Тақырып бойынша 16 материал табылды

Гүлдер алаңы

Материал туралы қысқаша түсінік
МіндеттеріБалалардың 5-ке дейін реттік, тура және кері санау, сан есімдерді атау, "барлығы қанша?" сұрағына жауап беру дағдыларын дамыту; біркелкі және әртүрлі заттардың жиындарын байқауға, екі кіші саннан құруға дағдыландыру; көктем гүлдерінің түрлері туралы мағлұмат беру. Зейін, көзбен көру, жазықтықты бағдарлау, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту. Дала гүлдерін аялауға шақыру; зеректікке, тиянақтылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған іс-әрекет : « Танымдық дағды» Математика негіздері

Күні 22 мамыр 2025ж

Тақырыбы : «Гүлдер алаңы»

Мақсаты Балалардың «сан», «санау», «жиын» ұғымдары туралы білімдерін жетілдіру, 5 саны көлемінде тура және кері санауды пысықтау.

МіндеттеріБалалардың  5-ке дейін реттік, тура және кері санау, сан есімдерді атау, "барлығы қанша?" сұрағына жауап беру дағдыларын дамыту; біркелкі және әртүрлі заттардың жиындарын байқауға, екі кіші саннан құруға дағдыландыру;  көктем гүлдерінің түрлері туралы мағлұмат беру. 
Зейін, көзбен көру, жазықтықты бағдарлау, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту. 
Дала гүлдерін аялауға шақыру; зеректікке, тиянақтылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс
Жаттығуды орындау барысында: «інжугүл», «таушымылдық», «көкнәр», «шегіргүл», «жиын саны», «ең кіші екі сан», «жоғарғы (төменгі) оң (сол) жақ бұрыш», «бес, төрт, үш, екі, бір» сияқты сөздерді айтқызу арқылы сөйлеу қабілеттерін жетілдіру.

Әдіс-тәсілдер
Аудиожазбаны тыңдау, суретті көрсету, көркемсөз, панно алдында зерттеу жаттығуы, сергіту сәті, үстел басында іс-тәжірибе жаттығуы, дамытушы жаттығу, оқу қызметін пысықтау, балалардың іс-әрекетін бағалау.

Құрал-жабдықтар

1. КӨРНЕКІЛІК МАТЕРИАЛДАР

Балаларға арналған әдемі, құлаққа жағымды әуенжазбасы.
Табиғаттың гүлденгені туралы сурет (бейнеролик).
Көрнекіліктерге панно немесе интербелсенді тақта, көрсеткіш.
Сандары бес-бестен қызыл және сары гүлдердің көрнекілік кескіндері.
Бірден беске дейін сандардың көрнекілік жинақтары.
«Гүлдер алаңының» көрнекілік сызба-суреттері:
- сол жағы – гүлдерді орналастыруға, оң жағы – гүлдердің жиын санын және оның ең кіші екі санын белгілеуге арналған «гүлдер алаңы»;
- сол жаққа үш гүлдің: екі қызыл, бір сары көрнекілік кескіндері әрқалай орналасқан, оң жақ бос;
- сол жақта саны үш гүл, оң жақта үш саны, оңға қарай жатқан екі шақпақ бос;
- сол жақта саны үш гүл, оң жақта үш саны, оңға қарай жатқан екі шақпақта екі мен бір саны;
- сол жақта саны төрт гүл (екі қызыл, екі сары), оң жақта төрт саны, оңға қарай жатқан екі шақпақ бос;
- сол жақта саны төрт гүл, оң жақта төрт саны, оңға қарай жатқан екі шақпақта екі мен екі саны;
- сол жақта саны төрт гүл (бір қызыл мен үш сары), оң жақта төрт саны, оңға қарай жатқан екі шақпақта бір мен үш саны;
- сол жақта саны бес гүл (екі қызыл, үш сары), оң жақта бес саны, оңға қарай жатқан екі шақпақ бос;
- сол жақта саны бес гүл (екі қызыл, үш сары), оң жақта бес саны, оңға қарай жатқан екі шақпақта екі мен үш саны.
Далада гүлдерінің толқындар ұқсап жайылып өсіп тұрғаны туралы сурет.
Ырғақты, темпі баяу «Толқындар» әуенжазбасы.
Ішінде қызғалдақ, інжугүл, көкнәр, нәркес, таушымылдық, шегіргүл сияқты әрқалай орналастырылған көктем гүлдері түрлерінің тіктөртбұрышты алаңы.

2. ҮЛЕСТІРМЕЛІ МАТЕРИАЛДАР
Үлестірмелі карточкалар: сол жағында – саны екіден беске дейінгі, түстері екі түрлі, әрқалай орналасқан гүлдер; карточканың оң жағында – гүлдердің жалпы жиын санын белгілеу үшін шақпақ, оңға қарай гүлдердің бүкіл жиын санын құрайтың ең кіші екі санға екі шақпақ.
Әр балаға бірден беске дейінгі сандардың екі жинағы.

Оқу қызметінің барысы

1. КІРІСПЕ БӨЛІМ

1.1. Аудиожазбаны тыңдау.

Балаларға арналған әдемі, құлаққа жағымды әуен естіледі. 

Суретті көрсету.
Табиғаттың гүлденгені туралы сурет көрсетіледі.




1.2. Көркемсөз. «Көктем гүлдері» (Д. Ахметова).
Қуаныштымын мен бүгін,
Сүйемін көктемнің көркін.
Келді, міне, көптен күткен жылы күндер.
Қаншама өсіп, атып жатыр гүлдер?!
Нәркес, қызғалдақ пен інжугүл,
Көкнәр, таушымылдық, шегіргүл.
– Балалар, біз гүлдердің бұндай түрлерін танимыз. (Көктем келді, күн жылы.) Иә. Табиғат гүлденіп тұр. Адамдар гүлдерді бау-бақшаларына отырғызады. Біз бүгін гүлдерді отырғызып, санын санап көрейік.

2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1. Панно алдына зерттеу жаттығулары. «Гүлдердің жиын санын құрайтын ең кіші екі сан».

2.1.1. Жаттығуды ұйымдастырғанда көрнекіліктерге панно, сандары бес-бестен қызыл және сары гүлдердің көрнекілік кескіндері, бірден беске дейінгі сандардың көрнекілік екі жинағы қажет болады.
 Паннода немесе интербелсенді тақтада гүлдерді жиын саны мен екі ең кіші санын орналастырылатын жаттығу алаңы дайындалады. Бұндай алаңды А3 немесе одан да үлкен көлемді қағаз бетінде сызып қоюға болады. Қағаз бетінің сол жағы – гүлдерді орналастыруға, оң жағы – гүлдердің жиын санын және оның ең кіші екі санын белгілеуге арналған.
 Тәрбиеші балалардың назарын панноға аудартады.


– Балалар, бұл гүлдер өсетін алаң, дала алаңы. Бұнда біз саны әртүрлі гүлдерді өсіреміз. Ал, мына оң жақта, бірінші шақпаққа гүлдердің жалпы жиын санын, келесі екі шақпаққа бірдей гүлдерді, екіншіге – басқа гүлдерді санап, екі бөлек бөлгілейміз.

2.1.2. Сол жаққа үш гүлдің: екі қызыл, бір сары гүлдің көрнекілік кескіндері әрқалай

орналастырылады.
Балалардың біреуі шақырылады.
Балаға көрсеткішті ұстап немесе көзбен қарап санау мүмкіндігі беріледі. 
– Ажар, гүлдердің жалпы жиын саны қанша? (Бір, екі, үш, барлығы үш гүл.) Жарайсың! Қандай санмен белгілейсің? Мына сандар жинағынан сәйкес келетінін таңдап, оң жақтағы шақпаққа жапсыр. Тамаша!

– Балалар, гүлдердің жиын саны үшеу болды ма? (Иә. Гүлдердің жиын саны үшеу.) Ажар дұрыс санады. Жақсы.

2.1.3.
– Ажар, барлық гүлдердің түсі бірдей ме? (Бірдей емес. Екі қызыл гүл, бір сары гүл). Жақсы. Осы тұрған келесі екі тіке шақпаққа қызыл мен сары гүлдердің сандарын бөлек салып көр.

– Балалар, Ажар қандай сандарды салып шықты? (Екі мен бір санын салды.) Тамаша!
– Балалар, екі мен бір сандары гүлдердің жиын санын құрайтын ең кіші екі сан.
Тәрбиеші көрсеткішпен екі мен бір сандарын айналдыра нұсқайды.
– Қайталайық. Екі мен бір сандары гүлдердің жиын санын құрайтын ең кіші екі сан. Жарайсыңдар! Біз бұндай атауды осыдан бастап жиі айтып қолданып жүреміз.
– Ажар, жарайсың! Орныңа отыра ғой.
Паннодағы жаттығу алаңы босатылады.

2.1.4. Жиын саны төрт, екі қызыл және екі сары гүлдер әрқалай орналастырылады. Тағы да балалардың бірі шақырылады.
– Ықылас, гүлдердің жалпы жиын саны қанша? (Бір, екі, үш, төрт, барлығы төрт гүл.) Жарайсың! Сонымен, балалар,  жиын саны қандша? Көрсетеміз. Тамаша!



– Балалар, сендер де гүлдердің жиынын төрт етіп санап алдыңдар ма? (Гүлдердің жиын саны төртеу.)
– Ықылас, мына өсіп тұрған төрт гүлдің түстеріне қарап, мына екі шақпаққа бөлек жиын санды құрайтын ең кіші екі санды салып көр.

– Ықылас, жиын саны төртті құрайтын ең кіші екі сан қандай болып шықты? (Екі мен екі саны.) Жарайсың!
– Балалар, Ықыластың жауабы дұрыс па? Қандай ең кіші екі санды салды? (Екі мен екі сандарын салды.) Жарайсыңдар!

2.1.5Тәрбиешбір қызыл мен үш сары гүлді жаңадан орналастырып, балаларға жиын санын санатады. Олар айтқан екі ең кіші санды орналастырады.



– Балалар, жиын саны төрт болатын екі ең кіші сан тағы да қаншадан болуы мүмкін? (Ең кіші екі саны бір мен үш.) Тамаша! Төрт санын құрайтын ең кіші екі сан тек қана екі мен екі сандары емес, бір мен үш саны да болуы мүмкін. Жақсы.

2.1.6. Жиын саны бес, екі қызыл және үш сары гүлдер орналастырылады. Өзі сұранған бала шақырылады.

– Самат, гүлдердің жалпы жиын саны неше? (Бір, екі, үш, төрт, бес барлығы бес гүл.) Жарайсың! Сонымен жиын саны қандай? (Жиын саны бес.) Көрсетіп сал. Тамаша!

– Бес гүлдің түстеріне қарап, жалпы жиын санын құрайтын ең кіші екі санды бөлек шақпақтарға сал.
– Самат, бес жиын санын құрайтын ең кіші екі сан қандай? (Екі мен үш саны.) Жарайсың! 
– Балалар, Самат ең кіші екі санды дұрыс тапты ма? Ең кіші екі сан, бұл екі мен үш.) Жарайсыңдар! Самат, отыра ғой.

2.1.7.
– Балалар, жиыны бес санын тағы да қандай ең кіші сандар құрауы мүмкін? (Бір мен төрт. Үш пен екі. Төрт пен бір.)
 Педагог балалардың болжамдарына дәлел ретінде, өзінің қолындағы көрнекілік сандардың жұптарын көрсетіп тұрады. Балаларды мақтайды.

2.2. Сергіту сәті. «Толқындар».
2.2.1. Суретті көрсету.
Балаларға далада гүлдердің толқындарға ұқсап жайылып өсіп тұрғаны туралы сурет көрсетіледі.

– Қараңдаршы, балалар, далада өсіп тұрған гүлдер неге ұқсап тұр? Иә. Гүлдер желге тербеліп, толқындарға ұқсап кетті.
– Біз де желге тербелген гүлдерге ұқсап, толқындарға еліктейік.

2.2.2.
«Толқындар» әуенжазбасы қосылады.

   Балалар жазбадағы сөздер мен әуеннің ырғағына сай толқынның қозғалысына еліктеп жаттығуларды жасайды.
 Жаттығуды орындағанда балаларды шеңберге немесе қатарға әрқалай тұрғызып қоюға болады.

2.3. Үстел басында іс-тәжірибе жаттығуы. «Қызғалдақтардың саны нешеу?»
Жаттығуды ұйымдастырғанда әр балаға саны екіден беске дейінгі гүлдердің орналасу нұсқасы бар карточкалардың бірі беріледі. Карточканың сол жағында түсі екі түрлі гүлдер топтамасы. Оң жағында жиын санын белгілеу үшін бір шақпақ, оңға қарай тікесінен гүлдердің бүкіл жиын санын құрайтың ең кіші екі санды белгілеу үшін екі шақпақ.
Әр балаға бірден беске дейінгі сандардың екі жинағы беріледі.
 – Балалар, өз карточкаларыңды мұқият қарап алыңдар.
Бұнда нелер бар? Гүлдер карточканың қай жағында орналасқан? (Сол жағында орналасқан.) Жақсы. Карточканың оң жағында не бар? (Үш шақпақ бар.) Ішінде бір нәрсе бар ма? (Шапқақтардың ішінде ештеңе жоқ.) Дұрыс. Бұл шақпақтардың ішіне белгілі бір сандарды салатын боласыңдар.
– Мені мұқият тыңдаңдар. Гүлдердің жалпы жиын саны қанша болса, саны соншасын бірінші тұрған шақпаққа белгілеп саласыңдар. Жалпы саны қанша, сонша санды саласыңдар.
– Екінші қатарынан екі тіке шақпақтарға – қызыл гүлдердің және сары гүлдердің санын білдіретін ең кіші екі санды саласыңдар.
– Ең кіші екі санды дұрыс салғандарыңды қайта санап тексеруге болады. Сонымен жаттығуды бастайық.
Тәрбиеш балалардың қатарларын аралап, жаттығудың барысын, тура, кері санау тәсілін, жиын саны мен оны құрайтың екі ең кіші санның дұрыс салынғанын қадағалайды. Балалардан «жиын саны», «ең кіші екі сан» сияқты сөз тіркестерін айтуды талап етеді. Дұрыс тәртіппен салынғаны үшін, дұрыс жауап үшін мақтайды.

2.4. Дамытушы жаттығу. «Не қайда орналасқан?»
Жаттығуды орындау үшін, балалар бірнеше гүлдің түрін білу, ажырату керек.
Гүлдердің түрлері: қызғалдақ, інжугүл, көкнәр, нәркес, таушымылдық, шегіргүл.
Гүлдердің атауларын оқу қызметінен тыс уақытта қайталатып, балаларға лото ойындарын ойнатуға болады.
Балаларға әрқалай орналасқан бірнеше көктем гүлдердірінің түрлері өсіп тұрған алаң көрсетіледі.

– Балалар, мына алаңда көптеген гүлдер өсіпті. Бірақ қандай гүл, қайда орналасқанын таба алмай тұрмын. Маған көмектесіп жіберіңдер.
– Балалар, ортада сары қызғалдақ, одан жоғары көкнәр, сары қызғалдақтан төмен нәркес, сары қызғалдақтың сол жағында інжугүл, оң жағында шегіргүл, жоғарғы сол жақ бұрышта қызғылт таушымылдық, жоғарғы оң жақ бұрышта қызыл сары қызғалдақ, төменгі оң жақ бұрышта қызыл қызғалдақ, төменгі сол жақ бұрышта ақ таушымылдық сияқты гүлдердің орналасу орындарын айтып отырады.
 
Тәрбиеш «Төменгі сол жақта не орналасқан?» немесе «Таушымылдық қайда орналасқан?» секілді екі түрлі сұрақты қойып отырады. Балалар гүлдердің атауларын таба алмай жатқанда, өзі айтып көмектеседі. Бұл жаттығуда гүлдің орналасу орнын дұрыс айту маңыздырақ.
– Балалар, гүлдерді айтып жатқанда нені байқадыңдар? Бұл гүлдерді біз жазда кездестіреміз бе? Біз түймедақ, раушангүл, гүлкекіре сияқты гүлдерді қазір неге қарастырмадық? Иә. Біз қараған гүлдердің барлығы көктем гүлдері. Ұмытпаңдар.
 Жаттығудың оңайырақ нұсқасын да қолдануға болады. Ол үшін тіктөртбұрышты немесе шаршы пішінге саны тоғыз емес, саны бес гүлдің орналасу қалыптарын табуға мүмкіндік жасауға болады.

3. ҚОРЫТЫНДЫ

Оқу қызметін пысықтау, балалардың іс-әрекетін бағалау.

– Балалар, бүгін сендер үшін қандай жаттығулар ең қызықты болды? (Гүлдердің орналасқан орнын айту.) Жарайсыңдар! Қандай гүлдерді есте сақтап қалдыңдар? Неге осы гүлдерді ғана қарастырдық? Олар қайда орналасқан? (Оң жақ, сол жақ, төмен, жоғары, ортада, жоғарғы сол жақ бұрышта, төменгі оң жақ бұрышта.) Жарайсыңдар!
– Балалар, біз қызғалдақтарды алаңға отырғызғанда не істедік? (Гүлдердің жиын санының ең кіші екі санын таптық.) Тамаша!
– Мысалы, төрт жиын санын қандай ең кіші екі саннан құраймыз? (Бір де үш, екі де екі, үш те бір.) Жарайсыңдар! Жауаптарды дұрыс таптыңдар.
– Балалар, маған бүгінгі сендердің ең кіші екі санды тапқандағы жауаптарың мен жаттығуларың өте ұнады. Сендер зерек, ізденімпаз, тиянақты бала болдыңдар. Сендер ешқашан дала гүлдерін жұлмайсыңдар, табиғатттың әсемділігін бұзбайсыңдар деп ойлаймын. Жарайсыңдар, балалар! Оқу қызметі аяқталды, сау болыңдар.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.04.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12