400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ҒЫЛЫМ ТАППАЙ МАҚТАНБА

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай Құнанбайұлының 175 - жылдығына орай Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, ақын шығармашылығын жас ұрпақтың «жүрегіне терең бойлатып», Абайдың жұмбақ әлемінің тылсым сырларына үңілту, дарынды жастарды анықтау және оларға шығармашылық тұрғыдан қолдау көрсету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Құрметті ұстаздар,оқушылылар Абай Құнанбаевтың 175 жыл толуына байланысты, мектебіміздегі «Абайды білмек керек ойлы жасқа» тақырыбы аясында өткелі отырған «Ғылым таппай мақтанба» тақырыбында 7,8,9,11 сыныптар арасындағы пікір сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

30 мамыр 2019 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің

«Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына арналған» жарлығы шықты.

Мақсаты: Абай Құнанбайұлының 175 - жылдығына орай Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, ақын шығармашылығын жас ұрпақтың «жүрегіне терең бойлатып», Абайдың жұмбақ әлемінің тылсым сырларына үңілту, дарынды жастарды анықтау және оларға шығармашылық тұрғыдан қолдау көрсету

Міндеті:

Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, қадірлеуге, асыл мұрасындай есте сақтауға баулу;

Көркем сөйлеуге, өз бетімен іздене білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу;

Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру;

Жастардың өмірден өз орнын табуға бағыттау;

Қазіргі абайтанушы ғалымдардың ақын шығармаларын зерттеу, жинақтау, жариялау, насихаттау тұрғысындағы жұмыстарын талдауға бағыттау;

Қазақтай дана, Абайдай дара елдің ұрпағы екендіктерін сездіре отырып, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.

«ҒЫЛЫМ ТАППАЙ МАҚТАНБА» ТАҚЫРЫБЫНДА ПІКІРСАЙЫС.

Мақсаты:

Абай мұрасын зерделеп, белгілі бір фактілерді зерттеуге, болжауға, жүйелеп сөйлеуге, өз көзқарасын ашық та жүйелі етіп дәлелдеуге және өз бағытын дұрыс ұсынуға жетелеу;

Қарсы пікірдегі адамдардың қойылған мәселелерін жан-жақты қарап, ойланып- толғануға көмектесу;

Міндеті:

Тіл үйренушінің сөйлеу дағдысын қалыптастыру;

Өз көзқарасын айтуға машықтандыру;

Оқушының қоғамға деген көзқарасы мен қызығушылығын қалыптастыру;

«Ғылым таппай мақтанба» тақырыбында ой қозғату;


Абай Құнанбаевтың өлеңдерін оқып оқушылар осы өлең туралы, өз көзқарасын айтуға машықтанды, қоғамға деген көзқарасы мен қызығушылығын қалыптастырады;


8-сынып. Меңдахметова Аружан.

Ел бұзылса, құрады шайтан өрмек,

Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек,

Ашуың - ашыған у, ойың - кермек.

Мұңдасарға кісі жоқ сөзді ұғарлық,

Кім көңілді көтеріп, болады ермек?

Жас - қартаймақ, жоқ - тумақ, туған - өлмек,

Тағдыр жоқ өткен өмір қайта келмек.

Басқан із, көрген қызық артта қалмақ,

Бір құдайдан басқаның бәрі өзгермек.

Ер ісі - ақылға ермек, бойды жеңбек,

Өнерсіздің қылығы өле көрмек.

Шыға ойламай, шығандап қылық қылмай,

Еріншек ездігінен көпке көнбек.

Жамандар қыла алмай жүр адал еңбек,

Ұрлық, қулық қылдым деп қағар көлбек.

Арамдықтан жамандық көрмей қалмас,

Мың күн сынбас, бір күні сынар шөлмек.

Адамзат тірлікті дәулет білмек,

Ақыл таппақ, мал таппақ, адал жүрмек.

Екеуінің бірі жоқ, ауыл кезіп,

Не қорлық құр қылжаңмен күн өткізбек?

Наданға арам- ақылды құлаққа ілмек,

Бұл сөзден ертегіні тез үйренбек.

Рас сөздің кім білер қасиетін,

Ақылсыз шынға сенбей, жоққа сенбек.

Қызыл арай, ақ күміс, алтын бергек

Қызықты ертегіге көтерілмек.

Ақсақалдың, әкенің, білімдінің,

Сөзінен сырдаң тартып, тез жиренбек.

Ақылды қара қылды қыраққа бөлмек,

Әр нәрсеге өзіндей баға бермек.

Таразы да, қазы да өз бойында,

Наданның сүйенгені көп пен дүрмек.

Алашқа іші жау боп, сырты күлмек,

Жатынын тіріде аңдып, өлсе өкірмек.

Бір - екі жол болған кісі көрсе,

Құдай сүйіп жаратқан осы демек.

Ел бұзылса, құрады шайтан өрмек,

Періште төменшіктеп, қайғы жемек.

Өзімнің иттігімнен болды демей,

Жеңді ғой деп шайтанға болар көмек.

Сырттансынбақ, қусынбақ, өршілденбек,

Сыбырменен топ жасап бөлек-бөлек.

Арамдықпен бар ма екен жаннан аспақ,

Өзімен өзі бір күн болмай ма әлек?

Қолдан келе бере ме жұрт меңгермек,

Аладық, арамдықты кім теңгермек?

Мақтан үшін қайратсыз болыс болмақ,

Иттей қор боп, өзіне сөз келтірмек.

9-сынып. Слямбекова Аяужан,7-сынып. Асқарбекқызы Шұғыла.

Жасымда ғылым бар деп ескермедім

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ержеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Бұл махрұм1 қалмағыма кім жазалы,
Қолымды дөп сермесем, өстер ме едім?
Адамның бір қызығы – бала деген,
Баланы оқытуды жек көрмедім.
Баламды медресеге біл деп бердім,
Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.

Өзім де басқа шауып, төске өрледім,
Қазаққа қара сөзге дес бермедім.
Еңбегіңді білерлік еш адам жоқ,
Түбінде тыныш жүргенді теріс көрмедім.

7-сынып. Қалиханқызы Маржан.

Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап

Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап.

Өзіңді сенгіштікпен әуре етпе,
Құмарпаз боп мақтанды қуып кетпе.
Жұртпен бірге өзіңді қоса алдасып,
Салпылдап сағым қуған бойыңа еп пе?

Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме,
Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме.
Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,
Сонан тапқан шын асыл, тастай көрме.

7-сынып. Ерғазықызы Іңкәр.

Желсіз түнде жарық ай

.Желсіз түнде жарық ай

Желсіз түнде жарық ай,

Сәулесі суда дірілдеп,

Ауылдың жаны терең сай,

Тасыған өзен күрілдеп.

Қалың ағаш жапырағы

Сыбырласып өзді-өзі,

Көрінбей жердің, топырағы,

Құлпырған жасыл жер жүзі.

9-сынып. Мадиярова Аружан, 8-сынып. Уақасов Нұрдәулет.

Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы

Өлең- сөздің патшасы

Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы

Өлең — сөздің патшасы,сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы.

Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,

Ол — ақынның білімсіз бишарасы.

Айтушы мен тыңдаушы көбі —надан,

Бұл жұрттың, сөз танымас бір парасы.

11-сынып. Үміткәрімов Ерасыл ,8 –сынып. Айтқали Әли

Қыс

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап, келіп қалды.

Дем алысы - үскірік, аяз бен қар,

Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды.

Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,

Аязбенен қызарып ажарланды.

Бұлттай қасы жауып екі көзін,

Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.

8-сынып.Слямбеков Сұңғат.

Заман ақыр жастары

Заман ақыр жастары,
Қосылмас ешбір бастары.
Біріне бірі қастыққа
Қойнына тыққан тастары.

Саудасы – ар мен иманы,
Қайрат жоқ бойын тыйғалы.
Еңбекпен етті ауыртпай,
Құр тілменен жиғаны.

Өнімсіз іске шеп-шебер,
Майданға түспей несі өнер?
Сиырша тойса мас болып,
Өреге келіп сүйкенер.

Күлмеңдеп келер көздері,
Қалжыңбас келер өздері.
Кекектеп секек етем деп,
Шошқа туар сөздері.

11-сынып. Серіков Эльдар

Күз

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,

Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.

Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,

Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.

Біреу малма сапсиды, салып иін,

Салбыраңқы тартыпты жыртық киім

11-сынып. Мадиярова Мөлдір.

Жазғытұры

Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,

Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

Жан-жануар, адамзат анталаса,

Ата-анадай елжірер күннің көзі.

Жаздың көркі енеді жыл құсымен,

Жайраңдасып жас күлер құрбысымен.

Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал,

Жалбаңдасар өзінің түрғысымен.

11-сынып . Серікқазы Жангерім.

Жаздыкүн шілде болғанда

Жаздыкүн шілде болғанда,

Көкорай шалғын, бәйшешек

Ұзарып өсіп толғанда;

Күркіреп жатқан өзенге

Көшіп ауыл қонғанда:

Шұрқырап жатқан жылқының

Шалғыннан жоны қылтылдап,

Ат, айғырлар, биелер

Бүйірі шығып, ыңқылдап,

Суда тұрып шыбындап,

Құйрығымен шылпылдап,

Арасында құлын-тай

Айнала шауып бұлтылдап,

Жоғары-төмен үйрек, қаз

Ұшып тұрса сымпылдап.

Қыз-келіншек үй тігер,

Бұрала басып былқылдап,


Қорытынды: Біз үшін Абай өмірі - үлкен тәрбие мектебі, себебі оның өлеңдерінің жастарды білімге, еңбекке, адамгершілікке баулитынына көз жеткізіп отырмыз. Түсінген адамға Абай өлеңдерінің жастарға берер тәрбиелік мәні зор екен. Сайысты Нұрсұлтан Назарбаевтың "Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс" деп айтқан пікірімен аяқтаймыз.

Марапаттау:







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 ақпан
660
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі