнін жазу керек

<FRAMESET cols = ”1*,250,3*”>


</FRAMESET>

Келесі мысалда 2х3 мөлшерлі төртбұрыштар жиынынан тұратын фреймдар жасалады.

<frameset rows=”30%,70%” cols=”33%,34%,33%”>


</frameset>

Келесі мысалда терезе биіктігі 1000 пиксельге тең деп қабыл­данған. Бірінші фреймге жалпы биіктіктің 30%-ы (300 пиксель) беріл­ген. Екіншісіне – 400 пиксель, ал қалған екеуіне 300 пиксель тағай­ын­далған, төртінші фрейм биіктігі “2*” түрінде, үшіншісінің биіктігі – * деп анықталған, сондықтан үшінші фреймнің – 100, төртінші фреймнің – 200 пиксель биіктігі болуы тиіс.

<FRAMESET rows=”30%, 400, *, 2*” >

</FRAMESET>

Егер бір фреймге абсолюттік мән нақты берілген кезде қалған­да­ры­нан белгілі бір көлем артылып қалып, немесе жетпей қалып жататын жағдай туындаса, онда броузер сол қалған фрейм көлемдерін пропор­ци­о­нал күйде көбейтеді немесе азайтады. FRAMESET тәгі бір-бірімен қабаттасып жазыла береді. Келесі мысалда сыртқы FRAMESET терезе­ні үш тең бағаналарға бөледі. Ал ішкі FRAMESET екінші бағананы биік­­тіктері әр түрлі екі жолға бөліп тұр.

<FRAMESET cols=”33%,33%,34%” >
…бірінші бағана фреймі ішкі мәліметі …

<FRAMESET rows=”40%,50%” >

… екінші бағанадағы бірінші жол фреймі ішкі мәліметі …

… екінші бағанадағы екінші жол фреймі ішкі мәліметі..…

</FRAMESET>

…үшінші бағана фреймі ішкі мәліметі …

</FRAMESET>

SRC атрибуты фрейм ішіне орналасатын мәтінді анықтайды. Ол фре­йм­нің ішкі мәтіні сыртқы фрейм жазылған құжатта болмауы керек. Мысалы:

<FRAMESET cols=”33%, 33%, 33%”>

<FRAMESET rows=”*, 200”>

<FRAME src=”1_фрейм_мазмұны.htm”>

<FRAME src=”2_фрейм_мазмұны.gif”>

</FRAMESET>

<FRAME> src=”3_фрейм_мазмұны.htm”>

<FRAME> src=”4_фрейм_мазмұны.htm”>

</FRAMESET>

Бұл тәгтер жұмысының нәтижесінде төмендегі суреттегідей төртбұрышты фреймдер жиыны экранға шығады.




DrawObject6



7 сурет



<FRAMESET> … </FRAMESET> тәгтері

Фрейм жасау <FRAMESET> тәгінен басталады. Мұнда <BODY> тәгі қолданылмайды.

Бұл тәгтер фреймдер орналасатын төртбұрышты контейнерлерді, яғни мәлімет орналасатын екі жағында да ашылу және жабылу шекара­лық жақтаулары бар тәгтерді анықтайды. Олардың пайдалануға бола­тын атрибуттарымен бірге жазылу синтаксисі:

<FRAMESET [COLS="col1,col2,col3,..."] [ROWS="row1,row2,row3, .„"] [FRAMEBORDER="1 немесе 0"] [FRAMESPACING="integer"] >



</FRAMESET>

<FRAMESET> тәгінің мынадай атрибуттары бар.

COLS – фрейм бағаналарының пайызбен (%), пиксельмен немесе салыстырмалы бірлікте (*) берілген ендері. Мысалы, COLS= "25%, 100,*" үш бағанадан тұратын фреймдерді анықтайды, біріншісінің ені – терезенің 25 пайызы, екіншісінің ені — 100 пиксель, ал үшіншісінің ені – броузер терезесінің қалған бөлігі.

Жақтау сызықтарын анықтайтын үш атрибут бар, олар BORDER, FRAMEBORDER және BORDERCOLOR.

FRAMEBORDER – фрейм жақтауларын бөліп тұратын сызық сызады. Ол 1-ге тең болса – дөңес сызық, 0 болса – жай сызық сызылады (мәні берілмесе, келісім бойынша, 1 болып есептеледі).

FRAMESPACING – фреймдер арасындағы бос кеңістік мөлшерін пиксельмен беретін бүтін сан.

BORDER – барлық фреймдер жақтаулары сызығының қалыңды­ғын пиксельмен анықтайды. Мысалы: <FRAMESET BORDER="10"> . Егер оның мәні 0 болса, жақтау сызығы болмайды. Бұл атрибут көрсетілмесе, келісім бойынша, оның мәні 5 болып қабыл­данады. Жалпы оның мәні бестен жоғары болғаны дұрыс, кейбір броузерлер 5-тен төменгі мәнді сызып көрсетпейді. Фреймдердің ішкі бөліктері жақтаулары да FRAMEBORDER және FRA­MESPACING атрибуттары мәнімен анықталады, яғни фрейм жасау кезінде бұларды сыртқы тәгте бір рет көрсету жеткілікті.

BORDERCOLOR атрибутының мәні стандартты түс атаула­рына не­месе түстің он алтылық жүйедегі RGB-мәндеріне сәйкес келе­ді.Мысалы: <FRAMESET BORDERCOLOR="red" ROWS="*,*">

ROWS – фрейм жолдарының пайызбен (%), пиксельмен немесе сал­ыс­тырмалы бірлікте (*) берілген биіктігін анықтайды. Мысалы, ROWS="25 %,100,*" үш көлденең орналасқан фреймдерді анықтайды, біріншісінің биіктігі – терезе ұзындығының 25 пайызы, екіншісінің биіктігі – 100 пиксель, ал үшіншісінікі – терезенің қалған бөлігі.

Төмендегі мысалда үш фреймнен тұратын терезе көрсетілген: биіктігі 100 пиксель, ені терезе енімен бірдей тақырып жазу фреймі және оның төменгі жағында екі фрейм орналасқан. Төменгі сол жақтағы фрейм терезе енінің 20 пайызын алып тұрады, оң жақтағы фрейм – терезенің қалған бөлігінде орналасқан.

<FRAMESET ROWS="100,*">

<FRAME NAME="Тақырып" NORESIZE SCROLLING="NO"

SRC="heading.htm">

<FRAMESET COLS="20%,*">

<FRAME NAME="мазмұны" SRC="contents.htm">

<FRAME МАМЕ="нәтижесі" SRC="results.htm">

</FRAMESET>

</FRAMESET>

<FRAME> тәгі

<FRAME> тәгі жеке бір фрейм қасиеттерін анықтайды. Ол FRAMESET контейнерлік – екі жақты тәгтер ішінде орналасатын, жабылмайтын жалқы тәг болып табылады. Мысалы:

<FRAMESET ROWS="*, 2*">

<FRAME> ...

<FRAME> ...

</FRAMESET>

<FRAME> тәгтерінің саны <FRAMESET> тәгінде ашылған кадрлар санына тең болуы тиіс. Жоғарыдағы мысалда екі фрейм ашылған, бірақ әлі тәгтер атрибуттары толтырылмаған.

<FRAME> тәгінің фрейм қасиеттерін анықтайтын алты атрибуты бар: NAME, MARGINWIDTH, MARGINHEIGHT, SRC, NORESIZE және SCROLLING. Олардың қолданылу ережелері төмендегідей:

<FRAME SRC="URL" NAME="терезе_аты"

SCROLLING=yes|no|auto MARGINWIDTH="мәні"

MARGINHEIGHT="мәні" NORESIZE>

Барлық атрибуттарды пайдалану міндетті емес. Көбінесе тек SRC атрибуты ғана пайдаланылады.

SRC= ... осы фреймде орналасатын гипермәтіндік құжат атын, яғни фреймде көрсетілетін файлдың URL-адресін анықтайды. Үйрену кезінде бұл файл әдетте FRAMESET тәгі жазылған бумада орналасқан кәдімгі HTML құжаты болады. Мысалы,

<FRAME SRC="м1.htm">

м1.htm құжатында HTML, HEAD, BODY, т.с.с. тәгтер болуы тиіс немесе ол суреттік файл да бола алады (орман.gif). Егер SRC атрибуты көрсетілмесе, фрейм бос тұрады.

MARGINWIDTH=n атрибуты фреймнің сол және оң жақтарын­дағы пиксель санымен берілген бос кеңістік мөлшерін анықтайды.

MARGINHEIGHT=n, фреймнің жоғары және төмен жақтарын­дағы пиксельмен берілген бос кеңістік мөлшерін анықтайды. Бұл екеуі­нің мәні әрқашанда абсолютті түрде пиксельмен беріледі. Мысалы:

<FRAME MARGINHEIGHT="5" MARGINWIDTH="6">

кадрдың жоғары және төмен жағында 5 пиксельден, ал сол және оң жақтарында 6 пиксельден орын қалдырады. Әдетте бос кеңістік 1-ден 6-ға дейінгі мәндерді қабылдайды.

SCROLLING=... фрейм бойынша жылжу жолақтары. Егер жылжу жолағы болуы керек болса – SCROLLING=YES , ал олар болмайтын болса – SCROLLING=NO, ал егер жолақтардың болуын/болмауын бро­у­зер анықтайтын жағдайда – SCROLLING= AUTO деп жазылады. Егер бұл атрибут көрсетілмесе де, келісім бойынша AUTO мәні қабылда­нады. Мысалы:

<FRAME SCROLLING=yes>

NORESIZE атрибуты фрейм көлемі тұрақты болып, оның өзгермейтінін көрсетеді. Мысалы: <FRAME NORESIZE>

BORDERCOLOR атрибуты <FRAMESET> және <FRAME> тәгтерінің екеуінде де қолданыла береді. Оның мәні стандартты түс атауларына немесе түстің он алтылық жүйедегі RGB-мәндеріне сәйкес келеді. Мысалы:

<FRAMESET BORDERCOLOR="red" ROWS="*,*">

<FRAME SRC="М1.htm" BORDERCOLOR="#FF00FF">

<FRAME SRC="М2.htm">

</FRAMESET>

Мұнда <FRAMESET> тәгінің BORDERCOLOR атрибуты жақтау­лар­ға қызыл түс тағайындайды, ал <FRAME> тәгінің осындай атрибуты күл­гін түс (#FF00FF) береді. Осылардың нәтижесінде екінші кадр түсі толық анықталмай қалған, сондықтан оның бірінші кадрмен жанаса­тын шекарасы күлгін түсті, ал басқа жағы – қызыл түсті болып қалады.

Егер екі кадрдың әрқайсысында өз BORDERCOLOR атрибуттары болса, онда ол екеуі де әсерін жояды. Олардың жақтаулары сыртқы FRAMESET тәгінің BORDERCOLOR атрибуты бекіткен түспен боялады.

Фреймдер арқылы сілтемелер ұйымдастыру

Енді фреймдерді пайдаланып, олардың бірінен біріне ауысу мүмкіндіктерін қарастырайық. Фреймдерді шығарудағы ең негізгі ой – олардың ішкі мазмұндарын автоматты түрде ауыстырып отыру болатын.

Фреймге гиперсілтеме жасау үшін оған ат қойылуы керек. Ат қою <FRAME> тәгінің NAME атрибуты арқылы жүзеге асырылады.

NAME= frame1 – фреймге, яғни кадрға frame1 деген ат қойылады.

TARGET= frame1 – frame1 деген аты бар фреймге гиперсілтеме жасалатындығын көрсетеді. Ол <A> тәгінің атрибуты ретінде беріледі.

Мысалы, <FRAME NAME="frame1"> жолы алдыңғы ашылған фреймге "frame1" деген ат қояды, бұдан кейін осы фреймге гипермә­тін­дік сілтеме жасау былай орындалады:

<A HREF="first.html" TARGET="frame1">бірінші фрейм </A>

мұнда бірінші фрейм сөзін шерткенде, осы frame1 кадрында алғашқы орналасқан файл, мысалы М1.htm файлы, first.htm файлымен алмас­ты­рылады.

Егер TARGET атрибуты жазылмай қалса, онда first.html файлы алғашқы сілтеме жазылған кадрға шығады. Сол себепті TARGET атрибуты HREF атрибутында көрсетілген файлды белгілі бір кадрға орналастыру үшін керек. Осы бір кадрда орналасқан файлды екінші бір кадр арқылы басқарып ауыстыру тәсілі сайттардың бірінен біріне көшу ісін жүзеге асыра алады. Төменгі кестеде TARGET атрибутының фреймдер жұмысын басқаратын кейбір тұрақты мәндері көрсетілген. Олар төменгі сызықшадан басталады, сондық­тан басқа сөздермен шатастыра алмаймыз[21].

7 кесте

Мәні

Атқаратын қызметі

_blank

Көрсетілген файлды ат қойылмаған жаңа терезеге жүктейді

_self

Көрсетілген файлды сілтеме жасалған фреймге жүктейді

_parent

Көрсетілген файлды фреймдерді ашатын түпкі кадрға жүктейді; егер ондай кадр анықталмаған болса, онда оның әсері алдыңғы _self қызметімен бірдей болады

_top

Көрсетілген файлды кадрлар құрылымы біріктірілген толық терезеге жүктейді

Әрбір кадрге ат берілуі тиіс, әйтпесе оған сілтеме жасауға болмайды. Сондықтан ішкі мазмұны өзгертілетін етіп жоспар­лан­ған кадрлардың барлығына нақты ат қойылуы тиіс. Кадрлар аттары әріптен немесе цифрдан басталуы керек, өйткені жоғарыдағы кестеде көрсетілген мағынасы алдын ала берілген кадр аттары төменгі сызықшадан басталады. Мысалы, бір STUDENT деген бума ашып, оның ішіне төменде көрсетілген тәгтері бар frames.html файлын жазыңыздар:

<HTML>

<FRAMESET ROWS="*,*">

<FRAMESET COLS="*,*">

<FRAME SRC="frame1.html" NAME="fr1">

<FRAME SRC="frame2.html" NAME="fr2">

</FRAMESET>

<FRAME SRC="frame3.html" NAME="fr3">

</FRAMESET>

</HTML>

Мұнан кейін frame1.html, frame2.html, frame3.html атты файлдар ашып, оларға төмендегідей мәліметтер жазыңыздар:

frame1.html:

<HTML><BODY BGCOLOR=white>

<H1>1 фрейм</H1>

<A HREF=frame2.html TARGET="fr3"> 2 кадрға сілтеме</A>

</BODY></HTML>

frame2.html:

<HTML><BODY BGCOLOR=red TEXT=yellow>

<H1>2 фрейм</H1>

<A HREF=frame3.html TARGET=_top>3 фрейм толық терезеде</A>

</BODY></HTML>

frame3.html:

<HTML><BODY BGCOLOR=purple>

<H1>3 фрейм</H1>

<A HREF=frame1.html TARGET=_self>1 фрейм осы терезеге</A>

</BODY></HTML>

Енді frames.html файлын екі шертіп, оның нәтижесін қарап шығыңыздар.


1.3 Графикалық Web дизайн. Графикалық кескіндер. Анимация. HTML құжатта графикалық кескiндермен жұмыс



Броузерлердің (Netscape Navigator, Internet Explorer) мульти­медия­лық файлдарды іске қосатын қосымша программалық модуль­дері бар. Олар LiveAudio (WAV, AU, AIFF және MIDI форматтарын­дағы дыбыстық файлдар), Live3D (VRML), LiveVideo (АVI бейнелік файлдары) және QuickTime (дыбыс пен мәтін қосылатын MIDI түріндегі MOV форматындағы файлдар) тәрізді технология­ларды сүйемелдей алады.

<EMBED> тәгін пайдалану

Жоғарыдағы айтылған мультимедиалық мүмкіндіктердің бәрін web-құжатқа <EMBED> тәгі арқылы енгізуге болады. Оны жабу мін­дет­ті емес. Бұл тәгті пайдалану кезінде дыбыс ойнайтын құралдың басқару элементтерін сурет тәрізді көрсету мүмкіндігі бар. <EMBED> тәгінің бірсыпыра параметрлерін келтіре кетейік:

Кесте 8

Атрибут

Атқаратын қызметі

1

2

SRC

Іске қосылатын объектінің толық маршруты көрсетілген файлының аты. Бұл параметр міндетті түрде жазылуы тиіс.

PALETTE

Іске қосылатын объектінің палитралары типтері (түстер палитрасы), мәндері: foreground, background

TYPE

Объект файлының типі

HIDDEN = false true

Объектінің экранда көрсетілу типі, мәндері: false – объект көрсетілмейді (келісім бойынша), true – объект көрсетіледі

CONTROLS= console smallconsole

console – терезеге дыбысты басқару тақтасы шығарылады, оның ойнату, тоқтату, дыбысты реттеу тәрізді батырмалары көрсетіледі;

smallconsole – терезеге шағын басқару тақтасы шығарылады, оның да ойнату, тоқтату, дыбысты реттеу тәрізді батырмалары көрсетіледі;

HEIGHT=n

дыбысты басқару тақтасының немесе бейнефи­льм кадрының пиксельмен берілген биіктігі;

WIDTH=n

дыбысты басқару тақтасының немесе бейнефи­льм кадрының пиксельмен берілген ені;

LOOP= true false n

true – аудио не бейнефайл тұрақты ойналады;

false – аудио не бейнефайл бір рет ойналады;

n – аудио не бейнефайл n рет ойналады.

Бұл тәгтің басқа атрибуттары <IMG> тәгінің атрибуттарына ұқсас (жалпы HTML құжаты ортасына объект енгізу тәсілі бірдей десе болады), сондықтан NAME, ALT, BORDER, ALIGN, HSPACE, VSPACE сияқты атрибуттарды қарастырмаймыз.

Мультимедиялық мүмкіндіктерді сүйемелдей алмайтын басқа броузерлер үшін <NOEMBED> элементі көрсетіледі де, оның ашылу және жабылу тәгтері арасында түсініктеме мәтін жазылады.

Мысалдар:

<EMBED SRC=nature.wav>

тәгі nature.wav музыкалық файлын фон ретінде тыңдауға мүмкіндік береді. Құжатқа PDF (Adobe Portable Document Format) форматындағы JS.PDF файлын енгізу үшін мынадай жолды жазу керек:

<EMBED SRC=js.pdf width=500 border=0 align=left>

Фондық дыбыс

Web-құжатты жүктеген соң, оны көру барысында өзіңіз ұнататын әнді тыңдап отырғыңыз келсе, <BGSOUND> тәгін төмендегідей түрде жазып пайдалануға болады:

<BGSOUND SRC=”ән аты” LOOP= “қайталану саны”>

Мысалы, “Ақбақай.mp3” әуендік файлын 3 рет қайталап тыңдау үшін, мынадай жол енгізілуі тиіс:

<BGSOUND SRC=”Ақбақай.mp3” LOOP=3>

Егер бір әуен шексіз түрде қайталанып айтылғанын қаласаңыз, соңғы атрибут LOOP=INFINITE деп жазылуы қажет. Әрине, әуен орнына жасалған web-сайт жайлы түсініктеме мәтін немесе оны қалай түрлендіруге болатыны жайлы кеңестерді де тыңдауға болатыны түсінікті шығар.

Әуенді web-құжат ашылғанда, бірден тыңдамай, өзіңіз қалаған сәтте ғана іске қосу үшін, дыбыстық файлға суреттік файлдарды шығару кезіндегі сияқты төмендегідей түрде гиперсілтеме жасау керек.

<A HREF=”Ақбақай.mp3”> өлең </A>

Мұнда экранға “өлең” атты гиперсілтеме шығып тұрады, соны тышқанмен шерткен кезде ғана ән ойнала бастайды.

Бейнекадрды пайдалану

Web-парақ ішіне бейнекадрды қою жай сурет орналастыру тәрізді орындалады. Мұны жүзеге асыру тәгінен мысал келтірейік:

<IMG DYNSRC=”FILE1.AVI” START=OPENFILE LOOP=2>

Мұнда DYNSRC атрибуты бейнефайлдың атын береді, ал START параметрі бейнероликті іске қосу тәсілін тағайындайды. Егер оның мәні OPENFILE болса – бейнефайл бірден жүктеледі, ал MOUSEOVER болса – онда тышқан курсорын сол роликтің бірінші кадрын іске қосатын суретте шерткенде барып жүктеледі. LOOP параметрі бейнефайлды қайталау санын береді.

Бейнефайлдарды гиперсілтеме арқылы да көрсетуге болады:

<A HREF=”VIDEO.MOV”> Бейнефильм көру (1,3МВ)</A>

Гиперсілтемені шерткенде, броузер файл типін оқып, бейне­филь­мді көрсететін плейерге қосымша құрылғы іске қосылады. Қандай плейер қолданылатыны тұтынушы броузерінің құрамы мен құрылымына (конфигурациясына) байланысты болады. Көбінесе бейнефильм басқару тақтасы бар жеке терезеде көрсетіледі.

<EMBED> тәгі арқылы бейнефайлды көру кезінде web-парақ­тағы плейерге қатысты құрылғы ізделеді де, іске қосылады. Мысалы:

<EMBED SRC=”cool.mov” AUTOPLAY=false WIDTH=160 HEIGHT=120> </EMBED>

Мұндағы AUTOPLAY=false атрибуты бейнефильм PLAY батырма­сын шерткен соң, іске қосылатынын көрсетеді. Ол бірден іске қосы­луы үшін AUTOPLAY=true болуы тиіс. WIDTH=160 HEIGHT=120 атрибуттары бейнекадрдың ені мен биіктігін береді.

HTML құжаттарындағы формалар

HTML формалары web-құжат жариялаушылар мен оқырмандар­ арасында ақпарат алмасуға мүмкіндік жасайды. Бұған дейін біз web-құжаттарды тек экранға шығару әдістерін талқылап келген болсақ, енді, керісінше оларға мәлімет енгізу әрекеттерін қарастырамыз. Формалар арқылы тұтынушыдан жалпы мәтін түрінде ақпарат сұрап алуға, "иә/жоқ" деген жауаптың бірін таңдауға немесе бірнеше жолдың біріне тоқтауға болады[20].

Формаларды әртүрлі мақсаттарда қолдану мүмкіндігі бар. Мысал ретін­де, сайтқа кірген оқырмандардың ол туралы өз пікірлерін форма­ға енгізуі туралы айтуға болады, жалпы HTML формаларын пайдалану аймағы алуан түрлі болып келеді.

<FORM> тәгі

Әрбір форма осы тәгпен басталады. Оның қолданылатын форманы өңдеу программасын (скрипт) және мәліметтерді жөнелту әдісін көрсететін екі атрибутын анықтап алу қажет.

Кесте 9

Атрибуты

Атқаратын қызметі

ACTION

Форма мәліметтерін қабылдап алып, оны өңдейтін URL-ды анықтайды. Егер бұл атрибут анықталмаса, онда мәліметтер форма орналасқан web-парақ адресіне жіберіледі

METHOD

Форманы өңдеу программасына (скрипт) қалайша ақпарат жөнелтілетінін көрсетеді. Әдетте, оның мәні POST болады, мұндайда форма мәліметі URL-дан бөлек жеке жөнелтіледі. Ал оның мәні GET болса, онда мәлімет URL-мен бірге жіберіледі

Мысал:

<FORM METHOD="post" ACTION="/cgi-bin/comment_script">

…

</FORM>

Бұл мысалда броузерге мынадай нұсқау берілген: толтырылған форманы post әдісін қолдана отырып жөнелтіп, оны web-құжат орна­лас­қан сервердің cgi-bin каталогында орналасқан comment_script скрип­ті көмегімен өңдеу керек екендігі көрсетілген. Бір web-парақта орналасатын формалар саны шектелмейді, бірақ та бір форманың екінші бір форманың ішіне кіріп кетпеуін қадағалап отыру керек.

Форма жасау тәгтері

HTML тілінде формадағы әр түрлі өріс типтерін жасау үшін <TEXT­AREA>, <SELECT> және <INPUT> сыяқты үш түрлі тәг қолданылады. Олардың кез келген саны <FORM> ... </FORM> тәрізді қосарланған тәгтер ішінде, яғни контейнерде орналаса алады.

Төмендегі кестеде солардың қысқаша сипаттамалары көрсетілген, кейінірек олар толық қарастырылады.

Кесте 10

Тәг

Атқаратын қызметі

<TEXTAREA>

Кез келген тұтынушы бірнеше жолдан тұратын мәтіндік ақпарат енгізе алатын өрісті анықтайды

<INPUT>

Мәлімет енгізудің кейбір өзге түрлерін: бір жол мәтін енгізу, жалаушаларды көтеріп қою және түсіру (check boxes), ажыратып қосқышты таңдау (radio buttons) және мәліметтерді жөнелтуге немесе форма­ны тазартуға арналған батырманы басу сияқты әре­кет­терді орындауды қамтамасыз етеді

<SELECT>

Тұтынушыға жылжымалы жолағы бар терезедегі немесе суырылып шығатын меню ішіндегі бір жолды таңдау мүмкіндігін береді

<ТEXTAREA> тәгі

Бұл тәг бірнеше жолдан тұратын мәтіндік ақпарат енгізуге арнал­ған өріс құру үшін қажет. <TEXTAREA> …</TEXTAREA> тәгтері ара­сына, алдын ала ке­лі­сім бойынша, енгізу өрісіне шығарылатын кез келген мәтін жолда­рын орналастыруға болады. Бұл тәгтің атрибуттары:

NAME – өріс атын анықтайды, міндетті түрде болуы тиіс;

ROWS – өріс биіктігі бойынша орналасатын жолдар санын береді;

COLS – өріс енін, яғни жол ұзындығын символдар санымен береді.

Мысалы, әр жолына 15 символ мәтін сиятын, екі жолдан тұра­тын өріс былай жасалады :

<HTML>

<BODY>

<FORM>

<TEXTAREA Name="Студент" ROWS=2 COLS=15>

Қабдиева Әйгерім

</TEXTAREA>

</FORM>

</BODY>

</HTML>

Мұның нәтижесі 9 суретте көрсетілген.

ROWS және COLS атрибуттары арқылы кез келген көлемдегі өріс құруға болады. Бұл атрибуттар міндетті түрде қажет болмағанмен, олардың алдын ала келісім бойынша бекітілген белгілі бір мәні жоқ (кез келген броузер үшін бұл мәндер әр түрлі), сондықтан олардың мәнін әрқашанда ашық көрсетуге тырысу керек.

Сурет 9

SELECT тәгі

Бұл тәг суырылып шығатын меню немесе айналдыру жолағы бар опциялар (командалар) тізімін құру үшін қолданылады. Опциялар тізімі мен меню пункттері SELECT контейнерінің ішінде орналасады. <TEXTAREA> тәгі сияқты <SELECT> тәгінде де берілген атты анықтайтын NAME атрибуты міндетті түрде болуы тиіс. Опциялар саны SIZE атрибутында көрсетіледі. Төменгі кестеде <SELECT> тәгінің атрибуттарының атқаратын қызметтері жайлы айтылған.

Кесте 11

Атрибут

Атқаратын қызметі

NAME

Ақпарат атын анықтайды

SIZE

Таңдау опциялары үшін терезенің биіктігін (вертикаль көле­­мін) анықтайды. Егер атрибут көрсетілмесе немесе оның мәні 1-ге тең болса, онда қалқымалы опциялар тізі­мі шығады. Егер оның мәні 1--ден артық болса, онда опция­лар айналдыру жолағы бар тере­зеде көрінеді. Ал егер атри­бут мәні тізім элементтерінің нақты санынан артық болса, онда бос жолдар қосылады. Оларды таңда­ған кезде, бос жолдар қайтарылады.

MULTIPLE

Бірден бірнеше опциялар таңдауға мүмкіндік береді.


Опциялар тізімі <OPTION> тәгі арқылы <SELECT> контейне­ріне кіргізіледі. Бұл тәгтің екі атрибуты болады, олар төмендегі кестеде сипатталған.

Кесте 12

Атрибут

Атқаратын қызметі

VALUE

Тұтынушы опцияны таңдаған жағдайда, өңдеу бағдар­ла­ма­сына (скриптіге) қайтарылатын мәнді көрсетеді

SELECTED

Алдын ала келісім бойынша таңдалған опцияны көрсетеді

Мысал:

Төменде ұқсас формалары бар екі HTML құжаттарының мәтіндері көрсетілген. Екінші құжатта тізімнен алдын ала бір элемент таңдалып алынған (SELECTED атрибуты қосылған).

<HTML>

<BODY>

Жыл мерзімін таңдаңыз:

<FORM>

<SELECT NAME=YEAR>

<OPTION SELECTED VALUE="winter"> қыс

<OPTION VALUE="spring" > көктем

<OPTION VALUE="summer"> жаз

<OPTION VALUE="autumn"> күз

</SELECT>

</FORM>

</BODY>

</HTML>

Сурет 10

<HTML>

<BODY>

Жыл мезгілін таңдаңыз:

<FORM>

<SELECT MULTIPLE NAME="YEAR">

<OPTION SELECTED VALUE="WINTER"> қыс

<OPTION VALUE="spring"> көктем

<OPTION VALUE="summer "> жаз

<OPTION VALUE="autumn "> күз

</SELECT>

</FORM>

</BODY>

</HTML>

Сурет 11

<INPUT> тәгі

<INPUT> тәгі <TEXTAREA> мен <SELECT> тәгтеріндей контей­нер емес, жалқы тәг болып есептеледі. Ол әр түрлі тәсілдерді пайда­ла­нып, ақпарат жинақтауға арналған. Сол тәсілдерге мәтіндік өрістер, пароль енгізу өрісі, ажыратып-қосқыштар, жалаушалар, мәліметтерді жө­нелту (Submit) және формаларды тазарту батырмалары (Reset) жатады.

INPUT тәгінің төмендегі кестеде көрсетілгендей бірсыпыра атри­бут­­тары болады.

Кесте 13

Атрибут

Атқаратын қызметі

NAMESIZE

Енгізу өрісінің символдар санымен берілген енін көрсетеді

MAXLENGTH

Өріске енгізуге болатын ең үлкен символдар санын (максимальды) анықтайды

VALUE

Мәтіндік өріс үшін алдын ала келісім бойынша шығары­ла­тын мәтінді анықтайды. Жалаушалар мен ажыратып-қосқыштар үшін өңдеу программасына қайтарылатын мән­ді көрсетеді. Формаларды жөнелту мен тазарту батыр­ма­лары үшін батырма үстіндегі жазуды анықтайды.

CHECKED

Жалауша немесе ажыратып-қосқыштың, алдын ала келісім бойынша, іске қосылған жағдайын орнатады.Басқа тәг түр­лерінде <INPUT> қолданылмайды.

TYPE

Енгізу өрісі типін (түрін) орнатады.

Енгізу өрісі түрі, <TYPE> атрибуты

<INPUT> тәгінің <TYPE> атрибуты мәндері кестеде көрсетілген. Кесте 14

Атрибут

Атқаратын қызметі

1

2

TEXT

Мәтін енгізуге арналған өріс құрылады, ол бірнеше жолдан тұруы мүмкін. Бұл өріс типі үшін NAME (міндетті түрде), SIZE, VALUE және MAXLENGTH атрибуттары қолданы­лады. TYPE атрибуты көрсетілмесе, осы ТЕХТ сөзі алдын ала келісім бойынша орнатылатын мән болып табылады.

PASSWORD

Пароль енгізілетін өріс құрылады, оған терілген таңбалар көрсетілмей, жұлдызшалармен ауысты­рылып көрсетіледі. Бұл өріс типінің параметрлерін айқындау үшін SIZE, VALUE және MAXLENGTH атрибуттары қолданылады.

CHECKBOX

Шағын квадрат ішіне жалауша () орналастыруға арнал­ған өрістер құрылады, ол бірнеше нұсқаны таңдауға мүм­кін­дік береді. Бұл өріс типі үшін NAME, VALUE және CHECKED (жалаушаның алдын ала бекіт­іл­ген мәнін анықтайды) атрибуттары қолда­ны­лады. Мысалы:


RADIO

Бірнеше батырмалар жасап, олардың ішінен біреуін таңдауға мүмкін­дік береді. NAME, VALUE және CHEC­KED атрибуттары қолданылады. Мысалы, төмендегідей:


RESET

Форманы тазартуға арналған батырма жасауға мүмкіндік береді. VALUE атрибуты бұл жерде осы батырмаға ат беру үшін қолданылуы мүмкін (алдын ала келісім бойын­ша батырмаға RESET деген ат беріледі)

SUBMIT

Енгізілген мәліметтерді серверге жөнелтіп, скрипт-прог­рамма арқылы оларды өндеуді жүзеге асыратын батырма жасау үшін қолданылады. VALUE атрибутында бұл батыр­маның аты көрсетілуі мүмкін (келісім бойынша аты – SUBMIT QUERY).

Мысал:

Келесі формада ТYPE атрибутының TEXT мәні қолданылады.

<HTML>

<BODY>

<FORM> Телефон нөміріңізді енгізіңіз:

<INPUT TYPE="TEXT" NAME="Phone"

SIZE="15" MAXLENGTH="15" >

</FORM>

</BODY>

</HTML>

Сурет 12

TYPE атрибутының PASSWORD мәнінің қолданылуы.

<HTML>

<BODY>

<FORM> Құпия сөз енгізіңіз:

<INPUT TYPE=”PASSWORD” NAME=”SECRET_WORD”

SIZE=”30” MAXLENGTH=”30”>

</FORM>

</BODY>

</HTML>

Сурет 13

TYPE атрибутының CHECKBOX мәнін қарастырайық.

<HTML>

<BODY>

<FORM>

<INPUT TYPE="CHECKBOX" NAME="CHECKBOX1”

VALUE="checkbox_value1"> Вариант

<BR>

<INPUT TYPE="checkbox" NAME="checkbox2"

VALUE="checkbox_value2" CHECKED>

Алдын ала таңдалған нұсқа

</FORM>

</BODY>

</HTML>

Сурет 14

Келесі мысалда батырмалар жасалады, екі-екіден батырмасы бар екі форма кестенің көршілес ұяшықтарында орналасқан.

<HTML>

<BODY>

<TABLE ALIGN=CENTER BORDER CELLSPACING=10>

<TR>

<TD> 1 форма:

<FORM>

<INPUT TYPE="RADIO" NAME="CHOICE"

VALUE="CHOICE1"> yes

<INPUT TYPE="RADIO" NAME="CHOICE"

VALUE="CHOICE2"> no

</FORM>

</TD>

<TD> 2 форма:

<FORM>

<INPUT TYPE="RADIO" NAME="CHOICE"

VALUE="CHOICE1" CHECKED> yes

<INPUT TYPE="RADIO" NAME="CHOICE"

VALUE="CHOICE2"> no

</FORM>

</TD>

</TR>

</TABLE>

</BODY>

</HTML>

Сурет 15

Келесі формада TYPE атрибутының RESET мәні, яғни енгізілген мәліметтерді тазарту жолы қолданылған, нәтижесі 16 суретте көрсетіл­ген.

<HTML>

<BODY>

<FORM> Аты-жөніңізді енгізіңіз:

<INPUT TYPE="text"> <BR>

Телефоныңыз: <INPUT TYPE="text"> <BR>

<INPUT TYPE="reset" VALUE="Форманы тазарту">

</FORM>

</BODY>

</HTML>

Енді TYPE атрибутының SUBMIT мәнін қолданайық (16 сурет).

<HTML>

<BODY>

<FORM>

<TEXTAREA> Маған сен ұнайсың! </TEXTAREA> <BR>

<INPUT TYPE="submit" VALUE="мәліметтерді жөнелту!">

</FORM>

</BODY>

</HTML>

Сурет 16

Форма элементтерін стандарттан тыс қолдану

HTML тәгтерінің көбісі қолдану кезінде өздерінің негізгі қызмет­те­рінен басқа мақсаттарда пайдаланылып жатады, мысалы, кестелер па­рақтарды белгілеу үшін қолданылады. Сондықтан форма элемент­те­рін қолдану кезінде әр түрлі тәжірибе жасаудан тартынуға болмайды.

17 сурет

Осындай мақсаттарда таңдау менюін пайдаланған ең ыңғайлы тәсіл болып табылады. Суырылып шығатын меню ақпараттық ағынға енгізілген мәтіндік алап (жол) қызметін атқара алады. Мысалы, таңдау менюін шағын әңгімелер енгізу үшін қолдануға болады (OPTION элементтеріне мәтін үзінділерін енгізу арқылы). Бұл мүмкіндіктерді қолдану оқырмандарды осы парақ мәліметтерімен екпінді түрде жұмыс жасауға шақырады. Төменде суырылып ашылатын тізімнің автор туралы шағын әңгіме орна­ластыру үшін қолданылғанын көрсе­тетін HTML-құжаты келтірілген. 18 суретте мысалдағы “Автобиогра­фия” батырмасын басқаннан кейін қандай болатыны бейнеленген[21].



Сурет 18

Осы суретке сәйкес программа мәтіні:

Сурет 19

Енді формалардың бірсыпыра мүмкіндіктерін қамтитын тағы бір мысал келтірейік (19 сурет).

<html> <head> <title>Формы</title> </head>

<body>

<form action="http://www.mysite.com/cgi-bin/test.exe" method="post">

<br>Мәтін енгізілетін өріс <input type="text">

<br>Пароль енгізілетін өріс <input type="password">

<br>Тәуелсіз қосқыш <input type="checkbox" value=" checked">

<br>Радиобатырмалар:

<br>1 вариант <input type="radio" name="groupl" value="checkl">

<br>2 вариант <input type="radio" name="groupl'' value="check2 checked>

<br>3 вариант <input type="radio" name="groupl" value="check3">

<p> <input type="submit" value="Жөнелту">

</form>

</body>

</html>


2 «Голиотроп» ЖШС қызметінің ақпараттық жүйесін дайындау

2.1 Программалық өнімнің сипаттамасы


«Голиотроп» ЖШС-нің жұмысын автоматтандыру жолын қарастыруды көздеймін. Бағдарламада компания тауарлар туралы сипапаттама ақпараты көрсетілген.

Программистке нұсқау

Бұл бағдарлама HTMLтілінде жасалған, сондықтан бұл бағдарламаны өзгертуге қарапайым блокнот қажет, интернеттен ала аласыз.

Голиотроп ЖШС-ның жарнамалық web сайтын жасау атты диплом жоба бағдарламасындағы жаратылған терезелер:


Сурет 20. «Голиотроп» ЖШС көрсететің бастапқы беті қызметтері жайлы ақпарат терезесі



Сурет 21. «Голиотроп» ЖШС-нің тауар база терезесі


Сурет 22. «Голиотроп» ЖШС жайлы ақпарат терезесі


Сурет 23. «Голиотроп» ЖШС-нің қызмет түрі терезесі


Сурет 24. «Голиотроп» ЖШС-мен байланысу терезесі

Сурет 25. «Голиотроп» ЖШС-нің жаңалықтар терезесі


Сурет 26. «Голиотроп» ЖШС-нің галерея терезесі













Қорытынды


Интернет броузері кез келген ақпарат орналаса беретін универсал орта. Сондықтан онда мәтіндік, графикалық ақпараттармен қатар мультимедиалық ақпаратты да кірістіруге болады. Мультимедиалық ақпарат көбіне дыбыстық және анимациялық құбылыстар түрінде бейнеленеді.

HTML құжатқа дыбыс немес анимация құбылыстарын шығару үшін оларды ойнайтын программалық модульдің компьютерге алдын ала орнатылып қойылуы тиіс. Мұндай модульдерге MS MediaPayer, AppleQuickTime, RealPlayer G2 т.с.с. программалық өнімдер жатады.

Дипломдық жобаның тақырыбы: Голиотроп ЖШС-ның жарнамалық web сайтын жасау. Диплом жазу барысында мен өте көптеген маңызды жұмыстарды меңгердім. Атап айтқанда HTML-де мәтіндерді пішімдеу, суреттерді кірістіру, фреймдерді байланыстыру, және т.б. жұмыс істеуді меңгердім.

Дипломдық жұмысты қорытындылайтын болсақ, жұмыс негізінен HTML технологияларын пайдаланып жасалынды. Бұл технологияларда жұмыс істеу мүмкіндіктері өте көп. Тіпті оның интернет желісіне де арнап жасалынатын арнайы мүмкіншіліктері де берілген. Бұл программада жұмыс жасау тек қызық қана емес, сонымен қатар тиімді әрі болып келеді.

Дипломдық жұмыстың мақсатына байланысты келесі міндеттер атқарылды:

  • Голиотроп ЖШС компаниясының жұмыстарымен танысып, материалдар жинақталды;

  • Web-беттер дайындау технологияларын үйрену, HTML тілінде жұмысты меңгерілді;

  • Видео бейне және анимациялық программаларды қолдануды үйрендім;

  • HTML программалау тілін пайдалана отырып, WEB- сайт жасалды;

Әсіресе HTML тілі Интернетте жұмыс істеу үшін қажетті. Күнделікті, Интернетте ашып, оның мазмұнын қарап отыратын кез келген веб парақ осы HTML тілінде жазылған. HTML тіліндегі тәгтер қосарланған түрде болады. Сол екі тәгтің біріншісі бетте орындалатын әрекетті баяндау бөлімін ашса, екінгісі сол бөлімді жабады.

HTML тілінде веб парақты ұйымдастыру “Блокнот” сұлбасында орындалады. Бұл сұлбада HTML тілінің тәгтері қажетті ретпен пернетақта көмегімен жазылады да, терілген командалар Enternet Explorer сұлбасының көмегімен ашылып, веб парақ Интернет жүйесінде істейтін серверде тіркеледі.








Пайдаланылған әдебиеттер


  1. М.Хольцшлаг. HTML 4.0. -М.: 2003, 869 с.

  2. А.Федорчук. Создание Web-сайтов. -Киев. 2002, 212 с.

  3. Я.Нильсен. Web-дизайн. Спб. 2002, 187 с.

  4. Дж.Вайскопф. MS Front Page 2000. Учебный курс. Санкт-Петербург, 2002.

  5. В.Холмогоров. Основы web-мастерства. Санкт-Петербург, 2002.

  6. П.Кент. World Wide Web. –М.: Компьютер, 1996.

  7. А.И.Тихонов. Публикация данных в Интернет. –М.: МЭИ, 2000.

  8. С.В.Назаров. Пакеты программ офисного назначения. –М.: Финансы и статистика, 1997.

  9. А.И.Гусева. Технология межсетевых взаимодействий. Санкт-Петербург, 2001.

  10. А.Вендров. Программирования в Интернет. Спб, 2002.

  11. А.Г.Корнеев. Базы данных в Интернет. –М.: Нолидж, 2002.

  12. А.Вендров. Case технологий. Спб, 2001.

  13. Л.Омельченко, А.Федоров. Самоучитель MS FrontPage 2000. Питер, 2000.

  14. А.А.Зенкин. Когнитивная компьютерная графика. –М.: Наука, 1995.

  15. Р. І. Қадірбаева, Л. Ә. Сүлейменова. Microsoft Front Page. Шымкент. 2000. 71 бет.

  16. Молли Э. Хольцшаг. Использование HTML 4. Киев. 2001. 999 стр.

  17. Мальчук Е.В., «Самоучитель HTML и CSS», М., «Вильямс», 2006.

  18. Федорчук А., «Как создаются WEB-сайты»:краткий курс», СПб, «ПИТЕР», 2000.

  19. WEB-дизайн: книга Якоба Нильсена, СПб, «Символ Плюс», 2001.

  20. Л.Омельченко, А .Федоров Самоучитель Microsoft Front Page 2000. «ПИТЕР». Санкт-Петербург, 2000.

  21. Яблонский С.Б., «Введение в дискретную математику». М., Высшая школа, 2001.

  22. Холмогоров В., «Основы WEB-мастерства: учебный курс», СПб, «ПИТЕР», 2000.










Қосымша А. Негiзгi дескрипторлар мен элементтер


Дескриптор атауы



Сипаттамасы


Негiзгi Атрибуттары

<!-- … -->

Түсiнiктеме

-

<A>…</A>

Гиперсiлтеме

href – байланысқан ресурстың тұрған орны;

name – ағымдық зәкiрдiң атауы

<ADDRESS>…

</ADDRESS>

Автор немесе онымен байланысу жайлы информацияны бередi.

style – стиль жайлы информация

<B>…</B>

Шрифт мәтiнiн қалыңдату

-

<BIG>…

</BIG>

Мәтiндi үлкейтiп шығару

-

<BLOCKQUITE>…

</BLOCKQUITE>

Мәтiндi цитата түрiнде беру

cite – құжат көзi, адресi

<BODY>…

</BODY>

Құжат құрамын анықтайды

onload – құжат жүктелген кезде iске қосылатын сценарий;

onunload – құжат жабылған кезде iске қосылатын сценарий;

<BR>

Каретканы қайтару

Жоқ

<BUTTON>…

</BUTTON>

Командалық түйме құру

name – түйменiң атауы

button – кәдiмгi түйме

submit – iске қосу түймесi

reset – шығу түймесi

<CAPTION>…

</CAPTION>

Кесте атауы

align – кесте атауының мәтiнiнің орналасуы

<CENTER>…

</CENTER>

Беттегi мәтiндi бет ортасынан орналастыру

-

<COL>

Кесте бағандарын ортақ мәндер беру үшiн топтастыру

span – кестедегi бағандар саны

align – бағандардағы мәтiнiнің орналасуы

<DEL>…</DEL>

құжаттың алдыңғы нұсқасындағы өшiрiлген мәтiндi анықтау

-

<DIR>…</DIR>

Термин данасын анықтау

-

<DIV>…</DIV>

Құжатты блоктар түрiнде ұйымдастыру

compact – броузердегi мәтiндi ықшам түрде шығару

<DL>…</DL>

Тiзiм құру

align – тiзiмдегi мәтiннiң орналасуы

<EM>…</EM>

Мәтiндi ерекшелеп шығару

-

<FONT>…

</FONT>

Шрифт түрiн, түсiн, өлшемiн өзгерту

face – шрифт атауы;

color – шрифт түсi;

size – шрифт өлшемi

<FORM>…

</FORM>

Пайдаланушы басқаратын басқару элементтерi орналасатын форма

action – формаға енгiзiлген берiлгендердi анықтау;

method – формадағы берiлгендердi тасымалдау әдiсi

onsubmit – форма жүктелген кезде iске қосылатын сценарий;

onreset – форма жабылған кезде iске қосылатын сценарий;

<FRAME>

Жеке фреймнiң түрiн анықтау

scrolling – жылжыту белдеу-шелерiн қосу

src – құжаттың бастапқы құрамын анықтау

<FRAMESET>…

</FRAMESET>

Негiзгi терезенiң фрейм құрылымын анықтау

name – фрейм атауы;

cols – тiк фреймдер;

rows – көлденең фреймдер

<H1>…</H1>-<H6>…</H6>

Құжатты құрылымдық тiзiм түрiнде ұйымдастыру

align – тiзiмдегi мәтiннiң орналасуы


Дескриптор атауы



Сипаттамасы


Негiзгi Атрибуттары

<HEAD>…

</HEAD>

құжат денесiнiң құрылымын анықтау

-

<HR>

құжат бөлiктерiн ажырату үшiн сызғышты iске қосу

align – сызғыштың орналасуы

<HTML>…

</HTML>

құжат басы мен соңын анықтау контейнерi

-

<I>…</I>

Шрифттi курсив ету

-

<IMG>

Құжатқа сурет кiрiстiру

align – суреттiң орналасуы

src – суреттiң бастапқы орнын, адресiн анықтау

<INPUT>

Формада қолданылатын элементтi анықтау

text – енгiзу өрiсi

checkbox – жалауша орнату

button – командалық түйме

image – сурет сiлтеме

radio – ауыстырып қосқыш

<KBD>…</KBD>

Мәтiндi клавиатурадан енгiзiлген етiп анықтау

-

<LI>…</LI>

Тiзiм элементiн анықтау

type – тiзiм типiн анықтау

<LINK>

Байланысты анықтау

href – байланысқан объектiнiң орнын анықтау;

charset – байланысқан объектiнiң типiн анықтау

type – байланысқан объектiлердiң қатынасын анықтау

media – байланысқан объектiнiң орындалу ортасын анықтау

<MENU>…

</MENU>

Бiрбағанды мәзiр даярлау

compact – мәзiр тiзiмiн ықшам шығару

<OL>…</OL>

Нөмiрленген тiзiм

type – тiзiм типiн анықтау

<P>…</P>

Параграфты анықтау

align – парагрфтағы мәтiннiң орналасуы

<PRE>…</PRE>

Алдын-ала форматталған мәтiн

-

<S>…</S>

Сызылып тасталған мәтiн

-

<SELECT>…

</SELECT>

Мәзiр элементтерiн таңдау

name – таңдалған элемент атауы

<SMALL>…

</SMALL>

Кiшiрейтiлген мәтiн

-

<STYLE>…

</STYLE>

Құжатта стилдердi пайдалану

type – стиль тiлiн анықтау;

title – элемент жайлы сипаттама

<SUB>…</SUB>

Төменгi индекс

-

<SUP>…</SUP>

Жоғарғы индекс

-

<TABLE>…

</TABLE>

Кесте құру

cols – кесте бағандары

rows – кесте жолдары

width – кесте ұзындығы

height – кесте биiктiгi

frame – кесте рамкалары

align – кестенiң бетте орналасуы

<TD>…</TD>

Кесте ұяшығын анықтау

align – кесте ұяшығының орналасуы

abbr – ұяшықтағы объект

<TITLE>…

</TITLE>

құжат құрамының сипаттамасы

-

<TR>…</TR>

Кестенің жол ұяшықтары

-

<U>…</U>

Асты сызылған шрифт

-

<UL>…</UL>

Реттелмеген тiзiм

type – тiзiмдiк объектiнiң түрi


Қосымша Ә. Арнайы символдар


Сипаттама



Таңба


Код

Тырнақша

Амперсант

Кiшi

Үлкен

Тире

Параграф

Авторлық құқық

Тильда

Үш нүкте

Циркумфлекс

Жалғыз тырнақша

Валюта

Градус

Абзац

“”

&

<

>

§

©

~

…

^

`

$

0

&#34

&#38

&#60

&#62

&#150

&#167

&#169

&#152

&#133

&#136

&#145

&#164

&#176

&#182







Қосымша Б. Түстер

Аталуы

Коды

қара

#000000

Қаракөк

#00008B

Көк

#0000FF

қоңыр

#A52A2A

қызыл

#FF0000

қызғылт

#800000

Сары

#FFFF00

сарғыш

#808000

салат

#9ACD32

жасыл

#008000

сұр

#C0C0C0

Ақ

#FFFFFF


66


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
452
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі