400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғұмыры дариядай қаламгер

Материал туралы қысқаша түсінік
Жамбыл облысына белгілі журналист және қоғам қайраткері Жаңабай Миллионов туралы оқушы эссесі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ғұмыры дариядай қаламгер



Қиындығы мен қызығы мол, жан-жақты білімділікті талап ететін жауапты саланың бірі – журналистика. Жаңалықтың жаршысы болып, қағаз бен қалам арқылы біреуге-үміт, біреуге қуаныш ұялата білетін ол – журналист.

Ғұмырдариясының жарты ғасырын шығармашылыққа арнаған, өз кәсібін жақсы көріп, рақатына бөленген, шығармашылыққа жаны құштар қаламгер - бүгінде 70 жаста. Қоғамда айшықтап тұрып өз орнын ала білген Жаңабай Миллионов атамыздың Сарысу газетіне қосқан үлесі орасан зор. Жаңабай Миллионов – журналист. Содан соң редактор. '' « Бас редактор болу оңай ма?' » деген сұраққа: «Журналист болу – бір жаратушының берген талантына, қаламыңның қарымына байланысты ''екі тізгін,бір шылбырын'' тастай ұстап, тырп еткізбей,сол қазанда бұрқ-сарқ қайнап, шыңдалып, шыныққан кісінің өзі ғана біледі» деп жазыпты.

«Парасат пен пайымт» кітабын оқып отырып Жаңабай атамыздың ұстанымын жадыма сақтап алуға тырысамын. Ұстанымы: « алға ұмтылу, тоқтап қалмау, іздену, жаңалыққа құштарлық » депті. Осы ұстаныммен талай төккен тер арқылы ерен еңбек ақталды. Сарысу аудандық газетінде бір мүшел яғни он үш жыл редактор болып талай мақтау-марапат иесі болды. Ең үлкен наградам: ''Облыс орталығына ауысып бара жатқанымдағы туған елімнің ықылас-пейілдері, шыңдалған, шыңдаған ұжымымның қимас көңілдері''-дейді.

Күнгейі мен теріскейінде мөлдір бұлағы жылғалай ағатын қасиетті қарт Қаратау қойнауы тұнған тарих. Сырлы шежірелерінің тірі куәсі бұл киелі өңірде туып-өскен Жаңабай Миллионов ұлт тарихына да мұқият. « Балдың дәмін білу үшін бір бақырын жеу шарт емес » деп басталған «Парасат пен пайым » кітабында ойып-ойып әдемі ой айтылған.

Тілім, дінім деп ұлтжанды Жаңабай атамыздың өнеге тұтар ерен еңбегі зор. «Газет-халықтың тілі,көзі үні» деп қызық қуып,қай жайдағыны жазбай,жеңіл оқиға іздемей, қиындықтардың өтетіндігін, ауыр кезеңдердің артта қалатынын айтып, елді сендіре білген ғұмыры дариядай қаламгер Жаңабай Миллионовқа мәртебелі оқырманның берер бағасы жоғары!







Әдібек Қарақат

8 «Ә» сынып оқушысы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26.11.2024
225
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі