Материалдар / Гүл мерекесі сценарий . Ашық сыныптан тыс шара.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Гүл мерекесі сценарий . Ашық сыныптан тыс шара.

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаратылыстану пәндері апталығында қолдануға келетін сыныптан тыс шара
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қазан 2020
2377
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Гүлдер мерекесі» тақырыбында апталықты қорытындылауға болады.

Әсіресе апталықтын өту уақыты күз мезгілінде болса.

Мақсаты:

1.Оқушыларға гүлдер,олардың көптүрлілігі туралы,олардың тіршілігімен

пайдасы туралы түсінік беру

2.Өсімдіктерді қорғауға,қамқоршы болуға табиғатты сүюге тәрбиелеу

3. Оқушылардың белсенділігін, әдептілікке ,әдемілікке адамдармен қарым-

қатынас жасай білуге үйрету


Көрнекілік:

«Гүлдер мерекесі» тақырып, Әр сыныптан дайындап әкелген экибанолары,

Плакатқа жазылған нақыл сөздер, акт залын шарлармен гүлдермен безендірілген.

Барысы: Музыка ойнап 15 қыз бала гүл болыпкиінген әдемі әуенмен «гүлдер» биін биледі

Музыка тоқтаған соң жүргізушілер сахнаға шығады

  • Қымбатты кеш қонақтары, ұстаздар мен оқушылар! Гүл мерекесіне арналған кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

Бүкіл халықымыздың тойлайтын ұлы мерекелерімен қатар әр адамның өміріндегі ерекше есте қалатын сәттерді алғаш рет мектеп есігін ашу, мамандық иесі болып дипломалу, үйлену, туған күн тойлары тағы басқа салтанатты кештерді гүлсіз атап өту мүмкін емес. Гүл сыйлау арқылы бір-бірімізге деген ыстық сезімімізді шынайы достығымызды, асқақ мақсаттар мен асулы белестердің биігінен көрінсе деген тілегімізді білдіреміз.

  • Бүгін Мектебімізде алғаш рет өткелі тұрған «Гүлдер мерекесі »сайыс түрінде өтілетіндіктен сіздерді әділ-қазылар алқсымен таныстырып өтейін

  • Сахнаға сайыскерлерді, яғни 7-10 сынып оқушыларын шақырамыз. Музыка ойнап сахнаға әр сыныптан 3 оқушыдан шығады.

Табиғаттың өзіндей

Ерке нәзік сезімдей

Үлбіреген гүл ару

Күзетейік көз ілмей

Нәзік гүлдер-әніміз

Жайнап өссін –бауымыз

Енсесі биіктеп барады

Гүлге оранған тауымыз дей келе сайысымызды бастайық

  1. Үй тапсырмасы экибанолар жасап келу берілген және оны қорғау

Әр сынып кезекпен тапсырмаларын орындайды.

  • Гүлдер, гүлдер көп гүлдер,

Қызыл гүлдер, көк гүлдер

Жайнап кезім келді деп

Қанаттарын желбіреп,

Таңмен бірге оянып

Күн нұрына боянып

Көрік бердің далаға



Сайысымыздың келесі түрі «Гүл сыйлай білесің бе?»

Әр сынып оқушылары белгілі мерекелерде қандай гүлді кімге сыйлауға болатынын айтады.

Гүл сыйлау әдебі

-Гүл сыйлау арқылы - кез келген адамның ішкі сезімін оятуға болады. Гүлді балаға да, қартқа да тарту ете аласыз. Бүгінгі гүл беру әдебіне келер болсақ, гүлпаздар жігіттерге: «Сүйіктілеріңе арнап 1 дана алқызыл раушан гүлін сыйлау - жүрегіңдегі сезімді паш ету» деп кеңес айтар едім. Дегенмен гүлді тек жүрегіңдегі сезімді жеткізу үшін ғана емес, кез келген мерейтой не қуаныш иесіне оған деген құрметінің белгісі ретінде сыйға тартады. Қандай қымбат сыйлықтың қасында да гүлдің орны ерекше. Гүлдерді жылдың кез келген мерекесінде тарту етуге мүмкіндік зор. Бүгін­де гүлдердің барлық түрін жылдың мезгіліне қарамастан сыйлауға бо­лады. Мысалы, қызғалдақ гүлі көктемде ғана гүлдейтін болса да, оны жаңа жыл қарсаңында гүл дүкендерінен көруге болады. Сол секілді сыйлық ретіндегі гүлдердің арасында раушан гүлінің салмағы басым. Оның өзіндік себебі бар. Грек аңыздарының бірінде Афродита Адонисқа жан-тәнімен ғашық болғаны жайлы айтылады. Кейін Адонис ажал құшып, жыртқыш аңнан қаза тапқан екен. Сүйіктісін ұмыта алмаған Афродита қатты қайғырып, өмірге махаббатының ізін қалдыру үшін Адонистің қабірінің басына әдемі гүл болып шыққан екен. Содан бері бұл гүлді әлемнің көптеген тілінде бір ғана атаумен «Роза» деп атап келеді. Осы аңыздан соң халық арасында раушан гүлі - махаббат символы, пәктіктің, сұлулықтың белгісі ретінде қалыптасқан. Ал үйленген жұбайларға раушан гүлінің күлтесін шашу себебі де сол, «махаббаттарың Адонис пен Афродитанікіндей берік және адал болсын» деген ізгі тілектен болса керек. Раушанның гүлі ғана әдемі емес, оның жұпар иісі де адам жа­нында ұзақ сақталады. Гүл сыйлауда кейбір ережелерді есте сақтаған дұрыс. Барлық адамға бірдей гүл сыйлауға болмайды. Гүлдерді адамның жасына, жынысына, бойындағы қасиеттеріне қарап, бағалап барып тарту етеді. Сол үшін де алдымен гүл сыйлағыңыз келген адам қандай түсті ұнататынын біліп алғаныңыз жөн

Тұрмыс құрмаған жас қыздарға - гүлі әлі толық ашылмаған, жұпар иісі бар, сары немесе күлгін түсті раушан, меруертгүл, ақ түсті бақытгүлін сыйлайды.

Жас келіншектерге - гүлі толығымен ашылған, алқызыл түсті раушан, баршынгүл, қызғалдақ, ашық түсті қалампыр, бақытгүлі не нарғызгүл тарту етеді.

Қызбен алғашқы кездесуде - бойжеткенге бір түстен құралған бір түрлі гүл апарған дұрыс. Алғашқы кездесу үшін гүлкекіре, дәстүргүл, түймеда­ғы және мол гүлдеген шегіргүлдер өте жарасымды.

Мерейтой мен жаңа бір кәсіпорынның ашылу салтанатына - оншақты данасы буылған ақ түсті баршынгүлді сыйлайды.

Неке қию салтанатына - ақшыл сары түсті раушан, ақ немесе күлгін түсті қалампыр, ашық түсті гербераларды тарту етеді.

Қалыңдықтың шешесіне - 8-наурыз, туған күн немесе басқа да мерекелік күндерде күйеу жігіт - гүлдері тік орналасқан лалагүл, аққанат, бақытгүлін сыйлайды.

Аналар мен әжелерімізге - алқызыл раушан, түсі сары бақытгүлі немесе ашық түсті қызғалдақ тарту еткен жөн.

Нәресте туған жас анасына - күлгін немесе қызыл түстегі раушангүлі, қалампыр, фрезияны тарту етеді. Егер егіз бала туылса анасына бір-біріне қатты ұқсайтын екі гүлшоғырын сыйлаған абзал.

  • Кез келген гүлді сыйлағанда сырт көзбен оның түсіне, сабағының ұзындығына гүлдерінің пішініне қарау керек. Ақ түсті гүлдер - адамның көңіл күйін көтереді, сары түсті гүл - жылу мен жарықтың белгісі, күлгін түс - кеңдік пен сенімділікті, ал қызыл түс - мерекелік көңіл күйді сипаттай­ды

Қазақ халқы гүлдерге теңеп, осы гүлдей жайнап өссін деп балаларына ат қойған

Қойған жетінші ғасырда

Қызының атын Гулбаршын

Мықты ғой қазақ расында

Өзгелер одан улгі алсын

Қорқыт бабам жырлаған

Алпамыстың ол аруы

Өзгеріссіз жеткен бір маған

Ат мәні сол қалпында

Білдірер баршын молшылық

Гулбаршын емес ол тіпті

Деп ешкім айтпас қарсылық

Сайысымыздың келесі туры «Кім жылдам?»

1.Гүлдің атымен аталған қыз баланың есімдерін атау.7-сыныптар үшін

2. Өсімдіктер туралы мақал –мәтелдер айту 10-сыныптар

3.Теңеу сөздермен, нақыл сөздер 9-сыныптар

4. «гүлден» басталатын және «гүлден» аяқталатын есімдерді атау 8 сыныптар

  • Бұтаға сый боп тиіпті ,

Мәлім боп елге ерте бұл

Шыңғысханның сүйікті

Жарының аты Бөртегүл

Гүлдің атын қызына

Ертеден қазақ көп қойған

Гүлге ұқсаса қызыға

Қарайды жігіт деп қойған

Бөртегүлдің түс-өңі

Өзіне сәйкес келеді.

Мамыр көзге түседі

Маңына жұпар себеді

Сайысымыздың келесі туры «Өнерлі өрге жүзеді» әр сынып өз өнерлерін көрсетеді: өлең мәнерлеп оқу,би, ән, көрініс көрсету тақырыбы гүлдер.

-Табиғат жер-ана

Саялар панамыз

Құлпырған тірлікпен

Жер құтты гүл біткен деп айта келе гүл мерекесіне арналған сайысымыз осымен аяқталды. Ендігі сөз Әділ-қазылар алқасына беріледі.

Әділ-қазылар қорытындыларын жасап аяқтағанша «Желтые тюлпаны» әнін тыңдаңыздар.

Әділ-қазылар алқасы өздерінің қорытынды сөздерін айтып, гүл мерекесіне қатысушыларға сыйлықтармен марапаттауларын табыс етеді.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!