Білім беру салалары: «Таным», «Шығармашылық», «Денсаулық», «Қатынас», «Әлеуметтік орта».
Бөлімі: Тіл дамыту.
Ұйымдастырылған оқу қызметі : Кіріктірілген.
Тақырыбы: «Гүлге қонған көбелек»
Мақсаты: Балалар жыл бойғы алған білімдерін бекітеді.Тақырыпқа байланысты берілген тапсырма-ойындарды орындай алады.Қойылған қысқа сұрақтарға жауап бере алады.
(балалар әуенімен кіреді) Сәлеметсіздер ме!
Қуанасын сен де,
Қуанамын мен де.
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге!
Балалар көңіл күйлерін жақсыма ? Жақсы. Балалар, айтыңдаршы жылдың неше мезгілі бар?Қандай мезгілдер? Ал, қазір жылдың қай мезгілі? Дұрыс, көктем мезгілі. Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.
Сыңи тұрғысынан ойлау( жұмбақ жасыру,жауап алу)
Жұмбақ:
Үстіндегі көйлегі,
Түрлі түсті не керек.
Қызықтырар көргенді,
Мұның аты (көбелек) Дұрыс айтасыңдар, балалар.
Жұмбақ:
Шуақты жақсы көреді,
Шырайланып күледі. (Гүл) Дұрыс таптыңдар, балалар.
Ендеше бізге келіп қалған қонақты қарсы алайық.
Әуенмен көбелек қонаққа келеді. Сәлеметсіздер ме, балалар. Мен өзімнің гүліме қона алмай жүрмін, себебі гүлімнің күлтешелері шашылып қалыпты. Менің гүлімнің күлтешелерін жинауға көмек сұрап келдім. Секдер маған көмек бересіңдер ме? Жақсы, көбелек біз саған көмек береміз.
Қане, көбелек мен қарап жіберейін. Бұл гүлдің бетінде тапсырмалар бар екен, біз тапсырмаларды орындасақ, сол кезде ғана гүлдің күлтешелері құрастырылады.
Балалар қараңдаршы мынау не зат екен?Көбелектің себеті, ия дұрыс айтасыңдар,жарайсыңдар!
Осы себеттің ішінде не бар деп ойлайсыңдар?
Балалардың жауабы: ( Гүлдер,т б).
Жақсы, ендеше ашып көриік. Балалар қараңдар ішінде гүлдер бар екен. Бұл гүлдердің түсі қандай екен. (қызыл,сары).
Дұрыс айтасыңдар! Ендеше, біз осы екі түсті гүлдер арқылы екі топқа бөлінеміз. (командамен жұмыс)
1-ші күлтешенің тапсырмасы:
Педагогтың жетекшілігімен жүргізілетін ойын:
« Жыл мезгілдерін ажырат» .
Ойынның мақсаты: Жылдың төрт мезгілін ажырата алады.
Екі топ балалары да көбелекпен бірлесе отырып, ойынды ретімен ойнай алады.
неміз. (командамен жұмыс)
2-ші күлтешенің тапсырмасы:
Педагогтың жетекшілігімен жүргізілетін ойын: «Менің Отаным» (ляпбук)
Ойынның мақсаты: Өз Отанының рәміздерін, салт дәстүрлерін атайды, қойылған сұрақтарға жауап бере алады.
Жарайсыңдар балалар! Тапсырманы өте жақсы орындадыңдар.
3-ші күлтешенің тапсырмасы:
Құрылымдалған ойын: « Мамандықтың бәрі жақсы» .
Ойынның мақсаты:Мамандық иелерін атайды және ажырата алады.
Екі топ балалары да көбелекпен бірге ойынды ретімен ойнай алады.
4-ші күлтешенің тапсырмасы:
Құрылымдалған ойын: « Бұл қай ертегілер» .
Ойынның мақсаты: Ертегілер аттарын атай отырып, ажырата алады.
Екі топ балалары да көбелектіңкөмегімен ойынды ретімен ойнай алады.
5-ші күлтешенің тапсырмасы:
Еркін ойын: «Менің сүйікті мамандығым» .
Ойынның мақсаты: Дайын мамандық иелері ойын құралдарымен өз қалауларынша ойынды ойнай алады. (Бала үні)

Әуенмен сергіту, саусақ жаттығуы: «Тазалықты сүйеміз».
Мақсаты: Балалар жаттығуды әуенмен қимыл жасай отырып, саусақ жаттығуын қайталап жасай алады. Балалардың жаттығу арқылы дене мүшелері сергіп және саусақтары қимылдап, ұсақ қол саусақ моторикасы дамиды.
Жарайсыңдар балалар! Ойынды өте жақсы орындадыңдар.
6-ші күлтешенің тапсырмасы:
Құрылымдалған ойын: «Затты ретіне қарай, санмен анықта»
Ойынның мақсаты: Балалар 1 ден 5 ке дейінгі сандарды біледі және белгі бойынша санмен топтастырады.
7-ші күлтешенің тапсырмасы:
Педагогтың жетекшілігімен жүргізілетін ойын: «Гүлге қонған көбелек»
Ойын мақсаты: Гүлдерге түсіне қарай көбелектерді қондыра алады.
Көбелек өзінің қонатын жеті күлтелі гүлін құрастырып қалпына келтіріп бергеніне риза болып, қуанып қалды.
Балалар, гүлдердің күлтешелерінің тапсырма-ойындарын өте жақсы орындадыңдар. Ойын арқылы білгендеріңді пысықтадыңдар, мен сендерге рахмет айтамын.Сендерге арнап алып келген сыйлығымды ала қойыңдар. Марапаттау,жұлдызшалар тарату.
Жарайсыңдар ,балалар.Осымен бүгінгі оқу қызметімізді аяқтаймыз..
Қол ұстасып бәріміз,
Жарасады сәніміз.
Көріскенше күн жақсы,
Сау болыңыз бәріңіз.
Балалар залдан әуенмен шығып кетеді.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Гулге қонған көбелек

шағым қалдыра аласыз