Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Грaфика өнерімен танысамыз." 2 -сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақтың тақырыбы: Грaфика өнерімен танысамыз. |
Мұғалімнің аты-жөні: О.Утегенов Күні: 02.02.2018 ж |
||||||
СЫНЫП: 2 А |
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспаған оқушылар саны: |
|||||
Сабақ негізделген оқу мақсаттары |
2.2.2.1 Әртүрлі әдістер мен тәсілдерді пайдаланып, материалдарды (көркемдік, табиғижәнежасанды) және құралдарды қолдану, эксперимент жүргізу |
||||||
Сабақ нәтижесі:
|
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Практикалық жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды. Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. |
||||||
Бағалау критерийі |
Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. |
||||||
Ресурстар |
Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. |
||||||
Әдіс-тәсілдер |
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. |
||||||
Пәнаралық байланыс |
Музыка, қазақ тілі. |
||||||
Сабақтың жоспары |
|||||||
Жоспарлан-ған уақыт |
Сабақ барысы : |
Бағалау түрлері |
|||||
Басталуы 5 минут |
Бағалау парақшасымен таныстыру Топтарға бөлу. Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Аялы алақан» Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту. Нұсқаулық: қатысушылар шеңбер болып отырады. «Бүгінгі сабақтан не алғыңыз, не көргіңіз келеді?» — сұрағын оқушыларға қойып, сұрақтарға жауап алу. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолын ұстайды. Тренинг шеңбер бойымен жалғасады. (Тренинг соңында қатысушылар дөңгеленіп қолдарын ұстайды) |
Оқушылар қорапшадан өздеріне ұнайтын түске сай маркерлер алады. «Аялы алақан» Тренинг. |
|||||
Жаңа білім 10 минут |
Білу және түсіну Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады. Графика. Бұл ұғым суретшілер іс-әрекетінің өте кең және сан алуан шеңберін қамтиды. Живописьтен ерекшелігі сол, графикамен біз барлық жерде кездесеміз. Кітаптағы иллюстрациялар, газеттегі суреттемелер мен карикатуралар, түрлі товарлардың орауыштарын безендіру, көшедегі плакаттар – осының бәрі графика неғұрлым шартты, ол түстер мен формалардың бүкіл байлығын бере алмайды, графика оларды жеңілдете отырып, ең негізгісін таңдап алады. Графика өнерінің живописьпен кейбір белгілері ортақ: онда да жазықтық үстінде бейнелеу орын алады. График,живописьші сияқты, перспективаны меңгеруге, анатомияны білуге, сурет сала білуге тиіс. Бірақ егер живописьте түс және ол жасаған колорит бірінші орында тұрса, ал сурет қажетті, бірақ әйтсе де көмекші роль атқарса, графикада суреттің рөлі шешуші, мұнда ол өнердің дербес түріне айналады. Графикада сызықтар, штрихтар, ашық және қара қоңыр дақтардың ара қатынасы жетекші маңызға ие болады. Рас, графика өнерінің кейбір түрлерінде түстер де пайдаланылады, бірақ оның рөлі, әдетте, шектеулі, қызметтік дәрежеде ғана болып қалады. Ең сараң графика – заттардың тек нобайы ғана беретін сызықтық сурет бірақ мұндай сараң сурет те көп нәрсені – адамның типін, характерін, қимылын бере алады. Суретшінің көзбен дәл өлшеуі, мінсіз талғамы және сенімді қолдары сызықтарға болмашы ауытқулар бере отырып, оны аздап жіңішкерте немесе жуандата отырып, оған түрлі характер береді. Форманы «пішіндеуге», жарық пен көлеңкені және бір жағынан заттың фактурасын беруге қабілетті штрихтық суреттің мүмкіндіктері үлкен. Сурет түстермен боялуы да мүмкін әдетте бұл акварельмен немесе пастельмен жасалады. Бұл живопись емес, заттардың түстік сипаттамасына жасалған ишара ғана, басты міндет форманы беру болып қала береді. Графикаға гравюралардың барлық түрлеріне жатады, суреттерден айырмашылығы сол, оларды көп дана етіп көбейтуге болады. Гравюралар сондай-ақ ақ-қара және түрлі-түсті болады. Түрлі-түсті гравюралар бірнеше тақталардан басылады. Гравюралардан басқа, графика өнерінің тағы бір түрі – литография да көбейеді. Бұл – бетіне тікелей сурет салынған ерекше жалпақ тастан басып шығару. Литография ақ-қара және түрлі-түсті болады. Графикалық өнердің ең көп тараған түрі – плакат. Оның түрлері аз емес, бірақ олардың ішіндегі ең бастысы – қоғамдық өмірде елеулі роль атқаратын саяси, үгіт плакаты. Плакаттың аса маңызды ерекшелігі суреттің қысқаша жазумен мағыналық және композициялық жағынан бірігуі болып табылады. Сатиралық графика – карикатура да бүгінгі өмірде айтарлықтай роль атқарады. Олармен біз, газеттің немесе журналдың кезекті санын аша отырып, күн сайын ұшырасамыз. Графика үшін тұтас алғанда қолданылған түстің шарттылығы, образдың жалпылығы, әсірелеу мен символика тән. Графика өнерінде живописьпен және скульптурамен салыстырғанда сыртқы ұқсастықтан едәуір ауытқуға жол беріледі |
Оқулық, мәтіндер. |
|||||
Ортасы 10 минут |
Қолдану Практикалық жұмыс Талдау
|
Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер |
|||||
Сергіту сәті 2 минут |
Сергіту сәті "Күміс құмған-ай" |
Оқушылар би билеп сергіп қалады. |
|||||
Аяқталуы Сабақты бекіту 10 минут |
Синтез "Таңда да таста" әдісі https://www.akavideos.com/watch?v=RAo-zw5U8gQ |
"Таңда да таста" әдісі |
|||||
Бағалау 5 минут Кері байланыс 3 минут |
«Жетістік» баспалдағы. |
Кері байланыс парағы.«Жетістік» баспалдағы. |
|||||
Үйге тапсырма: жұмысты аяқтау. |
|||||||
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Пəнаралық байланыс Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс |
|||||
Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен? |
|
||||||
Қорытынды бағамдау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? |