400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғұлама ғалым

Материал туралы қысқаша түсінік
3-сыныпқа арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар


Сабақ: 2

Мектеп: Бозтал орта мектебі

Күні: 13.02

Мұғалім: Қолғанат Ақгүл

Сынып: 3

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:


Бөлім:

Сабақтың тақырыбы: Ғұлама ғалым

Оқу мақсат:

3.1.5.1 – өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар орындай алады:

Мәтіндерді түсінеді

Көпшілігі орындай алады:

Өз сөздерінде мәтіндегі ақпаратты пайдаланады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Қорытынды ойды таба алады.

Ойлау дағдылары

Айтылым

Бағалау критерийлері

Тақырыпты болжайды, өлеңдердегі негізгі ойды түсінеді

Құндылықтарды игерту:

Мақтаныш, құрмет, сенім

Пәнаралық байланыс:

Қазақ тілі, математика


Тілдік мақсаттар:

Тірек сөздер, сызбалар,

Осыған дейін меңгерілген білім

«Өнер» тарауы

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақ басы


10 мин






















Сәлемдесу

Үй тапсырмасын тексеру

Қызығушылықты ояту.

Сыныпты қалыпқа келтіру.

Ойсергек.

«Сәлемдесу» ойыны.

Мұғалім: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бірбірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.

Ойқозғау.

Әл-Фараби туралы не білесің?

Ол туралы не білетіндерінен кластер құрастыру.

Мағынаны ажырату. Тақырыпты болжау.

Ғұлама ғалым әл-Фараби туралы екені болжанады.

Мақсат, күтілетін нәтиже.

Әл-Фарабидің өмірін үлгі ету. Әлем мойындаған ғалымның ұрпағы екеніне мақтаныш.

Тыңдалым. Фараби туралы аңыз тыңдалады.

Оқылым.

Шаһар – қала.

Ынтызарлық – сағыныш, құштарлық.

Үрмет – атақ, даңқ, құрмет.

Шайыр – суырыпсалма ақын.

Оқылымалды жұмыс.

Мәтіннен Фараби отырған бақша суреттелген тұстарды тауып оқы.

Интербелсенді тақта
























Сабақ ортасы


25мин









1-тапсырма. Болжау.

Осындай ғажайып бақта отырған әл-Фараби неге көңілсіз деп ойлайсың?

ЖК: «Ол ғажайып бақта отырса да, туған жерінен алыста болғандықтан көңілсіз. Туған жерін сағынып отыр» деген сияқты жауап берген оқушылардың жауаптары мақталып, жұлдызша таратылады.

3-тапсырма. Осы үзінді бойынша қандай сурет салар едің?

ЖК: «Бақшадағы хауыз жанында, кілемше үстінде құс жастыққа шынтақтаған ол ой үстінде отырады. Мәуе ағаштарының бұтағына қонған бұлбұл құстар сайрап тұрады» деген мәтіндегі көркем ойды пайдаланған оқушы жауабы мақталып, жұлдызша таратылады.

Оқылым. Мәтіндегі Фарабидің өлеңі мәнерлеп оқылады. Топтық жұмыс.

5-тапсырма.

«Ғалым», «Ойшыл», «Ақын» деген топтарға бөлініп, әл-Фараби туралы сөйлеуге дайындалыңдар.

І топ. Мәтінде келтірілген ақын өлеңін қалай атар едің? Түсіндір. ІІ топ. Сабақтың атауына мән бер. Байланысты анықта: Атақты тұлғалар: «ғұлама ғалым әл-Фараби». Қалыптастырушы бағалау ІІІ топ. Әбу Насыр әл-Фарабидің тұрған жерінің суретін сал.

Интербелсенді тақтада пікір көрінеді

Үнтаспа

40

Мәтіннен оның туған жеріне қатысты сөздерді теріп жаз, осы сөздердің көмегімен өзің салған суреттерді сөйлет. Әбу Насыр әл-Фарабидің туған жеріне қатысты сөздер.

Бағалау. Берілген тірек сөздерді пайдаланып, әл-Фараби туралы мазмұнды әңгіме айтқан топтың жауабы мақталып, жұлдызша таратылады.


Интербелсенді тақта







Сурет қиындылары мен интербелсенді тақта








Сабақ соңы

5 мин




Үй тапсырмасы

Кері байланыс.

Жазылым. Фараби туралы не білесің?

ЖК: әл-Фарабиді 2–3 қырынан сипаттаған оқушы жауабы мақталып, жұлдызша таратылады: ғұлама ғалым, ақын, философ, оқымысты т.б. Рефлексия.

Жұлдызшалардың саны анықталып, көп жұлдызша алған оқушы мақталады.

Үй тапсырмасы. «Сағыныш сазы» аңызын оқып, түсінгенін айту.

Карточка

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)




Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырылды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақ талаптарға сай өтті. Оқушылар сөздік қорын молайтты. Жұпта бір-біріне қолдау көрсетіп, қарым-қатынас жасады.

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2..

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1. Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27.03.2019
1098
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі