400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

Ғұн тайпаларының бірігуі

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал жұмысты жаңа бастаған жас әріптестерге керек деп ойлаймын.Сонымен бірге жаңа бағдарлама негізінде жасалған сабақ жоспары әріптестерге үлкен көмек болады деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:


Мектеп: Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп


Мұғалімнің аты-жөні:Нурманова Жапырак



Қатысқан оқушы-20

Қатыспағаны-0


Сынып: 5





Сабақ тақырыбы:

Ғұн тайпаларының бірігуі


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)


5.3.1.2-ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің құрылуы


Ойлау дағдылары

Білу,түсіну,қолдану

Сабақ мақсаттары

- ғұн мемлекетінің құрылуын әңгімелейді

Мөденің ішкі,сыртқы саясатын түсініп, баға береді.

-Ұлы Қытай қорғанының салыну себебін зерттейді

-




Бағалау критерийлері


1.Қазақстан аумағында құрылған ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің қалай құрылғанын түсінеді.


2. Алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің көрші елдермен қарым-қатынасын анықтайды

3. Мөде шаньюидің «Жер-мемлекеттің негізі» сөзіне талдау жасайды



Тілдік мақсаттар


Пәнге қатысты лексика мен терминология: Мөде,ғұндар,хунну,шаньюй,ұлы қытай қорғаны,дунху,юечжилер

Тілдік дағдылар:

Тыңдалым дағдысы- бейнебаян көру

Жазылым дағдысы – әңгіме жазу

Айтылым – сұрақтарға жауап беру

Оқылым- материалдарды оқып, пайдалану.


Құндылықтарды дарыту




7.Ұлттық қауіпсіздік жəне еліміздің бүкілəлемдік, өңірлік мəселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуын басшылыққа ала отырып

патриотизмге, отансүйгіштікке,өз халқы үшін мақтаныш сезіміне,көшбасшылыққа, ұлттық сана – сезімге,бостандыққа баулу.


Пәнаралық байланыстар

Қазақ әдебиеті, дүние тарихы,

АКТ қолдану дағдылары

АКТ дағдыларын дамыту. (ноутбук, интербелсенді тақта)

Бастапқы білім


5.1.1.3

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин











Сәлемдесу. Сыныпқа жағымды атмосфералық ахуал қалыптастыру.

Оқушыларға ғұндар тарихы туралы бейнебаян көрсетіп,сабақ тақырыбын ашу мақсатында сұрақтар қоямын.



  • Бейнебаянда қандай тайпалар туралы баяндалып,көрсетілген?

  • Олар қалайша мықты мемлекетке айналған?

  • Мөде кім?



Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері түсіндіріледі.

Оқушыларды суреттер арқылы үш топқа бөліп аламын. Суреттердің мазмұнына байланысты топтар Білім,Ғылым,Еңбек тобы деп аталады







Портреттер





Презентация

Сабақтың ортасы


5-15



























15-18







18-25





























25-35










Сабақтың соңы


35-38





















1.Бейнематериалдан алған білімдерін толықтырып,оқушылар назарын оқулыққа аударып,3 топқа тапсырма беремін.

1-ші топқа:Ғұндардың құрылу тарихы,мекендеген жері,тілі,бет пішіні,шаруашылығы,

2-топқа: Мөденің билікке келу жолы,Мөденің басып алған тайпалары,ішкі және сыртқы саясатын білу

3- топқа: Ғұндардың қытаймен қарым-қатынасы,ұлы қытай қорғанының салыну тарихын әңгімелеу

Оқушылар оқулықты оқып шығып, әуелі жұппен сосын топпен талқылап,ішінен лидер оқушы жинақтап кейін мұғалім қорытындылайды.

(Сабаққа белсенді атсалысқан оқушыға қызыл жетон үлестіріледі.)

Зерттеу сұрақтары:

Неліктен Мөде шаньюй «Жер-мемлекеттің негізі» деді

«Ойлан,бірік,бөліс» әдісі

Бағалау критерийі

Дескриптор


1.Ғұн тайпаларының ежелгі мемлекеттік бірлестік болғандығын түсінеді.

2.Ұлы қытай қорғанының салыну тарихын біледі

1.Ғұндардың ежелгі мекендеген жерін біледі.

2.Бет-пішінінің қай нәсілге жататынын ажыратады.

3Негізгі шаруашылық түрлерін біледі

4.Картадан ғұндар мекендеген аумақты көрсете алады.

5.Қазақ халқының ата-бабасы екендігін біледі.

6.Ұлы қытай қорғанының салыну тарихын біледі.

7.Ғұн тайпасының жауынгер халық болғанын талдай алады


Сергіту сәті.

«Тасаттық»әдісі арқылы сергіту сәтін жасаймын.(Оқушылар саусақтарын бір-бірлеп көбейту арқылы алақандарына соғып,жаңбыр жауу дыбысын шығарып ,кейін кері жасау арқылы жаңбыр дыбысын баяулатады )



2. «Ыстық картоп» әдісі (Жалпы оқушылар қамтылады.Тез жауап берген оқушыға қызыл түсті жетон үлестіріледі)

Сұрақтар:

1.Ғұндар қай нәсілге жатады?

2.Ғұндар қазіргі қай халықтардың ата –бабалары?

3.Шаруашылықтың негізгі түрі қандай болды?

4.Мөденің ел билеген уақыты?

5Мөде ел басқарған уақытта қандай көршілес тайпаларды бағындырды?

6.Ұлы Қытай қорғаны не үшін салынды?

7.Мөденің реформаларын ата?


Бағалау критерийі

Дескриптор:


1.Ғұндар туралы нақты мәлімет біледі.

2.Мөденің ішкі,сыртқы саясатын түсінеді

1.Ғұндардың қазақ халқының ата –тегі екендігін біледі.

2.Ғұндардағы шаруашылықтың негізгі түрін анықтайды.

3Мөденің басып алған аймақтары мен тайпаларының атауын біледі.

4.Ұлы Қытай қорғанының салыну тарихын біледі

5.Мөденің реформаларының маңыздылығын түсінеді.





«Ой толғау»

Тақырыбы: «Мен Мөде болсам»

Бағалау критерииі:1.Шығармашылық дағдылары қалыптасады

2.Мөденің маңызды тұлға екендігін дәлелдейді.

Дискрипторлар: 1.Ойлау және тілдік дағдылары қалыптасады

2.Мөденің тұлғасын сипаттайды

3.Мөденің іс әрекеттеріне баға береді

4.Мөденің тарихтағы маңызды тұлға екендігін анықтап,ой түйіндейді


Кері байланыс : «Білім ағашы» әдісі

Тақтада білім ағашы ілінеді.Оқушыларға стикерлер таратылады.Оқушылар бүгінгі сабақта өздеріне не ұнағанын,не ұнамағанын,нені білді, нені түсінбегенін жазып,білім ағашына іледі.Ағашқа ілінген стикерлерлерді оқып,оқушылардың түсінбеген тұстарына түсінік беріп жіберемін.

Қызыл түс: Сабақты толық меңгерген оқушы жазады

Жасыл түс: Жартылай меңгерген оқушы жазады.

Сары түс: Сабақты әлсіз меңгерген оқушы жазады

оқулық
































Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырдағы қазақ елінің тарихы. Оқулық. / Алматы, Кітап баспасы, 2010. 336-б.








Қазақ тарихы ғылыми әдістемелік журнал.

№9, №5 2010ж

№6, №2, 2015ж


Таратпа материалдар, кестелер, слайд









38-40












Үй тапсырмасы:





Презентация, кесте, стикер

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



Мәліметтерді жинап, нақтылау арқылы, топтық,жұптық және жеке жұмыс жасау тапсырмаларын беремін. Тапсырмалар жеңілден күрделіге өзгеріп отырады. Нәтижесінде оқушы білімі сараланып, мұғалім оқушы деңгейін анықтай алады. Термин сөздерге түсінік бере отырып,жұмыс жасау негізінде сөздік қорларын дамыту және сабақта пайдалануына мүмкіндіктер жасаймын. . Сабақ басында бейнематериал көрсету арқылы оқушылардың тыңдай білу дағдысын қалыптастырып,сабақ тақырыбы мен мақсатын ашуға бағыттаймын.

«Мәтінмен жұмыс»жасату арқылы оқушыларды тез ойлантуға бағыттаймын.

«Ойлан,бірік,бөліс» әдісі арқылы оқушылардың ойлау дағдыларын қалыптастырып,еркіндікке,пікірін айта білу денгейін арттырамын.

«Кім жылдам » әдісін қолданғанда білім алушының қызығушылығын арттыра отырып,шапшаңдық,белсенді болу қабілеттерін жүзеге асырамын.

«Ой толғау»жаздыру арқылы оқушылардың шығармашылық дағдыларын қалыптастырамын. Білім алушылар өзінің қызығушылыңына орай жеке қабілетін дамыта отырып,тарихи оқиғалардың құндылығын ұғынып,өзіндік бағасын береді.Тарихи оқиғаларды шынайы өмірмен байланыстырып, құнды пікір айта алады.Ең бастысы білім алушы мұғалім ұйымдастырған саралау тапсырмаларын қызығушылықпен орындай отырып,мұғалім тарапынан жеке тұлға ретінде қалыптасуына қолдау таба алады.

Нәтижесінде

1. Оқушылар берілген тапсырманы орындайды.

2. Сабақ барысында оқушылар өзіндік ой түйіп, пікірі қалыптасады.

3. Оқушылар сабақ барысында алған білімдерін пайдаланып өз ойын ашық, дәлелді жеткізеді.

Мұғалім оқушыларды жұмыс жасау барысында бақылап жүреді, қажет болса кеңестер береді. Әр топ өз жұмыстарын аяқтағаннан кейін, мұғалім жақсы жақтарын атап өтеді. Үздік жауаптар берген оқушыларды атайды.

Дерек мәліметтерін негізге ала отырып, дәлелді аргумент бере алған, сонымен қатар өзгерістерді анықтап және тарихи сабақтастығын көрсетіп, өз ойын жеткізген оқушылар бағал анады.

Сабақта оқушылардың іс -әрекеттерін ауыстырып отыру. Оқушы денсаулығын сақтау үшін қажет болған жағдайда сергіту сәттері ұсынылады. Интерактивті тақтаны қажет емес уақытта сөндіріп қою.



Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?









  • Сын тұрғысынан ойлап, дәлелдей алатын оқушылардың жетістіген мадақтауды үйрендім.

  • Бағалау критерийлері мен дескриптор құра білуге дағдыландым.

  • Оқушының танымдық қажеттілігін қанағаттандыру үшін сабақ мақсаттарына сәйкес тиімді жоспарлауды білдім.

  • Оқушыларға тиімді кері байланыс беруді үйрендім.

  • Білім мен дағдыны қалыптастыруға арналған белсенді әдіс – тәсілдерді анықтап, қажетті ресурстарды пайдалана білуді үйлендім.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
16 қараша
3447
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі