жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Графикалық редактор Paint.Paint-те сурет салу. 5-сынып
Сабақ жоспары
-
Пәні:
Информатика
Пән мұғалімі:
Жақсылық Назерке Айтбайқызы
Сыныбы:
5 сынып
Уақыты:
5.12.2017жыл
Тақырыбы:
Компьютерде графикалық ақпаратты өңдеу. Графикалық редактор Paint. Paint редакторының құралдары, түстер палитрасы. Paint-те сурет салу.
Құзыретілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:
А) ақпараттық
PAINT графикалық редакторымен жұмыс, Paint-тың қосымша мүмкіндіктері туралы кең көлемді ақпараттан қажеттісін іріктеуді ұйымдастыру арқылы оқушының ақпараттық құзыреттілігін дамыту;
Б) коммуникативтік
тақырып бойынша оқушыға сынып ішінде өз ойын ауызша түрде анық айтуға, өз пікірін қорғауға жағдай жасау, оқушының коммуникативтік потенциалын көтеру, өзара көмектесуін, сөйлеуін, бір-бірін тыңдай білуін жетілдіру;
В) проблеманы шешу құзыреттілігі
оқуышының логикалық ойлауын, сабаққа назар аударуын, пәнге деген қызығушылығын арттыру, практикалық тапсырмалар беру арқылы оқушы бойындағы проблеманы шешу құзыреттілігін шыңдау;
Түрі:
жаңа материалды түсіндіру
Қолданылатын педагогикалық технологиялар:
ақпараттық-коммуникативтік технология
Әдістер:
сөздік, көрнекілік, түсіндірмелі-иллюстративті, проблемалық
Пәнаралық байланыс:
Оқыту құралдары:
Бағдарламалық
MS Power Point-«Компьютерде графикалық ақпаратты өңдеу. Графика-лық редактор Paint. Paint редакторының құралдары, түстер палитрасы. Paint-те сурет салу.» тақырыбында презентация
Техникалық
компьютер, интерактивті тақта
-
Сабақтың барысы
Оқытушының қызметі
Оқушының қызметі
Күтілетін нәтиже
І. Ұйымдастыру кезеңі
1.Оқушылармен амандасу;
2.Сабақта жоқ оқушыларды анықтау;
3.Оқушылардың назарын сабаққа;
1.Оқытушымен амандасу;
2.Кезекші оқушының есеп беруі;
3.Сабаққа дайындалу;
Оқушылар сабаққа дайын
ІІ. Жаңа материалды игеру кезеңі
-интерактивті тақтадағы ақпаратпен жұмыс
Paint графикалық редакторын іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындау керек:
-
Іске қосу (Пуск) батырмасын шертіңдер.
-
Бас менюден Программалар (Программы) командасын таңдаңдар.
-
Ашылған бағыныңқы менюден Стандартты командасын таңдаңдар.
-
Келесі бағыныңқы менюден Paint графикалық редакторын таңдаңдар.
Бұдан былай осындай әрекеттер тізбегін мына түрде жазамыз: Іске қосу--Барлық программалар—Стандартты—Paint. (Пуск—Все программы—Стандартные—Paint)
Командалар орындалғаннан кейін, экранға Paint графикалық редакторының терезесі шығады.
Көріп отырсаңдар, терезе Windows жүйесінің стандартты түрі сияқты, бірақ мұнда салынатын кескіннің түсін таңдап қана қоймай, оның фонының түсін де таңдауға болатын түстер п
алитрасы қосылған. Терезенің үлкен бөлігін бос
кеңістік-сурет салу
алаңы алады. Оның сол жағында
таңбашалар тобы-құралдар
тақтасы орналасқан. Терезенің төменгі
жағында түстер
палитрасы бар.Түстер палитрасының көмегімен екі түрлі түсті таңдауға болады: негізгі-біз онымен сурет салатын түс және қосымша бұл фон беретін түс. Программаны іске қосқанда, ешқандай әрекет болмаса, келісім бойынша кескіннің түсі-қара, ал фонның түсі-ақ болып шығады.
Палитраның сол жағында бірін-бірі жабатын екі квадрат орналасқан. Жоғарғысы сурет түсін көрсетеді. Ол таңдаған түсте тышқанның сол жақ батырмасын шерту арқылы таңдалады. Төменгі квадрат фон түсін көрсетеді, ол үшін таңдаған түсте тышқанның оң жақ батырмасын шерту қажет.


Сурет салу процесі негізгі мынадай кезеңдерден тұрады:
-
Құралды таңдап алу қажет.
Paint редакторында 16 құралды пайдалануға болады. Олардың міндеттерін білу үшін, тышқанның нұсқағышын қажетті құралдың үстіне апару керек, сонда ішіне олардың міндеттері жазылған кішкене төртбұрыш пайда болады:
Ерікті аймақты
белгілеу, құралы бұл қисық пішінді
үзіндіні таңдау қызметін атқарады.
Белгілеу
құралы, суреттің тік төртбұрышты
үзіндісін таңдау қызметін атқарады.
Өшіргіш/түрлі-түсті
өшіргіш, бұл смуреттің белгілі бір
бөліктерін өшіруге арналған құрал.
Құю (Заливка)
құралы, бұл тұйық контурдың ішін
кескін немесе фон түсін бояйды.
Түс таңдау
құралы, бұл кескіннің немесе фон
түсін, суреттің кез-келген нүстесіне түсіне
өзгертеді.
Масштаб
құралы, бұл суреттердің жеке
үзінділерін үлкейтіп, кішірейтуге мүмкіндік
береді.
Қарындаш
құралы, кез-келген сызықты әр- түрлі
жуандықта сызуға арналған.
Кисть,
ерікті
сызықтарды салуға арналған кистінің қажетті түрін таңдап алуға
болады.
Бүріккіш
құралы, пульвизатор эффектісіне жетуге
мүмкіндік береді.
Жазу,
бұл сурет
ішіне мәтін орналастырады.
Сызық,
түзу
сызықтар салуға арналған.
Қисық,
тегістелген сызықтар салуға мүмкіндік
береді.
Тік
төртбұрыш, тік төртбұрыштар салуға
арналған.
Көпбұрыш,
ерікті
пішінді тұйық көпбұрыштар салады.
Эллипс,
шеңбер
және эллипс салуға арналған құрал.
Бұрыштары дөңгеленген тік
төртбұрыш. Бұрыштары дөңгеленген
квадраттар мен тік төртбұрыштар салуға мүмкіндік
береді.-
Сызықтың қалыңдығын, кисть түрін немесе төртбұрыштың типін тағайындау. Мұны құралдар жиынының тура астыңғы жағындағы арнайы аймақта жасауға болады. Сызықтардың қалыңдығын бірден бастап, бес нүктеге дейін салуға болады және кисттің, төртбұрыштың бірнеше түрлерін пайдалануға болады.
-
Кескіннің түсін таңдау. Сурет салатын түсті таңдау үшін, палитрадаға қажетті түстің төртбұрышына маус нұсқағышынорналастырып, сол жақ батырмасын басыңдар.
-
Фонның түсін таңдау. Фонның түсін таңдау үшін, палитрадағы қажетті түске маус нұсқағышын орналасьырып, оң жақ батырмасын шертіңдер. Бұл саты фонды пайдаланып объектілер жасайтын құралдармен жұмыс істегенде қажет (тік төртбұрыш, көпбұрыш, эллипс, дөңгеленген көпбұрыш)
Ал, енді сурет саламыз.Сурет салуға қажетті қандай да бір құралды таңдау үшін, келесі әрекеттерді орындау керек:
-
Сурет салуға қажетті құралды таңдап, оған тышқанның нұсқағышын орнатып, оны шертіңдер.
-
Палитрадағы қажетті түстің төртбұрышына тышқан нұсқағышын орналастырып, сол жақ батырмасын шертіңдер.
-
Нұсқағышты сурет салатын орынға жылжытып апарыңдар.
-
Тышқан батырмасын басып тұрып нұсқағышты қажетті бағытта тасымалдаңдар.
-
Суретті салып болған соң, тышқанның батырмасын жіберіңдер.
Оқушылар жаңа сабақты қабылдайды, қабылдаған ақпаратты талқылап, талдайды, ақпарат негізінде білімін жүйлейді, жинақтайды, одан қорытынды шығара алады.
ІII.Жаңа материалды бекіту кезеңі
Практикалық жұмыс №1
Сызық (Линия) құралын пайдаланып, қалыңдығы мен түсі әр түрлі сызықтармен индеск цифрларын сал.Практикалық жұмыс №2
Сызық (Линия) құралын пайдаланып, өрмекшінің торын сал.Практикалық жұмыс №3
Сызық (Линия) құралын пайдаланып, қалыңдығы мен түсі әр түрлі сызықтармен жайраның суретін салПрактикалық жұмыс №4
Сызық (Линия) құралын пайдаланып, қалыңдығы мен түсі әр түрлі сызықтармен ағаштың суретін салПрактикалық жұмыс №5
Тіктөртбұрыш (Прямоугольник) құралын пайдаланып, қалыңдығы мен түсі әр түрлі сызықтармен поездың суретін салПрактикалық жұмыс №6
Әр түрлі типті дөңгеленген тік төртбұрыш (скругленный прямоугольник) пайдаланып, пирамида суретін сал.

Жұмыс істеп ұзақ, Өрмекші құрды тұзақ. Болмады бірақ күткені, Оған ешкім түспеді.
Үсті-басы ине, Бұл не деген бейне?! Кірпіге
ұқсаc заты, Жайра оның
аты.



Игерген теориялық білімдерін практикалық тапсырма орындау барысында тиянақты түрде қолдана алады.
IҮ.Үйге тапсырма. Қорытынды.
Н.Ермеков, Н.Стифутина «Информатика»7-сынып оқулығы 117-133 беттер оқу. Сөзжұмбақ құрау.
Үйге берілген тапсырманы орындайды.
Оқушылар өздігінен үйге берілген тапсырманы орындай алады.
-

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген