Материалдар / Грант иегері атанған түлектер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Грант иегері атанған түлектер

Материал туралы қысқаша түсінік
Түркістан қаласында байқауға қатысып,екі оқушы грант иегері атануы жайлы
Авторы:
07 Маусым 2024
198
3 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сәуірдің 23-ші жұлдызы, Алматы қаласы, Әуезов ауданы,Қожа Ахмет Яссауи атындағы №123-мектеп-гимназияның 11 «А» сынып оқушылары,яғни А.Азамат, Д.Арай, Қ.Айдана,жетекшілері Ж.Қалдыбек ағаймен бірге «Саналы ұрпақ» бағдарламасы аясында,жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында VII Республикалық «Дінтану пәндік олимпиадасына» қатысып жүлделі екі орынмен марапатталды. Дәлірек айтсам, олар Арай І-дәрежелі диплом мен ішкі грант жеңіп алды және Азамат-ІІ орын,сонымен қатар грант иегері атанды. Ал Айдана болса күшін сынап, бұл сайыста өкінішке орай жүлделі орын ала алмады.

Ендігі кезекте Олимпиада туралы әңгіме түп басында қайдан шыққаны жайлылы айта кетсем. Біздің мектеп Қ.А.Яссауи есімімен аталуына байланысты бұл олимпиадаға Алматы қаласынан баратын оқушылар біздің мектептен шығу керек болатын. Қалдыбек ағай осыған орай қала атын алып шыға алатын лайықты,өзіне сенімді оқушыларды ізденуге кірісті. Қатысушылар 11 сынып арасынан алыну керек болған соң, көпшілік өзінің дайындық себебімен, бос уақыт таппай,қатыса алмаған болатын. Осы бір екі күндік ізденіс нәтижесінде біз үш лайықты кандидат тауып шығардық. Қалбыбек ағай арнайы кітапханада оқушыларға дайындық үшін кітаппен қамтамасыз етіп,олимпиада ережелерімен толығырақ түсіндіріп , ата-аналарынан сенімхат жинады. Осы олимпиада үшін оқушылар киелі Түркістанға барды,оған себеп бұл байқау Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті қолдауымен өткізілген. Бұл оқушыларға тағы бір мүмкіндік,өздері әлі зерттемеген ескі қаланы аралау.

Шыны керек ұйымдастыру жағынан бұл олимпиада жоғары деңгейде өткізілді. Бағдарлама уақыты мен минутасына дейін есептеліп,жазылған.Сайыс екі кезеңінен тұрды, біріншісі берілген тақырып аясында эссе жазу, ал екінші кезең сұхбат түрінде, билет алу арқылы түскен сұрақтарға жауап айту.

Тағы да айта кететін жәйт, бағдарламада жататын орын,тамақпен қамтамасыз ету,барып қайтатын жолды төлеу және оқушыларға серік болған университет студенттері. Байқау ұйымдастырушылары жататын орынды Қ.А.Яссауи кесенесіне көрініс тапқан жерде, біздің қатысушыларды орналастырды. Осы киелі қалада бірінші рет болған біздің оқушылардың жолы болды. Өйткені байқау кезеңдері аяқталған кейін олар қаланың басты бір көрікті жеріне бара алды. Киелі қалаға жеткен сәтте біздің қатысушыларды Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті студентері қарсы алып, алдағы уақытта әр сәт бірге болды. Сонда бұл саяхат оқушыларға жаңа тәжірибе, жаңа естелік ғана емес, сонымен қатар жаңа таныстықтар сыйлады.

Сонымен қатар олимпиада бағдарламасында қатысқан оқушылар барлығы бірге Арыстан-баб кесенесіне және де Қожа Ахмет Яссауи кесенесін өз көздерімен көріп қайтты. Бұл сапардың бағдарламада болған бір артықшылығы ол талапкелреді біздің елдің тарихымен тереңірек таныстыру.

Талапкерлер екі кезеңнен өтіп келесі күні мараппаттау кешіне келді. Осы сәтті әдемі күйінде сақтап қалу үшін,сол жерде барлығын түсіріп жүрген фотограф болды. Менің ойымша жеңімпаздар өз маңызды сәттінің керемет сапада сақталғанын қалады.

Әрине мараппатты табыстау көрінген адамға берілмейді,бұл олимпиаданы салтанатты түрде ашып,құттықтау сөз сөйлеген кісілерді де айтып өткен жөн деп санаймын. Республикалық олимпиада ашылуында Д.Кенжетаев теология факультеті деканы, Қазақ-түрік университеті ректоры Т.Жанар және П.Баттал ресми түрде сөз сөйлеп жеңімпаздарды мараппатаған. Оқушыларға тек қана диплом берілген жоқ,сонымен қатар әр оқушыға сыйлық табысталды.



Осыған дейін айтылып кеткен ақпарат ол тек үстірт ақпарат, бірақ енді осы олимпиада жайлы тікелей байланысы болған қатысушыларымызбен ағайдың өзінен білейік. Бұл жеңіске үлкен әсерін тигізген адам ол Қалдыбек ағай,әңгімені осы кісіден бастауды жөн көрдім.

Бастапқыда ағай бұл байқауға жайдан жай адамды іздемеді, былай қарасақ пәнге қатыса бар оқушылар қажет болды. Қатысушылар нақтыланған соң дайындық жұмыстары жүргізілді, тіпті жолда кетіп бара жатып ағай оқушыларға талдау арқылы дайындықтарын нығайтады. Әрине мұғалім болған соң өз тәсілін қолданып балалардың телефондарын жинау арқылы,назарларын көбіне кітап қарауға аударады.

«Келген сәтте бізді күтіп алып,жайғасытрды,ертесі түскен күні оқушылар тапсыратын болды және сол уақытқа дейін балалардың қасында болып, дайындықты тоқтатпадық»- деп Қалдыбек ағай бізге болған жағдайды баяндап берді. Толық байқау аяқталмағанша алғайда іштей уайым болды,себебі басқа қаладан келген оқушыларда үлкен дайындықпен келген.

« Біз үшін арамыздағы тым болмаса біреуі жеңсе,ол үлкен қуаныш болар еді» осындай ниетпен ағай және біздің қатысушылар барған. Кейін екі оқушының аты аталғанда ағайда іштей бақыт болған еді. « Біреуің болсын орын алсаңдар Түркістанда тағы біраз уақыт қалып, қыдыртамын» деген сөз берген еді, осы сөзінде тұрған ағай балаларды кешкі асқа осы жеңісті тойлатуға апарды.

Айта берсек көп демек,келесі оқушылардың ойымен бөлісейін. Басында балаларда іштей қобалжу,қорқыныш,уайым және белгісіздіктен қорқыныш болған. Дайындық кезіндеде,кезеңдерден өту сәтінде де оларды іштей уайым жібермеген еді.

« Жабылу салтанатында марапттау басталмай тұрып, зайырлы Дінтану кітабының авторы Д.Кенжетаев сөз сөйлеп жатқанда, менің эссемнің тақырыбын айтып және сол эссе көңілінен шыққанын естігенде , мен өзінің орын алғаныма сенімді болдым»-деп Арай өз сезімдерімен бөлісіп кетті. Оқушылар жалғыз бармағаны осы байқаудың артықшылығы деп санаймын, себебі бір-біріне қолдау көрсетіп, дайындық кезінде бар көмектерін бір-бірінен аямады және осындай бір қызықты саяхатты бірге өткізді.

«Ағай Түркістанның адамдары білімді болады,сендер асып түсе алмауларың мүмкін. Мен Түркістанның қатысушыларынан жеңіліуім мүмкін деген бір ой келді, бірақ ішімде мен оларды жеңуім керек деген сезім пайда болды және грант үшін талас,бәсекелестік менің бойымда ояна бастады»- деп Азамат өзін қалай жеңіске апарғанын айта кетті.

«Мен орын ала алмадым,бірақ ол үшін көңілімді түсірмей,достарым үшін қатты қуандым. Бұл саяхат тек қана олимпиада үшін болмаған,біз сонымен қатар киелі қала Түркістанның ерекшеліктерімен танысу үшін келген болатынбыз. Түркістан маған жаңа достар,тәжірибе және ерекше сезімдер сыйлады»-деп Айданада өз оқиғасымен бөлісе кетті.



Қорытындылай келсек әрбір жарыс ол өтпелі кезең, біз білмеген жерден өзіміздің дұрыс шешім қабылдап қойғанымызды өзіміз түсінбей қаламыз. Бұл саяхат біздің қатысушылар үшін үлкен мүмкіндік болды және сабақ алатындай оқиғалар жүйесі болды.







Алматы қаласы,Әуезов ауданы,Қ.А.Яссауи атындағы №123 мектеп гимназияның 11 А сынып оқушысы,Тлеулесова Гүлнұр



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!