400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Гүлдер» Тұманбай Молдағалиев

Материал туралы қысқаша түсінік
«Гүлдер» өлеңімен таныса отырып, мазмұнының негізгі идеясын ашу. Тұманбай Молдағалиев жайында мағлұмат беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

159 “ Еңбекші” қазақ орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі: Жарқынбекова Эльмира Дуйсенбековна

Пәні : Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: «Гүлдер» Тұманбай Молдағалиев
Сабақтың мақсаты: «Гүлдер» өлеңімен таныса отырып, мазмұнының негізгі идеясын ашу. Тұманбай Молдағалиев жайында мағлұмат беру.
Сабақтың міндеттері:
1. Табиғаттағы гүлдердің әсемдігі, сұлулығы, қажеттілігін түсіндіру.
2. Шығармашылықпен жұмыс істей отырып, оқушылардың ой - өрісін дүние танымын кеңейту, тіл байлығын арттырып, сөздік қорын молайту.
3. Елін, жерін сүюге тәрбиелеп, табиғаттың қажеттігін сезіну. Топта бірлесіп жұмыс істеуге үйрету. Сабақтың түрі: Аралас сабақ Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту. Әдісі: Әңгімелеу,сұрақ – жауап, ой қозғау Көрнекі құралдар: Т. Молдағалиев суреті, үлестірмелі карточкалар, бейнеролик, слайд.
Стратегиялар: Ой қозғау, топтастыру, екі түрлі түсіндірме, бағалау,
бақылау.
Пән аралық байланыс: Қазақ тілі,бейнелеу өнері,еңбек,ән,дүниетану,математика денешынықтыру Техникалық құрал: Мультимедиалық құрылғы Сабақтың өту барысы.
І.Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Оқушыларды конфет арқылы 3 топқа бөлу.

1.Бірлік «Бірлік болмай , тірлік болмас» 2. Ынтымақ «Ынтымақ болмай , іс оңбас» 3.Достық «Досы көпті жау алмас»

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

«Туған өлкем - тұғырым» тарауын қайталау. 1.Туған жерге байланысты мақал – мәтелдер. 2. «Туған өлкем» тақырыбында тақпақ. 3. Эссе жазу.

ІІІ.Өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыру Бейнеролик.
Қазақ хандығына – 550ж,Ұлы жеңіске – 70 жыл,16 желтоқсанға – 29 жыл, ассамблея-20 ж түсіндіру.





ІV.Жаңа сабақ Тұманбай Молдағалиев Гүлдер

Тұманбай ақын
Туған жері: Алматы облысы
Туған жылы: 1935ж
Өлеңдері: «Көктем шақырады», «Құстар қайтып барады»
Тұманбай Молдағалиев — сыршыл лиризмді дамытқан ақын, Қазақстанның Халық жазушысы. 20. 03. 35ж Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, “Жарсу” ауылында дүниеге келді. 1956 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірді. Өзінің шығармашылық еңбек жолын «Лениншіл жас» газеті мен «Пионер» журналынан бастайды. 1959 - 1970 жылдар аралығында“Пионер” журналында қызмет атқарады. 1970 - 1973 жылдар аралығында “Балдырған” журналының жауапты хатшысы болды. 1973 жылдан “Жазушы” баспасы жанындағы Балалар және жастар әдебиетінің бас редакциясы мен “Жалын” журналының бас редакторы қызметін атқарды.

Бейнеролик арқылы жаңа сабақты түсіндіру.
V. Оқулықпен жұмыс.

Өлеңді оқытып шығамын. «Гүл» туралы бір шумақ өлең құрастыру. «Шатасқан шумақтар» ойыны.Өлең жолдарының орны ауысып кеткен үш топқа үш өлең беріледі.Оқушыға сол өлең жолдларын мағынасына , ұйқасына қарап,қайта жазып шығу тапсырылады.



1

топ


Қолдаймыз жақсылықты

Қорғаймыз табиғатты

Бақтарға гүл егеміз

Қоршаймыз айналасын

Жақсылықты қолдаймыз

Табиғатты қорғаймыз

Гүл егеміз бақтарға

Айналасын қоршаймыз


2

топ



Болады гүлдер нәзік

Өсіп толады

Аялап қарамасаң

Қурап қалады солып

Гүлдер нәзік болады

Қаулап өсіп толады

Қарамасаң аялап

Солып,қурап қалады.


3

топ



Бұлбұл сайрамас гүлсіз

Жайнамас дала гүлсіз

Нұрын шашады бізге

Жауын көздің алады.

Гүлсіз бұлбұл сайрамас,

Гүлсіз дала жайнамас

Бізге нұрын шашады

Көздің жауын алады















« Гүлдердің сыры» Оқушыларға әр гүлдің өзіндік сыры болатынын түсіндіру.

VІ. Шығармашылық тапсырма 1 топ. Қағаздан гүл жасап шығару. 2 топ. Жапсырмамен жұмыс . 3 топ.Гүлдерден картинка жасап шығару .

Сергіту сәті Сабақты бекіту «Ой қозғау»

1.Нені білдім? Нені ұқтым? Не үйрендім? Әңгіме желісінен түйген ойды сызбаға толтыру. VІІйге тапсырма. Өлеңді жаттау. «Менің сүйікті гүлдерім» тақырыбында эссе жазу.













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
738
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі