жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Графикалық редактордағы фигуралар
Тексердім:
директордың әдістемелік ісі
жөніндегі орынбасары
-----------М. Конаева
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспарда қарастырылған бөлім: 3.3А Шығармашылық және компьютер |
Мектеп: «Н.Исахметов атындағы орта мектебі» КММ
|
|||||||
Мұғалімнің аты-жөні: Нурмалинова А. |
|
|||||||
Күні: |
Қатысқан оқушылар саны: |
|
||||||
Сынып: 3 |
Қатыспағандар: |
|
||||||
Сабақтың тақырыбы |
Графикалық редактордағы фигуралар |
|||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатың оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
3.2.2.1 қарапайым графикалық редактор құралдарын қолдану
|
|||||||
Сабақтың мақсаттары |
Барлығы:
Көбісі: графикалық кескіндерді құрастыру және – өзгерту үшін графикалық редактордың мүмкүндіктерін пайдалану;
Кейбірі:
|
|||||||
Бағалау критерийлері |
|
|||||||
Тілдік мақсаттар |
Басты – главная, қалыңдық –толщина, түс – цвет, құйып бояу – заливка. |
|||||||
Құндылықтарға баулу |
Команда жұмысынан басқа оқушылар әлеуметтік, мәдени, этикалық және өзара іс-қимыл дағдыларын дамытады. Командада жұмыс істеу ынтымақтастық және жоспарлау қажеттілігі бірлескен оқыту ортада жұмыс істеуге достық қарым-қатынастар оқушылар мен олардың көпшіл қасиеттерін қамтамасыз етеді. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы Балалардың академиялық білімге деген қызығушылығын қалыптастыру, өмір бойы Отанымыздың игілігі үшін оқыту. Сабақтың элементтері өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі тануға, оқушылар арасында сыни ойлауды дамытуға және білім берудегі үш тілдік саясатты іске асыруға бағытталған. |
|||||||
Пәнаралық байланыс |
Математика. Геометриялық пішімдерді қолдана отырып сурет салуға бейімеделді |
|||||||
АКТ қолдану дағдылары |
Оқушылардың өңдеу және сурет салу практикалық дағдылары қалыптасқан. |
|||||||
Алдыңғы білім |
Оқушылар файлдарды ашып жабады, компьютердің құрылғыларымен жұмыс жасайды (тінтуір, пернетақта), графикалық редакторда сурет салу дағдылары қалыптасқан. |
|||||||
Жоспар |
||||||||
Сабақ кезеңдері мен жоспарланатын уақыт |
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер |
Дереккөздер |
||||||
Сабақтың басы
1-5 мин
6-7 мин
8-11 мин
|
Оқушылармен амандасып олардың сабаққа дайындығын ұйымдастыру. Миға шабуыл. «Ұшқыр ой патшалығы» ойыны.
Paint графикалық редакторда қолданылатын құрал-саймандарды атау. (Мұғалім Paint графикалық редакторында қолданатын құралдарды экран бетіне шығарып көрсетеді, оқушылар олардың атқаратын міндетін атайды).
Сабақтын тақырыбы мен сабақ мақсатын оқушылар мұғаліммен біріге отырып тұжырымдайды.
|
|
||||||
Сабақтың ортасы
17-18 минут
19-20 минут
21-24 минут
|
«Бөліп алу» батырмаларының қолданысын көрсету - тік төртбұрыш арқылы бөліп алу; - еркін бөліп алу; - фон арқылы, фонсыз. Тақырыпты бекіту Құралдарды тауып атқаратын міндеттері бойынша сәйкестендір
Сергіту сәті
Енді
балалар шаршап қалған шығармыз, олай
болса көз жаттығуын жасап алайық. Бір нүктеге 2-3 минут көз алмай қарап тұрамыз. Көзіміздің қарашығын жоғары, төмен, оңға, солға қозғалту арқылы көзімізді жаттықтырып аламыз. Практикалық жұмыс Оқушылармен компьютерде жұмыс жасау кезінде орындалатын ережелерге нұсқаулық беріледі. 1. Тапсырма: «Пирамида» файылын ашып, Бөліп алу құралын қолдана отырып Пирамиданы жинақтау. Өздеріне ұнайтын түстермен бояу. 2. Тапсырма: Көшіру мүмкіндігін қолдана отырып «Домино» файлын ашып суретті толықтырып салу. 3* Тапсырма Көпбұрыш пішінің қолдана отырып сурет салу.
Дескриптор: - «Бөліп алу» тобының батырмасын қолданды; - Бөліп алудың әр түрлі формасы қолданылды: «Тік төртбұрыш арқылы бөліп алу», «Еркін бөліп алу»; - Үзінділерді жылжыту арқылы сурет құрастырады. - Сурет үзіндісіне қиып алу, көшіру, қою командаларын қолданды; - Суретті бояу үшін палитра тақташасын қолданды
Ұсынылған тізімді тағы да қандай дескрипторлармен толықтыруға болатының оқушылармен талқылау. Мысалы, «ұқыпты орындау» және т.б. Оқушылар практикалық жұмысты орындауға кіріседі. Саралау мақсатында тапсырмалар өсу ретімен күрделенеді. Дескрипторлар арқылы өзара бағалау. Алдын ала құрастырылған дескрипторлар арқылы оқушылар жұптасып бір - бірінің жұмыстарын бағалайды. |
|
||||||
Сабақтың соңы 38-40 минут |
Рефлексия Балалар! сендердің үстелдеріңде 2 адам бейнеленген кеспе қағаздар жатыр. Біреуі қуанышты, жетістікті, ләззат алуды, қызығушылықты бейнелейтін қызғылт - сары (көрсетіңіз) түс. Ал екіншісі қиындықты, кедергіні бейнелейтін жасыл (көрсетіңіз) түсті. Егерде сіздерге сабақта қызықты, тапсырмалар оңай, барлығы түсінікті болса қолдарыңа қызғылт-сары адамды алыңыз. Ал егерде түсінбей қалған жайттар болса онда жасыл адамды алыңыз. Жоғарыға көтеріп көрсетіңдер, өздеріңе алып қалыңдар Барлықтарыңа рахмет!!! |
|
||||||
Қосымша ақпарат |
||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? |
Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? |
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен
байланыс |
||||||
Практикалық тапсырма орындау кезіңде саралау шығармашылықтың кезеңі бойынша іске асады: тапсырмалар өсу ретінде берілген. Тапсырманы орындаған жағдайда мұғалім сұрақтар арқылы немесе нұсқау картасында қадам бойынша алгоритм қолданып қолдау көрсетеді.
|
Бағалау сабақтың әр кезеңіңде жүзеге асырылады: - қиындықтарды анықтап қолдау мақсатында оқушылардың жауптарын қадағалау (жұптық жұмыс). - теориалық материалды түсіну кезеңінде интерактивті тапсырмаларды бағалау үшін қолдану; - практикалық жұмысты орындау кезіңде бағалау дескрипторлар арқылы жұптасып орындалады. - өз-өзінің жұмысын бағалау мақсатында, кері байланыс түрінде сабақтың соңында, оқушылар өз жұмыстарын бағалайды, жетістіктері мен қиындықтарын талдайды. |
Оқушылардың белсенділігін арттыру үшін сабақ барысында топтық жұмыс, сергіту сәті қарастырылған. Компьютермен жұмыс жасап отырған кезде оқушылар дене мүсіні дұрыс болуына, көзбен монитор экранының ара қашықтығына көңіл аударып, жағымсыз ситуациялар пайда болған жағдайда мұғалімге хабарлайды. |
||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген