400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Грамматика әлемі

Материал туралы қысқаша түсінік
грамматика әлемі факультативті сабағынан сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Грамматика әлемі

Күні: 04.09.2020

2 «Б» сынып

Сабақтың тақырыбы: Тіл – қарым – қатынас құралы.

Сабақтың мақсаты:

Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтау;

Мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату.

Сабақ нәтижесі:

Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Топтық жұмысты брлесе орындайды. Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Топтарға бөлу.

Тірек сөздер бойынша топқа бөліну.

Оқушыларға сөздер қиындыларын беремін. Әріп қиындыларда бақыт, қуаныш,шаттық деген сөздер болу керек.

Оқушылар сол сөздер бойынша топтарға бөлінеді.

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Сурете байланысты тілек» тренинг

Ооқушыларды шеңберге шақыру,амандасу. Стикерлерге салынған әртүрлі суреттерді ұсыну. Суретті не үшін таңдағанын білу. Оқушылар таңдаған суретке байланысты тілектер айтады.

Білу және түсіну

Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.

«Стикердегі диалог» әдісі

(Топ мүшелері сұрақтардың жауабын стикерлерге жазып, қабырғадағы сұрақтар жазылған қағаздарға іледі. кейін пікірлерін қорғайды.)

Топтарға тапсырма:

1-топ: бақыт

Тіл туралы не білеміз?

2-топ: қуаныш

Мәтін дегеніміз не?

3-топ: шаттық

Мәтін құрастыр

Қолдану

Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.

Ортақ тапсырма: «Пікірлер» парағы әдісі

1-сұрақ. Мәтіннің қандай түрлері болады?

2-сұрақ. Мәтін не үшін қажет?

1-топ: бақыт

Жауабын жазады.

2-топ: қуаныш

Тексеріп, қосымша мәліметтер қосады.

3-топ: шаттық

Ұсыныс жазады.

Сабақты қорытындылау

Бағалау

Үйге тапсырма: «Ана тілім» тақырыбына әңгіме құрастырыңдар.

Грамматика әлемі

Күні: 11.09.2020

2 «Б» сынып

Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу ерекшелігі, интонациясы, мәнерлігі, екпіні.

Сабақтың мақсаты:

Арнайы тапсырмалардың көмегімен оқушылардың тілін, сөйлеуін дамыту.

Оқушының ойын, қиялын, тіл шеберлігін дамыту.

Тиянақтылыққа, адамгершілік қасиеттерін арттыруға тәрбиелеу;

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Жаңа материалды меңгерту

Оқулықпен жұмыс

1 – тапсырма. Сөйлеуін, ойлауын дамытуға арналған тапсырма.

Мақалды және ертегіден алынған үзіндіні оқып шығу. Ертегінің соңғы жолын аяқтап жазу.

Басқа пәле тілден.

Бірқарыс, ана нарды отқа жібер, дейді де, қожайын үйіне кетеді.

Құп, қожа! – деп, Бірқарыс нарды пішенімен қосып, өртеп жібереді...

Мұны көрген ашулы бай Бірқарысқа келіп былай деді:

Сенің бұл не істегенің?!

Таңырқап қалған Бірқарыс:

Өзіңіздің бұйрығыңызды орындадым, - деп үнсіз қалады.

Бірқарыс нарды неге өртеп жіберді?

Қожайының бұйрығымен.

Бірқарыс неге өкінер еді?

Қожайының сөзін бұрыс түсініп, түйені өртеп жібергеніне.

Ертегі мен мақалдың қандай байланысы бар?

Екеуі де адамның ойланып, сөйлеу керектігін нұсқап тұр.

2 – тапсырма. Назар аударуын, ойын дамытуға арналған тапсырма.

Аяқталмаған сөйлемнің астындағы берілген сөздердің біреуін ғана пайдаланып, сөйлемдегі ойды аяқтау.

Жексенбіден кейін дүйсенбі келеді.

(жыл, сағат, дүйсенбі)

Алманың ішінде тұқымы болады.

(құрт, тұқымы, гүл)

Тау өзенінің ағысы қатты болады.

(ақырын, күлкілі, қатты)

Бүгіннен кейін ертең келеді.

(биыл, ертең, былтыр)

Әкеден кейін бала болады.

(немере, бала, шөбере)

Сағат тілі солдан оңға қарай қозғалады.

(жоғарыдан төмен қарай, оңнан солға қарай, солдан оңға қарай қозғалады.

3 – тапсырма. Топтап орналастыру арқылы оқушының дұрыс буынға бөліп үйренуінен ықпал жасайтын тапсырма.

Буын санының мөлшеріне қарай, берілген сөздерді шеңберге топтап орналастыру.

4 – тапсырма. Қиялын, сөздік қорын, тілін дамытуға арналған тапсырма.

Тірек сөздерді пайдаланып, күлдіргі немесе аянышты мәтін құрап жазу.

Тірек сөздер: етіктің қонышы, өкшесі, табаны, ұлтаны, ұлтарағы, тұмсығы, тігісі.

Қорытынды:

Бағалау. Жұмыстарының дұрыс орындалысы мен сапалылығына қарай бағалау

Үйге тапсырма: «Менің ойыншығым» тақырыбына әңгіме құрастырып келу.

Грамматика әлемі

Күні: 18.09.2020

2 «Б» сынып

Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу мәдениеті.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік Оқушыларда сөйлеу мәдениетінің адамдармен араласудағы қажеттілігі мен маңызын ұғындыру.

Дамытушылық: Сауаттылыққа баулу, сауатты және көркем жазу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Туған жерін қастерлеуге, адамгершілікке, білімділікке тәрбиелеу. Еңбекке баулу. Үлкенді құрметтеуге тәрбиелеу. Әдептілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Дәптермен жұмыс. Көркем жазу сәті


--------------------------------------------------------------------

(Қаламсапты дұрыс ұстау мен дұрыс отыру ескертіледі).


Пікірлесе отырып мына тапсырманы орындау.

Сәлемдесу үлгілерін оқы.

Сәлемдесу үшін айтылатын сөздерді көшіріп жаз.

Сәлемдесуге байланысты тағы қандай сөз білесің?

Сәлемдесу түрлері

Ата мен баланың амандасуы

− Ассаламағалейкум, ата!

− Уағалейкумассалам, балам!

− Күйлі −қуаттымысыз?

− Құдайға шүкір, балам, аман−сау жүріп жатырмыз.


Әже мен баланың амандасуы

− Армысыз, әже!

− Бар бол, балам!

− Күйлі−қуаттысыз ба, әже?

− Құдайға шүкір, жақсымын, балам.

Пікірлесу.

Сен әкеңе, анаңа қалай сәлемдесесің?

Сен ағаңа, ініңе қалай сәлемдесесің?

Сен туыстарыңа қалай сәлемдесесің?

Сен жолдастарыңа, достарыңа, сыныптастарыңа қалай сәлемдесесің?

Өткен сабақтарды пысықтау.

Сөз таптары.

Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.

Заттың атын білдіретін сөздер (Зат есім), сұрақтары, мысалы.

Заттың қимылын білдіретін сөздер (Етістік), сұрақтары, мысалы.

Заттың сынын білдіретін сөздер (Сын есім), сұрақтары, мысалы.

Заттың санын білдіретін сөздер (Сан есім), сұрақтары, мысалы.

Зат есім дегеніміз заттың атын білдіретін сөз табы екен, Кім? Не? Деген сұрақтарға жауап береді екен.

Үйге тапсырма: ережені жаттап келу.





Грамматика әлемі

Күні: 25.09.2020

2 «Б» сынып

Сабақтың тақырыбы: Даналық сөздер.

Сабақтың мақсаты:

Балалардың бойларындағы адамгершілік, қайырымдылық, сүйіспеншілік, ізгілік, инабаттылық, ақылдылық, әдептілік қасиеттерін ояту,сүйіспеншілікпен әрекет жасау дағдыларын дамыту.

Білімділік: мейірімділік қасиет пен өзара көмек әрекеттері туралы түсініктерін кеңейту.

Дамытушылық:қамқорлық жасау өзара көмек көрсету дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік:қайырымды,жағымды қарым-қатынастар жасауға тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі

Дәйексөз.

Табиғаттағы барлық жылу - күннен,

Өмірдегі барлық жылу – адамнан. М. Пришвин Қорытынды: Өзің адамдарға, айналаға көмек көрсете алсаң, саған да қиналған сәтте адамдар, айналаңда көмек береді дегенді білдіреді.

Жан-жағына жақсылық жасап жүру жақсы адамның ісі.

Әңгiмелеу

Мәтінмен жұмыс.

Балаларды табиғатқа қамқорлық жасауға жетелеу мақсатында З. Мейірхановтың «Маржан мен жауқазын» әңгімесін мұғалім оқып береді. Балалар сұрақ бойынша өз ойларын айтады.

- Маржан жауқазынға қандай жақсылық жасады?

- Маржанға баға бер.

Шығармашылық жұмыс.

«Жақсылық тамшысы»

Оқушылардың санына сәйкес алдын - ала дайындалған тамшы үлгісінде қиылған қағаздар үлестіріледі. Әр бала тамшыға өзі жасаған жақсы істерін жазады. Тақтаға тамшыларды іліп, өзгелерге, айналасына өзі жасаған жақсы істерін жария етеді.

- Балалар, әрқайсыңның тамшыдай жасаған жақсылықтарыңды қосқанда үлкен дарияға айналады. Яғни әр адамның жүрегі жақсылыққа толы болса, жер бетінде бейбітшілік орнап, адамдар бақытты өмір сүреді.

Қорытынды:

Оқушылардың алған білім - біліктерін нақтылау мақсатында тапсырма беріледі. Тапсырма бойынша балалар оқулықта берілген суреттерге қарап, осындай жағдайларда қандай жақсылық жасауға болатындығын әңгімелеп айтады. Балалардың жауаптары тыңдалады.

Жүрегінде жылуы бар адамдардың көмекке мұқтаж жандарға, жан - жануарларға, табиғатқа қамқорлық жасайды. Жақсылық жасау – адам жүрегіндегі ең асыл қасиеттерінің бірі. Жақсы адам қол ұшын беруге, жәрдем етуге, жанашырлық танытуға, көмек көрсетуге, қолдау жасауға әрдайым дайын тұрады.

5.Шығармашылық жұмыс Дәптермен жұмыс.

Оқушыларға дәптермен жұмысты орындау жолдарын түсіндіру.

- Суреттегі бос тор көздерге «Ана деген кім?» сұрағына жауаптар жазыңдар. (Оқушылар тапсырманы орындап болған соң, жария етеді)

- Расында да, адамның әдептілігімен, жан дүниесінің жылулығы ең алдымен балаға ақ сүт беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Ананың нәзік үні, жұмсақ та аялы алақаны жан жылуымен бізді әлдилеп жұбатады, көңілімізді сергітеді.

Үйге тапсырма: мақал – мәтелдер жаттап келу.

Грамматика әлемі

Күні: 01.10.2020

2 «Б» сынып

Сабақтың тақырыбы: Отбасындағы сыйластық. Сөйлеу әдебі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: сәлемдесіп,қоштасуға,үлкенді сыйлап,құрметтеуге үйрету;

Дамытушылық: . Ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Отбасын сыйлауға, достыққа, инабаттылыққа, кішіпейілдікке тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі

Педагогпен бірге Ермек Өтетілеуұлының «Біздің шаңырақ» өлеңін қайталайды.

Атамнан басталар,

Әжеммен қосталар,

Отбасым мыналар,

Ең жақын адамдар:

Әкем мен анам бар,

Бір туған ағам бар,

Бір туған апам бар.

Бәрін жақсы көемін,

Еркелеймін,еремін.

 Балалар өлең не туралы айтылған?

Кіріспе әңгіме(суретпен жұмыс):

 Бүгін біз оқу іс-әрекетінде отбасы және сыйластық туралы әңгімелейміз.

 Суреттен кімдерді көріп тұрсыңдар?

 Отбасы мүшелеріне кімдер жатады?

 Кім суретке қарап,өз отбасы туралы айтып береді?

Өлең оқу: Отбасы

Анаң - үнің, жүрегің,

Әкең - өмір тірегің,

Сен бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын!

Әжең - асыл ардағаң,

Атаң - дана қорғаның,

Сен бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын! (М.Қуанышбеков)

Аға ақылы

Кім үлкенді сыйласа,

Кім үлкенді тыңдаса,

Үлкен болған кезінде

Сыйлы болмақ өзі де. (Сырбай Мәуленов)

Сергіту сәті

Дәптермен жұмыс:

1. Отбасы мүшелерін ата.

2. Дастарқанға қандай тағамдар қойылған?

3. Өзіңнің отбасы мүшелерін ата.

4. Дастарқан басында кімдер отыр?

5. Дастарқанды әшекейлеп толықтыр.

Жаттаған өлеңіміз не жайында?

Бүгінгі оқу іс-әрекетінде сүйікті отбасымыз туралы әңгімелестік. Оларды жақсы көруге, сыйлауға, құрметтеуге, көмектесуге үйрендік. Отбасындағы сыйластық үлкен сүйіспеншіліктен туындайды.

Үйге тапсырма: Досыңмен диалог құрап келіңдер.

Грамматика әлемі

Күні: 08.10.2020

2 «Б» сынып

Сабақтың тақырыбы: Ауызша баяндау, пікір айту.

Сабақтың мақсаты:

Ауызша тіл мен жазбаш тілдің айырмашылықтары туралы білімін кеңейту.Сөйлем ішінен тауып ажырата алуға ықпал ету.

Сауатты, көркем жазуға, тақырыпты басқа тақырыппен салыстыра алуға үйрету.

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындауға, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алуға тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі

сұрақ – жауап

1)    Адамдар арасындағы қарым-қатынас дегенді қалай түсінесіз?

2)    Мәдениеттің адам бойында қалыптасуы туралы пікіріңіз қандай?

3)    Тіл мәдениеті, оның адам бойындағы мәдениеттілікті қалыптастырудағы орнын қалай түсінесіз?

4)    Тілдік қарым-қатынаста сөз мәдениетін қанша түрге бөліп қарауға болады?

«Бүгінгі сабағымыздың сұрақтары мынадай:

1)    Ауызекі сөйлеу тілі және жазба тіл дегенді қалай түсінесің?

2)    Ауызекі сөйлеудің өзіндік стильдік ерекшеліктерін айтыңыз.

3)    Тыңдай білу әдебіне не жатады?

4.     Үндемей, сөйлеушінің сөзін бөлмей тыңдаудың ерекшелігі неде?

5.     Сөйлеушінің сөзіне араласып, өзара ой алмаса тыңдау, оның өзіндік мәні туралы айтыңыз?

6.     Тыңдаудың түрлеріне ой жібере отырып, «тыңдау» деген ұғымға қандай түйіндеу жасайсыз. (Тыңдау деген не?)

ВЕН ДИАГРАММАСЫ Ауызекі және жазбаша сөйлеу

Он сұрақ» стратегиясын жүргізу.Алдыңғы  тақырыпты қысқаша қайталау.Топтарға сұрақтар беру:

1-топ. «Ауызшаи тіл»деген сөзді қалай түсіненсіңдер?

2-топ.Жазбашы тіл мен аузшаи тілдің өзіндік ерекшелігі неде деп ойлайсыңдар?

3-топ.Әр түрлі оқулықтардағы мәтіндерді әдеби тілдің қай түріне жатқызамыз?

Сөз атасы – құлақ» Тақтада мәтін беріледі, мәтінді мұғалім дауыстап оқиды. Оқушылар мәтін бойынша тапсырмалар орындайды.

Сөз атасы – құлақ

  Мазмұнды сөзге құлақ қойып, ықыласпен тыңдай білуге де дағды керек. Орамды тілдің эстетикалық әсеріне, айтылған ойдың мазмұнына қанық болу үшін кісінің «көкірегі сезімді» болуға тиіс. Абай ақыл сөзді кімнің қалай ұғатыны туралы былай дейді: «Қарны тоқ аса маңғаз ұқпас сөзді, сөзді ұғар көкірегі болса көзді...» Солай болғандықтан сөзді әркім әртүрлі тыңдауы мүмкін. Айтылған ғибратты асыл сөз бір құлақтан кіріп, бір құлақтан шығып жатса, онда не пайда?

Бүгінгі сабағымыздың сұрақтары мынадай:

1)    Ауызекі сөйлеу тілі және жазба тіл дегенді қалай түсінесің?

2)    Ауызекі сөйлеудің өзіндік стильдік ерекшеліктерін айтыңыз.

3)    Тыңдай білу әдебіне не жатады?

4.     Үндемей, сөйлеушінің сөзін бөлмей тыңдаудың ерекшелігі неде?

5.     Сөйлеушінің сөзіне араласып, өзара ой алмаса тыңдау, оның өзіндік мәні туралы айтыңыз?

Тыңдаудың түрлеріне ой жібере отырып, «тыңдау» деген ұғымға қандай түйіндеу жасайсыз. (Тыңдау деген не?)

Үйге тапсырма: үлкендерден аңыз, әңгіме тыңдап келу.


Грамматика әлемі

Күні: 15.10.2020

2 «Б» сынып

Сабақтың тақырыбы: Есте сақтау қабілетін дамытатын логикалық тапсырмалар

Сабақтың мақсаты:

Көру арқылы жадында сақтауды дамыту жолдарын үйрену

Логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Ұқыпты, таза жазуға, қатесіз, мәнерлеп оқуға тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық бағыт беру

Біз ақылды баламыз

Айтқан тілді аламыз

Математика ілімін

Лезде қағып аламыз.

Қалай өзгерді?

Тап-табу, қап-қабу, шап-шабу,жап-жабу,кеп-кебу,теп-тебу,сеп-себу

Суретті аяқта

Суреті мұқият қара Қандай аңдар бейнелеген? Штрих арқылы аңдардың суретін түрлі--түсті қарындашпен сыз Атын жаз

Ойлан!

Есіңе сақта!

Әр топта қанша зат барын есіңе сақта.Келесі беттегі суретке олардың санын жаз.10сек артық қарама

Жапырақ-4, алма-5,тышқан-3 көбелек-1 қолғап-2

Бос орынды толтыр

Бос орынға осындай суре сал және қалауыңша түрлі қарындаштармен боя.

Жұмбақтың шешуін тап

Жарға шығып ойнайды

Ойынға бір тоймайды

Болсадағы саналы

Секеңдеуді қоймайды Ешкі

Балалар мен сендерге мақалдың бас жағын айтам, сендер соңын жалғастыруларың керек.

Аққуды атпа,.... (досыңды сатпа);

Жүз теңгең болғанша.... (жүз досың болсын);

Отан оттан да..... (ыстық);

Алыстағы ағайыннан.... (жақындағы көршің артық).

Ондай болса, енді жаңылтпаш айтып көрелік:

Көк аспанда жұлдыз бар,

Мөлдір суда құндыз бар.

Жұлдыз түнде жылтырар,

Құндыз түнде жылтырар.

Көпке бекер өкпелеме,

Өкпе етпе,

Тектен — текке өкпелетпе.

Бір қыз кесте тікті,

Кестесін түсте тікті,

Кеште тікті.

Сабақты қорытындылау.

Бүгінгі сабақ қызықты болды ма?

Нені түсінбедіңдер?

Үйге тапсырма: келесі сабақта ұнаған мақалдарын айту.

Грамматика әлемі

Күні: 22.10.2020

2 «Б» сынып

Сабақтың тақырыбы: Дыбыс және әріп. Кім таба алады? Әзіл жұмбақ.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру; дыбыс және әріп туралы түсініктерін қалыптастыру;

2.Дамытушылық: әріп пен дыбысты ажырата білу қабілеттерін дамыту; дыбыс түрлерін жіктеу қабілеттерін дамыту;

3.Тәрбиелік: ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;

Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын тексеру.

Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:

Дәптермен жұмыс

Каллиографиялық минут:

Ччччч Ффффф Ццццц - әріп элементтерін жазу

Эээ экран электр элеватор экипаж

Э- дауысты дыбыс

1 тапсырма Сөздерді оқы. Дыбыс санына қарай топтап жаз.

Отан, ар, аю, ақыл, ана, дана, ұят, намыс, ес, жер, қоян, фильм, ою.

2 тапсырма Өлеңді көшіріп жаз. Соңғы жолдың дауысты дыбыстардың астын бір рет, дауыссыз дыбыстардың астын екі рет сыз.

.Отан

Отанды біз атамекен Отанды жас, кәріміз де

Деп аялап атаймыз. Туған жер деп сүйеміз.

Өйткені оны мекен еткен Өйткені онда бәріміз де

Бабамыз бен атамыз. Туып, өмір сүреміз.

(Ермек Өтетілеуов)

3 тапсырма Кестені толтыр:

Жуан айтылатын сөздер

Жіңішке айтылатын сөздер

Жуан-жіңішке айтылатын сөздер

қарағай

жүйрік

егінжай

4 тапсырма Сөздерді алфавит ретімен жаз.

Хабар, жүзім, театр, беймаза,қызмет, дәптер.т.с.с.

Әзіл жұмбақтар шешіп көрейік.

Қайыңда 50 жаңғақ өсіп тұр. Қатты соққан желден 10 жаңғақ түсіп қалды. Қанша жаңғақ қалды?

Жауабы: Қайын ағашында жаңғақ өспейді

Бір адам құйып тұрған жаңбырдың астында қалыпты. Үйіне келгенде үсті - басы малмандай су, тек шашы су болмапты. Неліктен?

Жауабы: Шашы жоқ

Төрт қызметші,

Бір патша.

Жауабы: Үстел

Тауық бір аяғымен тұрса 3 кг, екі аяғымен тұрса қанша кг?

Жауабы: 3 кг

Сабақты қорытындылау

Бүгінгі сабақ ұнады ма?

Үйге тапсырма: әзіл жұмбақ құрастырып келу.

Грамматика әлемі

Күні: 29.10.2020

2 «Б» сынып

Сабақтың тақырыбы: Бас әріппен басталып жазылатын сөздер. Дыбыс таңдау ойыны.

Сабақтың мақсаты:

Сөйлем ішінде кездесетін бас әріппен жазылатын сөздерді дұрыс жазуға үйрету;

Кейбір заттардың аттары бас әріппен жазылмайтынын ажырата алуға тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі

Өткен тақырып бойынша білімдерін анықтау

Тақтадан қала атауларын көрсетіп,таңдатып,топқа бөлу

Жаңа тақырыппен таныстырып,жаңа сабақ бойынша мағлұмат беру

Бас әріппен жазылатын сөздерді ұғындыру

Жаңа сабақ

Бас әріппен жазылатын сөздер

Адам аттары

Тегі

Өзен,көл атаулары

Қала,ауыл аттары

Жануарлар аттары

Жер тау атаулары

Мемлекет атаулары

Теңіз,мұхит атаулары

Көп нүктенің орнына тиісті сөзді жаз.

Менің фамилиям-... .Атым-... . Әкемнің аты-... .Шешемнің аты-... . Мен өз отбасымды мақтан етемін.

Отбасыңда тағы кімдер бар? Толықтырып жаз.

Топпен жұмыс

2-топқа тақтадан адам,қала,өзен,көл атаулары жазылған суреттер көрсетіледі.

1-топ:Адам аттарын;

2-топ:Қала аттарын;

3-топ:Өзен-көл атауларын теріп жазу ұсынылады.

1-ТОП:

1-тапсырма. Жаңылтпашты жаңылмай айт.

-Дұрыс!-деп Тұраш айтты.

-Бұрыс!-деп Бораш айтты.

-Жалған!-деп Жарас айтты,

-Рас!-деп Рәш айтты.

Қайсысы жалған айтты?

Қайсысы рас айтты?

Қ.Мырза Әли

2-ТОП:

2-тапсырма. Өзің жақсы көретін үй жануарлары мен хайуанаттары туралы қысқаша әңгіме жаз.Оларға ат қой.

Мәтінді оқы. Жер-су аттарын теріп жаз.

Қарағанды

Қарағанды қаласы Сарыарқаның оңтүстігінде орналасқан. Ол-өндірістік қала. Өнеркәсібінің басты саласы-таскөмір өндіру. Қала Бұқпа өзенінің жағасында тұр.Қаланы сумен Нұра өзені, «Ертіс-Қарағанды» каналы қамтамасыз етеді.

Сабақты қорытындылау.

Бүгінгі сабақ ұнады ма?

Үйге тапсырма: өз туған жерің туралы әңгіме құрастырып келіңдер.

Грамматика әлемі

Күні: 20.11.2020

2 «Б» сынып

Сабақтың тақырыбы: Жалаң и мен қосарлы ый – дың жазылуы.

Сабақтың мақсаты:

тірек сөздерді қатыстыра отырып,берілген тақырып бойынша әңгіме құрау

-дереккөздерден (сөздік, анықтамалық, энциклопедия) мәліметті табу жолын анықтап, берілген тақырып, сұрақ бойынша мәліметті іріктеп алу

– мұғалімнің көмегімен тірек сөздерді, сөйлем, суреттерді пайдаланып, қарапайым постер құрастыру

- у, и, й әріптерінің емлесін сақтап жазу

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Аялы алақан»

Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту.

Нұсқаулық: қатысушылар шеңбер болып отырады. «Бүгінгі сабақтан не алғыңыз, не көргіңіз келеді?» — сұрағын оқушыларға қойып, сұрақтарға жауап алу. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолын ұстайды. Тренинг шеңбер бойымен жалғасады. (Тренинг соңында қатысушылар дөңгеленіп қолдарын ұстайды)

Білу және түсіну

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

«Көшбасшы және тыңдаушылар» әдісі

Берілген жаңа тақырыпты түсіндіру үшін сыныптан өз еркімен бір оқушы Көшбасшы ретінде өзін ұсынады. Көшбасшының қалауынша мәтінмен жұмыс жүргізу.

1 тапсырма.

Сурет бойынша әр елдің ұлттық киімдері туралы білетініңді айт.

2 тапсырма.

Сызба арқылы и, й дыбыстары туралы білетініңді өз сөзіңмен айт. Ереже құрастыр.

Қолдану

Дәптермен жұмыс.

3 тапсырма.

АЙДАҒА МЕРЕКЕДЕ ДОСТАРЫ СӨМКЕ СЫЙЛАДЫ. СӨМКЕНІҢ СЫРТЫНА БІРНЕШЕ СӨЗ ЖАЗЫЛҒАН. СОЛ СӨЗДЕРДІ КӨШІРІП ЖАЗ. ОЛАРДЫҢ ЖАЗЫЛУЫН ЕСТЕ САҚТА.

Талдау

«Ыстық орындық» орындық әдісі

( Бір оқушы алдыңғы жақта, орындықтар оны айнала қоршай орналастырылады.

Жаттығудың сипаттамасы:

Б ір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақты анағұрлым мазмұнды қылу үшін, оқушылар белгілі бір пікір бойынша бірлесіп алға шығып сөйлей алады.

Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел өседі.

Кіп – кішкентай ағаштар

Биік болып өседі.

Сабақты қорытындылау.

Бүгінгі сабақ ұнады ма?

Нені түсінбедіңдер?

Үйге тапсырма: ережені жаттау.

Грамматика әлемі

Күні: 27.11.2020

2 «Б» сынып

Сабақтың тақырыбы: Ойлансаң табасың. Кім тапқыр болғысы келеді?

Сабақтың мақсаты:

Сынып оқушыларының пәндер бойынша алған білімдерін саралау.

Ой ұшқырлықтарын байқау. Дүниетанымдарын кеңейту., тіл байлығын ,

шығармашылықпен еңбек етуге дағдыландыру.

Тапқырлыққа, ұшқыр ойға, жылдамдыққа ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі

- Балалар, бүгін біз сіздермен «Тапқыр болсаң , талас жоқ» атты интеллектуалды білім сайысын өткіземіз Жарысқа қатысушыларды анықтау үшін

1. «Қас-қағым сәт» кезеңі

Тапсырма: Мына айларды ретімен қойып шығыңдар.

Ақпан Наурыз Желтоқсан Қаңтар..

- Олай болса жарысқа қатысушы ойыншыларымыз анықталды

-Бұл сайыстың жеңімпазын анықтайтын кім балалар?

-Дұрыс айтасыңдар әділқазылар.

2. кезең Сиқырлы сөздер.

Қазір мен тақтаға «Қайырымдылық» сөзін жазамын қайсысы осы сөзден бірнеше басқа сөздер құраса сол оқушыда көп ұпай болады. ( 2 минут уақыт беріледі)

3.кезең Жедел жауап

«Бақыт жолы біліммен табылады деген » Ахмет Игүнекидің сөзімен жедел жауап кезеңін бастаймыз

Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Сұрақтарға шапшаң жауап беру. Қай оқушы бірінші болып жалауды көтерсе, сол оқушы жауап береді

1 Мектептегі ең жоғарғы баға. «бес»

2 Мектебіміз қалай аталады? «26 мектеп - гимназиясы»

3 Киіз үйдің қабырғасы қалай аталады? «кереге»

4 Жеті күн қалай аталады? «апта»

5 Қазақтың көшпелі үйі? «киіз үй»

6 2-ні үш рет қосқанда неше болады? «»6»

7 Қазақсан ақшасы Теңге

8 Жылдың ыстық мезгілі. «Жаз»

9 Қойдың төлі. «Қозы»

10 Сенің шешеңнің шешесі саған кім болады? «Нағашы әже»

4 кезең Тіл өнері

«Тіл қаруы- сөз, сөз қаруы – ой, ақылды ой, алғыр сөз- адамның ең жоғарғы қасиеті » деген Ғабиден Мұстафиннің сөзімен 3 кезең «тіл» өнері сайысын бастаймыз

Шарты . Мақалдағы айтылмай кеткен сөздерді тауып айту.

  1. Күлме досыңа

Келер.............. (басыңа)

  1. Денсаулық, зор.....(байлық)

  2. Егілмеген ...... (жер)жетім

4 (Отан)........- оттан да ыстық

5 кезең Бәрін білгім келеді

«Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы -білім» деген екен шығыс ғұламасы Әбу-Райхан әл Бируни Ендеше жарысымыздың келесі кезеңі «Бәрін білгім келеді»

Сөздің одан әрі бөлінбейтін бөлігі (түбір)

Абайдың әжесі кім? (Зере)

Төрт сызықтан пайда болған фигура? (төртбұрыш)

Үйге тапсырма: үлкендерден нақыл сөз үйрену.

Грамматика әлемі

Күні: 04.12.2020

2 «Б» сынып

Сабақтың тақырыбы: Орфографиялық жаттығулар.

Сабақтың мақсаты:

дауыссыз дыбыс түрлерін, емлесін ажыратуға, жазуға үйрету;

оқушылыр топта жұмыс істеу арқылы ізденеді, түсінеді, біледі және сөздік қорларын дамыту арқылы пәнге қызығушылығын арттыру;

әдептілікке, ізеттілікке үйрету.

Ұйымдастыру кезеңі

Қол алысып кәне біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сіздерге

Тез тұрайық шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру

Достарменен бір жүру

Қандай жақсы дос болу

Қ, ж, м әріптері арқылы

Осы алған әріптеріңізді дыбыстап көрейікші

Қ дыбысы қалай айтылып тұр?

Қатты

Ж дыбысы қалай айтылып тұр?

Ызыңдап айтылады

М дыбысы ше?

Мұрын арқылы

Балалар, қалай ойлайсыздар, бүгінгі сабағымыз не туралы болмақ?

Дауыссыз дыбыс түрлерін ажырату

Дауыссыз дыбыс түрлері нешеге бөлінеді екен?

Үшке

Иә, біз де сол себепті үш топқа бөліндік. Ендеше, алдарыңызда берілген ережелерді оқи отырып, қолдарыңыздағы әріптеріңіз қай ережеге сәйкес келетінін көрсетіңіз.

Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойыңыз

М,б,с

Қай...ақ, са...ақ, а...ық.

Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қояды.

Берілген сөздерге көз жүгіртеді

Әріптерді таңдайды

Тиісті әріпті қояды.

Үлгі бойынша орындаған тапсырмаларын тексереді.(өзін-өзі бағалайды)

Түсіну және қолдану дағдысы дамиды

Бұл тапсырманы орындаудағы міндетіміз не?

Нені анықтадық?

Не қиын болды?

Неліктен?

Жұмбақ жасыру

Жұмбақты оқып, шешуін табыңыз.

Сөйлеуді ол білмейді,

Бірақ: «Тоқта!», «Жүр!» - дейді. (бағдаршам)

А)Шешуіндегі сөзден дауыссыз дыбыстарды талдаңыз.

В)Шешуіндегі сөзді қатыстырып 3 сөйлемнен тұратын мәтін құрастырыңыз.

С) «Бағдаршам» сөзіне ребус құрастырыңыз.

Үйге тапсырма: и, й әріптерін екі қатар жазып келу.

Грамматика әлемі

Күні: 11.12.2020

2 «Б» сынып

Сабақтың тақырыбы: Мәтін. Оның түрлері.

Сабақтың мақсаты:

мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау

мұғалімнің көмегімен тірек сөздерді, сөйлем, суреттерді пайдаланып, қарапайым постер құрастыру

мұғалім көмегімен жеке сурет/сюжетті суреттер арқылы шағын сипаттау/әңгімелеу мәтіндерін құрап жазу

сөйлемдегі бір-бірімен байланысып тұрған сөздерді табу

Ұйымдастыру кезеңі

Өткен сабаққа шолу

Білу.Түсіну. Жаңа сабаққа дайындық

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

Дәптермен жұмыс.

Суреттерге қара. Әрқайсысының мазмұнына лайық мәтіндер таңдап ал.

1. Сынып оқушылары терезе алдындағы гүлдің топырағын қопсытады. Оған уақтылы су құйып тұрады.

2. Құмырадағы гүл өте әдемі. Оның қып-қызыл гүлдері көздің жауын алады*. Хош иісті гүлдері мұрныңды жарады.

3. Айболға мұғалім ескерту жасады. Өйткені ол гүлді жұлып алып, мұғалімге ұсынған еді.

• Бірінші мәтінде кім және не туралы айтылған? Балалар алдымен не істейді? Содан кейін ше? Болған оқиғаның ретін көрсетіп тұрған қимылды білдіретін сөздерді ата. Осы мәтінге қандай сұрақ қоюға болады?

Бағалау дескрипторы:

Мәтінді ажыратады.

Оқимын. Салыстырамын.

Қандай сөздер мазмұндық жағымен байланыспағанын ажыратамын

Есіңе сақта!

Бірінен кейін бірі болатын әрекет, оқиға баяндалатын, хабарланатын мәтін әңгімелеу мәтіні деп аталады. Хабарлау мәтініне не болды? не істеді? сұрақтары қойылады.

Мәтін түрлері

Әңгімелеу мәтіні (не істеді?)

Сипаттау мәтіні (қандай?)

Пайымдау мәтіні (неліктен?)

Суреттерге қарап, «Біздің сынып» тақырыбында әңгімелеу, сипаттау мәтіндерін құрастырып көріңдер.

Қай мәтін түріне сурет берілмеген?

Пайымдау мәтініне қандай сурет салуға болады?.

Бағалау дескрипторы:

Қай мәтін түріне сурет берілмеген екенін табады

Сызбаны пайдаланып, пайымдау мәтінін құрастырып жазады

Дескриптор: Білім алушы

Әңгімелеу мәтіні бойынша екі , үш сөйлем жазады;

Сипаттау мәтіні бойынша екі , үш сөйлем жазады

Пайымдау мәтіні бойынша екі , үш сөйлем жазады

Сабақты қорытындылау.

Үйге тапсырма: «Менің отбасым» тақырыбына мәтін құрастырып келу.


Грамматика әлемі

Күні: 18.12.2020

2 «Б» сынып

Сабақтың тақырыбы: Жеке сөйлемдер мен мәтінді бір – бірінен ажырату.

Сабақтың мақсаты:

Мұғалімнің көмегімен белгілі бір тақырыпта жазылған мәтіндердің ұқсастығы мен айырмашылығын табу.

Жіберген пунктуациялық,орфографиялық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып түзету және құраған сөйлемдерін толықтыру.

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуалқалыптастыру

Біз бақытты баламыз

Ойнап күліп аламыз

Жетілсін деп санамыз

Оқып білім аламыз

Сыныптың ұраны: «Көп білгің келсе, ерінбей өзің ізден!»

Негізігі сөз: өзі

Мәтін дегеніміз не?

Тиін орманда, тоғайда болады. Ол секіруге икемді. Бұтақтан – бұтаққа, ағаштан – ағашқа секіріп жүреді. Жыртықш аңдардан бұтаққа секіріп жүріп қорғанады. Тиін бүр, саңырауқұлақ және жаңғақпен қоректенеді. Тиінді көрсең тиме. Оны қорғап жүр.

2.Орманда жануарлар көп. Маржан гүл теріп жүр. Мақсат сабаққа катысқан жоқ. Мен дүкенге бардым. Далада қар жауып тұр.

Оқы. Салыстыр.

Қай қатарда сөз берілген?

Қандай сөздер мазмұндық жағымен байланыспаған?

Қай сөйлемдерің орнын ауыстырып айтуға болмайды? Неліктен?

Мәтінді көшіріп жаз.

1.Оқу.Салыстыру.Қай қатарда сөздер,сөйлемдер,мәтін берілгенін анықтау.Мәтінді көшіріп жазу.

Дескриптор:

-Тапсырманы оқиды.

-Мәтінді таба алды.

-Орфографиялық сөздіктен Інжу сөзінің жазылуына назар аударылады.

-Мәтінді көшіріп жазады.Бір-бірінің қатесін тексереді.

Інжу тасының пайда болу ұлу қабыршағының ішіне құм еніп кетуінен немесе майда паразит еніп кетуінен пайда болады деген болжам бар.

3.Мәтін тақырыбына сәйкес келетін бөлікті табу.Орфографиялық сөздіктен «білімқұмар» сөзінің жазылуына назар аударылып,талқыланады.

Дескриптор:

- Мәтін тақырыбына сәйкес келетін бөлікті табады

-Мәтінді түсініп оқиды.

-Мәтіннен негізгі ойды анықтайды.

- Орфогафиялық сөздікпен жұмыс істей алады.

ҚБ «үш шапалақ»

Сергіту сәті

4.Берілген тірек сөздерді қолдана отырып,сюжетті суреттің көмегімен мәтін құрастыру.Әңгімеден негізгі ойды табу.

Дескриптор:

-Сюжетті суретке назар аударады.

-Тірек сөздерді пайдаланады.

Үйге тапсырма: «Менің туған жерім» тақырыбына сөйлем құрап келу.

Грамматика әлемі

Күні: 25.12.2020

2 «Б» сынып

Сабақтың тақырыбы: Мәтіннің мазмұнына сай ат қою.

Сабақтың мақсаты:

тірек сөздерді қатыстыра отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау

мәтін мазмұнынанықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру

жіберілген пунктуациялық, орфографиялық қателерді мұғалімнің көмегімен түзету

сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) ажырату

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал.

Мақсаты: Оқушыларды сабаққа ұйымдастыру, жағымды көңіл-күй тудыру.Өмір бойы білім алуға бағыттау.

Оқушылар шеңберге тұрып, өлең жолдарын бірге қайталайды.

Біз бақытты баламыз,

Ойнап ,күліп аламыз.

Жетілсін деп санамыз,

Оқып білім аламыз.

Сөздік жұмыс

-Тақтадағы суреттерге назар аударыңдар.

-Қалай ойлайсыңдар, «Кім?» деп кімге айтамыз?

-«Не?» деп ше?

Оқушылардың жауаптарын тыңдау

Оқушылар жауаптарды тақтадағы нұсқадан тексереді.Өздерін дескриптор арқылы бағалайды.

(Ө,Қ)Дәптермен жұмыс 1-тапсырма

Мақсаты:Құрмет, сыйластық жайлы мақал-мәтелдер қолдана алу деңгейлерін анықтау.Сауатты жазу дағдыларын жетілдіру.

Тапсырма:Құрмет, сыйластық жайлы мақал-мәтелдерді тауып, көшіріп жазыңдар.

Өзара бағалауды ұйымдастыру.

Карточкамен жұмыс

Мақсаты:Сөздерге сұрақты дұрыс қоя білу қабілеттерін дамыту.

Тапсырма:Суреттегі заттардың атауын жазып, сұрақ қойыңдар..

Суреттегі заттардың аттарын жазып, оларға сұрақ қой.

ҚБ тапсырмасы.

Мақсаты: Зат есім туралы алған білімдерін бекіту.

Қалыптастырушы бағалау

Оқушының аты ____________________

6 – бөлім «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»

Грамматикалық нормаларды сақтау

Оқу мақсаты 2.4.2.2 Көптік жалғауларын дұрыс қолдану

Тапсырма

Суреттерге мұқият қара. Заттың атауын жазып, сұрақ қой.


Үйге тапсырма: қалаған өлеңін жаттап келу (іздеу).


Грамматика әлемі

Күні: 28.12.2020

2 «Б» сынып

Сабақтың тақырыбы: Мәтіннің құрылымы.

Сабақтың мақсаты:

мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау

мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау

бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазу

сөйлемдегі бір-бірімен байланысып тұрған сөздерді табу

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал туғызу.

«Күннің шуағы» тренингі

Оқушыларға күннің шуағы формасындағы парақтар таратылады.Тақтаға шуақтары жоқ күн ілінеді. Әр оқушы орнынан тұрып, тілек айтып, парағын тақтаға жабыстырады. Нәтижесінде, шуағын шашқан күн пайда болады.

Мәтінді оқы.Мәтіннің басқы және негізгі бөліктерін ажырат.

Қосымша тапсырма. «Сақина салмақ» ойыны.Мұғалім «сақина салмақ» ойыны арқылы келесі тапсырмаларды орындайтын екі оқушыны таңдап алады.

1- оқушыға тапсырма : мәтіннің негізгі бөлігін 1 – сурет арқылы толықтыр. 2- оқушыға тапсырма :соңғы бөлігінде не болғанын ойлап тап,ол үшін 2- сурет арқылы оқиғаны болжап көр.

Оқы. Парталас жұбыңмен мақалдың мазмұнын талқыла.Көшіріп жаз.

Жақсыдан үйрен,

Жаманнан жирен.

Мәтінді оқы, соңғы бөлігін көшіріп жаз.

Жаттығуға байланысты сұрақтар мен тапсырмалар:

Мәтін кейіпкерлері кімдер?

Мәтіндегі оқиғаға сенің көзқарасың қандай ?

Мәтінді қанша бөлікке бөлуге болады ? Қай бөлікте суреттер берілген ? Тағы қандай суреттер салуға болады ?

«Алтын балыққа арналған аквариум» әдісі

Оқушыларға жасырын суреттер таратылады, кімге балық түссе, сол алтын балық болады, оқушы алтын балықтың маскасын киіп, ортаға шығады. Басқа оқушылар оған сұрақтар қояды. Егер жауап бере алмаса оқушылар көмектесуіне болады.

Сабақты қорытындылау.

Бүгінгі сабақ ұнады ма?

Нені түсінбедіңдер?

Үйге тапсырма: «Менің мектебім» тақырыбына мәтін құрап келу.



Грамматика әлемі

Күні: 15.01.2021

2 «Б» сынып

Сабақтың тақырыбы: Берілген тақырып, тірек сөздер, суреттер бойынша әңгіме құрастыру.

Сабақтың мақсаты:

Сурет бойынша әңгіме құрастуру арқылы сұрақтарға жауап беруге үйрету;

сурет бойынша тиянақты жеткізе білуге баулу. Балаға өз ойын жүйелі түрде айта білуге үйрету арқылы зейінін дамыту.

Мектепте достарымен, үлкендермен қарым-қатынаста кішіпейіл болуға тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі

Іздену-ұйымдастырушы кезеңі

«Шаттық шеңбері»

-Менің мектебімнің шаңырағы биік болсын!

-Менің балабақшамның іші ойыншықтарға толы болсын!

-Менің мектебімнің іші күлкіге, сәбиге толы болсын!

Дидактикалық ойын: «Кім болам?»

Ойын шарты: балалардың ішінен «тілші» сайланады. Тілші болып сайланған бала басқа балаларға «Болашақта кім боласың?» деген сұрақты қойып, олардан сұхбат алады. Балалардың қалауы бойынша «тілші» рөлі ауысып отырады.

Тыныштық сәті:


Көздерін жұмып, өз алдарына балабақшаны, ойын алаңын елестетеді. Аулада өсіп тұрған гүлдердің «иісін иіскейді»


Дәптердің 4-5 беттердегі суреттер бойынша әңгіме құрастыру. Тірек сөздер: ойын бөлмесі, тәрбиеші, ойыншықтар, ойын алаңы, құм, сырғанау, әткеншек, шелек.

Н.Әлімқұловтың

«Балабақшам-байлығым» атты өлеңін оқыту. Өлеңнің мазмұнына сәйкес суреттер, слайд көрсету.

Сергіту сәті:

Дәптермен жұмыс.

Тәрбиеші үзік сызықтарды қалай қосып сызу керектігін және штрихтауды тақтада көрсетеді.

-Балалар сендермен сабақта немен шұғылдандыңдар, нені үйрендіңдер?

Сабақты қорытындылау. Мадақтау. Тәрбиешінің бағалауы.

Балалар шаттық шеңберінде қолдарына түрлі-түсті таспаларды алып, өз мектебіне деген ізгі тілектерін айтады сезімін сыйлайды.

Тілші болып сайланған бала басқа балаларға «Болашақта кім боласың?» деген сұрақты қойып, олардан сұхбат алады.

Балалар көздерін жұмады, терең тыныстап дем алады., денелерін бос ұстап, еркін отырады. Көздерін ашып, алған әсерлерін баяндайды.

Тіреу сөздерді қолдана отырып, суреттер бойынша әңгіме құрастырады.

Балалар қимылмен көрсетеді.

Балалар үзік сызықтарды қосып сызады және штрихтайды.

Балалар өз ойларын айтады. Сұрақтарға жауап береді. Бірін-бірі бағалау.

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: сурет юойынша ойын тиянақты жеткізе білуге үйренді.

Игеруі: сурет бойыанша әңгіме құрастыруды игерді.

Меңгеруі: Сұрақтарға толық жауап беруді меңгерді.

Сабақты қорытындылау.

Үйге тапсырма: «Менің досым» тақырыбына әңгіме құрастырып келіңдер.

Грамматика әлемі

Күні: 22.01.2021

2 «Б» сынып

Сабақтың тақырыбы: Синтаксис

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Сөйлем  құрамындағы  сөздердің  өзара  грамматикалық байланысына  негізделетінін білу 

Дамытушылық: Тапсырма беру арқылы шығармашылық белсенділіктері, қызығушылықтары арттыру.

Тәрбиелік: Өзара көмек және  ұжымшылдыққа тәрбиелеу 

Ұйымдастыру кезеңі

Үй  тапсырмасын  сұрау

Жаңа сабақ: Синтаксис туралы түсінік.

Екі топ оқушылары өз бетінше жаңа тақырыпқа дайындалып келген. Дайындап келген материалдарымен бөліседі. Сабақ үш тілде алып барылады.

Синтаксис – гректің сөзі: құру, біріктіру деген мағынаны білдіреді. Ол грамматиканың бір саласы болып есептеледі де, сөйлемдегі сөздердің бір – бірімен байланысын, сөз тіркесін, сөйлемнің құрамы мен құрылысын, түрлерін және сөйлем мүшелерін зерттейді. Қазақ тілі синтаксисі үш салаға бөлінеді:

Сөз тіркесі синтаксисі;

Жай сөйлем синтаксисі;

Құрмалас сөйлем синтаксисі.

«Кім  жылдам?»  ойыны.  Бір минутта кім қанша сұраққа жауап береді?

   І топ «Алғырлар»

1. Тіл білімінің дыбыстық жағын зерттейтін сала ( фонетика)

2. Тіліміздегі сөздердің жиынтығы  ( лексика)

3. Жеті ата ( әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат)

ІІ топ «Жас қыран»

1. Сөз таптарын зерттейтін сала (морфология)

2. Сөз тіркестері мен сөйлемдерді зерттейтін сала (синтаксис)

3. Есімді тіркеске мысал келтір (әдемі көйлек)

4. Жай сөйлемнің неше түрі бар? (7)

Болжау стратегиясы. Мәтіндегі   көп нүктенің орнына тиісті жұрнақ пен жалғауларды қойып жаз.

 а)Жеке жұмыс жасау.

 ә) Бірін -бірі тексеру. 

 б)Дұрыс жауаппен салыстыру

Тәуелсіз........ алғаннан соң халық...... басын біріктір..... Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы бол.... . Елбасы..... бастауымен менің Отан.... әлем..... таныл..... . Ел... елдігін көрсет...., ерлігін танытты. Қазақ халқы егеменді..... алып, Тәуелсіздік..... қол жеткіз...... .

Ой сергіту. Әзіл аралас жылдам сұрақ.

1-топ үшін:

Қар жана ма?

Келіннің сөзі қандай, баланың сөзі қандай?

Көрдім деген неше сөз, көрмедім деген неше сөз?

2-топ үшін:

Бір қазанға симайтын қандай бастар?

Ананың сүті мен баланың тілі бірдей дейді, сонда қалай?

Қандай бала сүйкімді?

Капитандар сайысы. (Мақал-мәтел сайысы)

Үйге тапсырма: мақал – мәтел жаттап келу.


Грамматика әлемі

Күні: 29.01.2021

2 «Б» сынып

Сабақтың тақырыбы: Мәтіннен сөйлемдерді ажырату.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сөз соңында «б» мен «п» дауыссыз дыбыстарын жазуда, мәтіннен сөйлемді ажырата білуді меңгерту. Сұрақтарға толық жауап бере білуге дағдыландыру. Ауызша және жазбаша байланыстырып сөйлеу тілдерін, зейінін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Сауатты көркем жазу дағдыларын, дұрыс сөйлеу, қатесіз, түсініп оқу дағдыларын дамыту. Өз ойын тез әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру. Дыбыстардың арасынан берілген дыбысты ажырата білуге үйрету-фонематикалық есту қабілетін дамыту

Тәрбиелік: Оқушылардың логикалық ойлауын, сурет бойынша сөйлем құрап айту дағдыларын жетілдіру.

Ұйымдастыру кезеңі

І тапсырма.

Төмендегі сөздерге «ы,і» әріптерінің тиістісін қосып жаз.

Мектеп, тәртіп, қолғап, қорап, көп, шөп, талап.

Бұл сөздердегі «п» дыбысының «б»-ға айналуы қай дыбыстың әсерінен деп ойлайсың?

Жарайсыңдар балалар! Олай болса, балалар, сөз соңында «б» естілгенімен «п» әрпі жазылу керектігін меңгереміз.

Ал, енді балалар, «Тіл туралы ертегіні» айтайық.(артикуляциялық, дем алу, шығару жаттығулары)

ІІ тапсырма.

Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, мақалды жатқа жаз.

а) Кіта...-білім бұлағы.

Мекте...-білім бесігі.

ә) Кәсі..., тү...і, нәсі...і.

Сергіту сәті.

Саусақтарды қосамыз,

Қолдарымызды созамыз,

Аспандағы бұлттарды

Жан-жаққа біз қуамыз.

Ребусты шеш

«Естігенде шапалақта» ойыны. (Ойын барысы : берілген дыбысты естігенде шапалақпен белгілеу. Тәрбиеші ең алдымен жеке дыбыстарды айтады, сосын буындардың, сөздердің арасынан, берілген дыбысты белгілейді.)

А,с,ғ,б,т,ш,ц,ж,п,м,з,к,б,т,л,п,д

Ма, ба,ға , ша,ту,па, бе, су, ме, жу, бу, ре, пе, до.

Күз, барыс, кітап, қалам, сурет, мектеп, ұстаз, гүл, құмыра, апа

ІІІ. Тапсырма Мәтінмен жұмыс. Көп нүктенің орнына «п,б» әріптерінің тиістісін қойып, сөйлемді оқу.

Болат төрт сұраққа жауа... жазды. Бір сұрағының жауа...ы дұрыс болмады.

Жарысқа алты то... қатысты. Бақыттың то...ы жеңімпаз атанды.

Саусақ-қол жаттығуы: күріш пен бұршақты пайдалана отырып, п және б дауыссыз әріптерін жазу.

ІV. Тапсырма. Суреттегі б,п дыбыстары кездесетін сөздерді ата.

(Кітап, доп, дәптер)

V. Қорытындылау

Біз қандай ойындар ойнадық?Сөз соңында «б» естілгенімен қандай әріп жазылады?

Үйге тапсырма: Мәтін мен сөйлемнің айырмашылығы деген сұраққа жауап беру.

Грамматика әлемі

Күні: 05.02.2021

2 «Б» сынып

Сабақтың тақырыбы: Сөйлемдердің айтылу мақсатына қарай түрлері.

Сабақтың мақсаты:

А) Сөйлем дегеніміз не, оның қандай түрлері бар екендігін мысалдар арқылы айту.

Ә) оқушыларды 4 топқа бөліп өз топтарының ережелерін айтқызып, сөйлемдер құрғызу арқылы ой-өрісін, сөздік қорын дамыту.

Б) оқушыларды 4 топқа бөлу арқылы бірлесіп, топтасып жұмыс жасай білуге, қамқорлыққа тәрбиелеу

Ұйымдастыру кезеңі

Жұмбақтарды жасыру

Кел ,балалар , ойнайық

Ойнайық та , ойлайық

Қандай жұмбақ болса да

Шешпей оны қоймайық деп жұмбақ шешуге дайындалайық

1) Ойды аяқтап қорытады,

Соңында доп тұрады (сөйлем)

Сөйлем дегеніміз не ? ( ережесін айтқызып, мысал келтіру )

1 топ –сөйлем.

2)Сөзді құрап, доп тізем,

Қоя салсаң бір тары.

Жаңалықты жеткіземін.

(хабарлы сөйлем )

Хабарлы сөйлем дегеніміз не ? ( мысал келтіру )

2 топ хабарлы сөйлем.

3)Ойды аяқтап орақ тұрады,

Жауап сөз қалап тұрады.

(сұраулы сөйлем)

Сұраулы сөйлем дегеніміз не ? ( мысал келтіру )

3-топ сұраулы сөйлем

Ұранды, шаттықты,

Өкініш, аптықты.

Білдіріп, ойын талайдың,

Шарға ине қадаймын.

(Лепті)

Лепті сөйлем дегеніміз не ? ( мысал келтір )

4 –топ лепті сөйлем.

4 топ құрадық, топ басшыларымен танысып алайық.

Топ басшылары :

Асем, Ұлан, Ерасыл, Нұрсұлтан

Топ ережесі :

Бір- бірімізді тыңдаймыз.

Уақытпен жұмыс жасаймыз.

Тәртіпті сақтаймыз.

Бүгінгі сабағымыз «Ғажайып алаң » ойынын ойнау арқылы өтіледі.

Тақтаға назар аударайық. ( Дөңгелекті айналдыру)

ІҮ. Көркем жазу ( 7 санына түсті )

Кк әрпін жазу к әрпіне сөздер жазу, К әрпінен құралатын сөздерден сөйлем құрастыру.

Кеше Көркем келді. Кітапты кірлетпе. ( дөңгелекті айналдыру )

Үйге тапсырма: Лепті, сұраулы сөйлемге мысал келтіру.

Грамматика әлемі

Күні: 12.02.2021

2 «Б» сынып

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем түрлерінің айтылу интонациясын байқату.

Сабақтың мақсаты:

1. Сөйлем және оның түрлері жайлы білімдерін еске түсіре отырып толықтыру.Сөйлемді айтылу мақсатына қарай ажырата білуге машықтандыру және сауаттылықтарын арттыру.

2. Оқушының танымдық белсенділігін арттыру, ойын, тілін, дамыту.

3. Ұқыптылыққа, адамгершілік негізінде тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі

а)Психологиялық дайындық.

Мұғалім: Екі көз не үшін керек?

Оқушылар: Бар жақсылықты көру үшін

Мұғалім: Екі құлақ не үшін керек?

Оқушы: Ақыл-кеңесті тыңдау үшін

Мұғалім: Екі қол не үшін керек?

Оқушы: Елге көмек беру үшін

Мұғалім: Екі аяқ не үшін керек?

Оқушы: Шетте жүрсең, туған жерге жету үшін

Ә) Оқушыларды топқа бөлу,топ жетекшілерін сайлау.Әр топ жетекшісінің міндетімен,топ мүшелерін топ жетекшілері бағалайтынын айту.

Топтардың аты : 1топ «Ұлан»

2 топ «Қыран»

3 топ «Достық»

ІІ. Жаңа сабақ

Проблемдік ситуация туғызу. Ребус шешу.

-Ал,балалар ребус шешіп көрейік.(сөйлем)

-Қандай сөз шықты?

-Сөйлем.

-Ендеше біздің тақырыбымыз неге байланысты болады?

-Сөйлем тақырыбына байланысты.

-оқушылар 1-2 сыныптардан сөйлем тақырыбымен таныссыңдар

-Ендеше сөйлем тақырыбы бойынша нені білеміз?Канеки,ойымызды жинақтайықшы.

-Ал енді айтқан ойларымызды топтастырып көрейік.(Интербелсенді тақтада топтастыру)

Сөйлем сөзден құралады.

сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады.

сөйлемдегі сөздер бөлек жазылады.

сөйлем соңына (?) (!) (.) қойылады

сөйлемдегі сөздер бір- бірімен байланысты болады

сөйлем тиянақты ойды білдіреді. Оқушы сабаққа келді.-

-Қайсысы сөз,қайсысы сөйлем?

-Сөз дегеніміз не? Сөз ол бір заттың атауын білдіреді. Мысалы: парта,тақта т.с.с

-Ал сөйлем дегеніміз-тиянақты бір ойды жеткізіп тұр.

Сөз бен сөйлем ұғымы.

Сөз ол зат, құбылыс атауы. Адамдар бір-бірімен өзара пікір алысады, сөйлеседі, осы сөйлесу сөйлем арқылы жүзеге асады.

Үйге тапсырма: «Қоршаған орта» тақырыбына сөйлем құрастырып келу.

Грамматика әлемі

Күні: 19.02.2021

2 «Б» сынып

Сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің соңына келетін тыныс белгілері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: әр түрлі тапсырмалар арқылы оқушылардың тыныс белгілерінен алған білімдерін тиянақтау, оқушы білімін сарапқа салу, теориялық білімдерін практикалық тұрғыда тексеру, сауаттылықтарын арттыру.

Дамытушылық: түрлі тапсырмалар, танымдық ойындар арқылы оқушылардың есте сақтау қабілетін, ынтасын арттыру, ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: орындалатын тапсырмалар арқылы оқушыларды елжандылыққа,  еңбекқорлыққа, жылдамдыққа үйрету, тіл өнерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын тексеру.

Тірек білімді еске түсіру.

«Мен бастаймын, сен жалғастыр» ойыны

Сөйлем аяқталған ….… (ойды білдіреді).

Сөйлем сөзден ………… (құралады).

Сөйлемдегі сөздер .… (бөлек жазылады).

Сөйлемнің бірінші …… (сөзі бас әріптен басталып жазылады).

Сөйлемнің соңына ……(нүкте қойылады).

Хабарлы сөйлемнен кейін ……… (нүкте қойылады).

Сұраулы сөйлемнен кейін ……… (сұрақ белгісі қойылады).

«Мен тыныс белгісімін» қойылымы

 

Ілебай: Сен неге осы айғайлай бересің?

Сөйлемге қандай мағына бересің?

Жөн — жосығыңды түсіндірші,

Жазуда қандай жерде келесің?

 

Леп белгісі: Мен ылғи айғайлай бермеймін,

Қуана да, күле де білмеймін.

Кейде өкініп, ренжісем де,

Көбінесе — ақ көтеріңкі, көңілді жүрем.

Әр іске көңіл күйін білдіріп,

Табысымызға таңданып,

Шаттана күлем!

Сөйлемдерге көтеріңкі дауыс берем,

Сондай сөйлемдердің соңында келем. Нүкен мен Нүкте

VII. Топтық жұмыс.

1 топ. Берілген сөздерден сөйлем құрап, тиісті тыныс белгісін қойып жаз.

ұзын, керіктің, мойны.

барамыз, ура, ертең, циркке.

2 топ. Берілген  хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдырып жаз.

Айнұр сабақтан сұранып кетті.

Жаңбыр нөсерлетіп жауды.

3 топ. Сөйлемдегі сөздердің байланысын тап. «Үйлер» сөзіне дыбыстық талдау жаса.

Қалада сәнді үйлер көбейді.

Сабақты бекіту.

Үйге тапсырма: ережені жаттап келу.


Грамматика әлемі

Күні: 26.02.2021

2 «Б» сынып

Сабақтың тақырыбы: Сөйлемдегі сөздердің байланысы.

Сабақтың мақсаты:

Мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау.

Тірек сөздерді қатыстыра отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау.

Бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазу.

Ұйымдастыру кезеңі

Жылулық шеңбері

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де,

Қуанайық достарым

Арайлап атқан күнге!

Оқушыларды топтарға бөлу Оқушылар өздеріне ұнаған гүл шоқтарын алып үш топқа бөлініп отырады.

Ақылды Үкінің сұрақтары :

1)Сөйлем дегеніміз не ?

Сөйлем дегеніміз аяқталған ойды білдіреді Сөйлем соңында нүкте (.)не сұрау белгісі(?) не леп белгісі қойылады (!)

2)Сөйлемдер айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді ?

Сөйлемдер айтылу мақсатына қарай үшке бөлінеді.

Хабарлы сөйлем ,Сұраулы сөйлем Лепті сөйлем.

3) Хабарлы сөйлем дегеніміз не?

Бірдеңе жайында хабарлау мақсатымен айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз.

4)Сұраулы сөйлем дегеніміз не?

Жауап алу мақсатында айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз.

5)Лепті сөйлем дегеніміз не?

Лепті сөйлем адамның көңіл күйін,сезімін білдіреді.Олар көтеріңкі дауыспен айтылады.

6) Сөйлемдегі сөздердің байланысын қалай анықтаймыз ?

Сөйлемдегі сөздердің байланысы сұрақ қою арқылы анықталады.

Білемін білгім келеді үйрендім ББҮкестесі

Сөйлемдегі сөздердің байланысын сұрақ қойып анықта.

Күн суытты.

Не суытты ? (Күн)

Күн Не істеді? (суытты)

Сөйлемдегі сөздердің байланысын сұрақ қойып анықта Қар қалың жауды

Қар не істеді? (жауды)

Не қалың жауды?(қар )

Қар қалай жауды ? (қалың )

Сөйлемдегі сөздердің байланысын сұрақ қойып анықта.

Балалар мұзайдында сырғанақ тепті.

Дискриптор:Оқушылар топ бойынша сұрақтарға жауап бере біледі. Сөйлемдегі сөздерге сұрақтар қоя алады.

Оқушылар енді жетістік критерийін құрайық?

Сөйлемдегі сөздердің байланысын анықтаймыз.

Сызба арқылы сөйлем құрастырамыз.

Топтық , жұптық жұмыс жасаймыз.

Оқушы өзін өзі және бір- бірімізді бағалаймыз.

Үйге тапсырма: «Қыс» тақырыбына сөйлем құрап келу.

Грамматика әлемі

Күні: 05.03.2021

2 «Б» сынып

Сабақтың тақырыбы: Сұрақ бойынша сөйлемді толықтырып жазу.

Сабақтың мақсаты:

күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу

Сөйлем түрлерінің айтылу мақсатына сәйкес тыныс белгілерін (нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі) қолдану

Мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауа беру

Мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Көрші»

Мақсаты: әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне жылылық сыйлау.

Нұсқаулық:

Көршіңді оң жақтан құшақта,

Көршіңді сол жақтан құшақта.

Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,

Сол жақтағы көршіңе бір жымиып,

Бүгінгі тренинг барысы,

Біз үлкен отбасы.

Мәтіннің басын және соңғы бөлігін оқы.

Қолдану Постер жасату.

Жалпыға арналған тапсырма:

Мәтін не туралы?

Оның негізгі ойы неде?

Аянды далаға кім шақырды?

Оқушылар жаңа білімге сай оқулықты қолдана отырып өз түсінгендерін постерге түсіреді

Мәтінді түсініп оқиды. Хабарлы сөйлем мен сұ-раулы сөйлемнің оқылу ырғағын салыстырады. Ой қорытын-дысын жасайды.

«Жетістік басалдағы» рефлексиясымен тапсырмаларды қандай деңгейде меңгергенін басалдақтан көрсетеді.

Жұптық жұмыс.

«Интервью» стратегиясы бойынша жұбымен бірлесіп, оқулық-та берілген сұрақтар негізінде диалог құрайды. Жұмыстарын топта жариялайды.

«Менің сөзім» стратегиясы ұжыммен жұмыс түрінде ұйымдас-тырылады. Оқушылардың жұптық жұмысын қорытындылап, сабаққа рефлексия жасайды. Айтып болған соң, басқа бір оқу-шының атын атайды. Сөзді сол оқушы жалғастырып, сабаққа рефлексия жасайды. Барлық оқушы сабақты қорытындылауға осы ретпен қатысады.

Оқушылардың назары сюжетті суреттерге аудары-лады. Сұрақтарды бір-біріне қойып, жауап алады.

«Бағдаршам» әдісі арқылы бір-бірінің жұмысын бағалайды.

Дәптердегі шығармашылық тапсырма орындатылады. Сұрақтардың жауаптарын толықтырып жазып, қандай сөйлем шыққанын анықтайды. Талдау жасайды. Өз ойымен бөліседі.

Сабақты қорытындылау.

Бүгінгі сабақ ұнады ма?

Үйге тапсырма: «Менің анам» тақырыбына мәтін құрап келу.


Грамматика әлемі

Күні: 12.03.2021

2 «Б» сынып

Сабақтың тақырыбы: Көру қабілетін дамытатын тапсырмалар.

Сабақтың мақсаты:

Көру арқылы жадында сақтауды дамыту жолдарын үйрену;

Есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;

Ұқыпты, таза жазуға, қатесіз, мәнерлеп оқуға баулу.

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық бағыт беру

Біз ақылды баламыз

Айтқан тілді аламыз

Математика ілімін

Лезде қағып аламыз.

Қалай өзгерді?

Тап-табу, қап-қабу, шап-шабу,жап-жабу,кеп-кебу,теп-тебу,сеп-себу

Суретті аяқта

Суреті мұқият қара

Қандай аңдар бейнелеген?

Штрих арқылы аңдардың суретін түрлі--түсті қарындашпен сыз Атын жаз

Ойлан!

Есіңе сақта!

Бос орынды толтыр

Бос орынға осындай сурет сал және қалауыңша түрлі қарындаштармен боя.

Жұмбақтың шешуін тап

Жарға шығып ойнайды

Ойынға бір тоймайды

Болсадағы саналы

Секеңдеуді қоймайды

Ешкі

Сурет бойынша әңгіме құраңдар.

Сергіту сәті.

Сабақты қорытындылау.

Бүгінгі сабақ ұнады ма?

Нені түсінбедіңдер?

Бағалау.

Үйге тапсырма: кез келген тақырыпқа сурет салып, әңгіме құрап келіңдер.



Грамматика әлемі

Күні: 19.03.2021

2 «Б» сынып

Сабақтың тақырыбы: Сөз туралы ұғым. Сөзден сөз шығару.

Сабақтың мақсаты:

тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру

синоним, антоним, омоним (сөздік қолдану) сөздерді ажырату және мағынасын түсіну, сөйлеу барысында қолдану

жіберілген пунктуациялық, орфографиялық қателерді мұғалімнің көмегімен түзету

көптік жалғауларын дұрыс қолдану

Ұйымдастыру кезеңі

-Балалар, енді біз бүгінгі сабағымыздың тақырыбын анықтап алайық. Интерактивті тақтада сағаттың суреті берілген. Өздерің көріп отырған сағаттағы 19әріптен 4сөз шығару керек. Ол үшін сағат тілі бойынша белгілі бір жүйемен ешқандай әріпті аттамастан, рет-ретімен оқысаңдар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы шығады.

Оқушылар сағат тілімен оқи отыра, бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтайды)

-Ендеше ,бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Сөз және оның мағынасы».

-Енді мақсат қойып алайық (Оқушылардың жауаптары)

-Әр түрлі тапсырмалар, жаттығулар орындаймыз;

-Сөздердің мағынасын ажыратуды үйренеміз;

-Сөздердің өзіне тән мағынасы болатынын түсінеміз

*Жекпе-жек

/Әр топ тапсырмасын алады,сол тапсырма бойынша негізгі тақырыптарын ашып,ережесіне тоқталады.

1-топ 2-топ 3-топ

.*Жұптап жаз * Сәйкестендір * Мағынасын ашу

Әдемі,қашық,сұлу,биік, Ащы кеше алма, жүз,ара,қой,бас,...

батыр,зәулім,шалғай,аяз қалың қысқа

қорқақ,суық,үркек,еріну ұзын тұщы

есептеу,жалқаулану, бүгін таяз

/әр топ тапсырмаларын ортаға салады,қорытындысын шығарады..Ережесін хормен,жекелеп айтады./

Дәптермен жұмыс. Жалпыға арналған тапсырма:

Оқушылар тақырып аясында сұрақтар құрастырады. Сұрақтар тақтаға ілінеді. Оқушылар бір-бірінің сұрақтарына жауап береді.

Өлең кімдер туралы?

Өлеңдегі кейіпкерлер туралы не білесің?

Теледидардан боксшылар туралы хабарды көрдің бе?

Омартада тұратын жәндік..... /омоним-ара/

Ең көп тараған жеміс..... /омоним-алма/

Дос жылатып айтады.... / антоним-дұшпан күлдіріп айтады/

Қасыңда жүретін.... / синоним- дос,жолдас/

Үйге тапсырма: омоним сөзден сөйлем құрап келу.

Грамматика әлемі

Күні: 02.04.2021

2 «Б» сынып

Сабақтың тақырыбы: Бейнелеу өнері мен сөз өнері.

Сабақтың мақсаты:

Әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер,қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін анықтау және зерделеу.

Шығармашылық идеяларды зерттеу мен дамыту үшін ақпарат көздерімен жұмыс істеу

Ұйымдастыру кезеңі

Үй тaпсырмaсын тексеру

Жаңа сабақ :

Өнер – шынайы өмірдің әртүрлі формада берілетін шығармашылық көрінісі. Өнер түрлері –адамның шығармашылық қызметінің көптеген формалары. Олар іске асыру тәсілдері бойынша ажыратылады:

• Сөз – әдебиет,

• Дыбыс – музыка,

• Колористикалық және пластикалық материалдар – бейнелеу өнері.

Кескіндеме графика, мүсін өнері, сәулет өнері мен дизайн, халықтық және сәндік – қолданбалы өнер, сахналық және экрандық өнердің түрлері визуалды кеңістік немесе жай ғана визуалды өнер деген атаумен біріктірілген.

Пейзаж кескіндеменің жеке жанры ретінде ҮІғ. Ортағасырлық Қытайда пайда болған. Ежелгі Қытайлардың түсінігі бойынша табиғат- әлем үлгісі болған. Табиғаттың шексіз әлемін тамашалай отырып, суретшілер сарқырамалары, тұманды және қоршаған әсемдікке таңданған адамдардың кішігірім бейнесі бар тау пейзаждарын жиі бейнелеген.

Бейнелеу өнерінде натюрморт деп бірыңғай композициялық топқа біріктірілген жансыз заттарды бейнелеуді айтады. Натюрмортта суретші заттарды тек қана бейнелеп, яғни көшіріп қоймай, сол арқылы белгілі бір көңіл күйді, өзіне тән жеке талғамын көрсетуге тырысады. Натюрморт қарапайым заттардың байсалды тірлігіне сүйсінуді үйрететіндіктен, оны зейін сала қарап, тамашалау қажет. Натюрморт – белгілі бір заттарды бейнелеу ғана емес. Оның мағынасы, мазмұны болады. Натюрмортта бейнеленген заттар көп мәлімет береді.

Бейнелеу өнерінің ең көне жанрлардың бірі – портрет. Әр портреттің өзіне тән мағыналық жүктемесі бар, оны тек «оқи» білу керек. Портреттің барлық түрлері мен жанрлары тікелей немесе жанама түрде адам туралы баяндайды – оның мінезін, ішкі әлемін, көңіл – күйін, психологиясын, дүниетанымын, қоғамдағы орнын, еңбегін – бір сөзбен айтқанда тұлғаның түрлі көрінісіндегі құндылықтарын береді. Әрбір портрет – тұлға туралы ықшамдалған әңгіме.

Тұрмыстық жанрда суретші замандастарының күнделікті өмір – тіршілігін бейнелейді. Тұрмыстық жанр шығармаларында суретшілер өмірдің дағдылы сәттерін ерекше көңілмен сипаттаған.

Қалыптастырушы бағалау:

• Бейнелеу өнері түрлеріне қарай қалай ажыратылады?

• Жанр дегеніміз не?

• Жанр мен өнер түрін қалай ажыратасыз?

• Сіздер бейнелеу өнерінің қай түріне бөлініп отырсыздар?

Кері байланыс парақшасы:

Мен __________________ істей алдым.

Мен _______________________түсіндім.

Мен сабақта _________ жүзеге асыра аламын.

Мен сабақта _______________ үйрендім.

Үйге тапсырма: қалаған тақырыпта сурет салып келу.

Грамматика әлемі

Күні: 09.04.2021

2 «Б» сынып

Сабақтың тақырыбы: Мағынасы қарама – қарсы сөздер.

Сабақтың мақсаты:

1. Мағынасы қарама-қарсы сөздерді меңгерту және сөз мағынасына мән беруді үйрету,түсіндіру.

2. Оқушылардың есте сақтауын және тілін,сөздік қорын дамыту.

3. Тез ойлауға, дұрыс шешім қабылдауға, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу. Халық педагогикасын дәріптеуге үйрету.

Ұйымдастыру кезеңі

Үй тaпсырмaсын тексеру

«Қалт етпей қағып ал, жауабын тауып ал» дидактикалық ойыны

Допты оқушыларға лақтыру арқылы мынандай сұрақтарды қоямын:

1. Сөз дегеніміз не?

2. Сөздер неден құралады?

3. Сөз және оның мағынасын неше топқа бөліп қарастырамыз?

4. «Ашық» деген сөздің басқа мағынасына мысал келтір.

5. Білгішбектің сендерге айтқан ақылын айтып берші.

Оқушылардың жауаптары:

1. Адамдар бір-бірін тіл арқылы түсінісетін болса, сол тілдің басты құралы — сөз. Сөз дегеніміз — заттың, түрлі құбылыстың, қимыл-әрекеттердің атауы.

2.Сөздер дыбыстардан құралады.

3.Сөз және оның мағынасын 3 топқа бөліп қарастырамыз.

4.Терезе ашық немесе мінезі ашық.

5.Сөздің мағынасын дұрыс түсініп, білетін болсаңдар, қоршаған ортаны да жақсы біліп танисыңдар.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталған соң жаңа сабақты түсіндіремін.

Интербелсенді тақта арқылы жаңа сабақты түсіндіру.

Мағынасы қарама –қарсы сөздер- олар бір сөз табына жатады, мағыналары бір-біріне қарсы айтылады.Мысалы: биік-аласа, үлкен-кіші, алыс-жақын.

Қаза тілінде мақал-мәтелдерде, жұмбақтарда, жаңылтпаштарда кездеседі.

Мысалы:

Үстіне тігіп көк шатыр,

Астында қызыл дәу жатыр

(қызылша)

***

Сырты жасыл қатты

Іші қызыл тәтті.

(қарбыз)

1.Жіптің ұзыны, сөздің қысқасы жақсы.

2.Дұшпан күлдіріп айтады,

Дос жылатып айтады.

3.Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

1.Ақ тайлақ ақ па?

Қара тайлақ ақ па?

2.Күн бе, түн бе,

Пілге мінбе.

Сабақты қорытындылау.

Бүгінгі сабақ ұнадыма?

Үйге тапсырма: «Менің бауырым» тақырыбына әңгіме құрастырып келу.


Грамматика әлемі

Күні: 16.04.2021

2 «Б» сынып

Сабақтың тақырыбы: Мәндес сөздер.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың сөз туралы білімдерін молайту.

Дамытушылық: Оқушылардың сөздерді дұрыс қолдана білу қабілетін дамыту, көркем жазуға баулу.

Тәрбиелік: Оқушыларды әдемі, сыпайы сөйлеуге, ұйымшыл, тапқыр болуға тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі

Мағынаны тану.

Ертегі тыңдау. Сөзжұмбақ шешу.

Жұмбақтар.

1.Мұртымен туады,

Мұртын күнде жуады. (мысық)

2.Шұқшитып кеп әуелі,

Сені әрбір әріпке.

Суреттері әдемі,

Бұл қай кітап болады? (әліппе)

3.Жарқ етсе сабау қамшы,көрсетіп жауар тамшы. (найзағай)

Ұрамыз ол байғұсты таяқпен де,

Тебеміз сәті түссе аяқпен де.

Томпаңдап жүгіреді ұрған сайын,

Басынан сипамайды ешбір пенде. (доп)

5.Сақалы бар сиыр,

Тал-терекке үйір. (ешкі)

6.Сырт-сырт соғады,

Уақыттан озады. (сағат)

Жұмбақтардың алғашқы әріптерін біріктіріп,Мәндес деген сөзді шығардық.Ендеше,ханның Батыр,Ер,Ержүрек,Өжет,Батыл,Өр деген ұлдары қандай хандыққа бірікті. «Мәндес» деген хандыққа бірікті.

Ендеше,бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: «Мәндес сөздер»

Электронды оқулықты тыңдау.

Көркем жазу.Сс сөз сақина самаурын

2 тапсырма.

Өлеңді мәнерлеп оқы.

2 тапсырма. Көп нүктенің орнына сол сөзге мағынасы жуық сөздер тауып жаз.

Алыс,қашық,шалғай. Әдемі,сұлу,көркем,ару,әсем.

Зәулім,биік. Батыр,Ер,Ержүрек,Өжет,Батыл,Өр.

Сергіту сәті.Оқушылар Алдаркөсе әнінің әуенімен билейді.

Алдаркөсе қалаға келді.бірақ оған қақпа ашылмай тұр.Алдаркөсеге көмектесейік.

«Қане,кім жылдам?» ойыны.

Қарамен жазылған сөздің орнына мәндес сөз қоямыз.

1.Айгүл -әдемі қыз. 2.Апам тамақ пісірді. 3.Қабанбай-батыр.

сұлу ас ержүрек

көркем дәм өжет

әсем тағам батыл

сабақты қорытындылау.

Бүгінгі сабақ ұнады ма?

Нені түсінбедіңдер?

Үйге тапсырма: «Менің өмірім» тақырыбына әңгіме құрап келу.

Грамматика әлемі

Күні: 23.04.2021

2 «Б» сынып

Сабақтың тақырыбы: Сөздердің бірнеше мағынада жұмсалуы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сөздердің әртүрлі мағынасымен таныстыру; сөздерді

мағынасына қарай сөйлем ішінде орынды қолдана білуге үйрету;

Дамытушылық: Сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін арттыру;

Тәрбиелік мәні: Зейінділікке, ұқыптылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу;

Ұйымдастыру кезеңі

Қызығушыылығын ояту

Қой, алма, бал, ашық, қаз, ...

Осы сөздердің мағынасын түсіндіріп, мысалдар келтіреді.

«Қызықты алтылық» ойыны,бірнеше сұрақтарға жауап алу.

Заттар мен құбылыстар адамға не арқылы танылады? Қандай сөздерді

білеміз? Бірнеше қарама –қарсы мағыналы сөздер айт. Қарсы мәндес сөздерге мысал келтір. Алма сөзіне түрлі мағынада қолданып сөйлем құра. Тез : сөзіне

мәндес сөздер айт.

Сөз:мәндес,қарама-қарсы,көп мағыналы.

Мағынаны тану

1-тапсыврмадағы сөйлемдерді оқып, ауызша талдау жасату.

Арық - су ағызу үшін арнайы қазылған су жолы

Мал қыстан -арық шықпас үшін,күтім керек

2-тапсырмадағы қарамен жазылған сөздердің басқа мағыналарын тауып, сөйлем құрастырып жазады.

Суретпен жұмыс :Бұрыш..Алма.Жүз.Қырық.

Сергіту сәті

Отырайық, жүрелеп,

Гүлді үзіп алайық.

Орнымыздан түрегеп,

Басқа гүлге қонайық.

3-жаттығуда суретте бейнеленген зат және сан атауларымен бірдей дыбысталатын сөздердің басқа мағыналарын тауып жазады.

Бұрыш, қырық, жүз, үй

Сөзжұмбақ шешу

1.Аюдың тамағы

2.Ең мейірімді жан

3.Жерде туып, көкте өледі

4.Өзі жап-жас мұрты бар

5.Дегендей ешкім тимесін,алыпты қадап инесін

берілген сөздерден екі түрлі мағынада қолданатын сөздерді теріп алып, сол сөздердің әр мағыналарына сөйлем құрастырып жазады.

Күй, кір, мақта, тамыз, ауыр сөздеріндегі дауысты дыбыстарға мінездеме беру

Ой толғаныс

Жұмбақ шешу

Бар ма, жоқ па білмеймін,

Ол жоқ жерде жүрмеймін.

(ауа)

Аппақ дала қара дән

Сепкен дәні түсінуге жараған.

(әріптер)

Үйге тапсырма: ауыспалы мағынадағы сөздерден сөйлем құрап келу.

Грамматика әлемі

Күні: 30.04.2021

2 «Б» сынып

Сабақтың тақырыбы: Зат есім. Ойнай отырып, ойлай отыр.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға сөз таптары, оның ішінде зат есім, зат есімнің жалпы есім, жалқы есім түрлері туралы тереңірек білім беру.

Дамытушылық: Сөз таптары бойынша бастауыш сыныптарда меңгерген білімдеріне сүйене отырып, зат есім туралы түсініктерін дамыту; сауатты жазу, оқу дағдыларын жетілдіру; оқушылардың белсенді ойлау қызметтерін жандандыру.

Тәрбиелік: қазақ тілінің морфологиялық заңдылықтарын түсіндіре отырып, тілдік-эстетикалық семзімдеріне тәрбиелеу, адамдық қасиеттерін дамыту.

Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын тексеру

Көшіріп жазып, көмекші сөздердің астын сызыңдар.

Мен Қаныш ағамен сирек болса да кездесіп тұрдым. Кейде далаға тігілген шатырларда қона жатып, сөйлесіп жүрдім. Мол кеуделі, биік еңселі, бойшаң адамның ашық жүзіндегі мейірімділік пен ойлылық бір түрлі әсем еді. Асықпай сөйлесетін, шаншусыз, қаңқусыз сөздерді қолдануға тырысатын.

Заттың атын білдіріп, кім? Не? деген сұраққа жауап беретін сөздер зат есім деп аталады. Мысалы: әке (кім?), тау (не?), Оқушы ( кім?), іні (кім?) Зат есім жалпы есім және жалқы есім болып екіге бөлінеді. Біркелкі заттардың жалпы атауын жалпы есім дейді. Заттардың ішінде бір түрінің өзіне ғана қойылған аты жалқы есім деп аталады. Мысалы: кісі, адам деген жалпы атаулыға тән болса, Байжан , Гүлнар деген сөздер жалпыға емес, жеке кісіге ғана қойылған.

Өздерің білетін жалқы есімдерді дәптеріңе жазыңдар.

Кісі аттары: Абай, Данабек, Айнагүл, Темірхан, Майра т.б.

Мемлекет, республика, облыс, аудан, қала, ауыл атаулары: Азия, Қазақстан, Қарағанды, Қазыбек би, Жезқазған, Ақтоғай;

Мекеме, зауыт, фабрика, ұжым атаулары: Ақтұмсық, «Қарағанды кәмпиттері» фабрикасы, «Доскей» ұжымы

Жер, су атаулары: Ақтоғай, Тоқырауын өзені

Газет-журнал, кітап, ән, күй, шығарма: «Кәусар» газеті, «Мың бір түн», «Ақ маржан» әні, «Балбырауын» күйі, «Абай жолы»

Жылқыға, сиырға, түйеге, итке қойылатын аттар: Құлагер, Тайбурыл, Манька, Желмая, Ақтөс, Алабай

Ал балалар мен сендермен ойын ойнағы келіп тұр.Ойын ойнағыларың келеме?

Ал балалар мен сөздер тобын атайын ,сендер соның үшінші екенін яғни қайсы артық екенін табасыңдар жарайма!

-Шырын,Сүт,Нан

Жарайсың

Ал келесі сөзді айтайын Өзен,қар,жаңбыр қайсысы артық?

Ал балалар келесі сөз топтамасын айтайын-Қаңтар Аяз,Боран қайсысы артық? жарайсыңдар балалар .

Ал балалар мен сендерге түрлі түсті шарлар әкелдім.

Осы шарларды тура және кері санаймыз,дайынбыз ба? жарайсыңдар балалар.

Ал балалар мен сендерге керемет ойын алып келдім.Ойының аты «Дауыстап санау» д/к ойын

Сабақты қорытындылау.

Балалар, бүгінгі сабақ ұнады ма?

Үйге тапсырма: «Салауатты өмір салты» тақырыбына мәтін құрап келу.


Грамматика әлемі

Күні: 06.05.2021

2 «Б» сынып

Сабақтың тақырыбы: Сын есім. Жасырынған сөзді тап.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Жаттығулар мен тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың сын есім туралы алған білімдерін еске түсіру, тереңдету,бекіту.

Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын , шығармашылық қабілетін, сауатты әрі көркем жазу дағдысын жетілдіру, дамыту.

Тәрбиелігі: Тиянақтылыққа, ұқыптылыққа тілді құрметтеуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі

Қызығушылықты ояту.

1-топ: түбірі «тапты» деген сөзде, жұрнағы «қасқыр» деген сөзде, жалғауы «балалар» деген сөзде кездеседі, демек : ТАПҚЫРЛАР

2-топ: түбірі «ойын» деген сөзде, жұрнағы «сыншыл» деген сөзде, жалғауы «қаздар» деген сөзде кездеседі демек : ОЙШЫЛДАР

3-топ: түбірі «өнерлі» деген сөзде, жұрнағы «аспаз» деген сөзде, жалғауы «қыздар» деген сөзде кедеседі демек: ӨНЕРПАЗДАР

4-топ: түбірі білгір деген сөзде, жұрнағы киім деген сөзде, жалғауы аспаздар деген сөзде, демек: БІЛІМПАЗДАР

1-тапсырма.

1. Көп сөз.... (күміс)

2. Аз сөз.... (алтын)

3..... өрге жүрер(өнерлі)

4..... киім тозбайды(кең)

5..... ағаш жерге иіліп тәжім етеді(жемісті)

6..... жігіт елге иіліп тәжім етеді(жетелі)

7..... жолдас жолда қалдырар(жаман)

-Ал, бүгін біз сабақта сын есімді қайталаймыз.

-Қане, сын есім дегеніміз не?

Жаңа сабақ

-Зат есімнің алдында келіп, оның түсін, иісін, дәмін, көлемін, сапасын білдіретін сөздерді сын есім дейміз. Сын есімге қандай? қай? деген сұрақ қойылады. Құрамына қарай: дара және күрделі болып бөлінеді.

2-тапсырма. Әр топқа сурет беріледі. Топ оқушылары осы суреттегі заттың атауын тауып, қағазға сипаттайды. Оқиды, талдайды, дәлелдейді.

Дәптермен жұмыс.

Дәптерімізді ашайық ,

Қолға қалам алайық .

Салақтықтан қашайық ,

Көркем етіп жазайық.

Қауырсын (құс қанаты мен құйрығының ұзын талшықтары)

Шығармашылық тапсырма. (5 мин)

1-топ. Зат есім мен сын есімнің ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау

2-топ.Етістік пен сын есімнің айырмашалығын анықтау

3-топ. Зат есімнің жіктелуі мен етістіктің жіктелуінің айырмашылығы мен ұқсастығын анықтау

4-топ. Зат есімнің септелуі мен етістіктің шақтарының айырмашылығы мен ұқсастығын анықтау.

Үйге тапсырма: «Менің бейнем» тақырыбына әңгіме құрап келу.


Грамматика әлемі

Күні: 14.05.2021

2 «Б» сынып

Сабақтың тақырыбы: Сан есім. Ойлан тап.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сан есім туралы түсінік беру және сан есімнің заттың санын, ретін білдіретінін ұғындыру.Сан есімнің сөз табы екенін түсіндіре отырып, сан есімге сұрақ қоя білуге үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың сөз байлығын дамыту.сөз таптарын өзара салыстыра отырып, айырмашылығын білу. Ауызекі және жазба тілін дамыту, сөздік қорларын, ойлауын, таным қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік:Оқушыларды топтасып жұмыс істеуге, зер салып тыңдауға, құрметтеуге, жауапкершілікке әдепті және батыл сөйлеуге, адам бойындағы жақсы қасиеттерге білімге құштарлығын тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі

Жаңа сабақтың тақырыбы сан есім деп аталады.

-Оқушылардын сабақтың мақсатын сұрау.

Сан есім – заттың санын, саналу ретін, мөлшерін білдіретін сөз табының бірі. Сұрақтары:қанша? неше? нешеу? нешінші? Жамбыл жүз жас жасаған. (Неше жас? Жүз жас).

 Реттік сан есім заттың саналу ретін білдіріп, нешінші? деген сұраққа жауап береді.Есептік сан есімге төмендегі жұрнақтар жалғану арқылы реттік сан есім жасалады:

-ыншы –қырық тоғызыншы, алпысыншы, оныншы, т.б.

-інші – отыз бесінші, үшінші, елуінші, жүзінші, т.б.

-ншы – алпыс алтыншы, алтыншы, т.б.

-нші – қырық екінші, жетінші, т.б.​​​​​​​

3. Жинақтық сан есім заттың жинақталған санын көрсетеді. Сұрағы: нешеу? Жинақтық сан есім бірден жетіге дейінгі сан есімге -ау, -еу жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу. Дауысты дыбысқа аяқталған екі, алты, жеті сан есімдеріне -ау, -еу жұрнағы жалғанғанда, түбірдегі соңғы дауысты дыбыс түсіп қалады: екі+еу→екеу, алты+ау→алтау, жеті+еу→жетеу.

1 – тапсырма. Берілген сөздердің ішінен сан есімдерді теріп жаз.

Сегізбай,сегіз, алтын, алты, тоқсанық баға, тоқсан, жүзгіш, жүз бір, қырықтық, қырық, Елубай, елу.

(Сегіз, алты, тоқсан, жүз бір, қырық, елу)

Жұмбақты оқып шешуін тап.Жұмбақты көшіріп жазуп,Сан есімдердің астын сыз. Қатар өскен дос құсап,

Екі жақта қос бұтақ.

Әрұайсысында

Біреуі қысқа,

Біреуі ұзын,

Бес бұтақ. (Қол) Көп нүктенің орынына тиісті сан есімдерді қойып,сөйлемді кқшіріп жаз.

Заттың санын білдіретін сөз табы –

А) зат есім     Ә) сын есім     Б) сан есім

2. Сан есімнің сұрақтарын белгіле.

А) Қандай? Қай?

Ә) Қанша? Неше? Нешінші?

Б) Не істеді? Қайтті?

3. Нешінші сұрағына жауап беретін сөзді тап.

А) бесінші        Ә) бес        Б) бесеу

Үйге тапсырма: «Менің сүйікті кітабым» тақырыбына әңгіме құрап келу.

Грамматика әлемі

Күні: 21.05.2021

2 «Б» сынып

Сабақтың тақырыбы: Сөз таптарына арналған логикалық тапсырмалар.

Сабақтың мақсаты:

Логикалық тапсырмалар арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Оқушының интеллектуалдық қабілетін көтеру.

Ұқыпты, таза жазуға тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі

Жаңа сабақ

Берілген тапсырмаларды орындауда оқушылар өз беттерімен ізденеді, оқушының ой өрісін кеңейтіп есте сақтауын дамытады, байқағыштығын қалыптастырады, эвристикалық қабілеті шыңдалады. Оқушының өзіндік пікір айтып оны қорғай білуіне мүмкіндік жасалады.Теориялық білімдерін кеңейтіп, оны практикада қолданылуына ықпал етеді. Логиканың дамуы өздігінен ізденіп жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Логикалық тапсырмалар оқушының интеллектуалдық деңгейін көтереді.

Тапсырма Берілген сөздерді алфавит ретімен жаз.

А) Семей, Астана, Қарағанды, Өскемен.

Ә) Әсем, Сырым, Райгүл, Айбек

Б) Қалам, дәптер, өшіргіш, сызғыш

Тапсырма

Берілген сөздердегі у қандай дыбыс екенін айт.

Уәзір, аудан, уыз, баяу, елу, саумал, зәулім, оқу, қурай, қауын, кесу, уық, сатушы, уыс.

Тапсырма1.Берілген өлең жолдарынан ілік септігінің жалғауын тап.

Көзімнің қарасы,

Көңілімнің сарасы.

Бітпейді іштегі

Ғашықтың жарасы.

Тапсырма Берілген сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдыр.

1. Біз баққа бардық. 2. Сәуле үшінші сыныпта оқиды. 3. М.Әуезов 1897 жылы туған. 4. Абай – ұлы ақын. 5. Ыбырай Алтынсарин балаларға арнап оқулық жазды.

. Менің атым Медет Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім? 

Жауабы: Медет

Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді?

Жауабы: үш

Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр?

Жауабы: үшеу

Бекіту

Тапсырма Берілген сөздерді алфавит ретімен жаз.

А) Семей, Астана, Қарағанды, Өскемен.

Ә) Әсем, Сырым, Райгүл, Айбек

Б) Қалам, дәптер, өшіргіш, сызғыш

Тапсырма

Берілген сөздердегі у қандай дыбыс екенін айт.

Уәзір, аудан, уыз, баяу, елу, саумал, зәулім, оқу, қурай, қауын, кесу, уық, сатушы, уыс.

Сабақты қорытындылау.

Үйге тапсырма: ережені жаттау.

Грамматика әлемі

Күні: 24.05.2021

2 «Б» сынып

Сабақтың тақырыбы: Логикалық сұрақтар мен тапсырмалар.

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың алған білімдерін бекіту, өмірде пайдалана білуге үйрету.

Оқушылардың логикалық ойлауын, ауызша және жылдам есептеу дағдысын дамыту.

Ұйымдастыру кезеңі

1) Амандасу рәсімі:

Сәлем бердік сіздерге

Басты иіп бәріміз

2)Психологиялық дайындық

Мақсаты:Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеріп, зейіндерін сабаққа аудару.

«Оқимыз, үйренеміз, жалықпаймыз,

Білімнің шыңына біз шарықтаймыз!»

Топқа бөлу. Хатқалта тарату.

Хатқалта ішіндегі әріп қиындыларынан сөз құрату.

-Құраған сөздерің нені білдіреді?

4) Үштілділік. Қазақша-орысша-ағылшынша

Наурыз-[мач]-March-Март

Сәуір-[эйприл]-April-Апрель

Мамыр-[мэй]-May-Май

«Сиқырлы қобдиша» әдісі

1. Кез келген санды бірге көбейткенде, қандай сан шығады?

2. Санды сол санның өзіне бөлсе, неше шығады?

3. Егер есепте қосу мен көбейту амалы келсе, алдымен қандай амалды орындаймыз?

4. Егер 1 қалам 50 теңге тұрса, 6 қалам неше теңге тұрады?

«Иә-жоқ»әдісі

5 пен 1-дің көбейтіндісі 5-ке тең

9 бен 3 бөліндісі 5-ке тең

7 мен 8-дің көбейтіндісі 56

12-ні 4-ке бөлсе, 3

23 пен 2-нің көбейтіндісі 40-қа тең

200 бен 3-тің көбейтіндісі 600-ге тең

Әрбір дұрыс жауап үшін бір жетоннан топқа беріледі.

Ең көп жетон санын жинаған топ жеңімпаз атанады.

Дескриптор

Білім алушы

*Шеңберді бейнеге айналдырады.

*Тіктөрбұрышты бейнеге айналдырады.

Логикалық сұрақтар

1. Адам тамақ пісірерде ең бірінші қазанға не салады?

(көз)

2. Бәріміз бауырсақ ертегісін жақсы білеміз!

Ертегі бойынша бауырсақ қашып кетеді.

Бір күні кемпір бауырсағын пісіріп, дала шығарып, кейін келіп қараса, бауырсақ қашпаған!

Неге? кемпір қандай амал қолданды? (бауырсақты төртбұрышты етіп пісірген)

Осымен, грамматика әлемі сабағымыз аяқталды! Жазғы демалысты жақсы өткізіңдер!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
2 қаңтар
1252
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі