400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Граффити - өнер ме, әлде вандалдық па ...

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл бастамасы бар зерттеу жұмысы, тақырып, қызықты, қазіргі таңдағы өзекті мәселеге жатады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Зерттеу жұмысының тақырыбы: Граффити өнер ме әлде вандалдық па?!

Жұмыстың міндеттері:

  • Граффити және вандализм ұғымына түсінік беру;

  • Өнердің де өз орнын тауып қолданған дұрыс екендігін басқаларға жеткізу, граффитидің өнер деңгейін  сақтауға үлес қосу;

  • Жабайылық пен граффитидің арасындағы айырманы көрсетіп, дәлелдеу;

Зерттелетін объектісі:

  • Граффитиді өнердің бір түрі ретінде қолдана отырып, мағынасы бар суреттерде қолдану;

Зертеудің әдіс-тәсілдері:

  • Жұмыс барысында сипаттамалы, салыстырмалы, жүйелеу сияқты түрлері қолданылды;

  • Граффити мен қабырғаларға салынған суреттердің бейнесін салыстыра отырып, байланыстыру;

  • Материалдар жинақтау;

  • Ақпарат көздерінен мәлімет алу;

Зерттеудегі ұстанымым:

    • Табиғатты түрлендіретін де, аздыратын да адам екендігін біле тұра өзіміздің

қоршаған ортаға тигізетін зиянды әдеттерімізді жоя отырып, өнер мен жабайылықтың айырмасын айналадағы адамдарға түсіндіре білу;

    • Зерттеудегі жетістіктеріммен көпшілікпен бөлісу;

Негізгі бөлім:

Граффити (итал. graffiti - тырналған, сызылған) — ғимарат қабырғаларына, металл бұйымдарға, сауыттарға т. б. жазылған арнау мәніндегі және магиялық тұрмыстық сипаттағы жазулар.

Көптеген елдердегі көне не орта ғасырлардан қалған қалалар мен елді мекендерде жүргізілетін археологиялық қазбаларда мол кездеседі. Граффити ертедегі халықтар тілін зерттеу үшін, палеография ғылымы үшін маңызды

Бүгінде қала көшелерінен қабырғадағы ашық та қанық түстермен әрленген көз жауын алар суреттер мен жазуларды жиі кездестіреміз.

Біреу оған көңіл қойып қараса, енді біреулер мән бермей өте шығады. Ал бұл туралы шын мәнінде не білеміз? Батыстан бастау алған көше туындыларын өнер деп бағалауға бола ма әлде еріккеннің ермегі ме?

Граффитиді өнер ретінде бағалайтындар да, бағаламайтындар да бар. Әркім әрқилы баға береді. Граффитидің тарихын ертеден бастауға болады. Ертеде қабырғаға салынған суреттер мен жазылған жазулар ежелгі Шығыс елдерінде, Грекия мен көне Рим аймағында көптеп кездескен. Ежелгі граффитилер біздің заманымызға дейін 30 мыңжылдықта қалыптасқан деген де ақпараттар бар. Сонау ІІ ғасырдың өзінде антихристиандық «Алексаменос Құдайға табынады» атты граффити сызылған дейді зерттеушілер. Ол уақыттағы граффитилер пиктографиялық және қашалған суреттер күйінде қатты заттар арқылы қашап салынған.

Граффити – суретшінің жеке «менінен» көрініс табады. Оған көбіне көшедегі түсініксіз жазулар жатады.

Жаңа  граффити тарихы 1920 жылдан бастау алады. Сол кезде қоғамға қатысты, билікке деген көзқарасын шығармашылық жолмен жеткізуге ұмтылған жастар тауар вагондары мен ғимарат қабырғаларына түрлі кескіндемелер сала бастайды. Суреттер халық арасына айтарлықтай тез тарап, танымал болып шыға келеді. 1970 жылдардың ортасына қарай граффити Батыста өнер ретінде мойындалып үлгерді. Ал Қазақстанда 1990 жылдардан бастап дамиды. Бүгінде елімізде граффити салумен айналысатын 50-ден астам топ бар екен. Олардың қатарына «Repas», «Тиграхауд», «Номад», «Made», т.б. топтар кіреді. Бұл топ мүшелері өз аттарын жазып кеткен жазуларды көшеден көптеп кездестіреміз.

Расымен үй қабырғасына, көше қиылыстарына, машина тұрақтарына, не жолдың үстіне салынған суреттерге көзіміз үйреніп кетті. Қазір Алматы көшелерінен түсініксіз суреттер мен беймәлім жазуларды жиі кездестіреміз. Олар кейде тіпті көшенің көркін бұзып тұрады. Ал сәтті шыққандары көшеге сән беріп шыға келетіні тағы бар. Сондықтан да бірінші пікірге қарап, граффити – өнер деп, екіншісіне қарап, барып тұрған бұзақылық деп бағалауға болады.

Граффити салу біреулер үшін – «мода», біреулер үшін – ермек, енді біреулеріне – саяси6 яғни жарнама құралы. Тіпті бұл саланың кәсіби мамандары арнайы жарнамадан миллиондап табыс табады екен. Қай қаланың болсын көшелерінен мұндай жарнама суреттерді байқауға болады.

Өнер ретінде бағалайтындар граффити суреттері мен жазуларын көше әндері секілді дамып өркендеуге құқылы деп есептейді. Алайда жеке меншігіндегі дүниеге біреу атын жазып, түсініксіз суретін салып кеткенін ешкім де қаламайтыны анық. Мысалы, Нью-Йорк қаласында көше суретшілерімен күресетін мамандандырылған полиция қызмет көрсетеді. Қабырғаға сурет салғыңыз келсе, ақысын төлейсіз. Германияда көше өнерімен айналысатын суретшілерді ұстап, бас бостандығынан айыратын заң да бар екен. Ал бізде бұл тақырып әзірге бас қатыруға жарамай тұр.

Вандализм ( лат. Vandalism) — мәдени-тарихи ескерткіштерді, басқа да рухани мәдениет құндылықтарды, қоғамдық орындардағы мүліктерді аяусыз, қасақана жою, қиратып бүлдіру, тып-типыл тонау әрекеті. Әдетте ол жабайылық пен зұлымдықтың шектен шыққан бір түрі есептеледі.

Вандализм сөзі 445 жылы Рим қаласын басып алып, мәдениет туындыларын қиратқан және тонаған ежелгі герман тайпасы Вандалдардың атынан шыққан.

Бұл сөз бағалы тарихи мұраларды бұзып шағушыларды айыптауға мысал ретінде қолданылған.

Британия ақыны Джон Драйден Вандалдар туралы: "Готтар, Вандалдар, солтүстіктің дөрекі жабайылары барлық бағалы мұраларды қиратып бітті" - деп жазып қалдырған екен.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
546
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі