400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Графика салу

Материал туралы қысқаша түсінік
Графика өнерінің түрлерімен таныс болу.Салу техникасын үйрену.Әсем сұлулықты байқауға, әдемілікке, сұлулыққа тәрбиелеу, Оқушылардың өнерге деген қызығушылығын дамыту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Н.Островский атындағы мектеп- лицейі
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары

Бөлім:


Педагогтің Т.А.Ә.

Cтамбек Заманбек Берікбайұлы

Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Графика салу

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

Графика өнерінің түрлерімен таныс болу.Салу техникасын үйрену.Әсем сұлулықты байқауға, әдемілікке, сұлулыққа тәрбиелеу, Оқушылардың өнерге деген қызығушылығын дамыту

Сабақтың мақсаты

Әсем сұлулықты байқауға, әдемілікке, сұлулыққа тәрбиелеу, Оқушылардың өнерге деген қызығушылығын дамыту

      Сабақтың барысы

Сабақ

уақыты



Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы:
8 мин

Психологиялық ахуал.

Ұйымдастыру кезеңі:

Сыныптың ынтымақтастық атмосферасын құру мақсатында бір - бірлеріне бүгінгі сабаққа жақсы тілек, сәттілік білдіру

Бүгінгі сабақтың ережесімен, тәртібімен таныстырып, берілген тапсырмадан ауытқып кетпеулерін түсіндіру.


Сабағымыздың ережесі

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!


Бағалау жүйесі арқылы


Психология

лық ахуал.


Алдыңғы білімді еске түсіру

тапсырмалары
Shape2

Ортасы:
25мин

Жаңа сабақ.

Графика гректің "грапо" деген сөзінен шыққан, қазақша "жазамын", "сызамын", "суретін саламын" деген мағынаны білдіреді. Қарындашпен, тушьпен салынған сурет немесе гравюралар графикаға жатады. Ол бейнелеу өнерінің бір саласы болып табылады. Кітаптағы иллюстрациялар, газаттегі суреттемелер мен карикатуралар, түрлі көшедегі плакаттар - осының бәрі график суретшілерінің туындылары. Графикада сызықтар, штрихтар, ашық және қоңыр дақтардың арақатынасы жетекші маңызға ие болады. Графика өнерінің кейбір түрлерінде түстер де пайдаланылады. Қазақстан суретшілерінің ұлттық графикаға қосқан үлесі зор. Еліміздің графика өнерін дамытып, сол салада жемісті еңбек етіп жүрген суретшілерден: И. Исабаев, Ә, Рахманов, М. Қисамединов, А. Смағұлов, Б. Табылдиев, К. Баранов, Н. Гаев, В. Гурьев, Е. Сидоркин, Т. Ордабеков, Қ. Қаметов, В. Тимофеев, т. б. атауға болады. Графика өнері каллиграфиямен, жазбамен тығыз байланысты деп табылады. ХІХ ғ. дейін графика мен сурет түсініктері қатаң ажыратылып қаралды.

Графика деп тек баспа техникасымен салынатындарды атаса, суретке - қолмен салынатын жұмыстарды: нобайды, нұсқа, т. б. жатқызады. Гравюрлеу француздың grawer - "қию", "тырнау" деген сөзінен шыққан. Гравюра деп бетіне сурет ойып салынған тақтаны да, сондай - ақ одан алынған басылымды да айтамыз. Гравюра Қытайда шамамен VI ғасырда пайда болды. Батыс Еуропада ол XIII - XIV ғасырларда шығып, XVI ғасырда кемеліне жетті. Көптеген график суретшілері байқасақ, олар қарындаш, акварель, тушь сияқты қолайлы әрі ыңғайлы материалды қолданған. Графикаға гравюралардың барлық түрлері де жатады, суреттерден айырмашылығы сол - оларды көп дана етіп көбейтуге болады. Гравюралар бірнеше тақталардан басылады. Гравюраның түрлері өте көп, олар: офорт, ксилография, линогравюра, литография т. б. болып бөлінеді. Графика өнері бейнелеу өнерінің бір түрі. Қазақ графика өнерінің бастауы тас дәуірі мен ата – бабаларымыздың рухына табынуға барып тіреледі. Жартастарға салынған сызықтық суреттер Балқаш, Түркістан, Маңғыстау өлкесінен табылған.

Графикаға қарындаш, көмір, тущьты пайдаланып, қолмен салынған суреттер, баспа графиканың әр алуан түрлері – ағашқа жасалған гравюра (ксилография), металға жасалған гравюра (офорт), литогравия, линогрвюра жатады.
Кескіндеме сияқты графикаға да - портрет, натюрморт, пейзаж, тарихи, анималистік және т. б. жанрлар тән. Графикамен кескіндеме арасындағы байланыс ауыспалы. Мысалы, акварель, пастель кейде гуащпен жұмыс істеу техникасын өнердің бір түріне, кейде екіншісіне жатқызады. Бұл – түстің қандай деңгейде пайдаланылғанына, шығармада сызық пен дақтың қайсысы басым екендігіне, оның қолданылатын орнына байланысты. Қолданылу орнына қарай графиканың станокты, кітап, газет – журналдар, қолданбалы графика және плакат сияқты түрлері бар.
Станокты графика шығармаларын көрмелерден тамашалауға болады.
Графиканың маңызды салаларының бірі - кітап графикасы. Кітаптың ішкі және сыртқы безендіру жұмыстарының барлығы тұтас өнер туындысын құрайды. Әсіресе суретші – иллюстрацияшылардың рөлі зор.

Қолданбалы графикаға күнтізбе, құттықтау, ашық хаттар, орауыштардағы зат белгілері (этикетка), пошта маркалары, көшедегі жарнамалар жатады.
Компьютерлік графика – графиканың жаңа түрі. Суретшілер қиылысқан сызықтардан, көлемді элементтерден, өрнек, түрлі түсті дақтардан монитор бетінде композиция жасап, одан кейін дайын болған бейнені принтер арқылы басып шығарады.


(Ж) Таулы өлкені графика жанрында бейнелеу


Дескриптор:

Графика салуда қара ақ түстер қолданылатының біледі



Оқылым, жазылым тапсырмалары.












Соңы:

7 мин














Графикада әртүрлі табиғатты, жеміс жидекті, адамды, жануарларды, нысандарды бейнелеуге болады Оқушылардан сабақ барысында алған әсерін, ой пікірін тыңдау.

Бағалау: Сабақ соңында барлық оқушылардың жұмыстарын қатар қойылып, оқушылар бір - бірінің жұмыстарына баға береді. Жақсы орындалған жұмыстарды атап өту.

Оқушылар: 1.Әдемілігі, 2.Техникасы , 3.дұрыс орналасуы бойынша критерийлерімен бағалайды

1 .Графикада қандай құралдар қолданылады?

2 . Графиканың түрлерін ата?


Кері байланыс: Бүгінгі сабақта алған әсерлерін стикерге жазып, бағалау ағашына іледі

Үйге тапсырма: Графиканы аяқтап келу

Сабақты пысықтау тапсырмаларын орындау..





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
27.01.2025
179
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі