400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Gul omir korki

Материал туралы қысқаша түсінік
biyologiya paninen konspekt botanika sabagi
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақтан Білім және Ғылым

министірлігі



РЕФЕРАТ





Тақырып:Гүл өмір көркі





Орындаған:Халматова Р

Қабылдаған:Тахиров З

























































Әрбір гүл, тіптен ең кішкентай және қарапайым гүлдің өзі — табиғаттың таңғажайып жұмбағы. Гүлдерге сүйсіне қарап, ерекше сезімде боламыз. Ендеше, таңғажайып гүлдер әлеміне саяхат жасап, гүлдер туралы қызықты фактілермен таныс болайық

Өткен ғасырда адамдар гүл сыйлау арқылы өзінің кез келген сезімін білдіретін гүлдер тілі болған. Гүлдеген шие ағашының бұтағын сыйлау арқылы махаббатын білдірсе, сыйланған сүмбігүл (гиацинт) саны арқылы кездесу күнін белгілейтін болған. Сол кездің серілері ғашықтарына ақ раушан гүлін сыйлау арқылы ұсыныс жасап, одан келісім ретінде үміттене дәстүргүлді (маргаритка) күтетін болған.  Сүйкімді кішкентай ботакөз (незабудка) гүлі әлемнің көп тілінде бір мағынаны білдіреді екен.

Мысалы, ағылшынша forget-me-not, немісше Vergissmeinnicht деп аталады. Алайда бір мағыналы атауға қарамастан, әр елде бұл гүлдің өз аңызы бар. Аңыздың бірі бойынша, Құдай әлемдегі кішкентай гүлден басқа гүлдердің барлығына атау беріп, кішкентай гүлге былай депті: "Ұмытпа мені!". "Осы сенің атың болады".

Әлемдегі ең үлкен гүл — Раффлезия Арнольд. Оның салмағы 11 кг және диаметрі 91 см. Ол Индонезиядағы Суматра аралында өсіп жатыр. Ең кішкентай гүл Ряски Вольфияның әр түрі бар. Оның ұзындығы 1 мм, ал ені 0,5 мм. Ең биік гүл (шамамен 3 метр)  — Аморфофаллус Титанум. Ең қымбат гүл Алтын Орхидеяның бағасы шамамен 5000 $ тұрады. Ол алғаш рет 15 жылда гүлдеген, Малайзиядағы Кинабалу тауында өседі.  

1720 жылы Карл Линней гүлдердің "уақытпен бейімделу" қасиетін пайдаланып, швейцарияның бір шағын қаласында тұңғыш гүлді сағат ойлап тапты. Бұл ерекше сағаттың циферблаты (сағаттың цифрлы беті) бірнеше бөлімнен тұрды. Әр бөлімде гүлдің нақты бір түрі өседі. Мұндай сағаттың көмегімен уақытты дәл анықтауға болатын. Гүлді сағаттың бір кемшілігі бұлтсыз шуақ күнде ғана жұмыс істейді. Атақты сібірлік микроминиатюршы Анатолий Коненко ең ерекше жинақ ойлап тапты. Оның жинағы раушан гүл күлтесінен дайындалып, өлшемі 30*32 миллиметр болды. Жинақ әйгілі орыс ақыны А.С.Пушкиннің өлеңдерінен құралды. Ол оны өзінің әйеліне сыйлады.
30 наурыз – гүлдер күні. Сұлулық символы ретінде қыздарға баланатын гүл әлемінің жұмбағы мен тылсымы көп. Осы сырлы әлем туралы көбірек білгіңіз келсе, біз ұсынған тың ақпараттарға көз жүгіртіңіз.

Ботакөз гүлінің атауы. Қазақ тілі елден ерекше. Интернет сөзін бүкіл әлем осылай атаса, біз ғаламтор дейміз. Сол секілді ботакөз гүлінің екінші атауы «Ұмытпас», әлемнің барлық тілінде осы мағынадағы атаумен аталады. Мысалы ағылшындар бұл гүлді forget-me-not деп атаса, немістер Vergissmeinnicht дейді. Әрі әр елде өзіндік аңызы бар. Солардың бірі: бір патша барлық өсімдікке атау беріп отырғанда, ботакөз гүлін ұмытып кетсе керек, сонда ол көзі жәудіреп: «Мені ұмытпаңыз!»,– деген екен. Оған патша: «Сенің атың солай болады, Ұмытпас», – депті. Ал қазақтар оны күлтелері кішкене әрі көз секілді дөңгеленген сүйкімді боп келетіні үшін осылай атаса керек. Бал аралары гүлді тек хош иісіне қарай емес, түсіне қатысты да ажыратады. Барлық гүлге бірдей қона бермей, тек сары, күлгін, көк түсті тәрізді ең таңдаулыларына барады. Ал қызыл түсті гүлге мүлде қонбайды.

Геологтар жер қойнауындағы пайдалы қазбаларды оңай табуы үшін оларға кейде гүлдер көмектеседі. Жанаргүл (адонис) өсіп тұрған жерде әктас мол болады, ал шегіргүлдер (фиалка) мырышқа бай жерде өседі.  Өсімдік те тірі ағза. Гүл ауырып қалса, қызуы көтеріліп, тыныс алуы жиілейді. Таңғы сағат 3-4 шамасында желкек (козлобородник) және шашыратқы (цикория) гүлі ашылады, ал сағат 5-те көкнәр (мак) мен итмұрын (шиповник), таңғы сағат 6-да қабыршөп (барвинок), бақбақ (одуванчик), қоңыраугүл (колокольчик) гүл ашса, олардың ізін қуа сағат 8-ге таяғанда барқытгүл мен шырмауық оянады, ал сағат таңертеңгі 9-да қырмызыгүл ашылады. Ал жанаргүл, ұйқы гүлі, гүлзардақ түн мезгілінде ғана гүл ашады.

Табиғат құрастырған сұлулықты қайталау мүмкін емес. Көркіне көз тоятын гүлдердің де ішінде ең сұлуы бар екен. Біз әлемдегі ең әдемі деген үш гүлді ұсынып көрдік.  Гиацинт (Hyacinthus). Бұл гүлдің атауы Гиацинт атты грек баласының құрметіне қойылған. Аңызға сүйенсек, ол Аполлон Құдайына ғашық болған. Ал Гиацинтті жел Құдайы Зефир ұнатқан. Бірақ грек баласы жел Құдайын жақсы көрмеген, ал бұл Зефирдің ашуын туғызған. Сондықтан баланың басына Аполлон шығарған дискті лақтырған. Гиацинттің басынан аққан қанды Аполлон гүлге айналдырған. Ерекше бейнелі гүл кез келген жанды тәнті етеді.   Калла (Cаlla). Бөлме өсімдігі болып табылатын гүлдің Отаны – Оңтүстік Африка. Оны бақшаға да отырғызуға болады. Ақ калла – тазалықтың белгісі. Сондай-ақ бұл гүлдің басқа да түстері кездеседі. Калла – асқан нәзіктіктің, сұлулықтың әдемі мысалы.  Дицентра (Dicеntra). Жаралы жүрек, жүрек гүлі, Жанетта жүрекшесі, Құдай Ананың туфлиі сияқты көптеген балама атауға ие гүл туралы әр елде әртүрлі аңыз бар. Шынымен ерекше әдемі гүл ешкімді бей-жай қалдырмайды. Дицентра гүлінің көптеген түрі бар. Соның ішінде "таңғажайып дицентра" деп аталатын түрі бәрінен сұлу көрінеді.  

Әлемдегі ең үлкен гүл таяуда ғана Швейцарияда пайда болды. Гүлдің аты – Титан Арум. Титан Арум құрамында 170-ке жуық тропикалық гүлдер бар аройдтар тұқымдастығына жатады екен. Базел қаласының ең үлкен ботаникалық бағында ашылған гүлдің биіктігі 2,27 метр болса, салмағы 100 келіні құрайды. Мамандар гүлдің жапырақтары 6 метрге дейін өсетіндігін айтып отыр.

Бақ қызметкерлері өсімдіктің гүлін көру үшін 17 жыл күткенге ұқсайды.

Жаңалығымыз мұнымен бітпейді. Титан Арум – әлемдегі ең үлкен ғана емес, ең сасық гүл де болып табылады. Гүлдің маңына жолай қалсаңыз, шіріген еттің иісі мұрныңызды жарып жіберуге шақ қалады. Бұған қарамастан, гүлді көрушілер қатары сирейтін емес, керісінше күн өткен сайын артуда, өйткені, өсімдік гүлі бірнеше күннен кейін ғайып болады.

Аталған таңғажайып гүл 5-10 жылда бір рет ғана гүл ашатын болғандықтан, өз көзіңізбен көруге асығыңыз

Баяғды мекендеген үндіс апачилердің онейда атты тайпасында гүл туралы мынадай аңыз болған екен. Жас аңшы өз тайпасындағы бір сұлу қызға ғашық болады. Алайда оған қыз жауап қатпайды. – Аспандағы жұлдызды садақпен атып түсірсем, мендік боласың ба? – деп бір күні жігіт қыздан сұрайды, Бұрын-соңды мұндай ұсынысты естіп көрмеген тәкаппар қыз аңшыны сынамақ болған ниетпен ұсыныс қабыл алады. Бұл жаңалық бүкіл тайпаға таралады. Халық жігіттің бұл ұсынысына күліп, мазақтай бастайды. Намысшыл жігіт сөзінде тұратындығын айтып, күлгендері сендірмек болады. – Кешкісін шалғындыққа келіңдер, өз көздеріңмен көресіңдер,- деп барлығын шақырады. Сонымен кеш те түседі. Халық та шалғындыққа жинала бастайды. Қыз да қалмай келеді. Аңшы жігіт садағын аспанға бағыттап атып жібереді. Сол кезде аспаннан ағып бара жатқан бір жұлдызға аңшының садағы дәл тиеді. Дегенмен, жігіт көздеген мақсатына жете алмайды. Бұл жайтты байқап отырған Тәңір аңшының бұл қылығына қатты ашуланады. «Егер әр жігіт мына жігіт секілді сүйіктісіне сезімін дәлелдей беретін болса, аспаннан жұлдыз атып түсірсе, аспанда бірде-бір жұлдыз қалмайтын болады, әлбетте мына түрімен ай да аман қалмас» деп жерге дауыл жібереді. Дауыл үш күн, үш түн соғады. Жер беті қара түнекке айналып кетеді. Су арнасынан шығып, жер бетін шая бастайды. Дауыл аяқталғаннан кейін тайпа халық санағын жүргізеді. Айлайда аспаннан жұлдызды атып түсірген жігітті таппайды. Аңыз бойынша, ол жігіт кішкентай гүлге айналыпты. Апачилер оған «ақиа жұлдыз» деген ат қойыпты. Ол жұлдыз гүлі астра деп аталады. Қазақ тіліндегі баламасы – ақкекіре. «Aster» ежелгі рим тілінен аударғанда «жұлдыз» деген мағынаны білдіреді екен

ақбақ гүлі – көктемнің тұңғыш гүлі. Ол еліміздің барлық өңірінде өседі. Оны ел ішінде «сарғалдақ» деп те атайды. Біз бүгін сіздерге бақбақ гүлінің адам денсаулығына пайдасы туралы айтқымыз келіп отыр. Диабет кезінде Бақбақтың уақтап туралған тамырын 1 стақанға салып, шай секілді қайнатып ішіңіз. Күніне осылай 3-4 рет ішіп отырсаңыз, диабеттің алдын аласыз. Онкологиялық аурулар кезінде Бақбақтың 100 г жас жапырағын тұзды суға малып, оған 50 г ұсақтап туралған жуа мен 25 г ақжелек қосып, өсімдік майымен араластырып ішіңіз. Сонда сіз түрлі онкологиялық аурудан аман қаласыз. Әлсіреп қалған кезде де пайдасы мол. Бүйректің қабынуы кезінде Бақбақтың тамырын үккіштен үгіп, күніне 2 рет тамақ ішерден жарты сағат бұрын тұтыныңыз. Жүрек аурулары кезінде Бақбақ гүлінің тамырын құрғақ күйінде жеп, артынан су ішіңіз. Осылай күніне 2-3 рет қайталап тұрсаңыз, жүрек ауруларынан құтыласыз. Арықтағыңыз келсе 2 ас қасық немесе 1 ас қасық бақбақ жапырағын суға салып қайнатып, 6-8 сағат аралығында термоста сақтаңыз. Кейін кішкентай жұтыммен ішіңіз. Теріңізді ағарту үшін Бақбақ гүлін 0,5л суға жарты сағат қайнатып, бетіңізді таңертең және кешке сүртсеңіз болады. Бүгінгі таңда өсімдіктен шығатын сүттен түрлі иісмай жасалады. Олар сүйел, мүйізгек, секпіл, ара, жылан шаққанда көмектеседі
РАУШАН ГҮЛІ ТУРАЛЫ

Англия, Иран және АҚШ елдерінде раушан – ұлттық гүл саналады. Бүгінде раушан гүлінің барлық түстегі түрлері бар десе де болады. Тек қара және көк түсті раушан жоқ. Себебі, мұндай түстегі гүлдің табиғи тегі (ген) болмайды. Генді инженерия саласы көкшіл раушан гүлін өсіреді, ал қара раушанның орнына қара қызыл түсті раушан алмастырады. Қазіргі таңда ғалымдар раушанның 300-дей түрі, 30 000-дай сорты анықтаған. Крит аралынан біздің дәуірімізге дейінгі 2000 жылдарға сәйкес келетін ең көне раушан гүлінің суреті табылды. Ал, археологтар 50 миллион жылдық раушан гүлінің қалдықтарын тапқан. Алайда, бұл гүл бізге тек  XVI ғасырда жеткен. Алғашында ол тек патша сарайын әсемдейтін еді. Кейін келе розамен бақшаларды да безендіре бастады. Француздар раушан өсіретін ең үздік бақташы ел саналады. Ал, голландтықтар әлем бойынша раушан гүлін ең көп мөлшерде сататын мемлекет. Раушан майын өндіруде болгарлардан асатын ешкім жоқ. Қызыл, сары және тоқсары (оранжевый) түстес раушан гүлдері жабайы Парсы сары раушандарымен будандастыру арқылы пайда болған. Ашық қызыл түс қытай розасынан алынған. Жұпар иіс шығаратын ген рецессивті келеді. Бұл, егер иісі қатты екі раушан гүлін будандастырса, онда не иісі әлсіз, не мүлдем иісі жоқ гибрид шығады. Қызық мысал. Әйгілі Шекспир шығармаларында раушан гүлі 50 шақты рет кездеседі.          Жапондықтар «Хамелеон»  деп аталатын роза сортын ойлап  тапты. Себебі, бұл раушанның күлтелері күндіз ашық қызыл түсті болса, кешке қарай ақ түске енеді. Германияда әлемдегі ең кәрі раушан бар. Ол Хильдесхайм соборында 1000 жыл бойы өсіп тұрған түп бар. Бүгінде бұл бұтақ ғимараттың төбесіне жеткен.       















Гүл патшасы – қызғалдақ

 

Жылына бар болғаны 15 күн ғана гүлдейтін қызғалдақтар бүкіл алқапты қызыл кілемге көмкеріп, жазиралы кең даланы одан сайын асқан сұлулық пен әсемдікке бөлейді. Және қызғалдақтар сәуір айының соңғы күндерінде ғана өсіп шығатындықтан өзіміздің төл мерекеміз – Наурыздың да символы іспетті.

Наурыз мейрамы қарсаңында көше бойына ілінетін баннерлерге, телеарналар мен газет-журнал беттерінде қызғалдақ фотосының жарияланып, бейнеленуі тегін емес. Себебі қазақ халқының түсінігінде бұл гүл – көктемнің, жаңа өмірдің, көрікті тіршіліктің жаршысы болып есептеледі.

Жер бетінде қызғалдақтың 120-дан астам түрі бар болса, олардың басым көпшілігі Шығыс Азия мен Оңтүстік Еуропа елдерінде кездеседі. Гүл өндірушілердің кейбірі ол гүлді тек сату үшін ғана өсірсе, қалғандары хош иісті парфюмериялық заттар жасауға пайдаланады екен. Ал біздің отандық мамандар бұл гүлдің «грейг» деген түрін бауыр ауруларына қарсы дәрі-дәрмек ретінде пайдалануға болатынын айтуда. «Грейгтің артықшылығы ол – 55 пайыз крахмал мен қанттан тұрады. Ал ондай сұйықтық ағзаға аса пайдалы», – дейді олар. Ал Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданындағы Қызыл төбешік нақ осы гүлдің ордасы саналады.

Ал жалпы қазақ жерінде қызғалдақтың отыздан астам түрі бар. Қызғалдақ гүлдерін Іле, Жетісу (Жоңғар) Алатауында, Кетпен (Ұзынқара) жотасы мен Шу атырабынан кездестіреміз. Тіпті «Қызғалдақтар елі» атанып кеткен Нидерландтың өзінде нақ осы гүлдің түрлері осыншалық әркелкі емес. Соған қарамастан қызғалдақ гүлi нидерландтықтар арасында, аса қастерлі саналып,  жоғары бағаланады. Себебі олар жыл сайын қызғалдақ сатудан 500 миллион АҚШ доллар табыс табатынына қарағанда біз қолда бар мүмкіндікті пайдалана алмай отырғандаймыз

Пайдаланылған әдебиеттер



қайнар көз: http://kaztrk.kz/news/portal/raushan-guli-turaly-56076
Кез келген материалды қолданған жағдайда мына сілтеме көрсетілуі тиіс
http://kaztrk.kz



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 желтоқсан
699
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі