400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Грамматика әлемі" атты вариативтік курс

Материал туралы қысқаша түсінік
"Грамматика әлемі" вариативтік курсы ,1 сынып оқушыларына арналған.Мұғалімдерге қосымша сабақтарда пайдалануға болады.Кқнтізбелік жоспар мен оқушылардың жұмыс дәптерін жариялап отырмын.
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің

№ 5 «А» мектеп-гимназиясы» мемлекеттік мекемесі





«Грамматика әлемі» курсынан

Shape1

Оқу қазақ тілінде жүргізілетін мектептердің

1-сынып оқушыларына арналған





Құрастырушы- авторлар: Орынбаева Гаухар Тортаевна











Қостанай-2016 жыл


Кіріспе

Құрметті, жас бүлдіршін! Бүгін қолыңа алып отырған жұмыс дәптеріндегі тапсырмалар ой-өрісіңді кеңейтуге, естігеніңді жадыңда ұстауға, көре білуге, байқағыштыққа, біліміңді тиянақтап отыруға, қиялдауға, іздену арқылы зерттей алуға үйретеді. Дәптерде жұмбақтар, ребус, бейнеліжазу, сызба жасау, талдау, сахналау, ұқсас тапсырмалар құрастыру, ұйқастар іздеу, мысал, ертегілер жазу сияқты сан алуан тапсырмалар бар.

Қазақтың ұлы ағартушысы, педагог, ғалым-жазушы Ыбырай Алтынсарин тұңғыш ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, көркем әдеби тілдің тазалығы үшін күресуші, балаларға таза  ана тілін үйрету арқылы халықтың бай тілін меңгеріп, өнер-білімге бастаушы болды. Бүгінгі оқушы, сен де болашақта көзі ашық, көкірегі ояу, ана тілінің қадір-қасиетін түсінетін, елінің болашағы болатын нағыз азамат болып өсуіңе тілектеспін!
















1-тапсырма.

Әр суреттің астына атауын жаз.


Shape2

1


.

2Shape3 .

3Shape4 .

4Shape5 .

5Shape6 .

6Shape7 .

7Shape8 .

8Shape9 .


9Shape10 .


1Shape11 0.


1Shape12 1.


2-тапсырма.

Отбасыңдағы туыстарыңның есімдерін жаз.

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________





3-тапсырма.

Сөзжұмбақтарды шеш.

  1. Ең суық мезгіл?

  2. Әкеңнің әкесі?

  3. Үй жануары?

  4. Оқушы білім алатын орын?

  5. Жазу жазатын оқу құралы?

  6. Қыста не жауады?







































4-тапсырма.

Мына мақал-мәтелдерді төмендегі суреттердің көмегімен толықтыр.

  1. Дүниеге бір перзент келсе, бір артық туады.Бір қозы туылса, бір уыс артық шығады.


  1. Тәуекел түбі жел , мінесің де кетесің.


  1. ұяда не көрсе,

Ұшқанда соны іледі.



  1. Бала тәрбиесі - .

  2. тыңдағаным - өзімді танығаным.





Бұл қызық!

Әже - баланың әкесінің, сондай-ақ, анасының шешесін атайтын, туыстық қатынасты білдіретін атау. Одан арғылары үлкен әже немесе ұлы әже деп аталады.

Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже - отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын- абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі Қазақ қоғамында әдетте жас отау иелерінің тұңғыш баласын әжесі бауырына салады. Бала ата-әженің кенжесі саналып, немерені әжесі тәрбиелеп, бағып-қағады. Әже мен немере арасындағы туыстық байланыс өте нәзік әрі берік. Балажан қазақ үшін ата мен әжеге жас сәби жай ғана ермек емес, тәрбиеленуші ерекше тұлға. Тарихта күллі рулы елге ана болып саналған Айпара әже, Домалақ ене, Зере, Айғаным секілді әжелердің бейнесі аңыз-әңгімелерде, әдеби шығармаларда сомдалған.










Оқу тақырыптық жоспар


5-тапсырма.

Төмендегі суретте заттардың атауын жаңылмай, жылдам жаз!

__________________________

__________________________

___________________________

__________________________

___________________________


___________________________


____________________________


___________________________









Бұл қызық!

Қадым замандардан бері Жер бетін мекендеп келе жатқан халықтардың көпшілігі жеті санында сиқырлы күш бар деп санаған. Оны кие тұтып, қастерлеген небір ұлттар да болды. Соның бірі – қазақ халқы. Біздің ата-бабаларымыз да жеті санын қастерлеп, бірқатар таным-түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелерін жеті санымен атап, ата заңдарына, салт-дәстүріне арқау етіп келеді.

Жеті ата. Бұл – қазақ халқының дәстүрлі салт-санасында адамның ата жағынан тегін таратудың нақты жүйесі. Әрбір қазақ баласы өзінен бастап жеті атасының аты-жөнін білуге міндетті. Мұны әке-шешесі, ата-әжесі үйретіп, жаттатуға тиіс. "Жеті атасын білмеген жетесіз" деген аталы сөзді өзіңіз де білетін боларсыз.

Өйткені қазақта жеті атаға дейін қыз алыспайды, оған дейінгі ұрпақ бір атаның баласы – туыс саналады. Қазақтар негізінен жеті атаны былайша таратады: 1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Үлкен ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата.













7-тапсырма.

Күн сәулелеріне атаң туралы жаз!


Shape13

Менің атам!



















8-тапсырма.

Жас бүлдіршін, жаттап ал!

Дастарханыңа береке берсін,

Бастарыңа мереке берсін,

Астарыңа адалдық берсін,

Бастарыңа амандық берсін,

Дендеріңе саулық берсін!

Әумин!


9-тапсырма.

«Менің досым» тақырыбына әңгіме құрастыр бірнеше сөйлем жаз.

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Shape14

Бұл қызық!

Баланың жақсысы — қызық, жаманы — күйік.

Әнге әуес, күйге құмар бала жаны сұлу, өмірге ғашық болып келеді.

Адам өміріндегі ең үлкен қуаныш — бала сүю.

Бала нені білсе жастан, ұядан — өле-өлгенше соны тынар қиядан.

Қызы анадан үйренбей өнеге алмас,

Ұл атадан үйренбей сапар шекпес.

Атасынан ақыл алса, тентек ұл да жөнделер.

Өсер бала өнегелі іске құмар,

Өнегесіз бала торғай қуар.

Әкелі бала — жау жүрек.

Шеше мінезінен сезік алса, бала жүрегі суына береді, қатулана береді.

Жақсы бала марқайтады, жаман бала қартайтады.

Болатын бала бесіктен.

Ақ шашты ана жастығынан «балам» дейді, ақылды бала «ай-күнім анам» дейді.




















10-тапсырма.

Тиістісін жаз!

Жеміс-жидектер

Үй жануарлары

Оқу құралдары

Тағамдар










































Бұл қызық!

Домбыра - сан ғасырлардан бері сырын сақтап, қазақ даласында кеңінен танымал аспап. Дегенмен домбыра әр аймақта әр түрлі болып келеді. Солтүстік, орталық, оңтүстік аймақтарда домбыра көлемі шағын, жеті-тоғыз пернелі болса, Батыс Қазақстан аумағында кездесетін домбыра шанағы жұмыр, мойны ұзын, он екі, он төрт пернелі болып келеді.


Домбыра аспабының негізгі екі түріне байланысты аспапта күй орындаудың екі түрі «төкпе» мен «шертпе» қағыстары қалыптасқан. Сазды күйлер Арқа өңірінде, ал төкпе күйлер батыс аймақтарда кең таралған.



















11-тапсырма.

Құрылыс заттарын атауын жаз.








12- тапсырма.

Менің бөлмемдегі жиһаздар. Мәтін құра.

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________





13-тапсырма. Жазу жазамыз жарысып.

Төменде берілген дыбыстардан басталатын сөздер легін жаз.

А_____________________________________________________________________

Ә_____________________________________________________________________

Б_____________________________________________________________________

Т_____________________________________________________________________

Ө_____________________________________________________________________

Ж_____________________________________________________________________

И_____________________________________________________________________

Л_____________________________________________________________________

С_____________________________________________________________________

Ұ_____________________________________________________________________

Ы____________________________________________________________________


Білгенге маржан!

Металлдан, әйнек пен бетоннан жасалған бұл «терек» сәулеттік мағынасы жағынан да, жасалуы жағынан да бірегей: биіктігі 105 метрлік металл құрамасынан, салмағы 1000 тоннадан жоғары бес жүзге жуық қададан тұрады. Есіл өзенінің сол жағалауында бой көтерген зәулім «Бәйтеректің» биіктігі 97 м (Астана қаласының елорда статусына ие болған жылға байланысты таңдалған), диаметрі 27 м; негізгі есікке бастайтын әшекейлі темірбетон саты жер бетінен 4,8 м жоғары орналасқан. Әлемде бірінші рет диаметрі 22 метрлік және салмағы 300 тоннадан тұратын күннің түсуіне қарай түсін өзгертетін «хамелеон» әйнегінен жасалынған шар биіктігі жағынан рекордқа (әлемдегі ең үлкен шардың ең биіке көтерілуі бойынша) ие болды. «Бәйтерек» нысаны үш бөліктен тұрады; жер асты бөлігі ұлттың тамыр жаюы, ал одан кейінгілері өркендеу кезеңдерінің нышандарын білдіреді

«Бәйтерек» кешенін жобалаушы архитекторлар тобы А.Рүстембеков (топ жетекшісі), С.Базарбаев пен Ж.Айтбалаев, инженер-конструкторы М.Вахштейн, интерьер дизайншысы А.Оспанов; сондай-ақ оның жобасын жасауға “Аэропорт” ААҚ, “ЭМК” ЖШС, “Архфонд” ЖАҚ, Архитекторлар одағы және “Алуа” ЖШС секілді қазақстандық жетекші фирмалардың мамандары қатысты; ал құрылысын “Имсталькон” ААҚ құрылыс компаниясы (бас директоры В.Т. Кананыхин) салды. Оның негізгі идеясы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың эскиз-нобайы негізінде өмірге келді. Ол бейбіт өмір мен келісімге ұмтылған барлық қазақстандықтардың ғұмырлық мұратын білдіреді.

Бұл нысан әлемдік сәулет өнерінің жоғары талаптарына толығымен жауап береді. Астана қаласында Сәулетшілер одағының халықаралық қауымдастығы өткізген 10-байқауда беделді халықаралық қазылар алқасының шешімімен 2002 жылғы ең таңдаулы жоба және құрылыс ретінде “Бәйтерек” кешеніне Гран-при үздік айырым белгісі берілді.



















































14-тапсырма. Суретке қарап, әңгіме жаз.


Picture 6

Picture 9

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



15-тапсырма.

Менің күн тәртібім.

Shape15




Киіз үй

Picture 21

Picture 24

Бұл қызық!


Көшпенділердің киіз үйі — тарихымыздағы ең бірінші сәулеттік құрылыс. Киіз үйдің іші қыста жылы, жазда салқын. Сондықтан, шопандар да, туристер де пайдаланады. Киіз үй жер сілкінісінде де ыңғайлы, өйткені ол оңайлықпен бұзылмайды. Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен елдерге шатырдың орнына киіз үйлер апарып жүр.













16-тапсырма.

Суретте көргендеріңді жазып шық.

Picture 42

№

Жиһаздың атауы
































17-тапсырма. Менің қалам.

Өз қалаң туралы не білесің?

Shape16


Shape18 Shape17

Shape19


Қостанай



Shape21 Shape20

Shape23 Shape22

Shape24





18-тапсырма. Суретте не көріп тұрсың?










Қаладағы ескерткіштер.

Picture 10 Picture 13 Picture 16

19-тапсырма. Сен қаламызға қандай ескерткіш салар едің?

Shape25















20-тапсырма. Метаграмма шешіп көрейік.

  1. Егер т-дан бастасаң –

Биіктердің биігі.

Егер д-бастасаң.

Қиындардың қиыны.

Екеуің де алып тастасаң.

Балықшының бұйымы.

/тау, дау, ау/



2. Г-ден баста, мен кілең.

Ажарымын өмірдің.

К-ден баста, мен енді

Қалдығымен көмірдің.

/гүл, күл/

  1. К-ден егер бастасаң –

Шомыласың суына

Ш-дан егер бастасаң –

Жазда аунайсың құмына.

/көл, шөл/


  1. Егер б-дан бастасаң,

Түтіндей боп көшемін.

Егер н-дан бастасаң,

Жап-жасыл боп өсемін.

Жеке өзімді тастасаң –

Ішкен жанға кеселмін.

/бу. ну, у/

Бұл қызық!


Жеті қазына — қазақтың дәстүрлі дүниетанымындағы түсініктердің бірі. Қазақ халқы Жеті қазынаны ер жігіттің өмірімен байланыстырып, оның ұғымына мыналарды жатқызады:

  1. жүйрік ат;

  2. қыран бүркіт;

  3. құмай тазы;

  4. берен мылтық;

  5. қанды ауыз қақпан;

  6. майланғыш ау;

  7. өткір кездік.

Ер жігіттің жүйрік аты — қанаты. Қыран бүркіт — қуаты. Құмай тазысы — абыройын асырар сенімді серігі. Мылтығы — қаҝарлы оты. Қақпаны — серті, ауы — әдіс-айласы, кездігі — сұсы. Халық Жеті қазынаны өмір қажетіне негіз етіп таратқан. Қазақ халқының Жеті қазынаны — жеті ырыс деп атауының да мәні осында. “Жеті ырысқа” мыналарды жатқызады:

1) адамның ақылы,ой-санасы. Өйткені, адамзат ақылы арқылы хайуанаттар дүниесінен бөлініп ерекшеленеді, әрі дүниенің қожасы болды;

2) денсаулық, яғни дененің саулығы;

3) ақ жаулық, яғни үйдегі әйел адам — ердің жары, балалардың анасы. Халқымыз ежелден “Бас екеу болмай, мал екеу болмайды” деп, әйелді тіршілік иесі, адам өмірін жалғастырушы деп қастерлеген;

4) бала. Бала — адам өмірінің жалғасы, қуанышы;

5) көңіл. Көңіл мен пейіл кең болса, ынтымақ пен береке орнайды;

6) жер. “Жерсіз — ел тұл, ерсіз — жер тұл”;

7) ит. Ол әуел бастан-ақ адамға сенімді серік болған.























21-тапсырма. Мына жұмбақтардың жауабын дұрыс құрастырып жаз.

Мен бар дүниені мүсіндеуге әзірмін -

Үй, машина, екі мысықты.

Мен бүгін -әміршімін

Менде бар...

(нилитсалп) -____________________________


*****************

Мен үлкенмін, мен оқушымын!

Ранцымда менің...

(кіледнүк) -______________________________


**********************

Мен оқулық стартқа дайынмын,

Мен отырамын жақында...

(ағатрап) -_______________________________


*********************


Бұрыштармен квадраттарды саламын

Мен .......сабағындамын

(акитаметам) -__________________________


***********************

Әрбір оқушы түсінеді,

Маған керегі.............

(ытшырұбшұ шығзыс) -______________________


**********************

Тура сызықты ал,

Өзің салып көрші!

Бұл өте қиын ғылым, кәнекей!

Бұған керек.......

(акйенил) -_________________________________

********************

Мен қорапқа ұқсаймын,

Қаламды маған саласын.

Оқушы сен мені таныдың, ба?

Әрине , менің атым-............

(ланеп) -____________________________________

*********************

Корабль, солдат,

Паровоз, машина, шпаганы желімде.

Ал мүмкін балалар, сендерге көмектеседі,

Түрлі түсті...

(зағақ)-______________________________________



22-тапсырма.

Сыныптағы оқушылардың есімдері бір әріптен басталса, әріп бойынша бағандарға бөліп жаз.























Shape26

Бала – адамның бауыр еті. Қай ата-ана да өз шаңырағында шыр етіп сәби дүниеге келгенінде оған ең жақсы есімді қоюға тырысады. Негізінен, жаңа туған сәбиге есім таңдауға қазақтан дана, қазақтан шебер халық жоқ. Алайда, әрбір ата-ана баласына ат қоярда өзіне жүктелер жауапкершілікті жете сезініп, оған сақтықпен қарағаны, он ойланып, он толғанып барып қана жүрегі қалаған есімді сәбиіне қойғаны абзал. Өйткені, есімдердің адам өміріне, адам атына планеталардың ықпалы өте айрықша.














23-тапсырма.




Менің есімім қандай мағынаны білдіреді?












24-тапсырма.

Туыстық атаулар.


Ата


Әже


Аға


Әпке


Бөле


Жиен


Нағашы


Жеңге


Жезде









Біздің отбасы



25-тапсырма.

Кітапхана.

Білгенге маржан!

Кітапхана – кітаптар қоры. Осы жерден біз өзімізге керектің барлығын аламыз. Кітап арқылы адамзат ақыл ойының інжу маржанын бойына жинайды да, оларды ұрпақтан ұрпаққа жеткізеді. Кітапсыз адам өмірі бос. Кітап біздің досымыз ғана емес, сонымен бірге біздің тұраќты мәңгілік сенімді серігіміз. Кітапты оқып, білім аламыз, кітаптан мәдениеттілікті, адамгершілікті, ізгілікті, шындықты үйреніп, кітаппен бірге ер жетеміз. «Кітапсыз өткен бір күн, орны толмас бос өткен күн. Көркем әдебиеттерді таңдап оқи білу де үлкен өнер. Әр кітап – Отан байлығы. Ата-аналарымыздың, ата-әжелеріміздің маңдай тері, оны естен шығармауымыз керек. Барлық білімді біз кітаптан аламыз. Білімге қызығатын ұқыпты балалар көбейе берсін. Әр халықтың өткен өмірі мен тарихын көркем сөз арқылы бүгінгі ұрпаққа жеткізу.














26-тапсырма.

Менің сүйікті кітабым.

Shape27


Менің соңғы оқыған кітабым___________________________________________

деп аталады. Ол кітаптан менің білгенім___________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________. Мені қызықтырған оқиға________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________.

Енді менің жоспарымда мынандай _______________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ деген кітаптар оқығым келеді.
















Shape28


Кітап бізге не береді?



















Елім деген-Елбасы.

Picture 12

Білгенге маржан!


Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген.

Қызмет жолы

1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын, 1976 жылы Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін бітірген.

Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.

1960—69 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.

1969—73 жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.

1973—77 жж. — Қарметкомбинаттың партком хатшысы.

1977—79 жж. — Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-ші хатшысы.

1979—84 жж. — Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.

1984—89 жж. — Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.

1989—91 жж. — Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы,

1990 ж. ақпан—сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.

1990 ж. сәуірінен — Қазақ КСР президенті.

1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 %) жеңіске жетті.


















27-тапсырма.


Shape29

Shape30

Shape31 Shape32


Елбасы




Shape34 Shape33

Shape36 Shape35






28-тапсырма. Ойды жалғастыр.

Егер мен болашақта Президент болсам, __________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


29-тапсырма. Өлең жолдарын жаттап ал.

Елбасымыз жолдайды,

Халқы оны қолдайды.

Ешқашанда орынсыз,

Шешімдері болмайды.


Елбасы елді қорғайды,

Халық қамын ойлайды.

Осындай жақсы адамның, Жақсылығы тарайды.


Тәуелсіздікті елге сыйлады,

Бейбітшілікті қалады.

Орындалып арманы,

Халқымызда ажарлы.

Осының бәрі әрине,

Елбасының арқасы!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
37 ұстаз жүктеп алған
29 қазан
1726
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі