Жаратылыстану: Гүл
шалғыны*
Оқу қызметінің
мақсаты
Дала гүлдері туралы ойларын жинақтау; гүлдердің
әсемдігіне көңілдерін аудару;
еске сақтау, сөйлеу қабілетін дамыту; табиғатқа
деген сүйіспеншілікке
тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс
Бақбақ, түймедақ.
Әдіс-тәсілдер
Сергіту сәті, жұмбақ
шешу.
Құрал-жабдықтар
1. КӨРНЕКІЛІК
МАТЕРИАЛДАР
Дыбыстық жазба, көбелектің кейіпкері, бақбақ пен
түймедақтың суреті (A4).
2. ҮЛЕСТІРМЕЛІ
МАТЕРИАЛДАР
А4 өлшемді бақбақ пен түймедақтың сурет
карталарына 2 дана, әр гүлге 8
карточкадан.
Оқу қызметінің
барысы
1. КІРІСПЕ БӨЛІМ
1.1. Педагог зейін қойып
тыңдайды:
- Қараңдаршы, балалар, не ұшып
жүр?
- Көбелек.
Педагог:
1
- Балалар, бізге не ұшып
келді?
- Көбелек.
Әуенді тыңдау және бейнелерді көру үшін QR-кодты
сканерлеңіз
- Көбелекке сәлем
берейік.
Педагог:
- Балалар, қараңдаршы көбелек қандай
әдемі!
- Көбелекте не бар?
- Әдемі қанаттары бар.
Көбелек:
- Мен ұшып бара жатып көптеген гүлдерді көрдім,
сендерге ұшып келуге шешім
қабылдадым.
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Көбелек:
- Сендер шалғындағы гүлдердің қалай аталатынын
білесіңдер ме?
Балалар:
- Ия.
Көбелек:
- Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын, шешімін
табасыңдар ма?
Балалар:
- Ия!
Педагог:
- Көбелек қандай жұмбақ жасыратынын мұқият
тыңдаймыз.
Көбелек:
- Өзіне шап-шақ,
Киген қалпағы аппақ.
Балалар тұр қаптап.
(Бақбақ)
2
Image not found or type
unknown
-
Балалар,
бір сәт біз де гүл болып жайқалып тербелейікші.
Шаршағанда ырғалып (балалар орындарынан тұрып,
жаймен тербеліп тұрады),
Гүлге ұқсап демалам (отырады).
Қанатымды бір қағып (қолдарын жоғары көтереді),
Гүлдей болып жайқалам (қолдарын жоғары көтереді).
2.2. Көбелек:
-
Мен тағы бір жұмбақ жасырамын.
Көзі сары,
кірпігі ақ.
Шалғын мен гүлзарда өседі.
Дәрі жасар бұл гүлден,
Емдер күйік,
тынысты (түймедақ).
Балалар шалғыннан түймедақ гүлін тауып көрсетеді.
Көбелек қуанғаннан қанаттарын сермеп,
гүлді дұрыс тауып көрсеткені үшін
балаларды мақтайды.
Педагог балаларға гүл туралы өлең оқып береді.
Гүлім,
гүлім,
өсе бер,
Әдемі боп,
асыл боп.
Күндей жайнап кете бер,
Қызыл, сары, жасыл боп.
2.3. Сергіту
сәті.
Шаршағанда ырғалып (орнынан тұрып
тербелу),
Гүлге ұқсап демалам (орнына
отыру).
Қанатымды бір қағып (қолды екі жаққа
қағу),
Гүлдей болып жайқалам (қолды жоғары көтеріп
тербелу).
2.4. «Гүл шоғын жинайық» қимылды ойынын
өкізеді.
Балалар орындықтарда отырады, әрқайсының қолында
белгілі бір түсті гүл бар.
Педагог балалардан біршама қашықтықта тұрады,
қолына кез келген түсті гүлді
3
ұстайды.
Педагог:
- Мен ақ гүл шоқтарын жинағым
келеді.
Қолдарында ақ гүлдері бар балалар педагогке
жүгіріп келіп, қолдарын жоғары
көтеріп гүлдерін көрсетеді. Содан кейін балалар
өз орындарына оралады.
Педагог сары гүлді көрсетіп, сары гүлшоқтарын
жинағысы келетінін айтады.
Оған сары гүлдері бар балалар жүгіріп келіп, дәл
осылай көрсетеді.
Педагог:
- Көбелек, ойын саған ұнады
ма!
Көбелек:
- Әрине, балалар, сендермен ойнаған маған өте
ұнады! Үйіме қайтатын уақыт та
келді.
Педагог:
- Балалар, көбелекпен қоштасайық. Сау
болыңыз!
Балалар қоштасады.
3. ҚОРЫТЫНДЫ
- Балалар, бізге қонаққа қандай жәндік ұшып
келді?
- Көбелек.
- Шалғында қандай гүлдерді
көрдік?
- Бақбақ, түймедақ.
- Біз қандай гүлдерден гүлшоқтарын
жинадық.
- Бақбақ пен
түймедақтан.
- Көбелекпен ойнау сендерге ұнады
ма?
- Жарайсыңдар!