Материалдар / «Гүл мереке, күн мереке – 8 Наурыз!» тәрбие сағаты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Гүл мереке, күн мереке – 8 Наурыз!» тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
8 наурызға арналған тәрбие сағатының сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Маусым 2024
159
2 рет жүктелген
900 ₸
Бүгін алсаңыз
+45 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +45 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Ақтөбе қаласының № 8 орта мектебі





Тәрбие сағатының тақырыбы:

«Гүл мереке, күн мереке – 8 Наурыз !»



Класы: 6 “Ә” класс

Өткізген оқытушы: Альсуйеуова Г.С.

Өткізген күні: 07.03.2024









Ақтөбе қаласы- 2024 жыл


Сынып жетекшінің аты-жөні

Альсуйеуова Г.С.

Күні:

22.03.2024

Сынып: 6«Ә»

Қатысушылар саны:27

Қатыспағандар саны:0

Сынып сағатының тақырыбы

«Гүл мереке, күн мереке – 8 Наурыз!»

Тәрбие жұмысының бағыты

Құндылықтар: талап, ар-ұят, ұлттық мүдде (отан)

Мақсаты

Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналар мен әжелерді мерекемен құттықтау. Оқушыларды білімге, адамгершілікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға, ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру. Ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.


Тәрбие сағатының барысы



Барысы


Тәрбие сағатындағы орындалуы тиіс іс-әрекеттер


Ресурстар



Кіріспе бөлім

10 мин.

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

Мұғалім: Адам баласы үшін ең аяулы, ең қастерлі, қадірлі сөз - ана. Бала дүниеге келген күннен бастап өзінің жұмсақ алақаны, жылы жүзі, ыстық құшағы, мейірім толы көзқарасы арқылы барлық сүйіспеншілік,
мейірімділік, махаббатын бере білген аналар үшін жер дүниені мекендеген адамзат қауымы бір күнді мейрам етіп белгілеген. Ол 8-наурыз мерекесі.
Анамызға деген біздің көңіліміз, мейіріміміз ұшан теңіз. Анамыздың көңілі шат, жүзі жарқын, дені сау болуын әрқашан тілейміз. Сіздерді аналар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.

Тақырып маңдайшасы, мерекелік сөздер, плакат, шарлар, дауыс зорайтқыш

Мерекелік бейнеролик көрсетілімі


https://youtu.be/aXzaGg2jf08?si=KWF29kjDgccGCtqa




Негізгі бөлім



25 мин.


1-жүргізуші: Қымбатты аналар, ұстаздар, қыздар, мерекелеріңізбен!
2-жүргізуші: Бүгінгі мереке 8наурыз-Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аяулы менің анашым» атты ауызша журналымызды ашық деп жариялаймыз.


Хор. «Анашым» әні.


1-жүргізуші: Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті жан аналар!
2-жүргізуші: Құрметтейік, о адамдар, аналарды,
Бізді өмірге әкелген даналарды.
Себебі ана деген асыл жан ғой,
Ойлауменен істелік әр қадамды.

Оқушы шығармалары: (өлеңдер, тақпақтар)

  1. «Анаға сыйлаймыз»
    Көктемде көңілді
    Құстар кеп жатқанда,
    Құлпыртып өңірді,
    Гүл ектік бақтарға.

    Гүл ектік аулаға
    Көктемде көңілді.
    Бақта да, бауда да
    Ақ гүлдер өрілді.

    Біз доспыз гүлдермен,
    Текке оны жұлмаймыз.
    Той күні бір-бірден
    Анаға сыйлаймыз. А. Бақтыгереева

  2. Апама»
    Әлпештеген, аялаған,
    Ақ сүт берген, апатайым.
    Сәлем жазып бүгін саған,
    Мейрамыңмен құттықтаймын. М. Хакімжанова

    Айзанат: «Анамызға мың алғыс»
    Аялаған , баптаған,
    Асыраған, сақтаған.
    Сақтандырып күнде еппен,
    Айтып бәрін үйреткен
    Анамызға мың алғыс!

    Ерлік еткен біз үшін,
    Еңбек еткен біз үшін.
    Еркелеткен біздерді,
    Еркіндеткен біздерді.
    Аналарға мың алғыс!

    «Адал бол, - деп балдырған»,
    Әділдікке баулыған,
    Жүрегін де баулыған,
    Тілегінде мархабат
    Анамызға мың алғыс!


Ән: «Ақ мамам».


1-жүргізуші: «Болашақ шақ - бақытты шақ» бөліміне әңгімелесуге кезек берейік.
Әңгіме: «Анамның қолдары»
Мұғалім аналар мерекесі қарсаңында үйге «Анамның қолдары» тақырыбында шығарма жазуға тапсырма береді. Ананың еңбекқорлығы жөнінде бірнеше сөздер жазыңдар дейді.
Екі күннен кейін мұғалім үй тапсырмасын сыныпта оқытқан еді. Кезек сыныптағы бір қызға келді. Ол былай бастап еді:
«Анамның қолдары. ...Анам қолдарының бірімен май шайқайды. Біреуімен құшағында діни кітабымызды ұстайды. Келесімен әкемнің жейдесін жамайды. Келесі қолымен менің шашымды өреді. Келесі қолымен...»
Мұғалім: (Күліп) Сонда қалай, қызым. Келесімен, келесімен. ...Сенің анаң қырықаяқ па?
Соншама қол адамда бола ма? Бұл бос сөз бе?- дейді.
Барлығымыз күле бастадық. Қыз болса жауап беріп: Жоқ, бұл бос сөз емес. Екі қолы әкем үшін...Және жеті баласы бар, әрқайсысы үшін есептесеңіз он төрт болады. Ас үй, қора, бақша үшін де екі қолдан алты қол болады. Кедейлер үшін де қол қосыңыз. Дұға үшін де екі қол ойлаңыз. Тура жиырма алты қол болады. Анамның тура жиырма қолы бар, құрметті ұстаз, - дейді.
Бәріміз күлгеніміз үшін қатты ұялдық. Ұялғанымыздан төмен қарадық. Ұстазымыздың жүзіндегі таңғалыс жоғалып, қобалжыған дауыспен:
- Жазғандарыңның бәрі дұрыс, қызым. Ең әдемі үй тапсырмасын сен жаздың. Аналардың қолы тіпті одан да көп. Олар бәрін де істей алады. Міне, ана деген осындай жан, - деді.

Би: «Қаражорға»


2-жүргізуші: Білмесең надан боласың,
Жау қолында қаласың,
Үйреніп бәрін біле алсаң,
Ақылың жетіп толасың!

1-жүргізуші: Алдымен мерекесі құтты болсын аналардың,
Әпкелер мен бауырлар, балалардың.
Мерекеңіз ұлассын қуанышқа,
Бұл күндер көксеген даналардың.
2-жүргізуші: Пайдаланса уақытты,
Біздің қыздар бақытты.
Арманға жетер балалар,
Аман болсын аналар!


1-жүргізуші: Құрметті қонақтар, біздің «Аяулы менің анашым» атты сынып сағатымыз аяқталды.
Ана –біздің күніміз!
Ананың біз - гүліміз!
Бізді, ана, қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз!

8 наурызға арналған құттықтау бейнеролигі


https://youtu.be/jElu7nSpGZw?si=XIqT0VW4j14aTZ9Y







https://youtu.be/GrrYwUdKPEs?si=i4rNLtLpaCjotbLc



Қорытынды

10 мин


ІІІ.Қорытындылау
1-жүргізуші: Ардақты аналар, апа-қарындастар!Сіздерге осынау мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін. Дендеріңізге саулық, бала-шағаларыңызға амандық тілейміз.


8 наурызға арналған көрсетілім

https://youtu.be/Z1CSwEeQe6k?si=2W19HFjm7L746AWE


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!