жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Гүл мереке, күн мереке – 8 наурыз!"
Гүл мереке, күн мереке – 8 наурыз!
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті аналар, әжелер мен қонақтар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,тағы да келді 8-Наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар-өмірдің гүлі,көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса,бүгінгі мерекелік ертеңгілігіміз де аналарға арналады.
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
«Гүл мереке, күн мереке – 8 наурыз» мерекелік ертеңгілімізді тамашалауға шақырамыз.
1 – бала:
Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын ашайық.
2 – бала:
Ана дейміз біріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап,
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген алтын қазық алтын бақ.
3 бала:
Анам менің сүйіктім
Тек өзіңе табынам.
Қасымда жүрсең биікпін,
Алыстасаң сағынам.
« Ақ мамам әні »
Әннен кейін балалар
отырады. «Утро»(Таңертең) деген музыка басталады. Залға
Күн кіреді.
Күн :Сәлеметсіңдер ме ,балалар! Сендер мені танисыңдар ма?
(Балалар жауап береді.)
Күн: -Дұрыс айтасыңдар мен
Күнмін!Мен осында аналар мен әжелерді, кішкентай қыздарды 8-наурыз
мрекесімен құттықтауға келдім.!
Жүргізуші: Рахмет саған Алтын Күн! Енді отырып балалардың қандай тақпақтар әзірлегенін тыңда.
4 бала:
Анаң болса қасында
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет.
5 бала:
Мен анамды сүйемін,
Құшағына енемін.
Мәпелеген анамды,
Қуантсам деп келемін.
6 бала:
Мәпелейді, әлдилейді,
«Құлыным» деп құшағына алады
Өзгеге де, өзіне де жауапты
Барлығына қалай уақыт табады?!
Күн : Жарайсыңдар балалар! Қандай әдемі тақпақтар оқыдыңдар мамаларыңа арнап! Ал, мен ән айтқанды, әсіресе би билегенді өте жақсы көремін. Ал , сендер жақсы көресіңдер ме?
Балалар : Иә!
Күн
:-Жүріңдер, әжем мен анамызды
құттықтайық мейраммен, оларға арнап көңілді ән мен күйді
бастайық.
«Ұлдар биі »
Күн : Ал енді біз тойлаймыз, Ойынға бір тоймаймыз. Аналарды біздің құттықтап, Күнмен бірге ойнаймыз!
Күнмен бірге ойын басталады.
«Бір, екі, үш-өз сәулеңді ұста.» (Балаларға қызыл, сары, көк түсті ленталар таратылады.) 50см ұзындығы.
Балалар
: Күн
алтындай жарқыраңыз, Ойнайық сізбен бірге
біз.
Күн: Мен сендерді жақсы
көремін,
Сендерге сәулелерімді беремін
(Балалар би қимылдарын лентамен орындап музыканың аяғында айтады,-
«Бір, екі, үш-өз сәулеңді ұста» деп лентаны арттарына тыға
қояды. Күн
оларды балалардың қолынан алып-алуға тырысады.)
Күн: Ал, бала, балақандар. Біз көңілді ойнадық. Ал
енді маған, аспанға қайтар уақыт жетті. Қош сау болыңдар!
(Музыкамен Күн шығып кетеді.)
Жүргізуші: Балалар, қараңдаршы. Біздің мейрамға тек
қана аналар ғана емес, әжелер де келіпті.
Біздің қартаң әжелер,
Немересін сүйеді.
Ойыншық алып береді,
Бақшаға алып келеді.
Көрдіңдер ме қандай жақсы,
Біздің асыл әжелер.
Біз әжелерді құттықтап , Тақпақ айтып
береміз!
7 бала:
Әжеме көмектесемін,
Мен енді үлкенмін,
Әжем жымиса,
Жасарып
кетті.
8 бала:
Әртүрлі ән мен күй,
Өмірде өте көп.
Ал біз болсақ, сол әнді,
Әжеге арнап айтамыз!
9 бала:
Мені жақсы көреді
Күндей күліп келеді
Көп ертегі біледі
Маған айтып береді.
10 бала:
Ақ қабақты анашым,
Күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласын,
Айналайын анашым.
11
бала:
Айналайын анашым,
Әлпештеген баласын,
Еміп өскен бөбекпіз,
Анамыздың мамасын.
Жүргізуші: « Цыған » биі
Жүргізуші: Ой балалар, бізге біреу ыдыс-аяғын сылдырлатып келеді екен асығып, бұл кім екен??
( Музыкамен Жұмбақ әже кіріп келеді. )
Жұмбақ әже : Сәлеметсіңдер ме , ұлдар мен қыздар! Мен сендерге таңғы ас алып келдім.
Жүргізуші: Жұмбақ әже , біз таңғы асымызды ішіп алдық.
Жұмбақ әже : Қандай өкінішті! Мен таңғы асты тәтті етіп пісіріп едім. Сөйтіп сендерге асығып жүгіріп алып келіп едім.
Жүргізуші: Қапаланбаңыз әже, қараңызшы залда қаншама қонақ отыр. Жүріңіз біз соларға берейік.
Жұмбақ әже : Дұрыс-ақ, бірақ мен балалармен ойын ойнағым келіп тұр. Ойынның шарты «Дөңгелек шашақ ойыны. » Мына жерде шашылған дөңгелек бар, осыларды маған жинауға көмектесесіңдер ме? Түсіне қарай жинау.
Балалар: Ия.
Жұмбақ әже: Ой балалар, керемет,жарайсыңдар! Менің ақылымды тыңдаңдар. Қайырымды әжелеріңді ренжітпеңдер.
Балалар: Ия.
Жүргізуші: Ал, қазір, әже. Біздің балалар сізге және қонақтарға ағылшын тілінде тақпақтарын айтып бермекші. Қабыл алыңыз!
12 бала:
My dear, dear mоmmy,
I love you so much!
I want you to be happy
On the 8th of March!
13 бала:
I like the way you look,
I like the way you cook,
Now I want to say:
«Happy Mother’s Day!»
14 бала:
I love my dear Mummy
I love her very much.
And do you love your Mummy?
Of course, and very much.
15 бала:
Be happy, be happy
On the Eight of March.
Be happy, be happy
On the Eight of March.
16 бала:
Today is mother * s day
Let* s help mama
I * ll make breakfast
I* ll make lunsh
17 бала:
That is your mother,
I agree, she is fine.
You love your mother,
And I love mine!
Жұмбақ әже: Тақпақтарың үшін рахмет! Мені қатты қуанттыңдар.
Жүргізуші: Бүгін күн қандай керемет! Қонағымыз да көп. –Балалар естисіңдер ме? Ұшақ ұшып келе жатқандай. Бізге біреу асығып келеді.
(Музыкамен Карлсон ұшып келеді. )
Карлсон: Көріп тұрмын зал толы, қонақтарын көп екен.
Мен-Карлсон. Әлемде өте көңілді. Бәрі мені жақсы көреді. Мен өте
әдемі, тәртіпті, ақылды, сүйкімді-толықпын. Мен
сендерге мейрамға келдім. Әжелерді, аналарды, және кішкентай
қыздарды құттықтауға келдім.
Жүргізуші: Рахмет саған Карлсон.
Карлсон: Жалқаулықты сүймеймін,
Қане , достар ойнайық.
Шеңбер болып тұрыңдар,
Көңілденсін қонақтар.
«Сыйлықтар » ойыны
(балалар аналарына сыйлық береді)
Карлсон: Ой балалар, керемет ,. Маған сендермен өте
көңілді болды.
Жүргізуші: Рахмет саған Карлсон! Біздің сағанда сыйлығымыз бар. Біздің балалар орыс тілінде бүгінгі мерекеге арналған тақпақтарын және билерін көрсетпекші
Карлсон: Мен қуана естимін және тамашалаймын!
18 бала:
Мама будет всегда!
Как воздух и как вода,
Как родная страна,
Мама детям нужна!
19 бала:
Мама одна грустит,
Но сразу меня простит,
Обнимет, и на душе
Станет легче уже!
20 бала:
Но скажу, между нами,
По секрету скажу:
Я родной своей маме
Больше всех подхожу!
« Андижан полькасы » өзбек биі
Карлсон:
Рақмет
балалар, маған қатты ұнады. Мен бірақ ұзақ қала алмаймын. мені
достарым күтіп отыр. Оның аты –Балақай. Сау болыңдар , балалар. Келесі
кездескенше. Қолын бұлғап ұшып кетеді.
Жүргізуші: Міне, Карлсон ұшып кетті, Ал енді бізідң бүлдіршіндеріміздің аналарға тағы да сыйы бар екен.
« Арам зам – зам » биі
Жүргізуші:
Ана деген ең асыл ғой дүние де., жұмақтың кілті аналарымыздың аяқ астында дей отырып бүгінгі ертеңгілімізге уақыт тауып келгендеріңзге өз ризашылығымызды білдіреміз.
Ертеңгілігімізді тамашалағандарыңыз үшін рақмет.Сау болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген