жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Графика. Орындалу техникасы
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1 Бөлім: Визуалды өнер |
Мектеп: «Ынтымақ» |
||||||
|
Күні: 11. 09. 2018 ж. |
Мұғалімнің аты-жөні: Кузбаева Назипа |
||||||
|
Сынып: 6 |
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
|
|||||
|
Сабақ тақырыбы |
Графика. Орындалу техникасы
|
||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
6.1.6.4 Материалдардың қасиеттері жайлы білімін және тәжірибелік жұмыс істеу дағдыларын көрсете отырып техникалар, көркемдік материалдарды қолдану және эксперимент жасау. |
||||||
|
Сабақ мақсаттары |
Шығармашылық жұмыс кезінде сызықты сурет бойынша дағдысын көрсету. |
||||||
|
Бағалау критерийлері |
графика техникалары және материалдарымен эксперимент орындау; портретті салу үшін техника мен материалдарды анықтау. |
||||||
|
Тілдік мақсаттар
|
Материалды ұсыну барысында сабақта қозғалған жаңа терминологияларды қолдану. Сұрақтарды қою және мысалдарды келтіре отырып, оларға аргументті жауап беру. Пән лексикасы, терминология және диалог/жазу үшін қажетті сөз тіркестері:
|
||||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Әртүрлі дәуірде, әртүрлі елдердің суретшілерімен жасалған туындыларды талдау арқылы толеранттылықты дәріптеу. |
||||||
|
Пәнаралық байланыстар |
Әдебиет. |
||||||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Ақпарат көзі ретінде ғаламторды қолдана алады. |
||||||
|
Бастапқы білім |
Өткен сабақтардан оқушылар портреттің не екенін біледі. |
||||||
|
Сабақ барысы |
|||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
|
|||||
|
Сабақтың басы |
Сұрақтарға жауап бер. Қандай портрет сай емес? Портретті салу үшін суретшілер қандай материалдарды қолданды? Кескіндеме өнері жайлы не
білдік, не үйрендік? Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері анықталады. |
(слайд1) |
|||||
|
Сабақтың ортасы |
Графика гректің "грапо" деген сөзінен шыққан, қазақша "жазамын", "сызамын", "суретін саламын" деген мағынаны білдіреді. Қарындашпен, тушьпен салынған сурет немесе гравюралар графикаға жатады. Ол бейнелеу өнерінің бір саласы болып табылады. Кітаптағы иллюстрациялар, газаттегі суреттемелер мен карикатуралар, түрлі көшедегі плакаттар - осының бәрі график суретшілерінің туындылары. Графикада сызықтар, штрихтар, ашық және қоңыр дақтардың арақатынасы жетекші маңызға ие болады. Графика өнерінің кейбір
түрлерінде түстер де
пайдаланылады. Қазақстан суретшілерінің ұлттық графикаға қосқан
үлесі зор. Еліміздің графика өнерін дамытып, сол салада жемісті
еңбек етіп жүрген суретшілерден: И. Исабаев, Ә, Рахманов, М.
Қисамединов, А. Смағұлов, Б. Табылдиев, К. Баранов, Н. Гаев, В.
Гурьев, Е. Сидоркин, Т. Ордабеков, Қ. Қаметов, В. Тимофеев, т. б.
атауға болады. Графика өнері каллиграфиямен, жазбамен тығыз
байланысты деп табылады. ХІХ ғ. дейін графика мен сурет түсініктері
қатаң ажыратылып қаралды. * Графикалық сурет салу үшін қандай материалдарды білесіңдер? Графика арналған материалдарды таныстыру. Қарындаш, линер, сангина, көмір, қаламсам, пастель, балауыз борлары және т.б. Оқушылар материалдармен эксперимент жүргізеді. Топтарда штрих, нүктелі және т.б. сурет салады. Бейнематериалдарды тамашалау. Портреттерді қарастырып, сұрақтарға жауап бер. - Портрет қандай материалдармен орындалған? - Көркемдік материалдың қандай ерекшелігін айта аласыздар? Практикалық тапсырма А3 альбомын оқушылар 4 бөлікке бөледі. Әр бөлігінде әртүрлі материалдармен оқушылар адамның бет әлпетінің суретін салады. Мысалы: көз - түрлі түсті қарындашпен, мұрын - қарындашпен, ерінді - борлармен, құлақты - қаламсаппен. Сабақты қорытындылау
|
|
|||||
|
Сабақтың соңы |
Бағалау Оқушылар кішігірім көрме ұйымдастырады. Бір-бірлерінің жұмыстарын бағалайды. Рефлексия Сұрақтарға жауап беру. |
|
|||||
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік
техникасының сақталуы |
|||||
|
Анағұрлым қабілетті оқушылар тапсырманы күрделендіріп орындай алады. |
Оқушыларға сабақ барысында сұрақ қою. Және тапсырманың дискрипторларына сай бір-бірін бағалау. |
Көркемдік материалды ұқыпты қолдану. |
|||||
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
||||||
|
|
|||||||
|
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
|||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген