400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Ғылым мен білімнің дамуы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылымның даму барысымен көрнекті ғалымдар жайлы кеңінен мағлұмат бере келіп, олардың еңбектерінің тарихи маңызын ашып көрсету.
Материалдың қысқаша нұсқасы








































7-«А» сынып

Тақырыбы: Ұлы Жібек жолының тармақтары.

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік: Ұлы Жібек жолы ел мен елді қалалар мен халықтарды бір-біріне жалғаған сауда жолының пайда болуына себепші болғанын баяндау. Ұлы Жібек жолы Азия мен Европаға жол салған әлемдік өркениеттің жарқын көрінісі.

2. Дамытушылық: Салыстыру, есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып, өз ойын еркін білдіре алуға, ойындар арқылы шапшаңдылыққа баулу.

3. Тәрбиелік: Өз елін, халқын суюге, азаматтық пен адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас.

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, деңгейлік тапсырмалар, тарихи дата, тарихи оқиға, кім жылдам ойыны.

Көрнекілігі: Сүреттер, тірек-сызбалар, слайд.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

ІІ. Оқушылар назарын сабаққа аудару.

ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Үш партаға үш тапсырма беріледі:

1-«тарихи дата», 2-«тарихи тұлға», 3-«тарихи оқиға».

  1. Тарихи дата.

  1. Қыпшақ хандығы қай уақыт аралығында өмір сүрді? (ХІ-ХІІІ ғғ.).

  2. Қыпшақтардың этникалық құрамы қай кезден бастап қалыптаса бастады? (VІІ –VІІІ ғғ.).

  3. Қыпшақтар құрамына қимақтар қашан қосылды? (ХІ ғасырдың соңы).

  1. Тарихи оқиға.

  1. Қыпшақтар орыс даласындағы Кавказ, Қырымға дейін, билегенде орыстардың берген атауы қалай аталады? («Половшылар»).

  2. Дунай бойына жеткен Венгерлердің берген атауы қалай аталады? («Кундар» немесе «Командар»).

  3. Хорум шахы Мухаммед пен Қыпшақ хандары қай қалалар үшін соғысты? (Сыр бойы).

  1. Тарихи тұлға.

  1. Хан тағына елборы тайпасынан сайланғанын жазған кім? (Жүзжани).

  2. Қыпшақтардың малының көптігіне таң қалған жазушы кім? (Ибн Боттута).

  3. Арбаны 10-22 өгіз тартады, жылқылары Иран, Египет, Үнді жерінде 100-500 динар тұрады деген саяхатшылар кімдер? (П.Карпини, Г.Рубрук).

Ұй тапсырмасын қорытындылау.

  1. Қай жерлерді «Қыпшақ даласы» деп атады? (Алтайдан Еділге дейін).

  2. Қыпшақтың шығыс бөлігінде неше тайпа болды? (16 тайпа).

  3. Қыпшақтың батыс бөлігінде неше тайпа болды? (11 тайпа).

  4. ХІ ғасырда Арал маңына билік жүргізген кезде қандай тайпалар қосылды? (қаңлы, қарлұқ, жікілер).

  5. М.Қашғаридың айтуы бойынша қыпшақтар құлды не деп атады? (Ялангук).

  1. Қыпшақ тайпаларының ішінде ең беделдісі қай тайпа болды? (Бөрілер).

  2. Қыпшақтың оң қанатының орталығы қай қала? (Сарайшық).

  3. Қыпшақтың сол қанатының орталығы қай қала болды? (Сығанақ).

  4. Қыпшақ бөлігінің беделдісі қай қанат болды? (оң қанат).

  5. Қыпшақ хандары қай тайпадан сайланды? (Елбөрілі).

  1. Қыпшақтарды орыс деректерде не деп атады? (Половшылар).

  2. Қыпшақтарды венгерлер не деп атады? («Құндар» немесе «командар»).

  3. Қыпшақ мемлекетін араб деректерінде не деп атады? (Дешті Қыпшақ).

  4. VІІІ-ХІ ғ Қыпшақ тайпалары қай мемлекеттің құрамында болды? (Қимақтар).

  5. Қыпшақ халқының қалыптасуының соңғы кезеңіне не бөгіт болды? (Монғол шапқыншылығы).

ІV. Жаңа сабақ жоспары:

Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы.

Ұлы Жібек жолының халықаралық қарым-қатынасты дамытудағы тарихыдағы маңызы.

Оңтүстік Қазақстан – Ұлы Жібек жолының Батысқа шығатын қақпаларының бірі.

Ұлы Жібек жолының әлеуметтік-эканомикалық маңызы.

V. Жаңа сабақ барысы:



VІ. Жаңа сабақты бекіту:

«Кім жылдам» ойыны.

  1. Жібек сауда жолына «Ұлы» сөзінің қосылу себебі. (Шығыс пен Батысты байланыстырады).

  2. Б.з.б. ІІ-І ғ. Қытай елімен қай ел сауда байланысын жасады? (Үйсін).

  3. Жібек жолы басы қай жерден басталды? (Қытай жеріндегі Хуанхэ өзені).

  4. Қытай елінен алғаш рет жібек артқан керуендер Батысқа қарай жолға шыққан ғасыр. (Б.з.б. І ғ. ортасы).

  5. Жібек сауда жолы арқылы ерте кезден көп елге тараған қазіргі кезге дейін базарда сатылатын көкөніс түрі? (Қытай немесе болғар бұрышы).

  6. Жібек өндіруді дамытып, Қытаймен бәсекеге түскен ел? (Соғды).

  7. Соғды тілінде жазылған қолжазба Жібек жолы арқылы жеткізіліп, осы уақытқа дейін сақтаулы тұрған ел? (Жапония).

  8. Византия шеберлерінің жасаған күміс құмыралар табылған қала? (Тараз).

  9. Жібек жолының халықаралық қарым-қатынас жағынан дами бастаған кезеңі? (Б.з.б. ІІ ғ. ортасы).

  10. Қытай императоры У-Дидің 138 ж Жібек жолы арқылы Батыс елдеріне жіберілген елшілігі қанша жылдан кейін қайтып оралды? (13 жыл).

  1. Алғашқы кезде сауда жолында елшіліктер арасында ақша, құнды сыйлық орнына жүрген аса бағалы тауар? (Жібек).

  2. Қазақстанның Оңтүстік-Шығысындағы Шығысқа шығатын керуен жолының қақпасы? (Жетісу).

  3. Жібек жолының Қазақстандағы Солтүстік-Шығыс тармағы арқылы Моңғолияға Мөңке хандығына барып қайтқан елші? (В. Рубрик).

  4. ХVІІІ ғасыр басында Жібек жолында сауданың бәсендеп, қалалардың әлеуметтік-эканомикалық жағынан күйреуіне алып келген оқиға? (Моңғол шапқыншылығы).

  5. Ұлы Жібек жолы қатынасының әлсірей бастауына әсер еткен басты оқиға? (ХVІІ ғасырдан бастап теңіз жолының ашылуы).

  6. Қытай императоры жібектен жасалған әшекей киімдерді кімге сыйлық ретінде жіберді? (Иран шахына).

  7. Жібек қай ғасырда бүкіл Европаға белгілі болды? (б.з.б. ІІ ғ.).

  8. Қытайдық фарфордан жасалған ыдысы табылған қала? (Тараз).

VІІ. Бағалау.

VІІІ. Үйге тапсырма: «Ұлы Жібек жолы» деген тақырыпта реферат дайындау.

Сөзжұмбақ

  1. Соғды тілінде жазылған қолжазба Жібек жолы арқылы жеткізіліп, осы уақытқа дейін сақтаулы тұрған ел.

(Жапония)

  1. Б.з.б. ІІ-І ғ.ғ. Қытай елінің сауда байланысын жасаған ел.

(Үйсін)

  1. Жібек жолының Қазақстандағы Солтүстік-Шығыс тармағы арқылы Монголияға Мөңке хандығына барып қайтқан елші.

(В.Рубрук)

  1. Қазақстанның Оңтүстік-Шығысындағы шығысқа шығатын керуен жолының негізгі қақпасы.

(Жетісу)

  1. Византия мемлекеті қай елмен одақ құрып Иранға қарсы шықты?

(Түрік)

7-«А» сынып

Тақырыбы: Ғылым мен білімнің дамуы.

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік: Х-ХІІғ.ғ. ғылымның даму барысымен көрнекті ғалымдар жайлы кеңінен мағлұмат бере келіп, олардың еңбектерінің тарихи маңызын ашып көрсету.

2. Дамытушылық: Ғылыми еңбектерді, көркем шығармаларды түсініп оқуға, ізденіске дағдыландыру, топпен жұмыс жасауға үйрету.

3. Тәрбиелік: Өз елін, жерін суюге, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас.

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, баяндау, сөзжұмбақ, талдау.

Көрнекілігі: Карта, слайд.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа әзірліктерін тексеру.

ІІ. Оқушылар назарын сабаққа аудару.

ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Жылдар сөйлейді: (схема)

«Ислам» сөзжұмбақ.

«Кім көп біледі?» сұрақтар.

  1. Жазба деректерде Сырдария бойы неге табынған? (қайға).

  2. Шарап ашытатын орын христиан кресті табылған жер. (Ақтөбе жүрты).

  3. 704 жылы Шашты басып алған араб қолбасшысы кім? (Кутейба ибн Муслим).

  4. Түрлі діндер мен нанымдар тараған жер? (Жетісу).

  5. Отырарға 4 км жердегі Байылдыр қыстағындағы мешіт түрі? (Жұма мешіті).

  6. Арабтар көрші елдерді қандай ұранмен жаулап ала бастады? (Дін үшін соғыс).

  7. Орта Азия мен Қазақстанға арабтардың жаулап алуынан бастап ене бастаған дін? (Ислам).

  8. Адамның басы құбылаға қаратылып, жанына ешбір зат бірге қойылмай жерленген. Мұндай жерлеу салты кімдерге тән? (Мұсылмандарға).

  9. Құйрықтөбе және Отырар қалаларын қазған кезде ХІ-ХІІ ғасырға жататын үйлерде отқа табыну әдетіне байланысты не табылды? (Ошақтар).

  10. Өздерінің шыққан тегін қоймен байланыстырып қорғаушы ретінде оған табынатын болған тайпа? (Оғыздар).

  11. 751 жыла Атлах қаласы түбінде болған ұрыста қарлұқтар мен арабтар бірлесіп, қай мемлекетке қарсы шықты? (Қытай).

  12. Исламды Боғра хан Қарахан мемлекетінің мемлекеттік діні деп қашан жариялады? (960 ж).

ІV. Жаңа сабақ жоспары:

  1. Ғылымның дамуына үлес қосқан ғалымдар.

  2. Тіл білімінің негізін салушы ғұламалар.

  3. Әдебиет саласының кемеңгерлері.

Қызығушылықты ояту:

Мақал-мәтелдердің жалғасын тап:

Ғылым – теңіз, білім – қайық.

Ақыл азбайды, білім тозбайды.

Ілім бұлақ, білім шырақ.

Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір.

Білім арзан, білу қымбат.

Байлықтың кілті ғылым.

І топқа: Ғылымның дамуына үлес қосқан ғалымдарға баға беру.

ІІ топқа: Тіл білімінің негізін салушы ғұламалар туралы мағлұматтар беру.

ІІІ топқа: Әдебиет саласының кемеңгерлері туралы баяндау.

(Топтар берілген тапсырманы қорғап жатқан кезде, тақта бетінде ғұламалардың суреттері тұрады).

V. Жаңа сабақ барысы:

Әр бір топ өзіне ұнаған топшаманы таңдағаннан кейін тапсырма беріледі:

Shape1 Shape2 Shape3

Тест

Семантикалық карта

Сәйкестендіру тесті





Тест:

  1. Шығыстың аса көрнекті ғалымы Әбу Насыр Әл-Фараби шығармаларын қай тілде жазды?

  1. Түрік

  2. Парсы

  3. Араб

  1. Өз еңбектерінде адам дүніесі және оның мәнін өзінің сезім мүшелерімен ақыл-ойы арқылы таниды деп түсіндірген ғалым.

  1. М.Қашғари

  2. Әл-Фараби

  3. Ж.Баласағұны

  1. М.Қашғаридың аты.

  1. Махмуд Хусейн ибн Мұхаммед

  2. Махмуд Қазы Бахадир

  1. Жүсіп Баласағұни дүниеге келген қала.

  1. Суяб

  2. Фараб

  3. Баласағұн

  1. Жүсіп Баласағұни «Құтадғу білік» еңбегін Баласағұнда бастап қай қалада аяқтаған болатын.

  1. Қашқар

  2. Отырар

  3. Тараз

  1. Сүлейман Арслан хан қай ғұламаның сыйлығы үшін оған Ұлы хас хажип деген лауазым берген?

  1. М.Қашғари

  2. Әл-Фараби

  3. Ж.Баласағұны

  1. Ахмет Иугнакидің шын аты.

  1. Жүсіп Хас-Хажип

  2. Ибрахим

  3. Әдіб Ахмет Махмудұлы

  1. Қожа Ахмед Иассауидің әкесі, атақты ғұлама адам.

  1. Ибраһим

  2. Мұхаммед Қанапия

  3. Мәті би

  1. Ахмед Иассауидің жолын құған шәкірттерінің бірі ғұлама ақын, ел ішінде хакім аты аталған кім?

  1. Қадырғалы Жалайыри

  2. Сүлеймен Бақырғани

  3. Мұхаммед Хайдар Дулати

  1. ХІІІ ғасыр басында Оңтүстік Қазақстанда мұсылман дінінің кең түрде етек жая бастауына байланысты жарық көрген Али ақынның поэмасы.

  1. «Хұсырау-Шырын»

  2. «Ләйлі-Мәжнүн»

  3. «Жүсіп-Злиха»

Семантикалық карта

Дұрыс жауапқа «+» белгісін қояды (схема)

Сәйкестендіру тесті (схема)

VІ. Жаңа сабақты бекіту:

Әдебиеттің көрнекті өкілдері

Shape4

«Ақырзаман»

«Даналық»

«Ақықат сыйы»

Али ақын

Ахмет Иассауи

Ахмет Игунеки





Сүлеймен Бақырғани

«Жүсіп-Злиха»

Тіл білімінің дамуына үлес қосқан ғалымдар:

Махмуд Қашғари Жүсіп Баласағұни

(1030-1090 ж) (1021-1075 ж)


VІІ. Бағалау.

VІІІ. Үйге тапсырмаберу.

Тақырып бойынша реферат дайындап келу.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
704
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі