Гүлдер таласы
(ертегі)
Бағзы ерте заманда
өсімдіктер патшалығында Қызғалдақ, Раушан гүлі, Бақытгүлі өмір
сүріп жатады. Күндердің бір күнінде үшеуінің арасында «Қайсымыз жаз
мезгілінде гүлдеуге лайықпыз?» - деген талас туады. Сонда
шыдамсыздау Қызғалдақ бәрінен бұрын:
- Мен гүлдеймін
жазда, - дейді.
Осы кезде
тікенектері тікірейіп, жан-жағына тәкәппарлана қараған Раушан
гүлі:
- Жоқ, жазда мен
гүлдеуім керек! Менің өте жақсы жұпар иісім бар, -
дейді.
Сабыр сақтап
тұрған, шыдамды Бақытгүлі ең соңында баяу үнмен:
- Менің де жаз
мезгілінде гүлдегім келеді, - деп өтінеді.
Бәрін сырттай
бақылып тұрған, көп жыл жасаған Шырша былай
дейді:
- Табиғаттың әр
мезгілі өзінше ерекше сондықтан сендер былай істеңдер! – деп ақылын
айтады.
- Қызғалдақ, сен
суыққа төзімдісің. Сол себепті көктем мезгілінде гүлдеуің
керек.
- Ал сен Раушан
гүлі, жаздың аптап ыстығына төзе білесің. Саған шыдамдылық танытып,
қапырық күн астында жаздай гүлдеуіңе тура келеді.
- Бақытгүлі, саған
сабырлы қалпыңнан айнымай, күз басталғаннан қар түскенге дейін
гүлдеген жарасады. Өзге гүлдің бәрі қурап, жер бетінен жоғалғанда
сен ғана өз сұлулығыңмен жұрттың көзін тамсандырып, мейірім нұрын
шашып тұратын боласың! – дейді.
- Ал мен сендермен
таласпай-ақ, жыл он екі ай жасыл қалпымда тұра берейін, - деп Шырша
өзіне келгенде табиғат сыйын көбірек алады.
- Содан бері
көктем шыға даланы Қызғалдақ басып, бірақ сәл өкпесі бар
болғандықтан аз уақыт гүлдеп жоғалып кететін
көрінеді.
- Ал, Раушан гүлі
күн нұрына малынып, ала жаздай ұзақ гүлдеп тұратын болыпты.
Бақытгүлі болса гүлдеу мезгілін көп күтіп, күздің алғашқы күнінен
қар жауғанға дейін гүлдеп, басқа гүлдерді жоқтатпай тұрады
екен.
- Өзінің
тапқырлығына риза болған Шырша, көктемде Қызғалдақтың әдемілігіне
сүйсініп, жаз бойы Раушанның хош иісінен қуат алып, күздей әр түсті
Бақытгүлінің көркіне қызығып, қысы-жазы жасыл түсті болып ғұмыр
кешеді екен.