400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғылым және мектеп. Сөз ұғымын үйрету (1)

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып оқушыларына сөз үйрету тақырыптары кіші жастағы оқушылардың ой өрісіне сай жүргізге көмектеседі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ғылым және білім

Сөз ұғымын үйрету

«Сөз» деген ұғым бірінші сыныпта сауат ашуға дейінгі кезеңде-ақ үйретіле бастайды. Мектепте аталмыш тақырып оқушыға кез келген заттарды көрсету арқылы оқытылады. Мысалы, мынау – стөл, аанау – парта, бұл – кітап, ол – қалам. Осындай мысалдар келтіріліп, әрбір заттаың аты «сөз» деп аталатындығы түсіндіріледі. Мұғалімнің мұндағы көздеген мақсаты – әрбір сөздің жеке-жеке бір ұғымды білдіруін түсіндіру, әрбір заттар мен құбылыстардың атауы сөз деп есесптелетінін білдіру. Бұл әрине, тақырып мазмұныны ашатын дәстүрлі әдіс. Алайда, аталған тақырыптың осылайша түсіндірілуінде айтарлық кемшілік бар екенін көптеген тәірибелі мұғалімдердің өздері де жете ескере бермейді. Ол кемшілік – сөздерді үйретудегі логикалық жүйенің сақталмауы. Мұндай сабақтарда әр түрлі заттардың , оқу құралдары мен мектеп жиһаздарының, жануарлар мен өсімдіктердің, т.б. атаулардың суретін көрсету арқылы «сөз» деген ұғым түсіндіріле бастайды. Мұндай сабақтарда оқу құралдарының аттары да (кітап, қалам, дәптер, т.б.), аң аттары да (арыстан, қасқыр,т.б.), адам аттары да (Марат, Ербол, Болат, т.б.) аралас айтылып, таныстырыла береді. Нәтижесінде, бастауыш сыныптағы оқушыға қойылатын негізгі методикалық талаптардың бірі- жүйелілік принципі бұзылады. Осының салдарынан оқу жұмысына әлі төселе қоймаған жалпы ой өрісі мен түсіну деңгейі жетілмеген кіші жастағы оқушылар оқу материялын жүйелі түрде жете қабылдай алмайтын дәрежеде қалып қояды. Мұндай сабақтар оқушыларды сыныптан тыс уақыттарда өзін қоршаған дүниені, табиғат әлемін жеке-дара сезініп, талдап қабылдағанмен, жинақтап жүйелі қабылдауға үйретіп, дағдыландыра алмайды.

Аталған олқылықты болдырмау үшін «сөз» үйретуге арналған сабақтардың жалпы дәстүрлік құрылымын біршама өзгертіп, оқу процесін тақырыпқа сай қолдануды қажет ететін жүйелілік принципі негізінде жүргізілетін логикалық жаттығулармен жетілдіру керек болады. Басқаша айтқанда, сөз ұғымын үйрету кез келген заттарды не олардың заттық суреттерін араластыра, ретсіз көрсету арқылы емес, ондай таным көзі заттарды белгілі топқа, сыныпқа бөліп, сөздерді топтарымен таныстыру арқылы, яғыни жүйелілік принциппен оқылатын болса ғана тиімді нәтиже бермек.

Бастауыш білім берудің алғашқы кезеңдерінде сөз үйрету тақырыптары кіші жастағы оқушылардың ой өрісіне сай , олардың өздеріне жете таныс заттар мен құбылыстардың аттарын білдіретін сөздерден таңдалып, сараланып және дербес ерекшеленіп алынға логикалық топтары болуға тиіс.

1-сынып оқушылары үшін логикалық сөз топтарының мынандай негізгі типтерін ұсынуға болады; 1) Жеміс аттарын білдіретін сөздер (алма, шие, жүзім...); 2) Көкөніс аттарын білдіретін сөздер; (қауын, қарбыз, қияр, сәбіз...); 3) Үй жануарларының аттарын білдіретін сөздер;(қой, ешкі, сиыр,жылқы...); 4) Төл аттарын білдіретін сөздер; (лақ, қозы, бұзау...); Ыдыс аттарын білдіретін сөздер; (кесе,қасық, шанышқы...); 5) Аң аттарын білдіретін сөздер;(аю, түлкі, қасқыр...); 6) Қала аттарын білдіретін сөздер;(Атырау, Ақтау, Алматы...); 7) Дақыл аттарын білдіретін сөздер; (Бидай, Арпа,Сұлы...).

Берілген сөз типтеріндегі сөдер міндетті түрде логикалық жүйелілік принципі бойынша оқытуды керек етеді. Яғни әрбір сөз типтеріне енген сөздер өз тобынан бөлініп, басқа топтағы атаулармен араластыра үйретілмейді, тек өз тобындағы сөздердің құрамында ғана оқытылады. Мұның өзі арнайы сөйлем құрылымдарын логикалық бағымдауға байланысты екі түрі бар: бірінші – жалпылауыш компаненті бұрын , санама (түсіндірме) компаненті соң келген сөйлем құрылымы.(Мысалы: Қозы, лақ, бұзау – төлдер ).

Сөз ұғымын меңгерту арнайы логикалық жаттығулар арқылы оқылады. Енді сөз үйретуге арналған логикалық жаттығулардың негізгі түрлеріне тоқталамыз.

  1. Таблицалармен жұмыс. Сабақта сөз үйренуге арналған суретті таблицаларды пайдаланудың мәні зор. Таблицалар оқушылардың көру сезімін тәрбиелеп, оқу материялдарының өзекті мазмұнын жинақтап, біртұтас қабылдауға , одан алатын білім негіздерін жүйелі меңгеруге мүмкіндік береді. Сондықтан жоғарыда берілген логикалық сөз типтерін мынадай таблицалар ( «Сауат ашуға арналған таблицалар», Алматы, «Мектеп» баспасы, 1989ж. Басқа таблицаларда содан алынды) арқылы оқытуға болады:







1- таблица

Жеміс аттарын білдіретін сөздер

сөйлем

сөздер

Сөйлем

Жеміс-тер; алма, шие, өрік, үзім.


1.Жемістер

2.алма,

3. шие,

4.өрік,

5.жүзім.

Алма, шие, жүзім – жеміс-тер

2 – таблица

Көкөніс аттарын білдіретін сөздер

Сөйлем

сөздер

сөйлем

Көкөністер: қауын, қарбыз, қияр, сәбіз.


1)Көкөніс-тер,

2)қауын,

3)қарбыз,

4)қияр, 5)сәбіз.


Қауын, қарбыз, қияр, сәбіз – көкөніс-тер .



Қалған таблицалар да осы берілген таблицалардың жүйесімен асаған.

Бұл берілген таблицалардың мазмұны мен құрлысы «сөз» тақырыбын үйретуге толық мүмкіндік береді. Бірінші таблицада логикалық сөз типтерінің белгілі бір тобын – жемістердің атын атайтын сөздер берілсе, екінші схемада логикалық сөз типтерінің басқа бір тобы көкөністерге қатысты сөздер тобы көрсетілген. Сондай-ақ таблицаларда бір ізділік жүйе сақталған.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 ақпан
448
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі