400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Гүл – өмірдің сәні

Материал туралы қысқаша түсінік
Гүлдің құрылысын және олардың түрлерін түсінеді, жасау жолдары арқылы суреттейді.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Пәні

Биология - технология

Пән мұғалімдері: Жагипарова М.А.

Хамзина Ж.О.

Сынып

6 «Ә»

Күні

18.02.2017

Сабақтың тақырыбы

Гүл – өмірдің сәні

Сабақтың мақсаты

Гүлдің құрылысын және олардың түрлерін түсінеді, жасау жолдары арқылы суреттейді.

Күтілетін нәтижелер

Гүлдің құрылысын және оның түрлерін терең игеріп, жан-жақты талдап, алған білімдеріне қорытынды жасайды.

7 модульдің қолданылуы

АКТ, «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», СТО, Дарынды балалармен жұмыс



Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Тест жұмысы, «Миға шабуыл», «Жуан-жіңішке сұрақтар», «Өрмекші торы»

Көрнекіліктер, қажетті ресурстар

1. Р.Әлімқұлова, Ә.Әметов, Ж.Қожантаева, Қ.Қайым, Қ.Жұмағұлова. 6 – сыныпқа арналған оқулық. – Алматы «Атамұра» 2015. (129-130 беттер)

2. Әлімқұлова, Р.,«Қызықты биология» Өсімдіктер әлемі. Жүйелік топтары/ Әлімқұлова Р., Сәтімбеков Р.- Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2011.- 184 бет.
3. Технологиялық карта

Суреттер, маркер, салфетка, степлер, дайын эскиздар, көрме, үй өсімдіктері.

Сабақтың барысы

Кезеңдері, уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі (1 минут)

Оқушыларды түгендеу, сыныптың сабаққа әзірлігін тексеру. Бағалау парақтарын тарату.






Бағалау бойынша критерийлерді түсіндіру.

Сәлемдеседі, сабаққа назар аударады. Оқушылар топқа бөлініп, өз топбасшыларын сайлайды. Топ ішінде тәртіп ережелері талданады.

Бағалау парағымен танысады.

(3 минут)

«Миға шабуыл» стратегиясы бойынша оқушыларға көрме арқылы ой тастап, сабақтың тақырыбын шығару.

Бүгінгі өтетін тақырыбымыз – Гүл – өмірдің сәні. Тақырыпты айқындап алдық, осы тақырыпқа байланысты қандай мақсат қоямыз? Сабақтың мақсатын оқушыларға айқындату.

Оқушылар көреді, ойланады, сабақтың тақырыбын айқындайды, тақырыпқа байланысты алдарына мақсат қояды.

Білу, түсіну, қызығушылықтарын ояту, жинақтау

( 16 минут)

Бұл тақырыпты өтіп кеткен болатынбыз, соның негізінде қайталауға арналған тест жұмысын орындаймыз. (5 минут)

«Ойлан тап» Топтық тапсырмалар:

4 топқа гүл құрылысы бойынша тапсырмалар беру.

І топ: Қиық қағаздарды жинақтап, гүлдің құрылысын шығару.

ІІ топ: Берілген гүлдерінің арасында бұрыс пен дұрыс гүлдерді анықтау.

ІІІ топ: Гүлдің құрылысынның атауларын жазу.

IV топ: Берілген гүлдерінің арасында жай гүлсерікпен пен қос гүлсеріктерді анықтау.

(Дайындалуға 3 минут, қорғауға 2 минут)

Бағалау. Оқушыларға бағалау парақтарында көрсетілген критерийлер бойынша ұпай қойғызу

Сергіту сәті.

Оқушылар берілген тапсырманы жекелей орындап,бірін-бірі тексереді.

Топтық тапсырманы орындайды, топпен қорғайды.


Қолдану, жинақтау (15 минут)

Практикалық жұмыс.

1. Техника қауіпсіздігін қайталау.

2. Гүлдің жасалу жолдары (видео).

3. Технология картасы бойынша тапсырма беріледі.

І топ: «Көйлек» эскизін гүлмен әшекейлеу (қыздар)

ІІ топ: Гүл құрылымын жинақтау (ұлдар)

ІІІ топ: Пердені гүлдермен безендіру (қыздар)

IV топ: Ашық хатты әсемдеп, безендіру (ұлдар)

4. Жұмысты қорғау.


Бағалау. Оқушыларға бағалау парақтарында көрсетілген критерийлер бойынша ұпай қойғызу

Оқушылар техника қауіпсіздігін еске түсіреді.

Гүдің жасалу жолдарымен танысып, технология картасы бойынша әр біреуі гүл жасайды. Топқа берілген тапсырманы орындайды және қорғайды.



Бағалау парақтарына ұпай қояды.

Қорытынды (7 минут)

«Өрмекші торы» әдісімен қорытынды жасау.







Бағалау.

Оқушылардан бүгінгі сабаққа қойған мақсатқа жеткен-жетпегенін сұрау.

Жуан-жіңішке сұрақтар құрастырып, оған жауап береді.

Оқушылар берілген тапсырманы орындайды. Бағалау парақтарына ұпай қояды

Оқушылар сабаққа қойған мақсатқа жеткен-жетпегендігін айтады.

Кері байланыс

(2 минут)

SMS хаттары «WhatsApp» арқылы қол белгілерімен смс жіберу.

Оқушылар бүгінгі сабақтан не алғанын, не үйренгенін айтады.

Бағалау

(1 минут)

Қорытынды бағасын шығару.

Электронды күнделікке бағаларды еңгізу.


Оқушылар бағалау парақтарына қойылған ұпайларын қояды. Топ басшысы қорытынды бағасын шығарады.


Үйге тапсырма (1 минут)

Гүл бөліктерінің табиғи түсін, пішінін ауыстырмай қатты қағаздан жеке-жеке санына сәйкес келтіріп қиып, әр бөліктерінің орналасу ретіне қарай үлкендеу қалың қағазға әдемілеп жапсырып, көрнекі құрал ретінде дайындап келіңіздер.

Тапсырманы күнделікке жазып алады.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
12 наурыз
574
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі