Грамматика әлемінде
«Грамматика әлемінде» - таңдау пәні.
Мақсаты:
Оқушылардың қазақ тілінің грамматикасына деген қызығушылығын арттыра отырып, тілдік нормаларды шығармашылық тұрғыда меңгеруге бағыттау, сауатты жазу мен сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Бұл таңдау пәні арқылы білім алушылар негізгі пән «Қазақ тілінде» меңгерген білім, білік, дағдыларын жетілдіре түседі. Осы таңдау курсы арқылы оқушылардың дүниетанымы кеңіп, дұрыс, байланыстырып сөйлеуге үйренеді. Грамматикалық сауаттылықтары артады. «Қазақ тілі» пәніндегі сияқты қазақ тілінің дыбыстық, лексикалық жүйесі мен грамматикалық құрылымын меңгеру үдерісі қарастырылады. Таңдау пәнінің бағдарламасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандартының талаптарын қамтамасыз еткен. Тақырыптардың мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктерін ескерген. «Қызықты грамматика» бағдарламасы «Қазақ тілі» пәнімен тығыз байланыста жасалған.
Білім алушылардың ауызша дұрыс сөйлеуді, сауатты жазуды, сөзді мағынасына сай дұрыс қолдануды талап етеді. Халық ауыз әдебиетінің үлгілері арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін, тіл байлықтарын, байланыстырып сөйлеу қабілеттерін арттыру. Білім алушылардың рухани байлығын, Отанына деген сүйіспеншілігін дамыту. Жаны таза адамның ғана аузынан дұрыс сөз шығатындығын ескере отырып, алдымен білім алушыларды ізгілікке, жалпы адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу көзделген. Сонымен қатар, бағдарламада білім алушылардың грамматикалық, фонетикалық, синтаксистік, морфологиялық білімдерін жетілдіру үшін берілетін тапсырмалар жүйелі түрде ұсынылған.
Бағдарламаны құрастыру барысында білім алушылардың грамматикалық білім, білік, дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін деңгейлей отырып көтеру ескерілген. Оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдері, формалары қарастырылған. Берілетін тапсырмалар әр білім алушылардың деңгейі мен қабілетіне сәйкестендіріліп, өз бетімен ізденушілік жұмыстары да қамтылған.
Олардың қазақ тілінен алған білімдерін бекіте түседі.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Грамматика әлемінде
Грамматика әлемінде
Грамматика әлемінде
«Грамматика әлемінде» - таңдау пәні.
Мақсаты:
Оқушылардың қазақ тілінің грамматикасына деген қызығушылығын арттыра отырып, тілдік нормаларды шығармашылық тұрғыда меңгеруге бағыттау, сауатты жазу мен сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Бұл таңдау пәні арқылы білім алушылар негізгі пән «Қазақ тілінде» меңгерген білім, білік, дағдыларын жетілдіре түседі. Осы таңдау курсы арқылы оқушылардың дүниетанымы кеңіп, дұрыс, байланыстырып сөйлеуге үйренеді. Грамматикалық сауаттылықтары артады. «Қазақ тілі» пәніндегі сияқты қазақ тілінің дыбыстық, лексикалық жүйесі мен грамматикалық құрылымын меңгеру үдерісі қарастырылады. Таңдау пәнінің бағдарламасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандартының талаптарын қамтамасыз еткен. Тақырыптардың мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктерін ескерген. «Қызықты грамматика» бағдарламасы «Қазақ тілі» пәнімен тығыз байланыста жасалған.
Білім алушылардың ауызша дұрыс сөйлеуді, сауатты жазуды, сөзді мағынасына сай дұрыс қолдануды талап етеді. Халық ауыз әдебиетінің үлгілері арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін, тіл байлықтарын, байланыстырып сөйлеу қабілеттерін арттыру. Білім алушылардың рухани байлығын, Отанына деген сүйіспеншілігін дамыту. Жаны таза адамның ғана аузынан дұрыс сөз шығатындығын ескере отырып, алдымен білім алушыларды ізгілікке, жалпы адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу көзделген. Сонымен қатар, бағдарламада білім алушылардың грамматикалық, фонетикалық, синтаксистік, морфологиялық білімдерін жетілдіру үшін берілетін тапсырмалар жүйелі түрде ұсынылған.
Бағдарламаны құрастыру барысында білім алушылардың грамматикалық білім, білік, дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін деңгейлей отырып көтеру ескерілген. Оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдері, формалары қарастырылған. Берілетін тапсырмалар әр білім алушылардың деңгейі мен қабілетіне сәйкестендіріліп, өз бетімен ізденушілік жұмыстары да қамтылған.
Олардың қазақ тілінен алған білімдерін бекіте түседі.
шағым қалдыра аласыз













