« Арнайы технология »
пәнінен тәжірибелік сабақ
Тақырыбы: Грунтовка құрамын
дайындау
Мақсаты:Грунтовка құрамын дайындау
жайлы мәлімет беру
Оқу
әдістері : Плакат,әдістемелік
нұсқаулықтар,құрылыс материалдары.
Құрал-жабдықтар : Құрылыс
материалдары.
Грунтовка құрамын
дайындау
Әрлеу жұмыстарының негізгі
жұмысы қабырғаларды бояу болып табылады. Қабырғаларды боямас бұрын
ең әуелі сол қабырғаларды бояуға дайындап аламыз. Содан кейін бояу
құрамын дұрыс таңдай білуіміз қажет. Қабырғалардың материалдарының
түрлеріне қарай бояу құрамының да түрлері алуан болып
келеді.
Тотияйын қоспасын
жасау
Қоспаға 40
процентті 300 г қара сабын, 200 г құрғақ ағаш желімі, 300 г
тотияйын, 300 г олифа және 3 кг ұнтақталып сүзгіден
өткізілген бор қажет. Алдымен 2—3 л ыстық су құйылған эмаль
ыдысқа тотияйынды ерітеді. Ішінде 2—3 л ыстық суы бар екінші бір
ыдысқа желімді салып, оған сабын қосып, түйіршік қалдырмай
араластырып езеді. Сосын үстіне олифа қосқанда эмульсия пайда болады. Алынған қоспаны електен
өткізіп, оған тотияйынды бор және су (10 л) ерітіндісін қосады.
Мұндай қоспамен 40 м2 жерді тегістеуге болады. Пайдаланар алдында
қоспаны електен немесе бірнеше қабат дәке сүзгіден өткізеді. Оны
ағаш немесе эмаль ыдыста екі тәулік шамасында сақтауға болады.
Қайнатылған сабын қоспасын 2 кг әк, 200 г қара сабын, 10 л су; 3 кг
қоймалжың әк, 300 г қара сабын, 100 г олифа, 10 л су араластырып
жасайды. 2 л ыстық суға сабынды езіп, оған олифа құяды. Сосын 8 л
суға әк салып ерітіп, оған сабын мен олифаның қоспасын
араластырады.

Ашудасты қоспаны жасау
Қоспаға
200 г алюминийлі ашудас, 200 г қара сабын, 200 г құрғақ ағаш
желімін, 30 г олифа мен 2 кг ұнтақталып електен өткізілген бор
қажет. 3 л ыстық су құйылған ыдыста ашудасты ерітіп, ал екінші
ыдысқа (оған да 3 л ыстық су құйылған) желімді салып араластырып,
үстіне сабын мен олифа қосады. Сосын үстіне ашудас қоспаны құйып,
бор салып, су қосып, бәрін араластырады.
Төбені сырлайтын
қоспа
Бұл
қоспаның құрамы төмендегідей: 10 л жылы суға 60 г ағаш желім мен 6
кг ұнтақталып, електен өткізілген бор қосып араластырады. Қоспаға
аздап көк бояу немесе ніл қосып түсін көгертеді. Төбені екі қайтара
сырлайды. Алғашықда терезеден түсетін жарыққа көлденең, сосын жарық
бойымен ақтайды. Бояу жаққышты төбеге перпендикуляр ұстаған жөн. Оған ескі резеңке доптың
жарты сын кигізіп қойса, аққан бояу соған жиналады. Мұндай жұмысқа
арнаулы бүріккіш құрылғыларды пайдалануға да болады. Кабырғаны төбе
толық кепкеннен кейін сырлайды. Оны жоғарыдан төмен сырлаған дұрыс.
Желімді бояу жылы күйінде жақсы жағылады. Бояуды бір жерге іле-шала
екі реттен артық жақпаған жөн. Одан көбірек жағылса, бояу баттасып,
жолақтанып тұрады.
Тапсырма:
1.
Тапсырма
|
№
|
Грунтовка
түрлері
|
Сипаттамалары
|
|
1
|
Антикоррозиялық
|
|
|
2
|
Антисептикалық
|
|
|
3
|
Тығындаушы
|
|
|
4
|
Қасбетті
|
|
2.
Тапсырма
Грунтовка түрлерін жазып
шығыңыз:
А Бетонды және кірпішпен
қаланған қабырға сылағына
арналған:
1.
2.
3.
Б) Ағаш бетке
арналған:
1.
2.
3.
4.
В) Металды бетке
арналған:
1.
2.
3.
Г) Арнайы
грунтовка:
1.
2
3.
Тапсырма
Сипаттама
беріңіз
|
№
|
Грунтовка
атауы
|
Сипаттамалары
|
|
1
|
Бетонды және кірпішпен қаланған
қабырға сылағына
арналған
|
|
|
2
|
Ағаш бетке
арналған
|
|
|
3
|
Металды бетке
арналған
|
|
|
4
|
Арнайы
грунтовка
|
|
-
Тапсырма
Грунтовка түрлерін
атаңыз:


Бақылау
сұрақтары:
1. Грунтовка дегеніміз
не?
2. Төбені қандай қоспамен
сырлайды?
3. Тотияйын қоспасын қалай
жасайды?
4.Ашудасты
қоспаны қалай жасау
5.
Бояуды бір жерге қалай жағу
керек?
6.Тотияйын қоспасының құрамын
айтыңыз
7.Ашудасты қоспасының құрамын
айтыңыз
Білім алушы білуі
тиіс:Жұмыстардың осындай түрлері
аяқталғаннан кейін, білім алушы грунтовка құрамын дайындай білуі
тиіс
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.Жақыпбеков Ш.Қ., Ибраимбаева
Г.Б. Әрлеу материалдарының технологиясы. Оқу құралы. – Алматы:
ҚазБСҚА, 2012. – 188
б.
2.Рыбьев И.Г. Строительное материаловедение - М.:
Высшая школа, 2004. – 701 с.