400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғылым және білім. сөз ұғымын үйрету(2)

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып оқушыларға "сөз" ұғымын ашып түсіндіру жолдары. Бастауыш сынып оқушылары "сөз" мағынасын жете түсінуі үшін қолданылатын таблицалар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ғылым және мектеп

Сөз ұғымын үйрету(2)

2.Заттық суреттермен жұмыс. Кіші мектеп жасындағы оқушыларға «сөз» ұғымын ете түсіндіру сабақта түрлі түсті суреттерді пайдаланудың үлкен мәні бар. Сурет жас шәкірттің сезіміне мейілінше әсер ететін, жоқ затты алмастыратын білім көзі. Әр затты жеке-жеке бейнелеген заттық суреттерді көрсете отырып, мұғалім әрбір сөздің беретін ұғымын оңай, әрі жіті түсіндіре алады. Мұғалімдер көрнекілікті ұмытпауы керек, тақырыпқа лайықты қолданылуы керек. Мұндай методикалық талапқа жауап беретін тақырып мазмұнына лайық қолданылуды керек ететін негізгі тәсілдердің бірі – топтау тәсілі. Бұл тәсіл бойынша мынадай жаттығу жұмыстары жүргізіледі:

1) аралас берілген әр түрлі заттар тобын бейнелейтін заттық суреттерді топқп, класқа бөліп сұрыптау; (Мысалы, малды бір бөлек, аңдарды – бір бөлек);

2) жалпы ортақ ұғымға қатысты жеке – дара ұғымдарды беретін сөздерден жалпылаушы мүшелері мен

2. Таблица.

аңдар

мал

ыдыстар

ағаштар

арыстан

түйе

шайнек

қарағай

санамалаушы мүшелері әр орында келген сөйлемдер жасату (Мысалы:Ағаштар: терек, қайың, шырша – ағаштар).

Мұндай жаттығулар оқушыларды жүйелілікке, аталған тақырып мазмұнын жете түсінуге әрдем етеді.

3. Сөзік жұмысы. Тиімді жүргізілген жұымстарда оқушыларға «сөз» ұғымын түсінуге көмектеседі. Сөздік жұмысы суретпен жүргізілетін жұмыспен мазмұндас. Алайда, сөздік жұмыстар процесінде оқушылардың дербес ойлауына, кеңірек сөйлеуіне өз бетінше сөздер таба білуіне көбірек көңіл бөлінеді. Дәлрек айтқанда, сөздік жұмыстарын орындау барысында оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыра бастайды. Мұғалім оқушыларға таратып берілген бірнеше сөздік карточкалардағы әр түрлі заттық ұғымдарды білдіретін сөздерді логикалық сөз топтарын топтап, сұрыптау реттерін түсіндіреді. Әр топтағы сөздерден сөйлем жасауға басшылық етеді. Сондай-ақ оқушылардың өз бетінше белгілі логикалық сөз типтеріне жататын сөздерді табуына немесе «сөз» тақырыбына арналған үлестірмелі картрчкалардағы қалыпты тапсырмаларды орындауға дағдыланады. Сабақта мұндай таратпа карточкалардың мындай түрлерін пайдалануға болады.

1. Берілген тірек сөздерді таблицалардағы тиісті бағандарға орналастыру.

Жаттығу үлгісі. 1. Тірек сөздер: жылқы, аю, кесе, терек, қасық, т.б.

Таратпалы карточкалардың бұл түрі бойынша сөз типтерін үйретуге арналған логикалық жаттыруларды ауызша да, жазбаша да орындау тиімді. Жазбаша жұмыста таблицадағы көп нүктелердің сол бағандағы атауға қатысты тірек сөздер тапқызылып жаздырылады; ауызша жұымыста тірек сөздердің мағынасына қарай тиісті бағандарға бөлініп айтқызылады.

3. Таратпа каточкалада көп нүктктелердің орнына ойдан сөз таптырып жаздыру.

Жаттығу үлгісі.

Қ ұ с т а р : қарға, ..., ..., ... .

Ж е м і с т е р: алма, ..., ..., ... .

К ө к ө н і с т е р: қияр, ..., ..., ... .

Бұл жаттығуға өздік жұмысын жүргізу суреттегі тақырыпқа сай заттардың атын атату немесе сынып болып сұрау – әңгіме әдісі арқылы қажетті сөздерді айқындап алудан бастаса да болады.

Кіші жастағы мектеп оқушыларына «сөз» ұғымын үйрету сабақтарын жеке оқушылардың қабылдау дәрежесіне қарай дефференциялап өткізуде қажет-ақ. Ондай мақсатқа сай мынадай жаттығуларды жүргізген тиімді.

4. Бір типтегі сөздерді одан төменгі топтарға тарату.

Жаттығу үлгісі.

Т і р е к с ө з д е р: лақ, қозы, құлын, жабағы, серке, тоқты, тай, құнан, теке, ... .

Ү й ж а н у а р л а р ы: жылқы, қой, ешкі.

  1. Жылқы атаулары: ..., ..., ... .

  2. Қой атаулары: ..., ..., ... .

  3. Ешкі атаулары: ..., ..., ... .

Тапсырма: көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойыңдар.

Алынған сөздердің мағынасына қарай аталған сөздерден «Қай жануар қандай дыбыс шығарады?» деген сұраққа жауап бола алатын бастауыш – баяндауышпен құралған екі сөзді жалаң сөйлемдер құрастыруға үйрету де оқушылардың тақырып мазмұнын тиянақты меңгеруіне көмек етеді.

Берілген жаттығулар сияқты басқа да жаттығу түрлерін мұғалім өзінің іс тәжірибесіне сүйене отырып, шығармашылық жолмен көбейте беруіне болады.

Қысқасы, «сөз» ұғымын түсіндіру белгілі бір жүйемен жүргізілсе, бастауыш сынып оқушыларының аталған тақырып жалғасы заттың аты ғана емес, оның сынын, сапасын, санын, қимылын, мекен-мезгілін, т.б. сөз түрлерін жете меңгеруіне толық мүмкіндіктер жасалып, олардың оқу жұмысына дағдылану қаблеті арта бермек.

Ш.Әуелбаев



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 ақпан
378
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі