Графитік ақпаратты өңдеу (бейнелерді масштабтау, трансформациялау

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Графитік ақпаратты өңдеу (бейнелерді масштабтау, трансформациялау

Материал туралы қысқаша түсінік
Графитік ақпаратты өңдеу (бейнелерді масштабтау, трансформациялау)
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 21.01. 2014ж

Класы: 5 «А», «Б»

Сабақтың тақырыбы: «Графитік ақпаратты өңдеу (бейнелерді масштабтау, трансформациялау)»

Сабақтың мақсаты:

Бірлесе жұмыс жасау арқылы PAINT графикалық редакторында суреттің мөлшерін, еңкейтуін, бұрылуын және шағылуын өзгерту үшін Кескін тобының бұйрықтарын қолдануды үйренеді; бейнелерді трансформациялаудағы мүмкіндіктерін тәжірибеде қолдану; өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.

Күтілетін нәтиже:

  • Графикалық ақпаратты өңдеу туралы мағлұмат алады;

  • Бейнелейді масштабтайды;

  • Суреттің мөлшерін, еңкейтуін, бұрылуын және шағылуын өзгерту бұйрықтарын колдана алады;

  1. Саламатсыздар ма, оқушылар, көңіл-күйлеріңіз қалай?(көңіл-күй нышандарын көтеру арқылы көрсетеді) Жақсы, олай болса сабағымызды бастаймыз.

  2. Топтастыру: «Сағаттың» суреті таратылады, оқушылар Paint редакторы бойынша алған білімдері қай деңгейде екенін көрсетеді.

Бүгінгі сабағымызда өзіңізге қажетті жаңа білім аласыздар деп ойлаймын. Ол үшін әрине, бәріміз бірлесе ынтымақтастықта жұмыстанайық. Балалар, біз Пайнт графикалық редакторы тарауы бойынша бірнеше тақырып өттік, жаңа тақырыпты бастамас бұрын өткен тақырыпты қайталап өтейік. Назарларыңызды интербелсенді тақтаға аударайық. Не көріп тұрмыз?

  1. «Шалқан» ертегісінен көрініс, өздеріңіз байқап отырғандай ертегі кейіпкерлері экранда әртүрлі ретпен орналасқан. Сіздерге тапсырма, кейіпкерлерді рет-ретімен орналастырыңыз. Ол үшін қандай құралдар көмегіне жүгінеміз?

  2. «Перфокарта» тапсырмасы: Пайнт редакторының құралдарын естеріңе сақтадыңдар ма?

  3. Тапсырма «Мысық сұрақ қояды» мысық қатарынан бірнеше күн Paint редакторында сурет салды. Ол оны Күшіктің туған күніне сыйламақшы еді. Сурет дайын болар кезде, Мысықтың бояуы төгіліп, бүкіл суретін жауып кетті. Басқа сурет салғанға Мысықтың уақыты жоқ. Ол қатты ренжіді. Оған қалай көмектесеміз? Соңғы әрекетті қалай қайырамыз? .......................................................... кеңес бергендеріңізге Мысық өте риза болды. Оның қуанғаны сонша, бір рет орындаудың орнына үш рет орындап, суреттің ең маңызды бөліктерін жоғалтып алды. Ол тағы жылап отыр. Сенің көмегіңді күтеді. Орындатпаған әрекетті қалай кері қайыруға болады?.............................................

  4. Тапсырма «Мүшелдегі жылдар» бұл суреттердің тұсына сіздің туған жылыңыз бен биылғы жыл атауларын сәйкес жануарлардың қасына мәтін теру батырмасы арқылы жазыңыздар.

  5. «Бейнеролик» трансформация туралы

  6. Компьютерде тәжірибелік жұмыс. Оқулықтағы 144 бет.немесе шығармашылық жұмыс жасауға болады.

  7. «Галереяға саяхат» оқушылар аралап жүріп бір-бірінің жұмыстарымен танысады

























Уақыты

Жұмыс түрлері

Ресурстар

Бағалау

3 мин

Ұйымдастыру.

Оқушыларды түгендеу;

Сабаққа дайындықтарын тексеру;

Сабақтың мақсатымен таныстыру;

Топтастыру.


Мозайка қималары


5 мин

Мәселе (проблема) қою.

Біздің алғашқы тәжірибелік жұмысты естеріңе түсіріңдер (ойыншық). Суретті бояу үшін оның контуры қандай болуы керек? Қандай құрал контурдағы тесіктерді жабуға көмектесті? Сәтсіз әрекетті қалай болдырмауға болады?


Критерий бойынша бағалау

15 мин

Жаңа тақырыпты меңгеру. ДЖИГСО.

1 топ - Масштаб. Суреттің трансформациясы

2 топ – Суретті басуға дайындау. Суретті баспадан шығару.

Кескіннің детальдарын дәлдеу масштабтың көмегімен жасалады.

Трансформация сөзі латын тілінен түрлену, алмасу деп аударылады.

Түйін:

  • Суреттің мөлшерін, еңкейтуін, бұрылуын, шағылуын өзгерту үшін Кескін тобының бұйрықтары қолданылады;

  • Суретті өзгертпей тұрып оның көшірмесін сақтап қойған дұрыс;

  • Егер өзгерту сәтсіз орындалса – «Отменить» батырмасымен бұйрықтың нәтижесінен бас тартыңдар;

  • Масштаб өзгергенмен суреттің, суреттегі мәтіннің мөлшері өзгермейді.

  • Суретті басып шығармай тұрып,бет параметрлерін баптау, алдын-ала қарап шығу орындалады;

  • Суретті басып шығару үшін Раінт-Басып шығару бұйрығы қолданылады.


Оқулық, компьютер, электрондық оқулық,

А3-форматы, маркерлер

Критерий бойынша бағалау

15 мин

Компьютерде тәжірибелік жұмыс.

1 тапсырма.

А- деңгейі – оқулықтағы 144 беттегі тапсырманы орындау

В – деңгей – оқулықтағы 145 беттегі тапсырманы орындау

С – деңгейі – оқулықтағы 145-146 беттердегі тапсырманы орындау керек.

2 тапсырма.

  1. Өз суреттеріңді ашыңдар.

  2. Беттің параметрлерін: ернеулері 10 мм (барлық жағынан), толтырылу бағыты – альбомдық етіп тағайындаңдар.

  3. Масштабты сурет беттің үлкен бөлігін алатындай етіп таңдаңдар.

  4. Суретті беттің ортасына орналастырыңдар.

  5. Алдын ала қарауды орындаңдар.

  6. Мұғалімнен принтердің атын біліңдер.

  7. Жылдам қол жеткізу тақтасына Басып шығару батырмасын қосыңдар.

  8. Суретті басып шығарыңдар.

Компьютер,

Практикалық тапсырмалар, оқулық

Критерий бойынша бағалау

5 мин

Рефлексия.

  1. Суреттің фрагментін қалай бұрамыз?

  2. Дөңгелекті шағылдырса не болады?

  3. Суреттің фрагментін қалай ұлғайтуға болады?

  4. Пайнтта орындалған соңғы қанша амалдан бас тартуға болады?

  5. Басып шығарарда суреттің масштабын қаншалықты өзгертуге болады?

  6. Ортаға түзеу нені білдіреді?

  7. Қағаздың қандай мөлшері қолданылады?

  8. Алдын ала қарау үшін қандай команданы орындаймыз?

Интербелсенді тақта, слайд топтамасы

Критерий бойынша бағалау

2 мин

Оқушыларды бағалау.


Жиынтық бағалау



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.12.2017
404
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі