Гүлзардағы гүлдер. Семинар Тәрбиеші:Айтбаева Гүлімай Еркінқызы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Гүлзардағы гүлдер. Семинар Тәрбиеші:Айтбаева Гүлімай Еркінқызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Гүлдер туралы білімдерін түсініктерін кеңейту.Түстерді айыра білуге эстетикалық тұрғыда қабылдай алуға үйрету.Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.Орталықтарда жұмыс жасау арқылы өз ойларын толық жеткізе білуге дағдыландыру. Сұлулықты сезіне білуге әсемдікке тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 02.12.2020

Тобы: «Көгершін» ересек тобы

Білім беру саласы: Шығармашылық, Коммуникация, Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Аппликация

Тақырыбы: Гүлзардағы гүлдер

Мақсаты: Гүлдер туралы білімдерін түсініктерін кеңейту.Түстерді айыра білуге эстетикалық тұрғыда қабылдай алуға үйрету.Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.Орталықтарда жұмыс жасау арқылы өз ойларын толық жеткізе білуге дағдыландыру. Сұлулықты сезіне білуге әсемдікке тәрбиелеу.

Қолданылған технология: Тәй-тәй, АКТ, Васковович элементтері,ойын

Әдіс-тәсілі:Түсіндіру,сұрақ-жауап,кубизм әдісі, сергіту,

Көрнекілігі:алдын ала дайындалған үлгі суреттер

Биленгвизм:гүл-цветок, гүл- лепесток, гүлзар- клумба

Барысы: Келген қонақтармен балалар екі тілде сәлемедеседі

Сәлеметсіздерме

Доброе утро

Тілек шоғы жылулық шеңбері

Педагог әр баланың қолына бір-бір гүл таратады педагог өз қолындағы гүлді тілек айтып.........сен гүлдей әдемісің жанындағы балаға ұсынады

Жылу сөз айту жалғасады гүлдер көбейіп тілек шоғы болып педагогтың өзіне оралады

-кімде-кім жақсы тілек айтса,жақсы тілек ойласа,сол үлкен жақсылыққа айналып өзіңе қайтады

-Педагог балалардың гүл туралы түсініктерін суреттер көрсету арқылы кеңейте түседі.

Ғажайып сәт

Есік қағылып Гүлзардағы гүл егуші атай кіріп келеді.Қолында жаңа жұлынған гүлдері бар атай келеді.

-Сәлеметсіңдер ме балалар мен сендерге мына гүл шоқтарын алып келдім кеше сендердің апайларын маған звандап біздің балаларға көмегің қажет болып тұр біздің балаларға гүлзарға гүлдерді қалай егетінін айтып көмектесуін сұраған

Балалар келген атаймен сәлемдеседі атайды мұқият тыңдайды.

Педагог балаларды текшелер арқылы үш орталыққа бөледі.

Өнер орталығы

Өнер орталығыныда балалар түрлі-түсті қағаздардан желімді пайдалана отырып дайындалған үлгіге қарап гүлдерді жапсырады. Қауіпсіздік ережелерін педагог түсіндіреді.

Әдебиет орталығында

Әдебиет орталығында балалар А. Бақтыгерееваның гүл ектік өлеңін МНЕМО технологиясы арқылы жаттайды.

Зерттеу орталығында

Гүл өсіруші атаймен бірге балалар дала гүлдерінің көшеттерін отырғызып үйренеді. (7 минут)

Жұмыс жасау кезінде жәй әуен қосылып тұрады. Әр орталықтарда басқарып адам отырады оларды тәрбиеші бақылайды.

Белгі беріп балаларды ортаға шақырады

Балалар ортаға жиналып шеңберде тұрады

Биленгвизм айтылады

Сергіту сәті

Шаршағанда ырғалып,

Гүлге ұқсап демалам

Қанатымды бір қағам

Гүлдей болып жайқалам

Иілеміз оңға бір

Иілеміз солға бір

Балалар тәрбиешімен бірге қимылмен жасап айтады.

Атай балалармен қоштасып шығып кетеді

Қ/О Түрлі түсті гүлдер

Шарты: Балалардың қолдарында ақ сары қызыл түсті гүлдер болады барлығы музыка қосылғанда гүлге ұқсап ырғалып билейді әуен тоқтағанда түстер бір-біріне қосылады орнын таппағандар ойыннан шығады

Сұрақ-жауап арқылы оқу қызметін қортынды жасайды

-Балалар бүгінгі оқу қызметі сендерге ұнадыма

-сендер қандай орталықтарда жұмыс жасадыңдар

-бізге қонаққа кім келді

-Балалардың жауаптары тыңдалады

Балаларды атай берген гүлдер арқылы марапаттайды.

Балалар келген қонақтармен үш тілде қоштасады

Күтілетін нәтиже

Не білді: Үлгі бойынша жапсыру техникасын пайдалана отырып гүлді жапсырады.

Не игерді: Орталықтарда жұмыс жасау дағдысын

Не меңгерді: Тақырыпты толық меңгерді



Дайындаған:

Тәрбиеші: Айтбаева Гүлімай













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.12.2020
649
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі