жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ғылыми ізденіс жұмыстары:Табиғи тамақтандырудың артықшылықтары
Қазақстан Республикасының Кіші Ғылыми Академиясы
ҚР КҒА Маңғыстау филиалы
Тақырыбы: «Табиғи тамақтандырудың
артықшылықтары»
Секция: Медицина, психология
Орындаған: Омарова Әсел Омарқызы
Ақтау қаласындағы медико - кәсіби - техникалық
4 курс студенті
Жетекшісі: Балалар аурулары пәнінің оқытушысы
Жанбатырова Софья Құсайынқызы
Ақтау - 2014
Пікір
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігін қазіргі кездегі тамақтанудың бұзылуы нәтижесінде туындайтын балалар арасындағы аурулардың көбеюі, бала өлімінің де азаймауы алаңдатып отыр біздің елімізде емшекпен емізу қалыптасқан салтымыз болғанмен, көпшілік табиғи тамақтандырудың маңыздылығына және оның бала мен ананың денсаулығына тигізер әсерінің зор екендігін біле бермейді. Омарова Әселдің бұл ізденіс жұмыстарында табиғи тамақтандырудың бала үшін, ана үшін тигізер пайдасын түсінікті тілде мысалдар келтіре отырып баяндайды. Табиғи тамақтандыруда кездесетін кейбір қиындықтарды қалай жеңуге болатындығы туралы кеңестер беріледі. Бұл кеңестер перзентханаларда, балалар бөлімі саласындағы медицина қызметкерлеріне, сонымен бірге жас аналарға арналған.
Жетекшісі: Балалар аурулары пәнінің оқытушысы
Жанбатырова Софья Құсайынқызы
Аннотация
Жасанды тамақтандырылатын балалардың жиі ауыратыны, ауруларының асқынумен жүретіндігі, жиі өлімге әкеліп соқтыратыны көпшілікке мәлім. Сондықтан оқушы «Табиғи тамақтандырудың артықшылықтары» тақырыбын дұрыс таңдаған.
Жұмыстың мақсаты табиғи тамақтандырудың артықшылықтарын түсіндіріп, аналарға кеңестер беріп, балаларын емшекпен емізуге бейімдеу, тамақтанудың бұзылуынан туындайтын аурулардың алдын-алу.
Зерттеу жұмысы бойынша Ақтау облыстық балалар емханасының №22 бөлімшесінің балалары арасында жұмыс жасалды. Табиғи, аралас, жасанды тамақтандырылатын балалардың арасынан фондық аурулармен ауыратындардың пайыздық мөлшері анықталды. Сонымен бірге табиғи тамақтандыру туралы аналарына кеңестер берілді.
Теориялық тұрғыда дәлелденген оқушы пікірі практикада қолдануын табатын болса, бір нәтиже берері сөзсіз.
Жоспар
I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім.
Әйел мен баланың денсаулығын жақсарту туралы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.
«Бөбек» үйірме мүшелерінің ізденіс жұмыстары.
Табиғи тамақтандырудың маңыздылығы.
Ана сүті мен сиыр сүтінің айырмашылықтары.
Табиғи тамақтандырудың ана ағзасына тигізер пайдасы.
Табиғи тамақтандырудың бала ағзасына тигізер пайдасы.
Табиғи тамақтандырудың принциптері.
III. Қорытынды. Аналарға арналған пайдалы кеңестер.
Кіріспе
Қазіргі кезде балалар арасында кездесетін рахит, анемия, гипотрофия, экссудативті - катаральдық диатез аурулары кең етек алуда. Бір баланың басында осы аталған аурулардың біреуі емес, бірнешеуі қатар кездеседі. Бұл аталған аурулармен ауыратын балалардың иммунитеті де төмен, кез-келген жұқпалы әсіресе жедел вирустық респираторлық инфекция, диареялар, ішек жұқпалы ауруларына шалдығу қаупі де жоғарлайды. Асқынулар, балалар өлімі де көбеюде. Осы фондық аурулардың дамуының бірден-бір себебі, балаларды табиғи жолмен тамақтандырмау болып табылады.
Барлық әйелдер баласын емшекпен емізу мүмкіндігіне ие болу керек және барлық сәбилер туылғаннан бастап 4-6 айға дейін тек қана ана сүтімен қоректенуі тиіс. Ары қарай балаға керекті қосымша тамақтарды бере отырып, 2-3 жасқа дейін емізуді жалғастыру керек. Сонда ғана біз дені сау ұрпақ өсіре аламыз.
Негізгі бөлім
Менің бүгінгі «Табиғи тамақтандырудың артықшылықтары» тақырыбын таңдаған себебім бала біздің ертеңгі болашағымыз екенін ескере отырып, балалардың арасында кездесетін ауруларды азайту, болдырмау үшін жас аналарымыздың арасында табиғи тамақтандыруды насихаттап, ағарту жұмыстарын жүргізуде өз үлесімді қосқым келеді.
Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында Әйел мен баланың денсаулығын жақсарту мақсатында айтылған сөздерінде: "Ана мен баланың денсаулығын қорғау біздің мемлекетіміздің, денсаулық сақтау органдарының, жұртшылықтың тікелей назарында болуы тиіс. Уақыт өтіп, қазына кірісі өскенде мемлекет үшін де, отбасын қолдауға тиімді демографиялық саясат үшін де қолайлы нысанда аналар мен балаларға мемлекеттік қолдау көрсетуге қаражат табамыз. Біз бұрынғы уақыттан бері және қиындықтарға қарамастан бүгін де осындай көмекті көрсетіп келеміз. Мен балалы болғысы келмейтіндерге салық енгізу туралы ұсынысты көпшілік талқысына саламын. Одан түскен қаржыны көп балалы отбасыларды қолдауға жұмсар едім. Бізге жергілікті деңгейде де отбасын әйелдің жүкті кезін және балаларды тәрбиелеуді қолдаудың жаңа жолдарын табу керек. Неке мен отбасы институтын нығайтудың жолдарын мұқият талдау жалғыз басты аналар проблемасын шешу керек. Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың бір-бірінің алдындағы, ал ең бастысы балаларының алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз. Ата-аналар балаларына, ал балалар өздерінің қартайған аналарына қамқор болғанда, әйел отбасымен қоғамда құрметке ие болғанда еліміз үшін алаңдамауға да болады. Бұл ұсыныстар Қазақстан халқына қашанда тән болған, оларды жандандырып, жан-жақты қорғау қажет. Жұртшылық мұнда дұрыс шешімді көрсетіп, ал отбасы туралы заңда бейнелеуге тиіс. Салауатты тұрмыс құрып, сол арқылы балаларына үлгі көрсетіп отырған ата-аналарды айрықша атап көрсету қажет. Мен компаниялармен жұмыс берушілерге осы тұрғыдан көтермелеудің тиісті нысандарын іздестіруді ұсынар едім. Жас шамасына қарай жүргізілетін саясатта біз жастар мен жеткіншек ұрпаққа сондай-ақ жас отбасыларға көңіл бөлуді күшейтуге тиіспіз.
Осы тақырыпта біздің колледжде «Бөбек» үйірмесі мүшелері Ақтау қалалық емхананың №22 бөлімшесінің балалары арасында ізденіс жұмыстарын жүргізді. 1 жасқа дейінгі 74 баланы тексердік. Тамақтандырудың түріне байланысты балалардың ауыруы
1 жасқа дейінгі 74 бала |
Рахит |
Анемия |
Гипотрофия |
Аллергия |
19 табиғи тамақтандырылған |
5 |
4 |
- |
3 |
28 аралас тамақтандырылған |
11 |
12 |
6 |
6 |
27 жасанды тамақтандырылған |
17 |
19 |
9 |
9 |
Қазіргі кезде аналар көп жағдайда баланы жасанды тамақтандыруға ерте ауыстырады. Сол себепті балалар арасында тамақтандырудың бұзылуы салдарынан туындайтын аурулар көбеюде. Жасанды тамақтандыруға балалар неге ауыстырылады? Жұмыс жасау барысында біз осы сұрақтың себебін табуға тырыстық. Жиі кездесетін қиындықтармен сіздерді таныстырғым келеді.
1.Өкінішке орай жастар жанұя құруға дайын болмайды. Кешегі бойжеткен, бүгін ана бала алдындағы міндеттерін түсіне бермейді. Ана сүтінің қаншалықты пайдалы екенін білмейді, сондықтан балаға қоспа сүтті беріп, өзі еркін жүргісі келеді немесе бала бірге толмай жұмысқа шығып кетеді.
2. Қосымша тамақты бөтелкенің көмегімен және тым көп мөлшерде беру. Мұндай жағдайда емшек емуге зауқы болмайды әрі оны дұрыс емес емеді. Емшекті емгенде жақ бұлшық еттеріне күш түсетіні белгілі, бөтелкемен бергенде көп күш кетпейді. Бала мұны тез түсінеді де емшекті емгісі келмейді, ал үйреншікті қалыпта бермесе, жылай бастайды. Осындай кішкентай баланы қайта тәрбиелеуге бола ма? Әрине болады, тіпті аса қажет те. Биологиялық ырғақтарды сақтап, дұрыс қалыпта тамақтандырудың рөлі ана үшін де, бала үшін де аса маңызды. Ананың жасаған әрекеттері баланың генетикалық күтіміне сай келгенде, оның ұрпақтық «бағдарламасы» іске қосылады. Дұрыс тамақтандырғаннан кейін сәбидің ағзасы эндорфиндерді (қуанышты тудыратын гормондар) бөле бастайды. Сондықтан баланы емуге қайта үйретсе де, жылатса да, бала ешбір күйзеліске ұшырамайды. Қосымша тамақтандыру үшін кішкентай қасық, пипетка, медициналық шприц қолданылады.
3. Бала ауырып жүрген кезде анасы жиі емшектен шығарып жібереді. Әсіресе бала әртүрлі патологиямен туылғанда (тұншығып туылу, шала туылғанда т.б) баланы дереу емізуге бермейді. Сондықтан ана сүтінің пайда болы баяулайды, сүт 5 – 7 күндері шығады және аз мөлшерде болады. Бала ембегендіктен сүт қайтып кетеді. Осы мезгілде балаға қоспа сүттер беріледі де, жасанды тамақтандыруға ауыстырылады. Медицина қызметкерлері мұндай жағдайларда ана мен баланың жиі бірге болуына жағдай жасауы тиіс. Емізбесе де сүт безінің ұшын баланың аузына жақындатып, емшектің «июіне» көмектесу керек. Ауруханадан шыққаннан кейін сүтті көбейту жолдары туралы кеңестер айтып, тек қана емшекпен емізуге қабілеттілігіне сенімін арттыру қажет.
4. «Бала жиі еме бергісі келеді, сүтім жетпей жүр» деген сұрақтар жиі қойылады. Анасының сүті қорытылмай – ақ сіңіп кететінін, бала ағзасының тез өсуімен түсіндіріледі.
5. Қоспа сүттердің қораптарының сыртындағы жазылған құрамын оқып, оны ана сүтіне қарағанда балаға тиімді деп ойлайды. Ешқандай қоспа сүттің ана сүтін алмастыра алмайтынын түсіндіру керек.
6. «Нәжісі жиі сұйықтанады. Менің сүтім жақпайтын тәрізді. Қосымша сүт бергім келеді». 6 айға дейін баланың ас қорыту жүйесінің ферменттері жоқтың қасы. Тек ана сүтін ғана қорытуға қабілетті. Нәжісінің сұйықтануы физиологиялық жағдай (күніне 3 - 4 рет, өте аз мөлшерде, баланың көңіл – күйінің жақсы болуы – бұл белгілер диареяның көріністері емес).
7. Жас аналар түнгі ұйқысын қимай, кешке ұйқы алдында балаға 30 – 40 грамм қоспа сүт береді. Сөйтіп, баланың түнімен ембей ұйықтағанына қуанады. Себебі, ол сүт қарында қорытылмай балада «тоқтық сезім» болатынын біле бермейді.
8. Ана сүті жетіп тұрса да қосымша тамақтарды баланың 3 – 4 айлық жасында беріп бастайды. Бұл сүттің азаюына әкеліп соқтырады.
9. Тек қана ана сүтімен қоректендіріп, табиғи жолмен жүктіліктен сақтануға болатынын білмейді.
10. Омырауға дұрыс салмаудың нәтижесінде сүт безінің емізік ұшы тілініп, жара болады, кейде маститпен асқынады. Баланы емізгенде ауырады. Сөйтіп, емшектен шығарып жібереді.
Бұл жағдайлардың барлығынан шығатын жол бар. Тек анасына және тумаларына кеңестер айтып, түсіндіре білу қажет.
Осыған байланысты бүгінгі тақырыбымызда табиғи тамақтандырудың артықшылықтары жайлы айтуды жөн көрдім.
Емшектегі нәрестені тамақтандыру - Балаларды әсіресе нәрестелерді тамақтандыру - аса күрделі әрі жауапты іс. Ас энергия көзі болуымен қатар, бала организмін қалыптастыратын, оның тез жетілуіне бірден-бір себепкер болатын пластикалық материал. Сәби ағзаларының құрылысы, жүйесі және олардың қызметі тамаққа тікелей байланысты. Әрі тәуелді деуге болады. Нәрестелердің қандай ауруға шалдыққанын олардың қалай тамақтанатынына қарап ажыратуға болады. Аурудан айығудың өзі де дәрігерден гөрі көбіне көп тамаққа байланысты, осы себепті де дұрыс тамақтандыру балалар денсаулығын сақтаудағы ең негізгі шарт болып табылады. “Емшектегі балаларды тамақтандырудың қиындығы неде”? деген сұрақтың да тууы әбден заңды. Бұл ретте бәрі де нәресте мүшелерінің анатомиялық- физиологиялық ерекшелігіне байланысты. Өйткені сәби алғашқы жылы өте тез жетіле бастайды, яғни 4 ай ішінде оның салмағы туғандағысынан екі еседей артады. Сондықтан нәрестенің дұрыс өсіп-жетілуі қалыпты тамақтануды қажет етеді. Демек тағам құрамында белок, май, көміртегі, тұздар мен витаминдер жеткілікті мөлшерде болуы тиіс. Тағы бір ерекшелігі 1 жасқа дейінгі баланың ағзасы энергия шығындарын толтыру үшін салмағының әр-бір кг есебінен алғанда, ересектерге қарағанда, оған екі есе көп ккал. қажет. Әсіресе алғашқы айларда емшектегі балалардың ас қорыту мүшелер жүйесінің бір қатар өзіндік ерекшеліктері болады. Мысалы: сілекей бездері алғашқы кезде 4 айға дейін сілекей тым аз мөлшерде бөліп шығарады және оның құрамында ферменттер кем болады. Қарынның етті қабаты бұл кезде әлі де әлсіз және өңеш пен қарынның жалғасқан жері өте кең әрі нашар жабылатындықтан нәресте жиі-жиі лоқсығысы келеді, тіпті құсып жіберуі де мүмкін. Бұл кезде асқазан бездерінің қызметі жетіле қоймайды. Дегенмен аз мөлшерде пепсин және липаза секілді ферменттер бөлініп тұрады. Әсіресе әртүрлі майда ыдырау қызметін атқаратын липаза ферменттер тапшы болады. Жаңа туған нәресте ішіндегі ас қорытуға қажетті ферменттердің барлығы болғанмен, белсенділігі өте нашар. Олардың қызметі баланың жасына қарай күшейе береді. Салыстырмалы түрде алып қарасақ, балалардың өті өт қышқылымен холестеринге тапшы болады. Мұның өзі өттің ас қорытқыштық қызметін төмендетеді. Нәресте ағзаларының әліде жетіліп, қалыптаса қоймауына және жүйке жүйесі қызметінің өзгеріп тұруына байланысты ішек арқылы жүретін астың қозғалысы тұрақсыз болып келеді. Асқазан-ішек жолының құрылымы мен қызметінің осындай ерекшелігі тамақтың толық қорытылып, бала ағзасына сіңуін қиындатады. Демек, нәрестеде ас қорыту қабілеті нашар болғанымен, алғашқы жылы олардың ағзасының азық заттарына деген қажетсінуі өте жоғары болады. 1 жасқа толмаған балаларды тамақтандырудың қиындығыда міне, осыда. Нәрестенің асқазаны дұрыс жетілмеген осындай жағдайда олардың тағам жөніндегі қажетін қалай қанағаттандыру керек. Нәресте үшін емшек сүтінен артық қоректің болмайтынын әрбір ата-ана жақсы біледі. Қуаты, сіңімділігі жағынан ана сүтімен тең келетін тағам жоқ. Оның құрамында баланың өсіп-жетілуіне қажетті құнардың бәрі де бар. Енді ана сүтімен сиыр сүтін салыстыра отырып, оның құрамын байқап көрейік.
Сүт
|
Ақуыз гр |
Май гр |
Көмірсу гр |
Минералдық заттар гр |
Қуаты ккал |
Сиыр сүті Ана сүті |
1,5 3,4 |
4 3,8 |
7 4 |
0,2 0,75 |
70 68 |
Салыстырып қарасақ ана сүтімен сиыр сүтінің арасында сандық айырмашылықты бірден байқар едік. Бұл ретте олардың арасында, әсіресе сапалық айырмашылық (физикалық, химиялық және биологиялық өзгешелік) басым. Ана сүтіндегі белоктардың, май және көміртегінің ара қатынасы олардың тез қорытылып, бала ағзасына жақсы сіңуіне мүмкіндік жасайды. Осы азықтың бір - бірімен салыстырғанның өзінде елеулі айырмашылықты аңғаруға болады. Ана сүтінде альбумин мен глобулин көп те, казейн аз кездеседі, ал сиыр сүтінде керісінше казейн мол. Белоктың бұл түрінің түйіршіктері өте ірі, сондықтан да оның қорытылуы қиын, сонымен бірге нәрестенің асқазан - ішек жолына нашар сіңеді. Оның құрамында бағалы амин қышқылдары кемдеу. Ал ана сүтінің белогы қан белогы мен нәресте тканьдеріне етене жақын, осы себепті де оның сіңімділігіде жоғары әрі аса пайдалы болып есептеледі. Бұлардың құрамындағы май мөлшері тепе-тең дерлік, дегенмен олардың сапасы бірдей емес. Сиыр сүтінде қанықпаған май қышқылдары аз, ал қаныққан май қышқылдары мол болып келеді. Сондықтан сиыр сүті майының қорытылуы қиын және оның сіңімділігі де төмен болады. Ана сүтіндегі минералды заттармен көміртегі құрамында да артықшылықтар бар. Сиыр сүтінде мыс, темір және осы сияқты қажетті элементтер аз. Бұған қарағанда ана сүті әр түрлі витаминдер мен ферменттерге бай. Сонымен бірге оның құрамында балаларды алғашқы кезеңінде әртүрлі жұқпалы аурулардан сақтандыратын (антиденелер) болады. Ал мал сүтінде балаға аса қажетті мұндай заттар жоқ. Ана сүтінде бірқатар гармондар да бар және де олар өте таза, бұған керісінше, мал сүтінде көп мөлшерде бактериялар бар. Міне, осы мысалдардың өзінен-ақ ана сүтінің нәресте үшін қаншалықты бағалы, әрі қажет екенін көреміз. Дәрігердің нәрестені емшек сүтімен қоректендірудің пайдалылығы жөнінде көп айтатындығыда сондықтан. Балаларды ана сүтімен азықтандыруды сақтау туралы кеңес елінде бірнеше арнаулы заңдар да шығарылған. Мысалы: әйелдер босанардың алдында