Материалдар / Графика өнері 4-6 сынып оқушыларына арналған факультатив бағдарламасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Графика өнері 4-6 сынып оқушыларына арналған факультатив бағдарламасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың көркем-эстетикалық талғамы мен бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын оятып, қоршаған ортаны таныту және де отансүйгіштік сезімдерін арттырып, әсемдікке, сұлулыққа жетелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Ақпан 2020
533
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

Батыс Қазақстан облысы
Орал қаласы N20 ЖББОМ
Бірінші санатты бейнелеу өнері пəнінің мұғалімі
Насемов Нурлан Тулегенович

Графика өнері
4-6 сынып оқушыларына арналған факультатив
бағдарламасы

​Мақсаты
Оқушылардың көркем-эстетикалық талғамы мен бейнелеу өнеріне деген
қызығушылығын оятып, қоршаған ортаны таныту жəне де отансүйгіштік сезімдерін
арттырып, əсемдікке, сұлулыққа жетелеу.
Сабақ жоғары деңгейде өтілу үшін оқушылардың бейнелеу өнеріне деген
дұрыс қатынастары мен көзқарастарын өзгертіп отыру жəне іс-тəжірибе тұрғысында
шығармашылық жұмыс жасауларына барынша талпындыру.
4-сынып. Сызба (графика) өнері туралы түсінік беру. Оқушыларды сызба өнерінің
түрлерімен таныстыру.
5-сынып. Оқушылардың бастауыш сыныпта алған білімдерін əріқарай жалғастыру.
Графиака өнерінің əдіс-тəсілдерін меңгеруге оқушыларды баулу.
6-сынып. Графикалық шығармаларды өз бетімен орындауға үйрету арқылы өнерге
деген сүйіспеншілігін арттыру.
​Міндеттері
- оқушыларға өнердің бейнелеу құралдарын жүйелі меңгерту арқылы айналадағы
өмір шындығына эстетикалық көзқарасты қалыптастыру;
- көркем мəдениет пен оның қоғам өмірінде алатын орны туралы түсінікті дамыту;
- оқушылардың бойында халықтың дəстүрлі өнерін, тарихи ескерткіштерін
эстетикалық тұрғыдан бағалай білуге баулитын жүйелі білім, шығармашылық
икемділік пен дағдыны қалыптастыру;
- өмір шындығы көріністерін табиғаттағы жəне өнердегі бояу түстерін, оның
сезімділік əсерін балалардың көре, сезіне білуін, бейнелеу іс-əрекеті барысында
олардың кеңістік туралы түсінігін, қиялын, елестету қабілетін жүйелі түрде
дамыту;
- бейнелеу өнері сабақтары барысында дамып, қалыптасқан көркемдік дағдыларын,


Page 2

икемділіктерін тұрмыс жағдайында, еңбек процесінде, қоғамдық қызметте
пайдалана білуге баулу.
Түсініктеме хат
4-6 сыныптарға арналған бағдарламалардың мазмұны қазіргі кезеңде қазақ
мектептеріндегі оқу-тəрбие жұмыстарына қойылып отырған негізгі талаптарға
үйлестіріле жасалған.
Бейнелеу өнері- жалпы білім беретін мектепте оқушылардың əсемдік талғамын,
көркемдік икемділігі мен шеберлік қабілетін дамыту арқылы оларға имандылық,
ізгілік, эстетикалық тəрбие беретін оқу пəні.
Мектепте бейнелеу өнерін оқыту-айналадағы өмір шындығынан туған көркем
образдардың өнер туындыларында жасалу ерекшеліктерін оқушылардың жүйелі
қабылдауын жəне оны мүмкіндігінше өзінің бейнелеу жұмыстарында қолдана білу
машықтарын қалыптастыру принциптеріне негізделген. Əрбір сабақтағы оқыту мен
тəрбие процесінің тығыз бірлігі бейнелеу өнерін оқытудың да негізі болып табылады.
Бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың практикалық білімі мен көркемдікті
түйсінуін ұштастыра білу олардың өмір шындығы менөнердегі сұлулықта
байқағыштығын, шығармашылық ынтасын, оған деген қызығушылығын арттырады.
Айналадағы өмір шындығы көріністерін көркем бейнелеу əдістері мен тəсілдерін
меңгеру, белсенді шығармашылық жұмыс оқушыларды еңбекке баулиды, өнеркəсіпте
жасалған түрлі бұйым-заттарға эстетикалык биік талғам тұрғысынан қарауға жəне
тарихи-мəдени ескерткіштерді, табиғат сұлулығын қорғай білуге баулиды.
Бағдарламада əр сыныпқа 34-сағаттан берілген.
4-сынып
№ ​Тақырыбы Сағат саны
1. Кіріспе. 1
2. Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары. 1
3. Графика түрлерімен танысу. 1
4. Сурет. 1
5. Жұмыс материалдары мен техникасы. 1
6. Сызық түрлері. 1
7. Реңдік бейнелеу. Жарық пен көлеңке. 1
8. Затқа қарап сурет салу. 1
9. Сиқырлы қарындаш. (Жаттығу сабағы). 1
10. Сиқырлы дөңгелек.Сурет (дөңгелек пішінді заттардың
суреттері.қарындаш, қағаз).
1
11. Күзгі ағаш. Сурет (қағаз, қарындаш). 1
12. Күз көрінісі. Сурет (қағаз, қарындаш). 1
13. Жануарлар суретінің долбары. 1
14. Құстер суретінің долбары. 1
15. Гравюраның түрлері. 1
16. Кітап графикасы. Кітап иллюстрациялары. 1
17. Газет суреттері, карикатуралар. 1
18. Плакаттар, жарнамалар. 1


Page 3

19. Түрлі түсті қарындаштар. 1
20. Дизайн. Сурет (қағаз, тушь, қаламұш, түрлі-түсті қарындаштар). 1
21. Ертегідегі жануар.Сурет (қаламұш, қағаз, тушь). 1
22. Геометриялық кескіндер. Сурет (қарындаш, қағаз). 1
23. Бұтақта отырған құс.Сурет (қағаз,тушь,қаламұш). 1
24. Қысқы орман. Сурет (қағаз,тушь,қаламұш). 1
25. Қазақтың ою-өрнектері. Сурет (қағаз,фломастерлер). 1
26. Өсімдіктер.Сурет (Кактус,қағаз, тушь, қаламұш). 1
27. Портрет. Сурет (қағаз, қарындаш). 1
28. Қызықты, көңілді бет-бейне. Сурет (қағаз, қарындаш). 1
29. Астана.Сурет (субояқ, қағаз, тушь, қаламұш). 1
30. Роботтар елінде. Сурет(қағаз, қарындаш). 1
31. Шығармашылық жұмыс. 1
32. Аквариумдағы балықтар. Сурет (қағаз,тушь, қаламұш, субояқ). 1
33. Менің көңіл-күйім. Сурет. 1
34. Көрме ұйымдастыру. 1
​Барлығы 34

5-сынып
№ ​Тақырыбы Сағат саны
1 Кіріспе. 1
2 Линогравюра, литография, офорт. 1
3 Кітап графикасы.Иллюстрациялық сурет (қағаз, тушь, қаламұш). 1
4 Кітап безендірудегі елеулі үлес қосқан Қазақстан суретшілері. 1
5 Плакат.Мерекелік плакат(турлі-түсті бояу,ватман,фломастер) 1
6 Дизайн. Компьютерлік графика. 1
7 Ойлан, тап! (сайыс сабақ). 1
8 Портрет. (қағаз, қарындаш). 1
9 Ғажайып ағаш. (қағаз, қаламұш, тушь). 1
10 Суретті тест. 1
11 Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары. 1
12 Бояу түстерінің ғажап əлемі. 1
13 Қолданбалы графика. Ашық хаттар. 1
14 Бейнелеу өнерінің жанрлары. 1
15 Графика. Сызықтардың көңіл-күйге əсері. 1
16 Конус, куб жəне цилиндр салу. Натюрморт. 1
17 Шығармашылық жұмыс. 1
18 Айлы түн. (қағаз, тушь, қаламұш). 1
19 Ою-өрнектер. Сурет. 1
20. Линолеум тəсіліиен сурет салу. 1
21 Шығармашылық жұмыс. 1
22 График суретшілерінің шығармаларын талдау. 1


Page 4

23 Күз көрінісі. Саябақта.(қағаз, түрлі-түсті
қарындаштар,тушь,қаламұш).
1
24 Қысқы орман. Графика. 1
25 Көктем. Таң сəрі көрінісін бейнелеу. 1
26 Жаз. Жайлау кеші. (тушь,қағаз,түрлі-түсті қарындаштар). 1
27 Кітап графикасы. (қағаз,картон,желім,қайшы,бояу түрлері) 1
28 Кітап графикасы. (иллюстрация жасау). 1
29 Шығармашылық жұмыс. 1
30 Суретті тест. 1
31 Өнер еліне саяхат. (сайыс сабақ). 1
32 Ертегі кейіпкерлерін бейнелейік. Сурет. 1
33 Шығармашылық жұмыс. 1
34 Көрме ұйымдастыру. 1
​ Барлығы ​34

6-сынып
№ Тақырыбы Сағат саны
​1 Кіріспе. Графика өнері. ​1
2 Оттиск. 1
​3 Кітап графикасы. 1
4 Түрлі-түсті қарындаштар. 1
5 Пастель – түрлі-түсті бояу. 1
​6 Композиция. 1
7 Өрнектерді құрудың композициялық негізі. 1
​8 Перспектива, сызықтық жəне кеңістік перспективасы. 1
​9 Схемалық əдіс. 1
10 Кеңістік перспективасы. 1
11 Жаңбырлы күн. (қағаз, қарындаш) 1
12 Шығармашылық жұмыс. 1
13 Портрет. Менің досымның келбеті. 1
14 XXI ғасыр көшбасшысы. Өнер тану – шоу. 1
15 Графикалық редактор PAINT 1
16 «PAINT» графикалық редакторында ою-өрнектер салу. 1
​17 Компьютерлік графика. Дизайн. 1
18 Шығармашылық жұмыс. 1
​19 Қазақстан суретшілері жəне олардың шығармалары. 1
20 Əр түрлі халықтар өрнектері. (қағаз, тушь, қаламұш) 1
​21 Қызықты тапсырмалар мен сөзжұмбақтар. 1
22 Суретті жұмбақ «Ойлан тап!». (қағаз,тушь,қаламұш) 1
23 Жаттығу жұмыстары. (1, 2, 3-жаттығу). 1
​24 Көркем оймыш тəсілмен, аты-жөнін көркемдеп жазу. 1


Page 5

25 Кітап мұқабасын жасау. (Картон,қағаз,түрлі-түсті
қарындаштар,желім,қайшы).
1
26 Түрлі-түсті қарындаштарды пайдалананып, шығармашылық
жұмыс.
1
27 Линолеуммен жұмыс. 1
28 Көктемгі дала табиғаты.Шығармашылық жұмыс. ​1
29 Құстардың келуі.Шығармашылық жұмыс. 1
​30 Құлпырған мамыр айы.(тушь,қағаз,қаламұш,түрлі-түсті бояу). 1
31 Балықтар өмірі.Шығармашылық жұмыс. 1
​32 Табиғат тіршілігі.Шығармашылық жұмыс. 1
33 Көбелектер мен гүлдер.Шығармашылық жұмыс. 1
34 Көрме ұйымдастыру. 1
Барлығы 34

​Пайдаланылған əдебиеттер
1. А.СЩипанов "Əуесқой жас суретшілер мен мүсіншілерге" 2-басылым
Алматы "Мектеп" 1989.
2. Р.Ж.Аубакирова, И.Б.Абремская. Бейнелеу өнері. Əдістемелік құрал. Алматыкітап
2007.
3. Ұ.Ш.Ибрагимов, Қ.К.Болатбаев. Бейнелеу өнері. 4 –сыныбына арналған оқулық.
Алматы «Атамұра» 2000.
4. Қ.Болатбаев, Ұ.Ибрагимов. Бейнелеу өнері. 5 –сыныбына арналған оқулық.
2 –басылымы, өңделген. Алматы «Атамұра» 2005.
5. Бейнелеу өнері. Оқыту əдістемесі. 5 –сыныбына арналған. Алматы «Атамұра»
2001.
6. З.Айдарова. Бейнелеу өнері. 6 –сыныбына арналған. 2 –басылымы, өңделген.
Алматы «Атамұра» 2006.
7. Бейнелеу өнері. Оқыту əдістемесі. 6 –сыныбына арналған. Алматы «Атамұра»
2002.
8. Бейнелеу өнері. Дидактикалық материалдар. 6 –сыныбына арналған. Алматы
«Атамұра» 2002.
9. Жалпы білім беретін орта мектеп бағдарламалары. Бейнелеу өнері.
(5-7 сыныптарға арналған) Алматы «Рауан» 1992.
10. Республикалық ғылыми - əдістемелік журнал. Бейнелеу өнері жəне сызу.
Мектепте жəне ЖОО –да оқыту. №2, 2006; №2, 2004; №3, 2004; №2, 2009; №6, 2006;
№4, 2009; №5, 2008; №4, 2005; №3, 2009.
11. Республикалық ғылыми – педагогикалық журнал. Тəрбие құралы №1. 2006.






Page 6







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!