Материалдар / Great Britain

Great Britain

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала оқушылаға қажет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Сәуір 2021
483
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: «Ұлыбритания. Мемлекеттің құрамы мен құрылымы.

Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы».


Сабақтың мақсаты: білімділігі: Ұлыбритания аумағының құрамы, мемлекеттік құрылымымен танысу. Елдің экономикалық-географиялық және геосаяси жағдайына, табиғат жағдайының басты белгілеріне тоқталу.

дамытушылық: Ұлыбритания халқының орналасу ерекшеліктері мен, салт-дәстүрлерімен таныстыру.

тәрбиелілігі: басқа елдерді танып білу үшін оқушылардың қызығушылығын арттыру, әртүрлі карталармен жұмыс.


Сабақтың көрнекті құралдары: слайдтар, интерактивтік тақтаны пайдалану, д/ж кескін картасы, саяси картасы.


Сабақ беру әдісі: Иллюстративті – түсіндіру, проблемалық – ізденіс, топпен

жұмыс.


Сабақтың түрі: Жаңа сабақты игеру.


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру.

  2. Үй тапсырмасын тексеру.

  3. Жаңа сабақ.

  4. Бекіту.

  5. Үй жұмысы.

  6. Бағалау.

















Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Мемлекеттердің астанасын айту, тақтадағы кескін картадан көрсету. Исландия – Рейкъявик, Вадуц – Лихтенштейн, Норвегия – Осло, Швейцария – Берн, Македония – Скопье, Словения – Любляна, Нидерланд – Амстердам, Андорра – Андорра-ла-Велья, Венгрия – Будапешт, Чехия – Прага, Франция – Париж, Германия – Берлин.



  1. Тест сұрақтары.

  1. Үлкен жетілік елдері: а) АҚШ, Бразилия; в) ГФР, Норвегия; с) Жапония, Нидерланд; д) Италия, Канада

  2. Парламенттік Республикасының өкімет басшысы: а) король; в) премьер-министр; с) султан; д) князь

  3. Европаның халқының саны: а) 720 млн; в) 730; с) 740; д) 750

  4. Европаның ең сирек қоныстанған елі: а) Швейцария; в) Франция; с) Исландия; д) Бельгия

  5. Европаның «химияландырылған» елі: а) Румыния; в) Словакия; с) Германия; д) Италия

  6. Солтүстік Европадағы ауыл шаруашылығың бағыты:

а) сүтті-етті бағыттағы мал шаруашылығы;

в) сүтті мал шаруашылығы;

с) өсімдік шаруашылығы;

д) етті бағыттағы мал шаруашылығы.


  1. Блиц сұрақтары:

а) «Шенн», «Сименс», «Конимпекс» - Қазақстанда жұмыс жасайтын неміс фирмалары

в) «Люфтганза» - авиокомпания

с) Байер, Хехст фирмалары – химия өнеркәсібі

д) Вольсбург – автомобиль астанасы

е) Бундестаг – жоғары палата

ж) Магирус, Опель, Форд т.б. – автомобиль зауыттары


Жаңа сабақ. Ұлыбритания – Европаның с-б, Британ аралдарында, Ирландия аралының с-ш бөлігі мен ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет. Күрделі саяси тарихы 16-ғасырдан басталатын бұл мемлекеттің 4 тарихи-ұлттық облыстары бар.

Жерігің ауданы – 2441,1 мың км2

Халқы – 60,1 млн адам, 2010 жылы – 61,4 млн адам

Астанасы – Лондон

Мемлекеттік құрылымы – конституциялық монархия

Мемлекет басшысы – королева

Үкімет басшысы – премьер-министр

Заң шығарушы органы – парламент

Мемлекеттік тілі – ағылшын.

Ұлттық валютасы – фунт стерлинг

Біріккен Корольдік деген атына қарамастан, Ұлыбритания унитарлы мемлекет болып саналады. 4 тарихи провинцияларының құрамы: Англия – ауданы 230 мың км2, орталығы Лондон, 45 графтықтар және ерекше административтік орталық үлкен Лондон кіреді; Шотландия – 32 облыс, 186 аралға бөлінген, орталығы Эдинбург қаласы; Уэлыс – 9 графтықтан, 3 қала, 10 қала графтықтан тұрады, орталығы Кардифф қаласы; Солтүстік Иландия – 26 округке топтастырылған, орталығы Белфаст қаласы. Дербес әкімшілік аймақтары: Мэн, Англси, Уайт, Силли аралдары және 4 архипелаг: Гебрид, Оркней, Норман, Шотланд кіреді. Бұған қоса теңіздің ар жағындағы иеліктер: Европада – Гибралтар; Америкада – Англия, Бермуд, Британдық Виргин, Кайман, Монтерсеррат, Теркс пен Кайкос, Фолкленд аралдары; Африкада - Әулие Елена; Океанияда – Питкерн аралы бар ( картадан көрсету). Себебі 17 ғ-ң бас кезінде Ұлыбритания жаңа құрлықтан өзінің алғашқы орталықтарын иеленді, әрі қарай Ұлыбритания өзінің орталық иеліктерін кеңейте түсті. 1945-1970 ж. Британ орталықтарының барлығы дерлік өз тәуелсіздіктерін алды.

1-оқушы. Ұлыбританияның ЭГЖ туралы.

Ұлыбританияның мемлекеттік шекаралары негізінен теңіздік болып саналады, тек Ирландиямен ғана шекарасы құрлық арқылы өтеді. Батыс жағалауын Атлант мұхитының сулары, шығысы мен оңтүстігінде Солтүстік теңіз және енсіз Ла-Манш, Па-декале бұғасы орналасқан. Жағалаулары қатты тілемделінген – құрлыққа енген көптеген шығанақтары бар: ең ірілері Бристоль, Кардиган, Ливерпуль (фьордтар, эстуарийлер). Елдің ЭГЖ-ң ерекшеліктері мен қолайлы тұстары. 1. Европалық одаққа енетін дамыған елдермен көршілес орналасуы, елдің саяси және экономикалық қауіпсіздігіне кепіл болады. 2. Халықаралық теңіз және әуе жолдарының тоғысқан аймағында орналасуы – сыртқа экономикалық байланыстарының дамуына оң әсерін береді.

2-оқушы. Елдің геосаяси жағдайы.

Елдің геосаяси жағдайы тарихи кезеңдерге бірнеше рет өзгеріске ұшырады. 1. г-қ орнының ерекшелігіне және экономикалық даму деңгейінің жоғарлылығына байланысты күшті теңіз флоты болған Ұлыбритания бірнеше ғасыр бойы әлемдік теңіз жолдарында басым орын алып келуі және әр түрлі дүние бөліктерінде орналасқан иеліктер мен доминиондар есебінен аумағын ұлғайтып отырады. Соның нәтижесінде бүкіл құрлықтың ¼-іне жуығын иеленіп алған. Ұлыбритания ақыр соңында аумақтың біртұтастығы болмағандықтан әлсірей бастады. Елдің геосаяси жағдайы қазіргі және бұрынғы иеліктерін біріктіретін «Британ бірлестігі» ұйымын құру туралы саяси шешімнің нәтижесінде ғана бастады.

3-оқушы. Мемлекет басшысы туралы.

Біріккен Корольдік деген атына қарамастан, Ұлыбритания федерация емес, унитарлы мемлекет. Ресми түрде мемлекет басшысы монарх болғанымен, ол елді басқару ісіне тікелей араласпайды, тек парламен қабылдаған заңдарды бекітеді. 1952 ж. Мемлекет басшысы Королева 2 Елизаветы – толық аты Елизавета Александра Мария Виндзор. Әйгілі Виндзорскийлер әулетінде, 1926 ж. 21 сәуірде дүниеге келген. Қазіргі Ұлыбритания мен Солт. Ирландияның біріккен корольдігінің королевасы және Ұлыбритания достастығына кіретін 15мемлекеттің мемлекет басшысы таққа 1952 ж. 6 ақпанда отырды. 1947 ж. 20 қарашасында Елизавета Филиппин Маунбетпен неке құрады, отбасында 4 баласы бар, 3 ұл, 1 қыз. Королеваның мұрагері Чарльз принц Уэльский.

4-оқушы. Букингем сарайы – Королева Резиденциясы болып есептеледі. Сарай алдындағы алаңда ақ мәрмәрдан жасалынған Королева Викторияның мүсіні орнатылған. Жазда туристтерге сарайдың кейбір бқліктерін аралап көруге рұқсат беріледі.

5-оқушы. Премьер-министр іс жүзінде өкіметтің толық билігін жүзеге асырады, бұл қызметке сайлауда жеңіп шыққан партияның жетекшісі тағайындалады. 2010 ж. Бастап өкімет басшысы болып консерваторлардың лидері Дэвид Кэмерон тағайындалды, оның алдында өкімет басында лейбористердің жетекшісі Гордон Браун болды. Жаңа өкімет басшысына мемлекет басшысы министлер кабинетін жаңадан жасақтауға міндеттейді.

6-оқушы. Заң шығарушы органы – парламент. Елдің жеке конституциясы жоқ, Ұлыбритания заңдары көп ғасырлы конституция дәстүрлер мен сот органдарының шешімдеріне негізделген. Парламент екі палатадан тұрады, төменгі Қауымдар палатасында 659 депутат кіреді, жұмыс жасау мерзімі 6 жыл, Жоғарғы лордтар палатасы – ақсүйектер мен діни қызметкерлерден тұрады. Парламент үйі 16 ғ. салынған Вестминстер сарайында орналасқан, Темза өзенінің сол жағалауында салынған. 20 ғ. басында қазіргі заманғы үлгімен жаңартылып, биіктігі 97 м Биг-Бен мұнарасына үлкен сағат орнатылған, ал берісте биіктігі 102 м болатын Виктория мұнарасы бой көтерген. Премьер-министр резеденциясы Лондондағы Даунинг-стрит көшесінде орналасқан.

7-оқушы. Саяси партиялар Ұлыбританиядағы саяси күштер, косервативтік және лейбористік партиялар, Ұлыбритания – 1945 ж. бастап БҰҰ-на, 1949 ж. бастап Е.О.-ң Натоның мүшесі. Ұлыбритания 53 ел кіретін Британ достастығын басқарады.


Табиғат жағдайының ерекшеліктері.

8-оқушы. Ұлыбританияның көлемі шағын болса да, жер бедері пішіндерінің әртүрлілігі таңқалдырады. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысы ойпатты жерлер, солтүстік батысы мен батысында, солтүстігінде таулы аудандар орналасқан. Елдегі ең биік нүкте Бен-Невис т. 1343м биіктігі, Шотландияның солт. Грампиан тауында оргаласқан, ең төмен жері Фенланд -4м.

9-оқушы. Климаты. Ұлыбританияға қоңыржай белдеудің теңіздік климаты тән, сондықтан жыл бойы қалың тұмандар мен өтімді желдер болатын орнықсыз ауа райының басым болуынан байқалады. Ұлыбританияның климатына мұхиттың жақындығы, соның ішінде жылы гольфстрим ағысы қатты әсерін тигізеді. Қысы өте ылғалды және қалыптағыдан тыс жұмсақ. Қаңтардағы орташа температурасы қиыр солтүстігінде, с-ш-ң өзінде 3,5 градус, о-б-та 5,5 градусқа жетеді, мұнда өсімдіктер жыл бойы өседі. Шығыс пен с-ш-тан суық ауа жеткен кезде аязды ауа райы ұзақ мерзімге орнығады. Қыста ел аумағына қар біркелкі түспейді, қар жамылғысы шамалы уақыт ғана сақталады.

10-оқушы. Шілдедегі орташа температура о-б. 16 градус, ал қиыр с-б. 12 градус. Атлант мұхиты жағынан соғатын жылы әрі ылғалды ауаның әсерінен Ұлыбританияның батыс аудандарында жауын-шашын мол түседі, жылдық орташа мөлшері 2000мм жетсе, шығыс Англияда 600мм шамасында. Тұманды ауа райы қыста Лондон маңында 7-10 күн бойы болуы мүмкін. Түсетін жауын-шашын мөлшерінің басым болуынан елдің бүткіл аумағында мол сулы өзендердің жиі тармағы қалыптасқан. Олардың ішіндегі ең ірілері-алаптары бір-бірімен шектесетін Северн мен Темза өзендері. Темза өзенінің Ұлыбритания экономикасындағы маңызы зор, оның алабында бүткіл ел халқының 1/5 бөлігі тұрады. С-б-ғы Шотландия мен Уэльстің қысқа, бірақ мол сулы өзендері электр қуатын өндіруге пайдаланады. Мұнда 60-тан аса СЭС-тар салынған, олардың эстуарийлері жасанды жолмен тереңдетілген, түзетілген кең мойнақтарда ірі теңіз порттары мен өнеркәсіп тораптары орналасқан. Ұлыбритания көрікті көлдерге бай, ең үлкені Солтүстік Ирландиядағы Лох-Ней, Лох-Ломонд пен Лох-Несс, табиғаты өте әдемі, туристтер демалатын орталықтар, жасанды су қоймалары өте көп.

11-оқушы. Орман ресурстары. Адамдардың ормандарды туп-тамырымен жоюы, батпақтарды құрғатуы мен кең орындарының игеруі жануарлар мен өсімдіктердің дүниесінің түр құрамын өзгертті. Қазіргі кезде ормандар ел аумағының тек 9 процентін ғана алып жатыр. Англия мен Уэльстегі тау баурайларында емен, қызыл қайың, шегіршін, шамшат өседі.Шотландияның солтүстік және с-б таулы өлкесінде емен, шырша, қарағай, қайың ормандары сақталған. Европадағы ең ормандары аз елдердің бірі болып саналады. Кезінде қалың оскен ормандардың орнын соңғы кезде егілген ағаштардан тұратын саябақтар, ауыл шаруашылық жерлер алып жатыр. Ұлыбритания жерінің 7% ұлттық парктер мен қорықтар алып жатыр.

12-оқушы. Пайдалы қазбалар. Ұлыбританияда пайдалы қазбалардың түрі көп емес, бірақ кейбір түрлері, мысалы тас көмірлі алаптар, жалпы өнеркәсіп өндірісі мен ірі металлургия орталықтарының қалыптасуына негіз болған. Тас көмірдің геологиялық қоры 190 млрд тонна, жалпы кең орындары елдің барлық жерінде шоғырланған, ең ірі кең орындары: Иоркшир, Нортумберленд, Оңт-Уэльс алаптары. XX ғ. 60 ж солтүстік теңіздің қайраңынан мұнай, газ кен орындары ашылды. Болашақта Ұлыбритания ірі мұнай экспорттаушы елдердің бірі болады. Сонымен қатар темірдің мол қоры бар, ең ірісі Шығыс Мидленд, бірақ Ұлыбритания темір рудаларының жартысын Швеция, Канада, Бразилиядан сатып алады. Басқа пайдалы қазбалардан: мыс, қорғасын – мырыш рудалары, қалайы, каолин, ас тұзы, калий тұзы кездеседі.

13-оқушы. Халқы. Тарихы. Ұлыбритания аумағындағы адамзат тіршілігінің ежелгі іздері ерте және орта палеолит дәуірлеріне салды. Соңғы қола және ерте темір дәуірінде (б.з.д. 800-700 ж.ж.). Ұлыбританияға құрлықтан кельттердің қоныс аударуы басталды, қазіргі Бельгия мен Францияның жағалық бөліктерінен. Британиядағы кельттер мен кельттердің ықпалына ұшыраған халық шартты түрде бриттер деп аталды. 3 ғ-ң соңында Ұлыбританияға солт герман тайпаларының (англдар, сакстер, юталар, фриздер) шапқыншылығы басталды. 5 ғ бас кезінде Рим үстемділігі жойылып, Британия қайтадан тәуелсіз кельт аймақтарына бөлініп кетті. 8 ғ-да Даниядан келген нормандар елдігі с-б бөлігін басып алды. Король Эгберт 9 ғ-да елдің үлкен бөлігін бір мемлекетке біріктіріп, ол «Англия» д. а. Қазіргі ағылшын ұлтының қалыптасуы осындай тарихи оқиғалармен байланысты болды. Ал ержүрек кельт тайпаларының қазіргі ұрпақтары шотландиялықтар, уэльстіктер және ирландықтар болып есептеледі. Қазіргі кезде Ұлыбританияда 61,4 млн адам тұрады.


Сұрақ. Халықтар географиясымен танысқанда қандай көрсеткіштерді пайдаланамыз?

  1. Халықтың тығыздығы;

  2. Табиғи өсім;

  3. Жастық құрамы;

  4. Жыныстық құрамы;

  5. Орташа өмір сүру, ұзақтығы;

  6. Орташа жасы;

  7. Ұлттық құрамы;

  8. Қала, ауыл халқы;

  9. Экономикалық белсенді халық;

  10. Діни құрамы.


Тақтадағы Ұлыбританияның халқын сипаттайтын көрсеткіштерге көңіл бөлеміз.

  1. Халықтың орташа тығыздығы: 1 км2 – 241 адам, ең тығыз қоныстанған Англияның орталық бөлігі: 1 км2 – 500 адам, ең сирек – Шотландия 1 км2 – 66 адам.

  2. Табиғи өсім – 0,9%, туу көрсеткіші – 11%, өлім-жітім – 10,1%

  3. Жастың құрамы – 0-14ж – 16,7%, 15-64ж – 67,7%, 65-жоғары – 16,2%. Орташа отбасындағы көрсеткіш – ата-анасы, 2 бала.

  4. Орташа өмір сүру ұзақтығы – 78 жас; ер адамдар – 74 жас, әйелдер – 40,7 жас.

  5. Халықтың орташа жасы – 39,6; ерлер – 38,5 ж , әйелдер – 40,7 ж.

  6. Қала халқы – 90%, ауыл халқы – 10%


Ұлыбританияда 66 қала; Англия – 50; Уэльс – 5; Шотландия – 6; Солтүстік Ирландия – 5.

Ірі қалалары Халқының саны

Лондон 7 млн 394 мың адам

Манчестер 2 млн 277 мың адам

Бирмингем 935 мың адам

Глазго 654 мың адам

Эдинбург 421 мың адам

Белфаст 280 мың адам

Ливерпуль 450 мың адам


7. Ұлттық құрамы:

Ағылшындар – 83,6%

Шотландықтар – 8,5%

Валиилықтар – 4,9%

Германдықтар – 2,9%

Иммигранттар – 8%

Үндістан, Пәкістан, Бангладеш – 3,6%, Қытай – 0,4%, Африка елдері – 0,8%, Кариб теңізі елдері – 1%.


8. Экономикалық белсенді халық; 31,2 млн адам. Ауыл шаруашылығында – 1,4%, Өнеркәсіпте – 18,2%. Қызмет көрсету саласында – 80,4%, жұмыссыздық деңгейі – 5,5%.


9. Діни құрамы:

Христиан – 71,6%

Ислам – 2,7 %

Индуизм - 1%

Сикхизм – 0,6%

Иудаизм – 0,5%

Буддизм – 0,3%

Басқа – 0,3%


Ұлыбританияда басқа ұлттардың ішінде Қазақстандық қазақтардың саны 200 шамасында. Ұлыбританиядағы Қазақ мәдениет қоғамы 2003 ж. алғашында қор ретінде құрылып, Ұлыбритания қорлар коммисиясы тарапынан тіркелді. Еуропаның жыл сайын қазақтар тұратын бір қаласында Еуропа қазақтарының дәстүрлі кіші құрылтайы өткізіліп тұрады. 2009 ж. 30-31 мамырда Лондонда өткізілді.

10. Таптық құрамы:

1. Жұмысшылар (жалдамалы) – 90%.

2. Орташалар қатарына: ұсақ кәсіпкерлер, фермерлер, инженерлер, оқытушылар, дәрігерлер, ғылыми қызметкерлер, ақ жағалылар.

3. Жоғары сатысы: жер иеленуші ақсүйектер, менеджерлер, әкімшілікте жұмыс жасайтындар.


Ағылшын ұлтына тән өмір салтының ерекшеліктері:

  1. Отбасылық оқшаулануы (өз үйім - өз қамалым)

  2. Уик-энд – элеуметтік топтардың әр түрлі клубтарға бірігуі, аптаның соңғы күндерінде демалу дәстүрі

  3. Таңғы асқа сұлы жармасынан жасалған быламық жеу

  4. Шайды сүйіп ішу, кешкі сағат 5-те шай ішу дәстүрі

  5. Ортағасырлы киім үлгілері сақталған

  6. Гайд-парк – шешендер бұрышы

  7. Ер адамдар дәстүрлі шақпақ өрнекті белдемше (килт), аяғына темір таспалы дөрекі башмак киеді.


Британдықтар спортты өте жақсы көреді, келесі спорт түрлері Ұлыбританияда шыққан: бокс, көгалдағы хоккей, футбол, гольф, крикет, регби.

14-оқушы. Ағылшын тілі туралы. Қазіргі кезде тек Ұлыбритания жерінде емес, дүние жүзіне кеңінен тараған ағылшын тілі 14 ғ. ежелгі француз тілі мен кельт тілдерінің тікелей әсерімен англосаксондық негізінде қалыптасқан. (Ағылшынша мәтін айтылады, қазақшаға аударылады)


Сұрақ. Ұлыбританиядағы Оксфорд, Кембридж университеттері туралы не білеміз?

Қосымша материал. «Стоунхендж» туралы мәлімет. Англияның оңтүстік-батысында Солсбери жазығында табиғаттың ерекше көрінісін тамашалауға болады (слайд). Алдымызда алып тастар жиынтығы. Біреуі жалғыз, дара тұр, қандай да бір алып қадап кеткен сияқты, енді бірі – п әрпі тәрізді, кейбіреуі еңкіш тартып құлап жатыр. Жағалай тастар. Мұның бәрі – Стоунхендж 1,

2,3. Стоунхендж мегалиттерін б.з.д. 1900-1600 жылдар аралығында салған, оның құрылысына ғасырға жуық уақыт кеткен, бұл алып тастар мұнда қайдан келді деген сұрақ туындайды? Тастарды қолмен ұстап көргенде, олар әр түрлі екні байқалады: мыңжылдықтардың өзі оларға тісін батыра алмаған, демек тау жыныстары түрліше болған ғой? Шындығында да, монолиттердің басты құрылыс материалдары – долерит, жанартаулық лава – риолит, жанартаулық туф – осы уш тау жыныстары бір ғана жерде – Уэльсте, Бристоль шығанағы жағалауына жақын Прессели тауында кездеседі. Не үшін салған? Мүмкін бұл жер обсерватория ретінде пайдаланған, діни бағытында шаралар өткізілген болар. Қазір жазғы күн тоқырауы кезінде Стоунхеджге жан жақтан адамдар топтары ағады, ондағы мақсат - Өкше тасының шыққан күн шапағатын тамашалау, бұл шын мәнінде таңқаларлық көрініс.


Бекіту. Тақтадағы кескін картаға Ұлыбританияның 4 аймағының аттарын жазу.

Үй тапсырмасы: §6.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