Гүлзардағы гүлдер

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Гүлзардағы гүлдер

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге үлгі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы:Шығармашылық.

Ұ.О.Қ:Аппликация

Тақырыбы:Гүлзардағы гүлдер.

Мақсаты:Гүлдердің түрлерімен таныстыру,Гүлдердің түр түстерін ажырата білуге баулу.Түстер туралы ұғымдарын бекіту.Туған елінің табиғатына,гүлдер мен өсімдіктерге қамқорлық көрсетуге,күтуге сүйіспеншілікке тәрбиелеу.Қайшымен геометриялық пішіндерді дұрыс қиюға,қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету.

Әдіс тәсілдер:Әңгімелеу,түсіндіру,сұрақ жауап,«Тәй тәй,Ойын,Триз »техналогиясы.Ф.Фребль,В:Воскобович ойын құралдары.

Көрнекілігі:Акт,гүлдердің суреттері.бөлме гүлдері,дала гүлдері.

Билингвизим:гүл цвети.гүлзар

Балалар бізде бүгін ерекше күн қараңдаршы оқу қызметімізге аналарымыз қатысқалы отыр екен орнымыздан тұрып үш тілде сәлемдесіп алайық.

Саламатсыздарма,Здраствуите,Good moning.

Бүгінгі оқу қызметімізді ізгі ниетпен,жақсы тілекпен бастайық.Олай болса мен сендерге әдемі гүл әкелдім,ендеше осы гүлге деген тілектерімізді айтайық. Балалар гүлдерге тілектерін айтады:

Гүл сен әдемісің,гүліміз жайқала берсін,гулдерді баптап өсірейік,Гүл бізге әсемдік сыйлайды.т.б.Енді гүлімізді құмыраға салып қояйық.

Балалар біз бүгін шығармашылық саласы бойынша аппликация оқу қызметін өтеміз.Тақырыбымыз гүлзардағы гүлдер деп аталады.

Балалар ,сендер гүлдер әлеміне саяхатқа барғыларың келема ?Олай болса ғажайып тақтаға назарымызды аударайық,жеңіл әуеннің ырғағымен көзімізді жұмып, көктем мезгіліне, гүлдер әлеміне саяхат жасап қайтайық.Көктемгі күн жерді қыздырып ,табиғаттағы барлық тіршілік иелерін оятып, қызғалдақтар жер анадан күш алып,жапырақтарын жайып ,күлтелерін көтеріп ,күнге қолын созғандай.Айналамыздың барлығы жап жасыл шөптер,Қызыл сары,қызғылт сары ,әдемі жайқалған құлпырған гүлдер өсіп шығады екен.Гүлзарға отырғызылатын гүлдерді арнайы жылы жайларда өсіріп күтіп баптап,ерте көктемде қаламыздың орталықтарына ,балабақшаларымыздың ауласына отырғызады екен.Осы гүлдер қаламызға ауламызға әсемдік беріп қана қоймай, біз жұтатын таза ауаны да шығарады екен.Балалар гүлдердің жұпар искейікші.Қандай тамаша. Біз гүлдерді үшке бөлеміз.Бөлме гүлдері,бақша гүлдер,дала гүлдері.Ал біз бақшада өсетін гүлдер туралы әңгімелейміз.Гүлдер тірі табиғатқа жатады,олар тамырлары арқылы қоректенеді,оларды өсіру үшін топырақ күннің көзі, су қажет. Адамдар гүлдерді баптап,егіп өсіріп арнайы гүл егетін гүлзарларға отырғызып баптайды екен.Енді осы гүлдердің түрлерімен таныстырып кетейін.Дала гүлдеріне бәйшешек,раушан,қызғалдақ,бақбақ,астра жатады екен,Раушан гүлі өте хош иісті,бұл далада өседі,мерекелерде сыйлауға болады екен.Пальма гүлі бұл жылдың төрт мезгілінде бөлмеде бөлмеде өседі екен.Әйел бақыты гүлі бұл тропикалық аймақта өседі,бұл гүл өте талғампаз,әрі күтімді қажет етеді.Гүлдің жақсы өсуі үшін жарық,әрі бөлме температурасы жылы болу керек екен.Алоз гүлі оның жапырақтары тікенектері болғанымен қолымызға кірмейді екен,Бұл гүлдің емдік қасиеті де бар екен.Егерде жүгіріп бара жатып құлап қалсаңдар қолдарың немесе аяқтарың жарақат болып қалады сол кезде алоэні кесіп алып жарқатқа тигізіп таңып байлап қойсақ жарамыз тез жазылады екен.Көрдіңдема гүл тек әсемдік қана сыйламай ,емдік қасиеті де және таза ауа бөлетін де қасиеттері бар екен.

Қостілділік:Гүлдер -цветы,дала гүлдері- полевые цветы, бөлме гүлдері -комнатные цветы,бақша гүлдері-садовые цветы.

Балалар енді білімізді одан әрі жетілдіру үшін белсенді орталықтарға бөлінейік.

Үстел үсті ойын орталығы:

Үстел үсті ойын орталығында Ф.Фребль және В.Воскобовичтің ойын құралдарынан үлгіге қарай отырып гүлдердің бейнесін құрастырамыз.

Зерттеу орталығы:

Зерттеу орталығында бөлме гүлдеріне қалай күтім жасайтынымыз туралы және гүлдерді қалай көшеттеп отырғызатынымыз жайлы зерттеп білетін боламыз.

Өнер орталығы:

Өнер орталығында қауіпсіздік ережесін сақтай отырып,қайшымен дайын пішіндерді қиып параққа жапсырып гүлерді алдымызда тұрған гүлзарға орналастырамыз.





Балаларды ортаға жинап сергіту сәтін жасату.

Сергіту сәті:

Гүлдер гүлдер көп гүлдер,

Сары гүлдер,көк гүлдер,

Өсе берші нұрланып,

Өсе берші ырғалып



Балаларды өз еріктерімен 2 ші ауысым жасату.

Қорытындылау:Балалар біз бүгін нелер туралы әңгімеледік?Гүлдер қайда өседі екен?гүлдер өсу үшін не кере?,Су,жарық ауа жылу.Гүлдердің тағы қандай қасиеттері бар екен?емдік.Қане кім қандай орталықта жұмыс жасады?Жарайсыңдар балалар сендер оқу қызметіне өте жақсы қатыстыңдар.Сендерге көп көп рахмет.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.10.2018
1946
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі