400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғұлама ғалым

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ тақырыбы Ғұлама ғалым Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.5 Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру. 3.1.5.1 – өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу. Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: мәтіннің тақырыбын анықтай алады, негізгі ойды табады. Көптеген оқушылар: шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды. Кейбір оқушылар: берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Әдебиеттік оқу

Орта мерзімді жоспар бөлімі

6-тарау: Атақты тұлғалар

Күні:

Сынып: 3-сынып

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны: 26

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы

Ғұлама ғалым

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

1.5 Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру.

3.1.5.1 – өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мәтіннің тақырыбын анықтай алады, негізгі ойды табады.

Көптеген оқушылар: шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды.

Кейбір оқушылар: берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.

Бағалау критерийлері

  • мәтіннің тақырыбын анықтай алады, негізгі ойды табады.

  • шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды.

  • берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу.

Жеке және топта жұмыс жасай алу, ынтымақтастық.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, қазақ тілі.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;

Ресурстар

Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, кері байланыс парағы т.б

Бастапқы білім

6-тарау өткен бөлімдерде алынған білім мен дағдыларға негізделген. Оқушылар мақал-мәтелдерді шығармашылықпен қолдануды, өз ойын айтуды, топпен, жұппен жұмыс тәсілін меңгеріп, басқаның ойын қорытындылауды, негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін анықтауды игерді.

Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Жаңа топ құру

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

«Сәлемдесу» ойыны:

Қ азір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.

«Кітаптар» арқылы топқа бөлінеді. Оқушыларды қалаған кіаптарын алып, 1,2,3 топтарға бөлініп отырады.

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

Сұрақтар шеңбері.

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.

Оқу мақсатын таныстыру

Күтілетін нәтижені анықтау






Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.


Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмала

ры

Сабақтың ортасы

Ширату тапсырмасы.

Мақтанышым – Астанам Ермек Өтетілеуұлы.

Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда)

«Көршіңе әңгімелеп бер»

Бұл әдіс оқушылар өз ойларын дауыстап айтып беру үшін пайдаланылады. Сұрақ қойыңыз, ойластыруға уақыт беріңіз, одан кейін оқушылардан өз ойларын көршілерімен бөлісуді сұраңыз, оқушыларға жаңа тақырыпты айтыңыз және осы тақырып бойынша өздері білетін барлық жағдайды көршісіне айтуын ұсыныңыз.

Тыңдалым. Фараби туралы аңыз тыңдалады.

Оқылым. Шаһар – қала.

Ынтызарлық – сағыныш, құштарлық.

Үрмет – атақ, даңқ, құрмет. Шайыр – суырыпсалма ақын. Оқылымалды жұмыс.

Мәтіннен Фараби отырған бақша суреттелген тұстарды тауып оқы.

1-тапсырма. Болжау.

Осындай ғажайып бақта отырған әл-Фараби неге көңілсіз деп ойлайсың?

ЖК: «Ол ғажайып бақта отырса да, туған жерінен алыста болғандықтан көңілсіз. Туған жерін сағынып отыр» деген сияқты жауап берген оқушылардың жауаптары мақталып, жұлдызша таратылады.

3-тапсырма.

Осы үзінді бойынша қандай сурет салар едің?

ЖК: «Бақшадағы хауыз жанында, кілемше үстінде құс жастыққа шынтақтаған ол ой үстінде отырады. Мәуе

ағаштарының бұтағына қонған бұлбұл құстар сайрап тұрады» деген мәтіндегі көркем ойды пайдаланған оқушы жауабы

мақталып, жұлдызша таратылады.

Оқылым.

Мәтіндегі Фарабидің өлеңі мәнерлеп оқылады.

Топтық жұмыс. 5-тапсырма. «Ғалым», «Ойшыл», «Ақын» деген топтарға бөлініп, әл-Фараби туралы сөйлеуге

дайындалыңдар.

І топ. Мәтінде келтірілген ақын өлеңін қалай атар едің? Түсіндір.

ІІ топ. Сабақтың атауына мән бер. Байланысты анықта: Атақты тұлғалар: «ғұлама ғалым әл-Фараби».

Қалыптастырушы бағалау

ІІІ топ. Әбу Насыр әл-Фарабидің тұрған жерінің суретін сал.

Дескриптор:

  • мәтіннің тақырыбын анықтай алады, негізгі ойды табады.

  • шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды.

  • берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.

ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.

Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау


Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.


Белсенді оқу тапсырмалары.




Сабақтың соңы

Жаңа білім мен тәжірибені қолдану

Топтық жұмыс. «Галлерияда ой шарлау»

Берілген тақырыпта топтық жұмысы жүргізіліп, әр топтың жұмысы қабырғаға ілінеді де, оқушылар жүріп, аралап, оған әр оқушылар кішкене жапсырма қағазға бағасын беріп, пікірін жазып жабыстырып кетеді. Ең  жақсы баға алған топтың жұмысы қаралады.

ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау.

«Ойлан, Жұптас, Пікірлес»

Оқушыларға қандай да болмасын сұрақ, тапсырма берілгенен кейін оларды тыңғылықты орындауға бағытталған интербелсенді тәсіл. Тақтада сұрақ/тапсырма жазылғаннан кейін әрбір оқушы жекеше өз ойлары мен пікірін берілген уақыт ішінде (2-3 минут) қағазға түсіреді. Содан кейін оқушы жұбымен жазғанын 3-4 минут талқылайды, пікірлеседі. Мұғалімнің екі-үш жұпқа өз пікірлерін бүкіл сыныпқа жариялауын сұрауына болады.

(ҚБ) “Екі жұлдыз, бір тілек” әдісі.

Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

Кері байланысы.








Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,

толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.



Оқушылар

дың бірін-бірі, өзін өзі бағалауға негізделген, бұл тәсілдің мақсаты өзін және құрбыларын әділ бағалауға үйрету.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген

кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиял ары. Сергіту сәттері мен белсенді іс- әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылат ын

Қауіпсіздік техникасы

ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да

ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың

жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу

қажет?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 қаңтар
1556
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі