Материалдар / Гүлдің құрылысы және оның маңызы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Гүлдің құрылысы және оның маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға өсімдіктердің көбею мүшесі, гүлдің құрылысы туралы таныстырып және гүл бөліктерінің атқаратын қызметі туралы ұғымдар қалыптасиыру; ойынның түрлерін пайдалана отырып, оқушының ойлау қабілетін, белсенділік және есте сақтау шапшандық қабілеттерін дамыту; оларға гүлдің құрылысын, гүл бөліктерінің қызметін түсіндіре отырып, гүлсеріктердің бөліктерін айыра білуге, солар арқылы өсімдіктерді анықтауға үйрету, сонымен бірге өсімдіктерді қорғауға, әсемдігін тамашалауға тәрбиелеу мақсаттары қойылды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
603
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пәні: Биология

Класы: 6 «а»

Пән мұғалімі: Сералиева М.С.


Гүл және оның құрылысы мен маңызы.

Мақсаты:

Оқушыларға өсімдіктердің көбею мүшесі, гүлдің құрылысы туралы таныстырып және гүл бөліктерінің атқаратын қызметі туралы ұғымдар қалыптасиыру; ойынның түрлерін пайдалана отырып, оқушының ойлау  қабілетін, белсенділік және есте сақтау шапшандық қабілеттерін дамыту; оларға гүлдің құрылысын, гүл бөліктерінің қызметін түсіндіре отырып, гүлсеріктердің бөліктерін айыра білуге, солар арқылы өсімдіктерді анықтауға үйрету, сонымен бірге өсімдіктерді қорғауға, әсемдігін тамашалауға тәрбиелеу мақсаттары қойылды.

Оқыту нәтижесі

Гүлдің бөліктерін, олардың қызметін, табиғаттағы маңызын түсіндіру

Әдіс-тәсілдері

АКТ пайдалану, СТО, топтық жұмыстар, диалог, анықтау, талдау, ауызша баяндау, практикалық жұмыстар

Уақыты

Ресурсы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1 минут

Нұсқау жазылған интерактивті тақта, гүлдер

Оқушылармен амандасу, түгендеу, назарын сабаққа аудару.

Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу

2 минут


Әр түрлі гүлдер

«Бала- өмірдің гүлі» демекші сіздерді топқа бөлемін. Бағалау парағын ұсыну


Гүлдің жапырағынан бір-бірден алу

1-топ-«Қызғалдақ», 2-топ«Раушан»

10 минут

Интеркативті тақта,карточкалар

«Тарсия»әдісі. Ойын шарты бойынша Пирамиданың ішіндегісұрақтарды тауып құрастыру Шырынды сабақтар өсімдікте қандай қызмет атқарады?

  1. Түйнек-Сабақтың түп жағындағы жерасты қолтық бүршіктен дамиды

  2. Түрін өзгерткен шырынды жерасты өркен-Пиязшық

  3. Жапырақ шығармайтын жерасты өркен-Тамырсабақ

  4. Пиязшықтың төменгі ұшындағы тығыз жері-Қысқарған сабақ

  5. Пияздың жемісі-құрғақ қауашақ

  6. Суыққа төзімді-тамырсабақ

  7. Сабақ-өсімдікке қоректік заттарды жеткізуші

  8. Түрі өзгерген сабақтың өркені-Жерүсті,жерасты

  9. Түрі өгерген жерүсті сабақтары-Соя, Долана, Жабайы алма, Жабайы алмұрт ағаштары

  10. Сабақтың түрінөзгертудің себебі- Ылғал жетіспегендіктен,жабайы өсетіндіктен

  11. Кактус- шырынды сабақ

  12. Тамырсабақ,түйнек,пиязшық-Жерасты өркен


«Арқан тартыс»  №13 зертханалық жұмыс.

(Тамырсабақтың, түйнектің және пиязшықтың құрылысын қарау) .Үйге қорытындылауға берілген болатын. Бұған екі топтың оқушылары да қатысады. Қай топ зертханалық жұмысты толық бәрі орындап келсе, сол арқан тартыстан жеңіп шығады.

Оқушылар берілге тапсырмаларды орындайды.

Пирамиданы құрастырады.

Өздерін бағалайды

3минут

Интеркативті тақта, ребус

Оқушылар Жаңа сабақтың тақырыбын ашу үшін мына ребусты шешейік.

Шығатын қандай сөз?

Балалар гүл дегенде көз алдарыңа не келеді, ойларыңызға не түседі?

Хош иіс. Әдемілік. Сыйлық. Көбею мүшесі. Қысқарған өркен. Әртүрлі түстер.


Оқушылар ребусты шешеді.

Оқушылар жаңа тақырыппен таныс болады.

Дәптерлеріне күн жады мен тақырыпты жазады.

10 минут

Мәтін , оқулық, түрлі-түсті қағаздар

Мағынаны ашу.

1-топ. Гүлдің құрылысы,гүл серігі туралы сипаттама беру

2-топ. Аталықтың ,аналықтың құрылысына , Бұрысгүл, дұрысгүлге сипаттама беру

Мәтінмен танысады. Әр топ жұппен, кейін топпен талдап, ауысып, басқа топ мүшелеріне түсіндіреді. Бағалау парағына қояды

2 минут

Интеркативті тақта

Сергіту сәті. Сауалнама

  • Сендер қандай түсті гүлді ұнатасындар?

Қызыл – белсенділік пен өмірлік күш қуаттың белгісі. Бұл түсті батыл, табанды, ерік жігерлі адамдар ұнатады. Олар қызба, әсершіл, қызу қанды келеді. Негізінен олар жетекшілер.

Қызғылт – жалынның түсі, негізінен ол адамдар ыстық қанды болып келеді. Олар жарқын, айрықша адамдар. Көптің ішінде ерекшеленіп тұрады. Жұрттың назарын өзіне аударып алады. Алға қойған мақсаттарына жету жолында өмірлерін қиюға әзір.

Сары – жылу мен жарықтың түсі. Бұл адамдар көпшіл, достыққа берік, еркіндікке талпынғыш. Ол бәрінен де өз еркіндігін биік қойып, әр түрлі шектеулерді жек көреді. Көңіл күй тез өзгергіш, оптимист адам.

Алқызыл – нәзік жанды ұяң жандардың түсі. Осындай адамдар туралы жұрт өмірдің тек жақсы, жарқын жақтарын ғана елеп ескеріп, қараңғы тұстарын ескергісі келмейді. Аузын ашса жүрегі көрінетін кіршіксіз, табиғи болмысты биязы және әдемі заттар мен жайлылықты сүйетін адам. Оған сезімталдық нық сенімділік қасиеттері де тән.

Ақ – шаттықтың түсі ақ түсті ұнататындар өте әсершіл қызба келеді, тез еліктегіш. Мұндай адамдар кейде өзінің ықпалында қалады, кейде ол өзгенің ықпалында да кетеді. Оларға өздерін демеп бағыттап отыратын сенімді достар ауадай қажет.

Көк – адамдар арасындағы жақсы қарым-қатынасты ең жоғары бағалайтын адамдар. Олар достықты бағалап, ал махаббатты бәрінен жоғары қояды. Олар зұлымдықты, салқынқандықты, араздықты ұнатпайтын ақтілекті жандар.


5 минут.

Зертханалық құрал-жабдықтар

14 зертханалық жұмыс.

Гүлдің құрылысын қарау.

Зертханалық жұмысты орындайды.

3 минут.

Интеркативті тақта, дәптер

«Көкпар» ойыны. Берілген сипаттамалар гүлдің қай бөлігіне тән екенін гүл бөлігінің бас әрпін қойып белгілеңдер (“ГС”-гүлсағақ; “ГТ”-гүлтабан; “Т”-тостағанша;

1. Гүлдің дәл ортасына орналасқан. (Ж)
2. Өркеннің түрі өзгерген жапырағы. (Г)
3. Тозаң ұясы бар. (А)
4. Гүлсеріктің ішкі бөлігі. (К.Т)
5. Үлпекке айналған. (Т)
6. Бунақденелілер қоректенеді. (К)
7. Шірне бөледі. (К)
8. Жабысқақ сұйықтық бөледі.(Ж)
9. Ұшы ілмекке айналған. (Т)
10. Екі қабат қабықшасы бар жасушалар жетіледі. (Ж)
11. Хош иісті. (К)
12. Мойны бар. (Ж)

Оқушылар жеке –жекедәптерге жауабын жазады. Бір оқушыны тұрғызып,слайдқа қарап тексереміз. Бағалау парағына қояды

2 минут

Интеркативті тақта,

«Білгенге маржан» айдары

  1. Кейбір өсімдіктер табиғи апаттардың жақындағанын сезеді екен. Ява аралында өсетін ханша жауқазын жанартау атқылайтынның алдында  жаппай гүлдейтін көрінеді.  Жер сілкінерден бірнеше күн бұрын акацияның жапырақтары мен гүлдерінің түсі өзгереді екен.

  2. Тұңғиықтың гүлі таңертең ерте ( жазда таңертеңгілік 5-6 –да) ашылатыны белгілі. Ал кешкі 7-8 –дерде гүлі жабылады. Осыған қарап сағатты білуге болады. Жаңбыр жауар алдында олардың гүлдері жабылып, түгелдей суға батады екен.

  3. Дүние жүзі бойынша ең ірі гүл – раффлезия гүлі  тропикті орманда өседі. Оның диаметрі- 1м, салмағы – 14 кг. Гүлдің тамыры, сабағы, жапырағы жіпшеге айналған. Сондықтан гүлі ағаштың түбінде жатады. Ағаш шырынымен қоректеніп, ағашты зақымдап, өсірмей тастайды. Иісі шіріген еттің иісіндей болғандықтан шыбын, шіркей, қоңыздар  арқылы тозаңданады.

Оқушылар өздеріне мәлімет алады.

1 минут.

Плакат, түрлі-түсті қағаздар

Бағалау. Өзін-өзі бағалау. Жапырақтың түстері арқылы өздерін бағалайды.

Жасыл жапырақ –сабақты өте жақсы түсіндім

Сары жапырақ-жартылай түсіндім

Кері байланыс жасау.«Бір сөзбен» әдісі - Оқушылар өздеріне берілген 12 сөздің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипатайтындай 3 сөзді таңдап айтады.
*Төзімсіздік, *Ашу, * Қуаныш, * Немқұрайлылық,*Қанағаттану, *Шабыт, *Зерігу,* Алаңдау, * Тыныштық, * Сенімділік, * Сенімсіздік, *Рахаттану.

Жапырақтың түсіне қарай өздерінің түсін жапсыру арқылы бағалайды.

Үйге тапсырма

Тақырыпты оқып келу. №14 Зертханалық жұмыс қорытындылау.

Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды.
























































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!