және соңынан 112 күн демалыс алады және ауыр әрі денсаулыққа зиянды еңбектен, түнгі кезектегі жұмыстан босатылады. Бала емізіп жүрген ананың қысқартылған жұмыс уақытымен еңбек етуге құқы бар. Сонымен бірге босанған соң бір жыл демалыс алатын болса еңбек өтілі сақталады. Статистиканың есебіне сүйенсек ана сүтімен қоректенетін балалар арасындағы өлім емшек ембей әртүрлі тағамдармен азықтанатын нәрестелерге қарағанда 4-5 есе аз. Міне, осы себепті де әрбір ана екіқабат кезінде-ақ болашақ сәбиін өз сүтімен қоректендіруге дайындалуы керек. Баланы міндетті түрде ана сүтімен тамақтандыру керек пе? Ия, көкірек сүті – бала үшін ең тиімді тағам, әсіресе баланың алғашқы айларында. Ана 9 ай бойы баланы көтеріп жүргенде ол өзі үшін барлық азықты ана ағзасынан алады. Әлсіз, өздігінен өмір сүре алмайтын бала ағзасы сырттан тамақ қабылдай алмайды. Ана сүті құрамында баланың + өсіп - өнуі үшін, денсаулығын нығайту үшін керек болған барлық қоспалар бар және бала ағзасында тез қорытылып сіңіп кетеді. Ана сүті басқа қоспалардан несімен ерекшеленеді? Ана сүті ең жақсы қоспалардан артық, ол бала ағзасындағы ас қорыту мен зат алмасуға толықтай сай келеді. Барлық қоспалар – ақуыздар, майлар, көміртегі, минералды тұздар, витаминдер – ана сүтінде тура керекті мөлшерде қалыптасқан. Ешқандай сапалы сүт қоспаның өзі мұндай құрамда болмайды және ешқандай ана сүтінің орнын баса алмайды. Ана сүтіндегі көміртегі сиыр сүтіне қарағанда бала ішектеріндегі пайдалы микроорганизмдердің өсуіне әсер етіп ас қорытылуын жақсартады. Ана сүті витаминдерге бай (әсіресе витаминдер А,Е,Д) және минералды заттар, сондай–ақ ана сүтінде олар керекті мөлшерде болады бала ағзасына тез сіңеді және сүйек пен бұлшық ет тканьдерін дұрыс қалыптастырады, иммунитетін көтереді. Ана сүті неге ең тиімді қоспа? Жеңіл сіңетіні мен қатар, ана сүті бірқатар биологиялық активті заттардан тұрады. Бірінші кезекте ол қорғаныс қызметі – лимфоциттер, антидене т.б. баланы сенімді түрде көптеген аурулардан қорғайды, жедел тыныс жолдарының ауруларынан, ішектің және басқа да инфекциялардан қорғайды. Сонымен қатар бала ана сүтін емгенде оны керекті температурада, зиянды заттарсыз қабылдайды. Ең соңғы маңыздысы ана сүті күннің ыстық мезгілінде, ішек аурулары кезінде өте қажет. Ана сүтімен тамақтандырудың баланың кейінгі өміріне де әсері бар ма? Айта кету керек бала кезде жасанды тамақтандырылған балаларда жиі созылмалы асқазан-ішек жолдарының аурулары, қант диабеті, гипертония ауруы, ЖИА және т.б. аурулар кездеседі. Ал ана сүтін еміп өскен бала тек қана физикалық жағынан ғана ерекшеленбейді, өте активті (физикалық және эмоционолдық жағынан) байсалды, мейірімді, анасына өте қамқор болып өседі, ал келешекте өте қамқор жақсы ата-ана болары сөзсіз. Ана сүтінің құрамы қандай? Ана сүтінің құрамы лактация мерзіміне байланысты. Босанған соң 2-3 күндері, нәресте аз мөлшерде ғана еме алады, бұл кезде анадан уыз бөлінеді, оның айырмашылығы құнарлылығы өте жоғары. Ақуыз мөлшері оның құрамында кейде 7% дейін барады. (орташа 4% шамасында). Уыз құрамы жоғары мөлшердегі минералды заттар, бастысы қорғаныс факторлары және иммуно-глобулин А-мен ерекшеленеді. Ол бала ішектерін инфекциядан қорғайды. Сондықтан уызды біріншілік вакцинация есебінде санайды. 4–5 күннен кейін анада өтпелі сүт бөлінеді, оның құрамында аздаған мөлшерде ақуыз және минералды заттар бар, алайда көп мөлшерде май болады. Сонымен бірге сүт мөлшері көбейеді баланың талабына қарай. Босанған соң 2 аптадан кейін сүт бөлінуі біртіндеп қалыпқа келеді. Оның құрамы орташа 1,2% ақуыздан, 3,5% майдан және 6,5% көміртегіден тұрады. Осы кезеңде ананың режимімен тамақтануына байланысты емшек сүтінің құрамы өзгеруі мүмкін. Баланы емізуді уақытпен жүргізу қажет пе? Ұзақ уақыт бойы дәрігерлер баланы ерте белгілі режиммен сағат сайын емізу керек деп санады. Қазіргі кезде белгілеусіз еркін емізу ұсынылады, ана баланы ешқандай белгілеусіз емізеді. Тек баланың қарны ашқандағы жылау даусын анықтап алу керек (бала басын жан–жаққа қаратып ана емшегін іздейді, еріндерін жыбырлатады, қатты айқаймен жылайды). Еркін емізуде бала тәулігіне 10-12 ретке дейін емеді. Бұндай тамақтандыру лактацияны жақсартады. Баланың өсуіне байланысты оның өзінің ему уақыты тұрақталады ол түнгі үзілісті қоспағанда 6-дан 8-ге дейін емеді тәулігіне. Мұндай тамақтандыруда бала өте тыныш, жақсы көңіл- күйде болады, тыныш ұйықтайды, жақсы салмақ қосады. Ал анасының сүті көбейеді және оның секрециясы ұзақ сақталады. Ана сүтінің құрамы өзгеріп баланың талаптарына жауап бере алмауы мүмкін бе? Ана сүтінің құрамы бала талабы мен толықтай сәйкес келеді. Егер бір себептермен құрамы өзгерсе, бала оның сол өзгеруіне байланысты сүтті көбірек емеді. Ана сүтінің құрамы нашарлауына анасының дұрыс тамақтанбауы әсер етеді (жеткілікті мөлшерде ақуыз, жеміс-жидектер болмауы) физикалық күш түскенде, күйзеліс жағдайында, емізуші ана зиянды заттармен қатынаста болса, оларды тағамға пайдаланса, мұндай улы заттар сүт құрамына тез енеді де бала денсаулығына зиянын тигізеді. Егер анасы есірткі қабылдаса, алкогольді ішімдіктер ішсе, темекі тартса бала денсаулығына зияны тиеді. Алкоголь, есірткі, никотин сүтпен бірге балаға өтіп, баланың жүйке жүйесінде ауыр патологиялар туғызады.
Табиғи тамақтандырудың балаға пайдасы
Баланың қалыпты тәндік және психо-эмоционалды дамуына ықпал етеді;
Бала мен ана арасындағы биологиялық және эмоционалдық байланыс орнығады және ұзаққа сақталады;
Инфекциялық аурулардан, олардың ішінде жедел ішек инфекцияларынан, диареядан, жедел респираторлы-вирустық және басқа инфекциялардан келер жылдарға қорғаныс қамтамасыз етіледі;
Аллергияға бейімділіктің даму қаупі төмендейді;
Жақ сүйектерінің пішіні мен дамуының жақсаруына байланысты тістеу ақаулары азаяды;
Көз көру жітілігі мен психомоторлық дамуы жақсарады;
Ақыл-ойдың даму көрсеткіштері артады;
Ас қорыту жүйесінің ауру жиілігі мен ұзақтығы төмендейді;
Есейе келе семіру қаупінің төмендеуі мүмкін;
Отит және оның рецидив жағдайларының жиілігі төмендейді.
Табиғи тамақтандырудың ана денсаулығына зиянды әсері бар ма? Ана денсаулығына бала емізу тек қана пайдалы. Босанған соң баланы неғұрлым ерете емізіп бастаса, соғұрлым жақсы.
Біріншеден бала емген кезде ана ағзасында окситоцин және пролактин гормондары бөлінеді. Окситоцин жатырдың жиырылуына әсер етіп, босанудан кейінгі қан кетуді азайтады. Пролактин лактацияны жақсартады.
Екіншіден емізу кезі ана ағзасына жағымды процесс болып саналады және балаға да жақсы әсер етіп олардың арасында ұзақ жылдарға созылатын ұзақ жылдарға созылатын биологиялық және эмоционалдық байланыс орнығады. Сонымен бірге емізетін әйелдерде жатыр, жатыр мойнының, аналық бездің, сүт бездерінің қатерлі ісігі сирек кездеседі.
Ананың босанғаннан кейінгі күшінің қалыпқа келуіне ықпал ету және анемия мен басқа да ақаулардың дамуын төмендетуге әрекет ету үшін, жаңа туылған нәрестені ананың сүтімен емізу керек;
Емшекпен емізу кезеңі әйел өміріндегі аса жағымды және бақытты сәттердің бірі болып табылады;
Алғашқы 6 айда тек қана ана сүтімен емізу жүктіліктің алдын-алудың (98%) сенімді әдісі болып табылады;
Жүктілікке дейінгі дене салмағына оралуға ықпал етеді;
Климакстан кейін остеопороз даму қаупі азаяды.
Әрбір әйел көкірек сүтімен тамақтандыра алады ма? Әрбір ана отбасында шамасы жеткенше өз сүтімен тамақтандыруға әрекет жасауы керек. Біріншіден бала үшін ана сүтінен асқан пайдалы тағам жоқ, екіншіден емізу ананың өзінің денсаулығына да өте пайдалы екенін ұмытпау керек. Емізуден бас тартқан жағдайда оның ағзасында табиғи гормондар тепе–теңдігі бұзылады, қарсы айтқанда оның жағдайында қайта қалпына келу бөгеледі. Емізу тек белгілі себептермен ғана рұқсат етілмейді егер анасы қатты науқас болса. Бұл туберкулездің ашық түрінде, онкологиялық ауруларда, жүрек ақауларында, ауыр бүйрек және бауыр ауруларында, ЖҚТБ және т.б. ауруларда. Анасының жедел инфекциялық ауруларында (тұмау, баспа) емізу тоқтатылмайды. Бірақ анасы маска тағуы керек, қолын тазалап жуу керек. Бұл уақытта бала күтімін басқа адамға беру керек.
Туғаннан кейін 1 сағат ішінде баланы емшекпен тамақтандырудың бастамасы
Егер мүмкіндік болса жаңа туған баланы алғашқы 1 сағат ішінде емшекпен тамақтандыру ұсынылады. Жаңа туған балаға емшек сүтінен басқа ештеңе беруге болмайды.
Жас баланы ерте және жиі емшек сүтімен тамақтандыру анасының емшегіне сүттің тез және толық келіп тұруын жақсартады.
Жас балаға ана сүті құрамындағы жинақталған уыздағы антиденелер қорғаныстық әсерін тигізеді. Уыз бірінші (қорғанысы) иммунизация болып есептеледі.
Бұл анаға да пайдалы. Баласын емшек арқылы тамақтандыру өзін плацентаның бөлінуіне көмектесіп, туғаннан кейінгі қан кетуді азайтады.
Бала 9 ай бойын анасының бір бөлігі болды. Баланы босану – ол бөліктің анасының денесінен бөлініп шығуы. Ал сол баланы жылдам емшекпен тамақтандыру бұл құбылысты жайлатып, ана мен бала арасындағы сезімталдылық байланысты орнатуға көмектеседі.
Жас балаға суды қосқанда ешқандай тамақ беруге болмайды. Ол жұқпалы аурулар әкелуі мүмкін. Ондай тамақтандыру ана сүті арқылы жас денені үйретуге кедергі болуы ықтимал.
Егерде сәби кесар тілігі арқылы туылған болса, онда анасы оянған бойда емізілуі тиіс.
Емшек бездерінің аурулары қарапайым емделеді
Емшек бездерінің қарапайым аурулары өте жеңіл емделеді. Төменде келтірілген тізбелердегі барлық қиындықтарды емдеу кезінде баланы емізу тек қана зиянсыз емес, қайта емдеуге пайдасы мол.
Ісіну
Негізгі себептері: сирек емізу, емшектің сүтінің түгел босатылмауы, емізгенде баланы кеудеге дұрыс алып келмеуі.
Емі: жиі және көбірек емізу, ылғалды жылу пайдалану (жылы суға батырылған шүберекті көкірекке басу, уқалау,) емізгенде дұрыс жағдайда болу, баланы дұрыс емшекке алып келу.
Емшек ұшының тілініп кетуі: сәбиді емізгенде оны ыңғайсыз ұстауы.
Негізгі себептері: емшек ұшын жуғанда антисептик және аса тазартылмаған сабын қолданғандықтан.
Емі: баланы емізгенде, сәби мүмкіндігінше емшекті аузына толтыра ұстау, емізуді жалғастыра беру, әр емізуден кейін емшек ұшына сүт жағып, оны ашық күйде кептіру. Кандидоздан басқа жағдайда, әр түрлі май пайдаланбау.
Мастит
Негізгі себептері: емшек сүтінің түгел босатылмауы
Емі: ауыруды, қабынуды, ысуды басу, егер мастит жұқпалы болса, антибиотик қабылдау, сәбиді көбірек емізу (мастит – емшек ауруы, сүтіне зиянсыз) әрбір емізу алдында бірнеше минутқа ылғалды жылуды көкірекке басу, қызу болғанда сұйықтықты көп ішу, демалу.
Абцесс
Негізгі себептері: жұқпалы ауру
Емі: хирургиялық ем. Қабынуға қарсы антибиотиктерді қабылдау. Баланы екінші емшекпен емізу.
Қандай жағдайда баланы емізуге болмайды? Баланы ерте емізуге болмайтын жағдайлар, егер босану кезінде ауыр жағдайлар болса (егер анасы есінен танып қалса, онда босанудан кейінгі қан кетулер ашылса, босану кесар тілігімен өтсе), анасының жағдайы жақсарған соң емізе алады және емізуі керек. Баланы емізу ана мен баланың резус қарама-қайшылығы кезінде рұқсат етілмейді. Сондай ақ баладағы ауыр ми қан айналым бұзылысында орталық жүйке жүйесі бұзылысында, ему және жұту рефлекстер болмағанда емізілмейді. Бұдан кейінгі емізу мүмкіндігі баланың жағдайына байланысты. Бұл сұрақты тек қана дәрігер шешеді.
Баланы қашан емізуге болады? Көптеген босану үйлерінде бұрынғы қағидалар ұсталынады. Баланы 12 сағатқа кейде типті 24 сағатқа дейін босанған соң берілмейді, бұл дұрыс емес. Қазіргі кезде барлық жерде бірдей тәртіп қолданылады. Баланы ерте емізуге береді. Баланы жарық дүниеге келген соң 30 мин ішінде анасының көкірегіне қою керек. Бала туылысымен анасының үстіне қояды бұл кезде бала ананың жылуын, жүрек соғысын терісі арқылы сезінеді. Содан соң оған емшекті тауып емуіне көмектеседі. Егер осы кезде ол бірнеше тамшы уыз ішсе де, ол баланы көптеген келеңсіздіктерден қорғайды.
Баланы қалай дұрыс емізу керек? Ең алдымен өзі үшін де, бала үшін де қолайлы жағдай туғызу керек.. Бұл отырған немесе жатқан қалыпта болуы мүмкін. Емізген кезде аласа орындықта отырған дұрыс немесе аяқтың астына кішкене отырғыш қою керек. Баланы емізгенде баланың бетін өзінізге қаратып, басын бұруға тура келмес үшін қолыңызбен арқасынан демеп ұстау керек. Баланы тік күйінде емізуге болады. Аш бала өзі аузын ашып емізікті іздейді. Егер ол олай жасамаса көкірек ұшын үстіңгі ерніне тигізсеңіз аузын ашады. Баланың аузына тек қана емшек ұшын емес ореоласы қоса салынады. Астыңғы ерні сыртқа айналады, беті, мұрны көкірекке тиіп тұрады. Бала емізікті тартып тілімен таңдайына қысып емеді.
Емізу уақыты қаншаға созылуы керек? Әр бала ему уақытын өзі анықтайды. Бір балалар өте жақсы емгендіктен өзіне керекті мөлшердегі сүтті тез еміп алады да, емізікті жіберіп басын бұрады. Бірақ кейбір жалқау емушілерде бар. Олар өте жай еміп, жиі ему кезінде ұйықтап қалады, бірақ көкіректі аузынан шығарайын десең оянып қайта емеді. Мұндай ұзақ ему кезінде емізік терісі зақымдануы мүмкін, және жарылады, сол себепті бір емізу уақыты 20-30 мин аспаған дұрыс, бұл үшін жалқау емушіні ұйықтап бара жатқанда бетінен түртіп оятып отыру керек. Емізіп болған соң баланы тігінен біраз ұстап тұрыңыз. Бала емгенде жұтқан ауа шығуы үшін, ол қатты кекірумен білінеді. Кейде осы кезде бала кішкене құсып қоюы мүмкін. Бірақ бұл қауіп туғызбауы керек. Көкіректі емізіп болған соң біраз уақыт ашық қою керек, емізік ауада біраз құрғасын.
Емізуші ана қалай тамақтану керек? Ананың дұрыс тамақтануы сүт құрамын жақсартып қана қоймай оның қажетті мөлшерде болуына да әсер етеді. Ана тағамында ақуыздар, жеміс-жидектер жеткіліксіз болғанда сүт құрамында да ақуыз минералды заттар, витаминдер мөлшері аз болады. Көміртегіні көп қолданғанда (қант және басқада тәтті заттар) оның құрамы сүтте 8-9% жетеді (қалыпты жағдайда 6,5-7%). Ол баланың өсуімен денсаулық жағдайына кері әсерін тигізеді. Көп мөлшерде сүт ішкен дұрыс ол тез сіңеді құрамы ақуыз бен калцийге өте бай.
Емізуші ананың тамақ құрамы әртүрлі болуы керек (ет, құс еті, балық, сүзбе, жұмыртқа) олар ақуызға бай тағамдар болуы керек. Жеміс-жидек (олар минералды заттар мен витаминдерге бай.) Сүт тағамдарын тәулігіне 1 литрге дейін ішуге болады. Тағам құрамына темірге бай тағамдарды қосу ұсынылады (бауыр, ет, жұмыртқа, қарақат, қара құмық т.б). барлық сұйықтық мөлшері тәулігіне 2 литрден аспауы керек. Сұйықты көп қолдану сүт құрамын бұзады. Сүт жақсы бөліну үшін үйдегі қолайлы жағдай, физикалық күш түсудің аз болуы, көбірек жағымды эмоциялар және туысқандардың жақсы қарым-қатынасы қажет.
Ана сүтінің бірінші және соңғы бөлігі әртүрлі құрамға ие дейді, солай-ма? Иә олардың химиялық құрамы әртүрлі болады. Сүттің бірінші бөлігінде лактоза көп мөлшерде болады (сүт қанты) май мен ақуыз аз мөлшерде болады. Сүттің соңғы бөлігінде май көп мөлшерде болады. Оның мөлшері 7 - 8% дейін болып сүттің құнарлылығын арттырады. Ана сүтінің бір тәуліктік қалыпты мөлшері бала жасының алғашқы 2 айында оның салмағының ¼ құрайды. Бала дұрыс өсу үшін ол барлық уақытта сүтті көкірек босап қалғанша толық ему керек. Сондықтан балаға көп сүт беру мақсатында 1-ші көкіректен баланы ерте алып, 2-ші толы көкірекке салу дұрыс емес. Бұл жағдайда бала соңғы аса құнарлы сүттен айырылады. Екінші көкіректі тек қана 1-ші көкіректі толық босатқан соң ғана беру керек.
Балаға көкірек сүтінің толық жетіп жатқанын қалай анықтауға болады? Басты белгі баланың әрекеті. Егер бала кезекті емуден кейін өз еркімен емшекті жіберсе, қанағаттанған түр көрсетсе, ұзақ ұйықтаса келесі емізуге дейін, демек балаға сүт жеткілікті. Қарағанда баланың қалыпты өсуінде (тексергенде, ана сүтін жеткілікті алып жатқанын) тепе-теңдік, өсу жағдайына сай келеді, бойы өседі, салмағы өседі, көкірек өлшемі өседі, терісі жақсы жағдайда болады. (таза, қызғылт, жұмсақ) ұйқысы тыныш, инфекцияға қорғаныс жоғары болады. Ана сүті жеткілікті болғанда бала кіші дәретке кем дегенде 6 рет шығады, үлкен дәреті біркелкі жұмсақ болады, жағымсыз иісі болмайды, тәулігіне 6-8 ретке дейін болуы мүмкін. Егер сіз балаға сүттің жеткілікті екеніне күдіктенсеңіз күніне 2 рет бала салмағын өлшеңіз емізу алдында және емізіп болған соң. Оның салмағындағы айырмашылық емген сүт мөлшері болады, бұны баланы қараушы дәрігерге айтып, оның ақылын тыңдаңыз.
Сүттің жасалуын көбейту үшін қандай ұсыныстар жасауға болады? Көптеген бақылаулар көрсеткіші бойынша, сүттің көбеюі ананың өзіне байланысты, оның көбірек емізу керектігіне сенуі, дұрыс тамақтану, жалпы режимді сақтау, және ең бастысы эмоционалдық жағдайы әсер етеді. Егер ана күйзелсе, барлық уақытта қысым астында болса онда сүт тез азайып кетеді. Сүт жасалу үшін ең бастысы баланы жиі емізу және көкіректі толығымен босатып отыру керек. Кейде жас аналарда сүттің азаю кезеңі болады. Бұл кезде таңданудың да, абыржудың да қажеті жоқ. Күш жинап баланы барынша жиі емізу керек, сонда бала бұл кезде тоймастан мазасызданса екі көкіректен де емізіңіз. Бірқатар аналар сүтті көбейту үшін көп сұйықтық ішеді, бірақ ол сүттің құнарлылығын төмендетеді. (ақуыздың, минералды заттардың, витаминдердің) мөлшері азайып кетеді. Ең тиімдісі сүттің көбеюі үшін емізер алдында 1 стакан кез-келген сүт өнімдерін ішу керек. Құрамында лактацияны жақсартатын қасиеті бар шөптердің тұнбасы жақсы әсер етеді.
Емізетін аналар кәдімгідей көп тамақтанулары қажет. Алайда ол тамақ қымбат немесе ерекше болуы міндетті емес. Сол жерде бар барлық тағам ана үшін жұғымды болады;
Емізетін ана кем дегенде күніне 3 рет тамақтануы керек;
Емізер алдында ана сұйық ішуі керек. Сүт немесе шырын жұғымды болады;
Ішкен тағамы әр түрлі болғаны жақсы. Олардың ішінде сүттің, протейннің, нанның , жеміс-жидектердің құрамдары болса өте жақсы болады;
Емізетін анаға ішіп жеуге болмайтын тағам жоқ. Емшектегі сүтін бұзатын, оны бала емуге болмайтын ана үшін тағам болмайды; (алайда ана аз ішіп-жеуі керек, алькогол ішуге болмайды.)
Егерде ананың витаминдері болса, оның не ішіп–жегеніне байланыссыз, сүті жұғымды болады;
Кейбір аналар босанғаннан кейін алғашқы 2 аптада көп тамақ қабылдай алмайды. Бұл жағдайда, өз мүмкіндігінше ішіп жеуге өздерін зорлауы керек. Емізетін аналарға тынығу қажет, жанұя мүшелері жас анаға кем дегенде бірнеше аптаға ананың жұмыстарына көмектесулері қажет;
Түгел дерлік аналар өз балаларын емшек сүтімен емізу үшін жеткілікті тамақтанады. Егер де ана науқас болмаса, ол өз баласын кемінде 4 ай бойы тек қана емшек сүтімен тамақтай алады.
Жаңа туған балаға 4 – 6 ай аралығында тек қана ана сүті
Ана мен бала денсаулықтарын сақтау мақсатында сәбиді 4-6 айлық арасында тек қана емшек сүтімен тамақтандыру керек. Бұл аралықта су, шай, сүттен жасалған болмаса басқа да тағамдарды балаға беруге болмайды;
Тек қана емшек сүтімен тамақтанған бала жұқпалы ауруларға сирек шалдығады. Сәбиді ана сүтінен басқа қосымша тағамдармен тамақтандырғанда оның бактериялдық немесе патогендік ауруларға шалдығуы қаупі өседі;
Мемлекеттік санақ және талдау орындарының көрсеткіші бойынша ана сүтінен басқа да, тағамдар пайдаланған балалар арасында диарея және басқа да аурулар жиі кездеседі. Басқа балаларға қарағанда өлім проценті де жоғары;
Баланы тек қана емшек сүтімен тамақтандыру өте пайдалы. Кез-келген сәби, қандай жанұяда туғанына қарамай өмірді бір қалыпты бастай алады;
Емшек сүті сәбидің өсіп жетілу барысында барлық талаптарына сай келеді;
Емшек сүті құрамында аурулардан қорғайтын антиденелер болады. Тек қана емшек сүтін ішкенде бала көп антиденелер қабылдайды. Олар оның денесінде өзінің 6 айға толып, дербес қорғаныш қабілеті жинақталғанша қорғанысы болады;
Жиі емізу ана сүтінің көбеюіне әсерін тигізеді. Егерде балаға емшек сүтінен басқа да тағамдар берсе бала аз емеді. Анасының сүті азаяды. Сәбиді тек қана емшек сүтімен тамақтандыру, ананың контрацептік әрекетін жетілдіреді. Сол арқылы бала көтеру аралығын реттейді. Тек қана ана сүтімен қоректендіру ананың ай сайынғы етеккірін кідіртеді. Соның арқасында ай сайынғы жоғалтқан қанның сақталып қалуы есебінен ана анемиямен ауырмайды;
Іс жүзінен барлық әйелдерде сәбиді 6 ай бойы тек қана емшекпен тамақтандыра алады. Жүкті әйелдердің кейбіреулері бұған дер кезінде көңіл бөлмейді де,
кейіннен нәресте ана сүтінен тапшылық көреді. Сонымен бірге балаларды тамақтандырудың әдісіне де мән берген дұрыс. Демек, емшектің ұшын әр кез созғылап тұру керек. Бұл ретте, әсіресе ұзындығы 30 см резеңке түтігі бар, шыныдан жасалған сүт сорғышты пайдаланған тиімді. Оны емшектің ұшына кигізіп, түтік арқылы сорып емшектің ұшын бірнеше рет созу керек. Бұдан кейін түтікшені сорған күйде қысып ұстап, біраз уақыт отырған дұрыс. Емшектің ұшы өте кішкене болған жағдайда, мұндай тәжірибемен әйелдер айы жақындап қалғанда күн сайын ертеңгілік және кешкілік массаж жасау қажет. Сонымен бірге емшектің өте жұқа терісін де шынықтырған жөн, олай етпеген жағдайда ол кейін тез тарылғыш болады, емшек бездері қабынып ауруға шалдығады. Емшекте баласы бар әйелдер дәрігерден: “Ана сүті сәбиді қоректендіруге әрқашан жарай бере ме?” деп жиі-жиі сұрайды. Біздің ойымызша, денсаулығы мықты ананың сүті нәресте үшін әрдайым пайдалы. Ана сүті мол болғанмен бала салмақ қоспаса, онда дереу дәрігерге көрініп, сәбидің денсаулығын тексертіп, қосымша тамақ беруді қарастырған жөн. Сүттің сапасы мен мөлшері ана ішетін тағам мен күнделікті режимге тікелей байланысты. Емшекте баласы бар аналар үшін арнаулы диета жоқ. Ол әдеттегідей бірақ әртүрлі тамақ жеп күтініп жүрсе, өзінің ғана емес, баласының да денсаулығы жақсы болады және нәресте тез жетіледі. Емшекте баласы бар әйел күн сайын кемінде 0,5 литр сиыр сүтін ішуі тиіс. Ал оларға арақ-шарап, сыра ішуге, темекі тартуға, сарымсақ, пияз туралған ащы тамақ ішуге мүлде болмайды. Бұлар ана сүтінің дәмін, иісін өзгертіп жібереді. Енді алғашқы сұрағымызға қайтып оралайық, сонымен жас нәрестені үнемі ана сүтімен ғана қоректендіру керек пе? Әлде оның да кейбір ерекшеліктері бар ма? Рас, кейбір жағдайларда дәрігерлер қайсыбір әйелге баласын уақытша емізуге болмайтындығын айтады. Себебі, ол әйел ауру болуы мүмкін. Өкпе ауруына шалдыққан асқынған диабет, денесінде ісік пайда болған, бүйрегі сырқат әйелдерге бала емізуге болмайды. Мұндай ауруларға шалдыққан ана бала емізсе, әлсірей бастайды және де нәрестенің денсаулығына да зиянын тигізеді. Ана дифтерия, сүзек, скарлатина (күл) және басқа аурумен сырқаттанғанда баланы емізбей, алдын-ала сауып алынған, қайнатылған ана сүтімен қоректенеді. Ал тұмау, сүзек немесе баспамен ауырған анаға баласын емізуге рұқсат етіледі, бірақ ол бірнеше қабат дәкеден жасалған маска киіп, қолын сабындап жуу керек. Ал қалған уақытта баланы алмаған жөн. Канададағы McGill университетінің ғалымдары емшек сүті баланың ақыл ойына оң әсер етеді деген тұжырымға келіп отыр. Зерттеуге 14 мың жас ана мен бала қатысқан. Тәжірибе 1996 жылы Беларуссияда басталып, ғалымдар жыл сайын олардың ақыл-ой қабілетін тексеріп отырады. Нәтижесінде аналар кем дегенде 6 айға дейін емізген балалардың оқып-жазуды тез үйренетіндігі, ақыл-ой қабілетін тексеруге арналған тестілерді тез шешетіндігі, мектепте жақсы оқитындығы анықталды. Ғалымдардың пікірінше, бала миына ана сүтіндегі май қышқылдары жағымды әсер етеді.
Бала қай жасқа дейін ана сүтіне мұқтаж болады? Ана сүтінің тек қана маңызды тағам ғана емес, баланың қалыпты өсуіне оны көптеген аурулардан қорғайтынын есепке ала отырып, емізуді барынша кемінде бала жасқа толғанша жалғастыру керек. Егер сүт көп болса, бала одан жоғары жасқа дейін еме алады, көбіне 1,5-2 жасқа дейін. Жаздың ыстық мезгілінде және әртүрлі аурулар кезінде емізуді сақтау өте маңызды әсіресе жедел асқазан-ішек ауруларында және алдын-алушы егулер кезінде және сонымен қатар ұзақ емізу кезінде келесі жүктіліктен сақтайды.
ІІІ. Қорытынды.
Бөбек үйірме жұмысының зерттеу жұмыстарына сүйене отырып, бала үшін ана сүтінен асқан пайдалы тағамның жоқ екенін көруге болады.
Оның құрамында баланың өсіп жетілуіне қажетті құнарлы заттың бәрі бар. Бала ана сүтін қалаған уақытында, қалаған жерінде, ешқандай қоспаларсыз, зиянды заттарсыз және керекті температурада ала алады. Табиғи тамақтандырудың жасанды немесе аралас тамақтандыруға қарағанда артықшылықтары өте көп екендігі белгілі. Баланы алғашқы күннен бастап әр түрлі аурулардан сақтандырып, дені сау болып өсуіне ана сүті зор ықпалын тигізеді.
Сөйтіп,табиғи тамақтандыру ана үшін де, бала үшін де өте пайдалы екендігін жас аналарға түсіндіру қажет.Табиғи тамақтандырудың қаншалықты маңызды екенін аналар біле бермейді. Сондықтан санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу медицина қызметкерлерінің тікелей міндеті болып қала бермек.Болашақ маман иелері ретінде біз де табиғи тамақтандыруды насихаттауда өз үлесімізді қосуға тиіспіз.
Табиғи тамақтандырудың 10 принципі
Табиғи тамақтандыру туралы медицина қызметкерлеріне арналған үгіт-саясат бағдарламасы жазбаша түрінде болуы тиіс;
Осы бағдарлама туралы ұжымдағы медицина қызметкерлерін оқытып, үйрету;
Барлық жүкті әйелдерге табиғи тамақтандыру артықшылықтары туралы ақпараттармен таныстыру;
Босанғаннан кейін барлық ананы 30 минут ішінде емшекпен емізуге көмектесу;
Аналарға баланы емізу техникасын көрсету және анасы баласынан бөлек болса да лактацияны сақтау;
Балаға ана сүтінен басқа ешқандай тағам, су да беруге болмайды;
Анасы мен баласына тәулік бойы бір палатада болуына жағдай жасау;
Баланы сұранысына қарай емізу;
Еміп жүрген баланы тыныштандыру үшін емізіктер бермеу;
Табиғи тамақтандыруды қолдау топтарын құру және перзентханадан, ауруханадан шыққан аналарды осы топтарға жіберу.
Қолданылған әдебиеттер:
1. ВОЗ и ЮНИСЕФ. Грудное вскармливание и ведение лактации 2001г.
2. Бұйрық «Табиғи тамақтандыру» № 413 15.06.97г.
3. К.Ладодо. Мамы спрашивают - мы отвечаем. Советы педиатра
по вкармливанию малышей. Россия 1998г.
4. Журнал «Медицинская сестра». К.Ладодо. Что необходимо знать
о естественном вскармливании младенцев.
Журнал «Денсаулық» 2009ж. Табиғи тамақтандыру.
Б.Н.Баймуханбетова, М.А. Садуақасова. Балалар ауруларының пропедевтикасы мен балаларда жиі кездесетін аурулар. Астана 2006ж.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген